Күйеудің миын жегеннен Құдай сақтасын. Жегізіп отыра беретін күйеу болса мейлі. Жегеніңді желкеңнен бір періп шығармасын деңіз. Қанша дегенімен қызуқанды халық. Шапылдаған мен тақылдағанға төзбейді.
Гүлдариям шарт кетті.
- Қой сен мына түріңмен аш қаларсың. Қабырғаң көрініп, қушиып жүргенің сол екенғой. Дап-дайын, теп-тегін миды жемегенсің. Өзіңнен көр енді. Өзімнің қарным ашты. Үйдегі Мырқымбайдың қанын ішіп, миын жеп қайтайын. Осылай деп Гүлдария орнынан атып тұрды да, əп əдемі бет жүзіне əп-сəтте ашу ойнатты. Мойылдай қара екі көзінің ағын көбейтіп жіберді. Басын еңкейтіп, иығын күжірейтіп, екі жұдырығын түйіп алып өмеңдеген күйі үйіне кіріп кетті.
Төрдегі диванда тып-тыныш телевизор көріп томпиып отырған Мырқымбайға обал болды. Жай-күйі не болып жатыр екен.? Елестетудің өзі қорқынышты. Өзінің миын жегізе бергенше ашқарақ қатынына жейтін нəрсе тауып берсеші.
Бірақ біз кейбір əйелдер өмірі тоймаймыз. Жей бергіміз келіп тұрады. Əлемнің тəтті тамағын жиып қойса да, арасында күйеудің миын жемесек те, шемешкеше шағып тұрамыз.
Олар да жегенге жаман үйреніп қалған.
Уақытылы жеп тұрмасаң, тұрып қалған тамақтай ашып, быжып кетеді. Быжыманы орнына келтіру тіптен қиын. Үйдеге Бəке, Сəке, Маке, Такелеріңізге тəк-тəк деп тұрмасаңыздар тəспісінен жаңылуы да ықтимал.
Қой бірақ мен ми жемеймін. Ми жеймін деп жүріп миым шашылып қалар. Тыныштық керек!
Бір қыз.