misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 178 гостей

Менің 2014 жылым

4512 1
с нами с 5 января 2015

Бірнеше жылдан бері күнделік жазамын. Күнделікті көрген-білгенімді тізбектемеймін. Маңызды оқиғалар мен мәнді ойларды ғана түртіп қоюға тырысамын. Күнделік – өзіңе-өзің есеп беруге таптырмас құрал. Абай атамыздың 15-сөзіндегі өсиетін басшылыққа ала отырып, 2014 жылды түйіндеп, бірқатар ақпараттық порталдардың сұрауымен өзіме-өзім есеп беріп тастауды жөн көріп отырмын.

Не бітірдім деп артқа бұрылсам, бір қарағанда ағып жатқан уақыттың бетінде бедер қалмағандай. Екшей түссем, 2014 жыл тек ағымдағы жұмыстармен ғана зымырап өте шықпаған екен.

Биыл поштамда 4 197 кіріс, 2564 шығыс хат болды. Әр хатқа 2 минут уақыт жұмсағанның өзінде, 2014 жылдың 28 жұмыс күні хат-хабар қарауға жұмсалыпты.

2014 жылда 35 күн үйде болмадым, іссапарда жүрдім.

108 комиссия-кеңестерге төрағалық етіп, 72 әртүрлі шаралардың ашылу-жабылу салтанатына, ал 72 министрлік-әкімдіктің жиналысына қатыстым. Әр жиналысқа 1 сағаттан деп есептегеннің өзінде менің 2014 жылдың 256 сағаты немесе 32 жұмыс күнім жиналыстарда өтіпті.

Бір жиналыстың бір минутын да жәй өткен жиналыс деп, бір хатты да құр жеткен немесе бос кеткен хат деп есептемеймін. Мысалы, 2015 жыл қарсаңында Атырау облысының өрендері Аяз атаға 230 хат жазыпты. Әдетте балаларымыздың хаттары қоқыс жәшігіне кетеді екен. Әкімдік «Қазпоштамен» бірлесіп, хат жолдаған балаларға Аяз атадан сыйлық ұйымдастыруға түрткі болды. Жүрекке жүк түсірер хаттар бар. Бір бүлдіршін «мамасының бүйрегі ауыратынын айтып, Аяз атадан анасына бөтеке сұрапты». Бұл хат Денсаулық сақтау басқармасына жолданып, анасына медициналық көмек көрсету тапсырылды. Мемлекеттік органдардың кіріс-шығыс хаттарының, өтіп жатқан жиналыстардың қай-қайсысының да мемлекеттік маңызы, қоғамдық-саяси һәм әлеуметтік-экономикалық салмағы бар деп есептеймін.

Ал енді лауазымдық міндеттеме жүктелген әлеуметтік салада атқарылған жұмыстарға тоқтала кетелік.

Білім саласындағы ең үлкен жұмыс – Атырау облысының әкімі Б.С.Ізмұхамбетов Елбасының өңірлерден Оқушылар сарайын салу керек деген тапсырмасын орындауды бірінші болып бастап кетті. Оқушылар және Жастар сарайының қазығы қағылды.

Үш ауысымдық мектеп жойылды, 3 апаттық мектептің орнына жаңа мектеп ғимараттары салынды, жекеменшік балабақшаларды қоса есептегенде 2595 баланы қамтыған 16 мектепке дейінгі ұйым мен 7 шағын орталық ашылды.

35 оқушы халықаралық, 16 оқушы республикалық ғылыми жоба сайыстарының жүлдегері атанды. Республикада командалық 3-орынға шықтық.

Алғаш рет Дарынды балалардың форумы және Көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.

Бес колледжге дуалдық оқу жүйесі енгізіліп (дуалдық колледждердің саны тоғызға жетті), екі колледж ұлттық аккредитациядан өтіп, Политехникалық колледж мұнай мамандарын дайындау бойынша республикадағы 10 тірек колледжінің қатарына қосылды.

Жылдың әттеген-айы – Ұлттық бірыңғай тестілеуден былтырғы жылмен салыстырғанда 12 балл төмен болуымыз. Төмендеуді  жоғарылауға бастар жол деп қабылдап, жүйелік кемшіліктерді жоюмен шұғылданудамыз.

Денсаулық саласында Елбасының тапсырмасымен бастапқы медициналық көмек ұйымдарының желісі қалыптаса келді.

Жеті ауданның алтауының орталығында заманауи емханалар халыққа қызмет етуде, оның ішінде Құлсары қаласындағы емхана биыл ашылды. Келер жылы Индер ауданында емхана іске қосылып, аудандарда емхана мәселесі толық шешіледі.

Соңғы екі жылда 19 дәрігерлік амбулатория салынып, Атырауда мемлекеттік бағдарлама орындалды.

Балалар ауруханасы қайта жаңғыртудан өтіп, хирургиялық корпусы салынды. ЖИТС орталығы іске қосылды. 

Ана мен бала өлімі орташа республикалық көрсеткіштен төмендеп, бірінші рет республикада 7-8-орындарға жайғастық (өткен жылдары 13-14-орындарда болдық).

