Борап тұр, көз аштырмай, қолды тежеп,
Ұсақ оқ снарядпен алма кезек.
Гитлерге жаудырып лағынетін,
Күйінді қазақ солдат сол бір мезет.
«Салғаның не, тәңірім, мазағыңа
Осы соғыс керек пе қазағыңа.
Малым түгел, елім де, жерім де аман,
Басымды неге тіктің азабыңа».
«Бисмиллә»,- деді солдат, «Ойым кенеп,
Мұным не, маған дүйім халық сенед.
Қазаққа кеп тіреліп, кете қоймас
Жауыздар»-, деп тістеніп тұрды кенет!
«Кәнеки, құдайыңа жылдам шоқын»!-
Деп жаудырды жауларға ажал отын.
Баудай қылып түсірді фашистерді,
Елең қылмай оқ шашқан жау дзотын.
Ауыр соққы сұлатты жас пақырды,
Жата кетті құшақтап шаң тақырды.
Іші-бауырын ыстық шоқ күйдірседе,
Есін жиып, бір сәтке жан шақырды.
Қызыл қан судай болып сауылдады,
Ойы орғып құйындайын дауылдады.
Қыз бен ұлы елестеп көз алдына,
Жетіп келді сүйген жар ауылдағы!
Ақбеттауын еске алды, доналаны.
Орындалмай кешегі жорамалы,
Дауыстап талпынсада жеткізбеді,
Анасының бұлдырап орамалы.
Өмір сыйлық, дегенмен, кейде мазақ.
Жалғанның тәттілері татыр аз ақ.
Өткізіп бар ғұмырын көз алдынан,
Тоқтатты жас жүрегін батыр қазақ!
Өлсеңдағы, батырым, білгін анық,
Төрімде тұр жүрегің, от боп жанып!
Бекерге қан төкпедің, ұрпағың жүр,
Бақыттың сусынына күнде қанып!
09.05.2015