misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 47 гостей
Қазақстан
4320 1
с нами с 1 февраля 2015

2015 жылғы әлем рейтингілеріндегі Қазақстан

2015 жылдың аяқталуына бар-жоғы екі күн қалды. Дәстүр бойынша БАҚ-тарда осы жыл қорытындыланып, түрлі сараптамалық материалдар мен топ-рейтингтер шығуда. Осыған байланысты еліміздің биыл жеткен жетістіктері мен жеңілістерін әлемдік рейтингтегі орнымен бағалауды жөн көрдім. Меніңше, бұл жыл қорытыныысын шығарудағы барынша объективті ақпарат көзі. Себебі, Қазақстанның дамуы жан-жақты сарапшылардың бақылауы мен зерттеуінде болды.  Ендеше, жеткеніміз бен жетуіміз тиіс белестерді еске түсірсек.

Forex Club ақпараттық-сараптамалық орталығы «Еуропа және ТМД-да құнсызданған валюталар» рейтингінде қазақстандық теңге 1 орынға ие болды. Бір жыл ішінде теңге 85,2 пайызға құнсызданған. Келесі орындар беларусь рублі мен украиналық гривнада.

«РИА Рейтинг» зерттеуіне сүйенсек, Еуропа елдері арасында Қазақстан электр энергиясы ең арзан мемлекеттердің үштігіне кіреді. Украинада кейін Қазақстан бұл рейтингтің екінші орын иемденді. Ал ең қымбат жарық бағасы Данияда екен. Онда шамаман киловат сағатқа 102 теңге төлейді.  

Theestle.net порталының әлемдегі ең әдемі президент сарайларының рейтингісінде «Ақорда» - Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясы үшінші орында. Бірінші орын АҚШ-тың Ақ үйінде, екінші ең әдемі сарай Тәжікістан президентінің резиденциясы. Атап өтейік, Ақорда үш жыл ішінде салынып, 2004 жылы ашылған болатын.

Британдық OpenSignal компаниясының ұсынған рейтингісі бойынша, Қазақстан LTE желі қамтуы бойынша 7 орында. Аймақты қамту деңгейі 81 пайызды құрады. Бірінші орын әдеттегідей Оңтүстік Кореяда (97 пайыз), кейінгі орындар Жапония (90), Гонконг (86), Кувейт (86), Сингапур (84) және Уругвайда (84).   

Bloomberg басылымы шілде айында Қазақстан экономикасын «нашар дамып жатқан экономика» деп бағалады. БАҚ рейтингі бойынша Қазақстан 10 орында. Экономикалық әлеуеті әлсіз елдер рейтингі басында Украина тұр. Бір қызығы, бұл тізімнің бесінші орнында Швейцария бар.

Биыл  @AkordaPress Твиттер аккаунты әлемдегі ең белсенді үкіметтік аккаунттар қатарына кірді. БҰҰ рейтингі бойынша қазақстандық аккаунттың бір жыл ішінде 118,4 пайызға фолловері көбейіп, 16 орынға тұрақтанды. Алдыңғы орындарда Ауғанстан, Сауд Арабиясы мен Үндістан билігі аккаунттары.  

The Human Capital Report 2015 есебі бойынша адами капитал сапасы бойынша 124 ел ішінде Қазақстан 37 орында.

Әлемдік бәсекеге қабілеттік рейтингісінде биыл Қазақстан 42 мемлекет атанды. Бұл өткен жылға қарағанда 8 позицияға жоғары болып саналады. ТМД ішінде ең тәуір көрсеткіш - 40 орын Әзірбайжанда. Ресей Федерациясы бұл тізімде 45 орынды алды.

Халықаралық валюта қорының зерттеуінше биыл Қазақстан бай мемлекеттер тізімінің 46 орнында.

OECD сараптама орталығы әлемдегі орта білім беру сапасы рейтингі деректері бойынша 76 мемлекет ішінен Қазақстан 49 орында. Ең үздік орта білім Сингапур, Гонконг пен Оңтүстік Кореяда.

Осы жылдың мамыр айында Әлемдік экономикалық форумда Қазақстан Үкіметі үкімет тиімділігі рейтингісі бойынша 50 орынға бағаланды. Тізімде ең тиімді үкімет Катар, Сингапур мен Финляндияныкі болып шықты.

