misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 137 гостей

Жарма ауданының ашылмаған сырлары

с нами с 4 декабря 2014

Жарма ауданының киелі топырағы бүгінгі күні Ер Жәнібектің 300 жылдығын қарсы алды. Алайда, бірқатар батырлардың мекені болған Жарма ауданының әлі де ашылмаған сырлары көп. Осы орайда Алибек Турсимбетовпен Елжан Қайырханов арнайы Жарма ауданында болып, назарларыңызға киелі мекеннің бір күндік өмірінің фотосуреттерін ұсынады.

Жарма ауданына барған іс-сапарымызда уақытын бөліп ауыл өмірімен таныстырған ағаларымыздін бірі Қалбатау ауылдық округының әкімі Серік Торғаев.

Жарма ауданы Ортабұлақ ауылының тұрғыныТөлеу Жанбейсенов бүгінгі күні ауылдың тынысын тұрақты ұстап келеді. Ауыл маңайында орналасқан тарих пен киеге толы мекендерді уақытылы тазартып, жөндеп келе жатқан Төлеу Кәрімұлы сонымен қатар ауылдық мәдениет үйін де сақтап қалған. Барша ауылды мәдени тыныссыз қалдырмай келе жатқан қарттың алдағы уақытқа деген жоспары да зор.

Алдарыңызда көріп тұрғаныңыз Ортабұлақ ауылының маңынан ағып жатқан, суы балықтан арылмаған қасиетті "Әулиекөл" көлі.

Жоғарыда аталып өткен "Әулие көл" көлі "Әулие бұлақ" бұлағынан бастау алып жатыр. Таудың қойнауынан шығып жатқан таза, мөлдір бұлақтың әулие атану себебі де кездейсоқ емес. Ауыл тұрғыны Төлеу Жанбейсеновтың айтуы бойынша ертеде жаугершілік заманда көріпкел қыз халқына осы бұлақтың маңынан көшпеуді сұраған. Айтқаны айдан келіп, халық сол заманда бір қиыншылықты айналып өтеді. Сонымен қатар, жуырда болған өртті де жергілікті тұрғындар осы бұлақтың арқасында женген. Содан бері көпшілік бұлақтың тылсым күшіне сеніп келед.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, тіпті алыс аймақтардан келіп, су алып, құран оқып тұратын азаматтарда кездеседі. Қыстың аязында бұлақ бетін мұз басқан емес. Тіпті кей жағдайда бұрқырап бу шығатын көрінеді.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, тіпті алыс аймақтардан келіп, су алып, құран оқып тұратын азаматтарда кездеседі. Қыстың аязында бұлақ бетін мұз басқан емес. Тіпті кей жағдайда бұрқырап бу шығатын көрінеді

Әулие көл маңына келген уақытта әрдайым аспаннан нұр жауумен болды. Алайда жаңбыр қаншалықты жауса да, келушілердің сұлу табиғаттың көркіне деген әсерін баса алмады. Керісінше, адамға жағымды рухани тыныштық сыйлады. Төлеу ағаның айтуынша, жаздың құрғақшылық күндері бұлақ бойында тассаттық жасаған уақыттары жаз жаңбырдың суынан құрғамай, ауыл шаруасына үлкен көмегін тигізген.

Кейіннен ауыл тұрғыны Төлеу Жанбайсенов бізді "Әулие қыздың" моласына апарды.

Бір қызығы, әулие қыз жайлы жоғарыда айтылған аңыздан басқа мәліметтер қалмаған. Айтып өтетін жайт, жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен моланың басы көтерілген.

Естеріңізде болса, киелі құс қарлығаш ұя салған үйді де ата-бабамыз киелі мекен деп атап кеткен. Дегенмен, фотсуреттеріміздің кейіпкері Төлеу ағаның үйінде бір емес, бірнеше қарлығаш ұя салып, талай балапандарын ұшырған.

Ортабұлақ ауылынан шыққан батырлар да аз емес. Солардың бірі Кеңес одағының батыры Қапай Ысқақұлы және Ауған соғысының батыры Мұқтар Оспанов. Елі үшін қасық қанын аямаған батырлардың екеуіде соғыста ерен ерлігі үшін көзге түсті. Батырларға орнатылған ескерткіштерді Төлеу ағамыз әрдайым тазалап, жөндеуден өткізіп тұрады.

Ұзақ уақыт тоқтап тұрған мәдениет үйін Төлеу аға 2007 жылы өз атына жекешелендіріп алады. Содан бері кейіпкеріміз клуб ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ауылдың мәдени тынысын қолдап келеді. Әз наурыздан бастаған жыл сайынғы айтулы мерекелерден ауыл тұрғындары Төлеу аға арқасында құр қалған емес.

Мәдениет үйінің мәжіліс залы. Ауылдың шағын жиналыстары осы залда өтеді.

Сонымен қатар үгіт-насихат бөлмесінде ауылдың мәдени тынысымен және тарихымен кеңінен танысуға болады. Ауыл балаларына аталмыш бөлме таптырмас ақпарат алу орны болып табылады.

Тұманбай Молдағалиев ақын атамыздың Ауған соғысында ерлікпен қаза болған Мұхтар Оспановқа арнап жазған өлені.

Райымбаев Шыңғай атамыз Ортабұлақ ауылының тумасы. Өз заманында бақсы болған Шыңғай атамыз жетім балаларды өсіріп жеткізіп, талайға жарқын болашақ сыйлаған. Ұлы Отан соғысына қатысып, талай жауынгердің өмірін алып қалған. Төлеу атаның айтуы бойынша, Шыңғай атаға арналған бөлмеге келіп, рухани байлық алып, ол кісінің өмірбаяны туралы көп жайтты білуге болады.

Ары қарай біз жақында ғана 300 жылдық тойын атап өткен Ер Жәнібек батырдың басына аттандық.

Жәнібек Бердәулетұлы– батыр, шешен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады.Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады.

1731 ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асуынан жол салып асып барып, өр Алтайды шолып қайтады. Бұл асу кейін “Жәнібек асуы” деп аталып кеткен. 1760 ж. Жәнібек батыр абақ керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады. Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл абақ керейдің ұранына айналған "Ер Жәнібек" сексеннің үстіне шығып қайтыс болады. Батырдың Шіңгіл ауданда тұратын он бірінші ұрпағы Зардықанның үйінде сақталған қасиетті туын 1940 ж. Оспан батыр Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде көтеріп шығады.

Жергілікті ақсақалдардың айтуы бойынша Жарма ауданының Қалба тауының бойында талай батырлардың сүйектері жерленген. Жергілік халыққа аты әйгілі бірақ жатқан жері белгісіз Қарақожа батыр солардын бірі болып табылады.Кезінде қазақ даласын күн-түн қорғаған батырларымыздың сүйектерінің белгісіз жерде жатуы көңілде қаяу туғызады.

Барған іс-сапарымыздан рухани азық алып Өскемен шаһарына қайттық. Жарманың тылсым дүниесі, Ер Жәнібектін ескерткіші және сұлу табиғаты қимастықпен сонымызда қала берді.

Болгария глазами казахского туриста
13 июня 2015
Бақытжан Бұқарбай
просмотров: 3771
Что общего между культурами двух стран?
Что посмотреть в Узбекистане. Заключительная часть
17 апреля 2015
Бақытжан Бұқарбай
просмотров: 4597, комментариев: 1
40 ценных советов по Хиве и Нукусу