Тұлға: Дидахмет Әшімханұлы (1950-2015) – Қазақстан журналисі, қаламгер.
Жетістігі:
· Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері (2005)
· "Жалын" жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері.
***
Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру – адамзаттың парызы. Тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізу – жазушы міндеті.
***
Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.
***
Өзіңді -өзің тану тәрізді, өткенді танып-білу де - қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады
***
Шындықтан сөз бұзылмайды – ақиқат беті ашылады.
***
Ұшы қиырсыз сары дала – туған жер мекені. Сары даланың ұшында сары бел. Сары белдің бауыры – сагым ба, әлде шалқар көл. Табанын тасқа тілдіріп, жанарын жасқа жудырып, маңдайын жел күнсітіп келеді. Таусылмайцды сары дала, жеткізбейді туған жер. Мен сүйетін туған жер...
***
Сөз көбіне-көп өзі өмірге келген тілде тұрақтамай, сырттан келген сөздермен алмастырылады. Бірақ мүлдем жойылып кетпейді, басқа тілдерде жан сақтап, өмір сүре береді.
***
Өмір әрекеті дерексіздікке (абстракция) құмар...
***
Ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы – олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында.
***
Арлы адам - ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін - өкінішті болуы мүмкін емес.
***
Сөз – рух жыршысы.