***

Қазақстан әлемдік «өлім сапасы» (Quality of Death Index) рейтингінде 50 орында. Аталмыш рейтинг егде жастағы азаматтарды күту мен елдегі орташа өмір сүру жасы, қартаю жылдамдығы мен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көрсеткіші бойынша құрастырылған. Әдемі қартаю Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеладния, Ирландия мен Бельгия мемлекеттерінің қарттарына бұйырған.

The Global Financial Centres Index рейтингінің үздік қаржы орталықтары бойынша Алматы қаласы 51 орынды иеленді.

Британдық OpenSignal компаниясының ұсынған рейтингісінде Қазақстан LTE  технологиясы бойынша мәліметтерді жүктеу жылдамдығы бойынша 68 мемлекеттің ішінен 52 орында болып шықты. Қазақстандағы жылдамдық 10 Мбит/сек көлемінде деп бағаланды. Ең үлкен жылдамдық Жаңа Зеландия (36 Мбит/сек), Сингапур (33 Мбит/сек), Румынияда (30 Мбит/сек).

БҰҰ-ның ең бақытты елдер тізімінде Қазақстан биыл 54 орында.

Әлемдегі жайлы мемлекеттер индексі бойынша Қазақстан 56 ел атанды.

***

БҰҰ-ның адами даму индексі бойынша Қазақстан 56 орынға тұрақтады. Бұл өткен жылмен салыстарғанда 14 орынға жақсарған.

Қазақстан халықаралық түрме рейтингісінде 57 орынға жайғасты.

Mesuaring the Information Society зерттеуі бойынша интернет дамуы мен сапасы бойынша Қазақстан 58 орында. ТМД арасында бізден жақсы көрсеткіш Беларусь (38) пен Ресейде (45).

***

Save the Children қайырымдылық қорының ана атану жайлылығы рейтингісінде Қазақстан 58 орында. Ана атану үшін ең қолайлы елдер - Норвегия, Финляндия және Исландия елдерінде. Ең қиын жағдай Өзбекстан (118), Тәжікстан (127), Сомали (177), Конго (178), Орталық Африка республикасында (179).

Global Firepower ұйымының әскери күш индексі бойынша әлемнің 126 елі арасында Қазақстан әскері 66 орында. Бұған дейінгі рейтингте еліміздің позициясы 80 орында болатын. Әдетінші ең мықты әскер АҚШ, Ресей мен Қытайда.

Doing Business-2015 әлемдік банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясының жыл сайынғы рейтингінде бизнес жүргізу индексі бойынша Қазақстан 77 орында.

Әлемдік интеллектуалдық меншік ұйымының ғаламдық инновация индексінде Қазақстан 82 орынды иеленді. Атап өту керек, биыл еліміз инновация бойынша орталық және оңтүстік Азия елдері ішінде Үндістаннан кейін екінші мемлекет болды.

Қараша айында Экономика және бейтішлік институты 2014 жылдың қорытындысы ретінде әлемдік терроризм индексі бойынша Қазақстанның 83 орында екенін хабарлады. Бұл терроризмің төмен әсер ету деңгейі болып саналады.

Экономика және бейбітшілік институтының бейбіт елдер рейтингі бойынша 162 елдің ішінен еліміз 87 орынға жайғасты. Өткен жылы Қазақстан 103 орында болды.

Дүниежүзілік қайырымдылық рейтингісінде Қазақстан биыл 101 орында. Өткен жылы еліміз 121 орында болған екен.

Қазақстан Transparency International ұйымының жемқорлық рейтингінде 126 орын иеленді.

ФИФА-ның рейтингі бойынша Қазақстан бұл маусымды 129-орынмен аяқтады. Отандық сарапшылар бұл позицияны жоғары бағалады. Себебі, жыл басында еліміз 139 орыннан бастаған болатын.  

 

ҚАЗАҚ СОЛДАТ
9 мая 2017
Шашубай Шаймерден
просмотров: 3184
Борап тұр, көз аштырмай, қолды тежеп, Ұсақ оқ снарядпен алма кезек.
Кілемнің «кері жағы» кімге қызық
8 марта 2017
Тимур Ермашев
просмотров: 3233
Әр тілдің дамуы әдебиеттен басталады. Егер біз тек Отандық авторлардың шығармаларын ғана қанағат тұтсақ, басқа ұлт, мемлекеттердің мәдениетін, рухын, мұрасын қалай ашамыз?