misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 142 гостя

Сенім мен ғылымды ажыратқан қоғам

с нами с 26 мая 2014

Қазақ даласы бүгінгі күні дін мәселесінде пікір талас пен сенім тұрғысындағы тартыстардың алаңына айналды. Иісі мұсылман жұртшылыққа күпірлік таңбасын басып, кіндік қаны тамған жермен қош айтысып шетелдегі «ұлы соғысқа» аттанған қандастарымызды көргенде іштей күйініп қаласың. Жағдайымыз соншалықты нашарлағаны – Алланың хақ діні әбден бұрмаланып, лаңкестердің қазақ санасын улайтын құралы мен ойыншығына айналуына өзіміз жол ашып бердік.

«Қателігіміз неде?» деген сұраққа жеке басым келесі жауап берер еді. Білім мен сенім ажырамас байлық. Ғылымды діннен ажыратамыз, мемлекетімізді зайырлы бағытта дамытамыз, көркейтеміз дей жүріп, ғылымды рухсыздандырып алғанымызды байқамай қалдық. Нәтижесінде осы күннің діннен ажыраған ғылым тұзсыз ботқаға ұқсап қалды. Ал фанатизмге берілген бауырларымыз керісінше қоғамға «тұзды» ғана ұсынып санадан бездіріп алыстатуда.

Өткен заманнан бір мысал келтірейін. «Абай атамыз өзі өмір сүрген кезеңінің ішкі-сыртқы сырларын жете түсініп, қазақ елінің бейнесін айқын көрсете білді. Медреседе білім алып, шығыстың классикалық әдебиетін толық игерген ақын адам баласын имандылық пен инабаттылық жолына тәрбиелеуде Ислам дінінің зор мәні бар екенін мойындап, оны уағыздаудан еш жалықпаған. Ол өзі де Ислами ілімдерді, соның ішінде хадис пен Құран аяттарын жай ғана жаттап қана қоймай, олардың мәніне тереңірек үңіліп, ой-толғамымен жаңа болжамдар ұсынған. Сондықтан болар қара сөздерінде хадистер мен аяттарды молынан қолданып, халқымызды бұл қайнар көзден сусындатқан» (Әділбаева Ш., Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз, А. 2011. - 210 б.).

Данышпан Абай ақынның дінді терең түсінгенін келесі сөздерінен-ақ байқауға болады: «Құдайшылық сонда қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, – депті» (Абай, Қара сөз, поэмалар, А., 1993. – 40 б.). Бұл жердегі Абайдың «қалп» деп қолданылған сөз араб тіліндегі «қалб», яғни жүрек деген мағынаны білдіреді. Ислам ілімдерінің докторы Ш. Әділбаева: «Ұлы Абай қолданған хадистің толық мәтіні: «Шындығында Алла тағала сіздердің бет-бейнелеріңізге және дүние-мүліктеріңізге қарамайды, ең алдымен жүректеріңізге және іс-әрекеттеріңізге қарайды», - деп түсіндірме берген (Әділбаева Ш., Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз, А. 2011. - 210 б.). Бір сөзбен айтқанда қазақ ұлтының ғалымы болған Абай атамыз бірқатар хадистерді жатқа білгені әрі оны қарапайым тілмен жұртшылыққа жеткізуді тырысқаны айдан анық.

Бүгінгі қазақ даласында бірнеше арандатушылық пен бүліктің халық арасында кең етек жаюдың бірде-бір себебі – дін мәселесінде сөз қозғайтын, заманымыздың жағдайын толық ұғынатын, талаптарын білетін, ғылым мен сенімді ұштастыра алатын, көкірек көзі ашық ғалымдардың жоқтың қасы болғанында деп есептеймін. Жастарымызға үлгі бола алатын ағаларымыз табылмағандықтан, қисынды ойлау мен ақылды шетке сырып тастап діни фанатизмге берілген отандастарымызды кездестірудеміз.

Егемендік алғаннан бастап дінді терең зерттейтін жеке орталықтың болмағандықтан, исламды шығыстанушылар, дінтанушылар, саясаткерлер, тарихшылар өз деңгейлерінде зерттеп, қазбалап келген. Қоғамның қойған сұрақтары мен талаптарына қанағаттанарлық жауап бере алмағандығымыз үшін, жастарымыз шетелдік насихаттаулардан, тарихымызды, салтымызды әрі мыңдаған жылдар бойы сеніммен біте қайнасып, әбден тығыз байланып қалған дәстүрімізді терең қазбаламаған уағызшылардан дінді үйренуге бет бұрды.

Айтқым келгені – дінді жастарымызға үйретумен қатар жанжақты зерттейтін өзіміздің ғылыми институттарды, орталықтарды қалыптастырмай, қисынды ойлана алатын сананы дамытпай, қазақтың дәстүрі мен әдептері Ислам дініне қайшы келеді деп түсінетін радикалды отандастарымыздың ойын өзгерте алмаймыз. Оларға Абай, Шәкәрім, Ыбырай аталарымыздың насихаттарын қанша келтіргенмен, дәстүр мен қазақ мәдениетінен алыстағандықтан әрі қисынды түрде ойлана алмағандықтан «екі қойың бір сом».

Клиникалық өлім және жаңа өмір
23 июня 2015
Murat Smagulov
просмотров: 4313
Жан мен дене тәуелділігі  
Ынтымағымызға іріткі салушылар кімдер?
18 июня 2015
Дарын Шөкенов
просмотров: 3603, комментариев: 1
Қой терісін жамылған қасқырлар қашанғы білгендерін былықтырмақ? Бұл күрделі мәселе, алдын бүгін алмасақ, ертең ерін тістеп қалуымыз бек мүмкін. Себебі, елемеген бұта көз шығарады!