misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 244 гостя

Қазақстан жайлы қалыптасқан 5 миф

с нами с 1 февраля 2015

Қазақстанның әлемдегі геосаяси орны мен деңгейі жыл санап жақсара түсуде. Алайда, бұл туралы әлемнің орташа статстикалық тұрғындары біле бермейді. Осы тұста қазақстандықтардың көпшілігі Африкадағы атауы қиын мемлекеттерден бастап кішігірім аралдар мен олар жайлы ақпараттарды жатқа айтуы парадокс.  Бұл жерде шетелдіктер географиядан ақсайды, не еліміздің имиджін көтеру шаралары тиімсіз. Өзге мемлекет азаматтары «Қазақстан» мен «қазақ» туралы  «Орталық Азия мемлекеті», «президенті Назарбаев», «көк-сары түсті байрағы бар», «бокстан мықты ел» екенін біледі. Бұған қарамастан, Қазақстанға қатысты әлемде қалыптасып үлгерген бүгінгі заман аңыздары бар.

1.Пәкістан мен Ауғанстан жақта орналасқан мұсылман елі.

Шынын айту керек, бізді Пәкістан, Ауғанстан, Ирак, Иран орналасқан оңтүстік-шығыс Азия елдері қатарына қосады. Бұған «-стан» деген жұрнақтың әсері бар. Сонымен бірге, бұл елдердегі ислам дінінің басымдылығына қарап, Қазақстанды да «мұсылман елі»  деп атайды. Ал Қазақстанның өзіне келгенде, біздің Орталық Азияда орналасқанымызды, зайырлы қоғам қалыптасып, көшеде барлығы жаппай хиджаб кимейтіндеріне көздері жетеді.

2.Борат.

2006 жылы америкалық комик Саша Коэнның Қазақстан туралы түсірген «Борат» атты фильмі дүниежүзіне мемлекетімізді таныстарған туынды болды. Себебі, Коэнның танымалдылығы мен фильмдегі мазақ ету көріністері бүкіл әлемнен көрермен тапты. Тіпті, 2007 жылы С.Коэн «Комедия немесе мюзикл жанрындағы ең үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша «Алтын глобус» сыйлығын  алды (!). Сондықтан да, шет елдің қайсына бармасаңыз да «Боратсыз ба?» деген ыңғайсыз сауал туындайды. Жалпы, бұл фильм арқылы шетелдіктерде Қазақтан халқының ауылды жерде кедей тұратыны жөнінде, отбасылық дәстүрлері жойылған, ешқандай қазба байлығы жоқ мемлекет ретінде пікір қалыптасты.

3.Кез келген қазақ домбыра тарта алады.

Өзге мемлекет адамдары қазақтардың әлі күнге дейін жайлауда тұрып, домбыра тартып отыратын көшпенді образында көп елестетіні жасырын емес. Әсіресе, кез келген қазақ домбыра тарта алады деген сипат қалыптасқан. Әлбетте, бұл сөз бізге жаққанымен, кез келгеніміз домбыра тарта алмайтынымыз өкінішті. «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген асыл сөз ұмытылып, музыкалық аспаптың құлағында ойнай алатын адамдар сирек кездесуде.

4.Қазақтар  - орыстар мен қытайлардың қосындысы

Шетелдіктер тарапынан тағы бір қалыптасқан көзқарас, бұл - ұлтымыздың шығу тегіне байланысты (Жалпы, өзіміз әлі күнге дейін бұл мәселені қызу талқылаймыз). Мысалы, көпшілік қазақтарды орыс пен қытайдан шыққан ұлт деп есептейді. Бұған біздің орыс тілінде сөйлеуіміз бен көзіміздің сығыр болуы себеп екен.  Тағы бір бөлігі бізді моңғол және арабпен шатыс деп ойлайды.

5.Қазақстанда тоқал алу заңдастырылған.

Иә, иә осылай ойлайтын жұрттар да бар. Жоғарыда атап өткеніміздей, арабтарға қатысы бар деп санайтындар Қазақстан отбасыларының екінің бірінде тоқал барына таң қалмайды. «Сіздер қыздар атаулысын ерекше жақсы көресіздер ғой» дейді біздің ми құрылысын зерттегендей. Дегенмен, кейбір азаматтардың тоқал алып, бақытты ғұмыр кешіп жатқаны жасырын емес. Қоғамдық нормаға айналып бара жатқан бұл мәселенің мәнісі алдағы онжылдықта шешіліп қалар, бәлкім?

Ал сіз Қазақстан туралы қандай миф естідіңіз?

 
 
 
Топ-5: Жолы болмаған пранк
11 августа 2016
Логово Зверя
просмотров: 3407, комментариев: 1
Бекболат Тілеуханның өмір қағидаттары
7 августа 2016
Лаура ЕСЕНБАЕВА
просмотров: 3347
"Бәріміз күлкі, арзан дүние қуып кеттік. Арманы асқақ адамдарға жақын жүріңдер"