Биыл бауыр, бүйрек, асқазан, іш құрылысына эндоскопиялық және лапроскопиялық оталар жасау жолға қойылды.

Медициналық индикаторлар орындалды.

Мәдениет. Ауылдық мәдениет үйінің салынуы (Махамбет ауданының Ақжайық ауылында)мәдениет саласындағы ең серпінді әрекет болды деп ойлаймын.

Исатай және Индер аудандарында төрт мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Тоғыз мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Облыстық балалар кітапханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Махамбет атындағы қазақ драма театрының, облыстық халық шығармашылығы орталығының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрі Түркия, Германия, Австрия, Францияда гастрольдік сапарда болды.

Бақтықожа Салахатдинұлының төрағалығымен «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясы жарық көрді. Жинаққа Күлтегіннен бастап, қазақтың 678 ақынының таңдамалы-таңдаулы шығармалары енді.

Атырау облысының Батыс Қазақстан облысындағы, Батыс Қазақстан облысының Атырау облысындағы Мәдениет күндері жоғары дәрежеде өткізілді.

Атырауда «Исатай-Махамбет» алаңында мамыр-маусым айларында            қала тұрғындары мен қонақтарына 32 күн қатарынан концерт берілді. Облыстың  шығармашылық өнер ұжымдары ашық аспан астында халыққа осылайша есеп берді.

Көрнекті композитор, жазушы, музыка зерттеушісі Илья Жақанов әндерін орындаушылардың Алғашқы Республикалық фестивалі өткізілді.

Әнес Сарай, Мұхтар Шаханов, Ақұштап Бақтыгереевалардың шығармашылық кездесу-кештері, Сәтімжан Санбаевтың киноапталығы ұйымдастырылды.

Ақын Фариза Оңғарсынова атындағы республикалық көркемсөз оқу шеберлері мен жыр мүшәйрасы өткізілді.

Тілдерді дамыту мен қолдану бойынша, 2014 жылғы әлеуметтік зерттеу атыраулықтардың 96,8%-ы мемлекеттік тілді, 92,1% -ы орыс тілін, 8,3%-ы  ағылшын тілін білетінін анықтады.

1004 мемлекеттік қызметші «Қазтест» тапсырды.

Тілдер тақырыбында облыста 275 мәдени-бұқаралық, танымдық, әдістемелік шаралар өткізіліп, БАҚ-та 180 материал жарияланды.

Елдімекен және көше атауларындағы кемшіліктер мен қателерді түзету жұмыстары басталды.

Облыс бойынша 1002 көрнекі ақпарат құралы жаңартылды.

Ішкі саясатта Саяси партиялар филиалдарымен, кәсіподақ ұйымдарымен, діни, этномәдени бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әріптестік қарым-қатынас қалыптасып, бірлескен шаралар өткізіліп, жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес орган-ұйымдардың бірлескен іс-қимылдарының арқасында облысымызда саясиланған еңбек даулары, ұлтаралық және дінаралық шиеленістер орын алған жоқ.

Үкіметтік емес ұйымдар саны 3 пайызға, бұқаралық ақпарат құралдары саны 18 пайызға өсті.

 «Жолдау - әр отбасына» атты ақпарат керуені барлық 72 ауылдық округті аралап, елдің тыныс-тіршілігімен танысып, тілек-тапсырмаларын зерттеді.

Спорт. Былтыр ұлттық спорт клубы құрылса, биыл Жоғары спорттық шеберлік мектебі ашылды. Былтыр Футбол орталығы іске қосылса, биыл қысқы спорт түрлерінің орталығы өз жұмысын бастады.

Бірқатар облыс спортшылары әртүрлі халықаралық және республикалық чемпионат-турнирлерде жеңімпаз атанды.

Республикалық бүркітшілер фестивалінде атыраулық бүркітшілер жеңіске жетті.

Облыста 12 балалар-жасөспірімдер мектебі мен 6 кәсіби спорт клубы жұмыс жасайды.  

Құрманғазы ауданының орталығында спорт кешені іске қосылды.

Ипподром және Тенис орталығының жобасы аяқталды.

Дін саласындағы негізгі жұмыс – облыс тұрғындарын ақпараттандыру арқылы экстремистік идеялардан қорғау, оң-солды ажыратар шынайы хабар беру.

2014 жыл 160 мыңнан астам адамды қамтыған 1046 іс-шара ұйымдастырылды, өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 1385 материал жарияланды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 130%-ға өскен.

Төрт сайт ашылды: www.centre-ato.kz, www.shapagat-atyrau.kz, www.hanafi.kz, www.matrudi.kz. Әлеуметтік желі кеңістігі игерілді.

Дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланған 10 ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Бес деректі фильм, он бейнеролик және он аудио өнім дайындалып, теле-радиолардан жүруде.

Әдістемелік құралдар, кітапша, буклет және бейне-аудио өнімдер -барлығы 70 мыңнан астам ақпараттық материалдар даярланып, таратылды.

Дүниеге «Руханият әлемі» газеті келіп, алғашқы нөмірлері мешіт жамағатына таратыла бастады.

Былтыр Махамбет атындағы драма театрда діннен адасудың трагедиялық ақыры бейнеленген «Хақ» жолы драмасы қойылса, биыл 5 сериялық «Өмір зая» көркемфильмі түсірілді. 2015 жылы көрермендерге ұсынылады.

Жастар саясатында барлық аудандарда Ресурстық орталықтар құрылып, ауыл жастарымен жұмыс жолға қойылды.

Жастарды мемлекеттік бағдарламамен қамту соңғы екі жылда 46 пайызға өсті.

Жастарды әлеуметтік қолдаудағы ең басты жоба – «Жас Отау» бағдарламасы аясында салынған 90 пәтерлік тұрғын үй. Келер жылы жастарға облыстық бюджеттен 120 пәтерлік тұрғын үй мен 150 орындық жатақхана салынғалы жатыр.

80 мың адамның қатысуымен жастардың 200 шарасы ұйымдастырылды.

Ресурстық орталықтардың ішінде республикада бірінші болып, жастарды қолдау, бағыт-бағдар беру жұмыстары жарияланып отыратын ZhasAtyrau.kz веб-сайтында онлайн-телеарна ашылғанын да атап өткен жөн.

Әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстардың қаймағын ғана сүзіп алып отырмын.  Бұл бағыттың ерекшелігі көрінетін істен, көрінбейтін, біраз сезілетін қызмет көбірек болады.

2014 жылы әлеуметтік салада жасалған жұмыс Елбасының тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жергілікті жерде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің басшылығымен, орынбасарлары, барлық деңгейдегі депутаттар, қала-аудан әкімдері, басқарма және басқа да мемлекеттік орган басшылары, сондай-ақ барлық мемлекеттік қызметшілердің, лауазымдық міндетіме кіретін 8 басқармаға қарасты мекемелер мен салаларда қызмет ететін 41 мыңнан астам адамның ортақ еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Отбасымдағы үлкен жаңалық – келіншегім Майра ата-анамды тағы да ата-әже атандырды, ата-әжелер немерелі-жиенді болды. Қазақта тәуелсіздіктен, егемендіктен, азаттықтан үлкен құндылық, сірә, болмас деп, ұлымның атын Азат қойдық. Үлкен ұлымның аты – Алаш.

«Болсын деп арман еткен атам Қазақ:

Аяулы Алаш елі мәңгі Азат», - деп ұйқасып та кетіп жатыр.

Тән саулығы. Ас мәзірінен ұн және қант өнімдерін, спирті бар сусындарды алып тастадым. Түскі бір мен екінің арасында аптасына 4-5 рет спорт залға баруды дағдыға айналдырдым. Аптасына 20 шақырымдай жүрем-жүгірем және барлығы 25 тоннадай зілтемір көтерем. (Мәселен, 50 келілік штанганы 10 рет көтерсең, 500 келі болады). Нәтижесінде, 2014 жылы 7 келі салмақ тастап, бойым (178) салмағыма (77) теңесті.    

Жан саулығы. Ақпараттың заманында кітап оқудан гөрі ақпарат оқу басымдау болады. Дегенмен, 2014 жылы бірнеше кітап оқудың сәті түсті: «Ғашық сезім. Фариза Оңғарсынова», «Біздің ауылдың амазонкалары. Рахымжан Отарбаев», «Из третьего мира в Первый. Ли Куан Ю», «Long walk to freedom. Nelson Mandela» (Былтыр жыл соңында қайтыс болған соң, түпнұсқа-кітабын алдырып оқыдым), «Беседы у камина. Франклин Рузвельт», «Понять Путина. Генри Киссинджер».

Араб тілі мен фортепианоны бастадым да, жалғастыра алмадым. Мүмкін, жаңа жылда қолға алармын.

Президенттік «Болашақ» бағдарламасының иегері атандым. Сәті түссе, Гарвардтың Дж.Кеннеди атындағы мектебінде дамушы елдердің алдынан шығатын қиындықтар мен шешу жолдарын, сондай-ақ, мемлекеттік басқаруды автоматтандыруды зерттегім келеді. 

Әлеуметтік желілер «Инстаграмнан» парақша ашып, «Фейсбукке» кіруді жиілеттім.

Шығармашылық жобалар. Бірер мақала мен сұхбаттан басқа шығармашылықпен айналысудың реті келмеді. Десе де, жыл соңында «Қазақтың 50 үздік әңгімесі» және «Қазақтың 100 үздік өлеңін» анықтау мақсатында  сауалнама ұйымдастыру басталды. 

Сауалнама ақын-жазушылар мен әдебиетшілер және әдебиет пәнінің мұғалімдері арасында жүргізілуде.

Жоба үздік шығармалар арқылы классикалық әдебиет оқырмандарының қатарын көбейтуді мақсат етеді. 

Бастамаға енген шығармалар жеке жинақ болып шығып, шет тілдерге аударылып, Қазақстанның халықаралық имиджіне қызмет ететін болады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, жобаның смартфон телефон-планшеттерге арналған электрондық нұсқасы жасақталатын болады.

2014 жыл мен үшін міне, осындай жаңалықтар мен оқиғалармен есте қалды.

2015 жыл жақсы жаңалығымен, мәнді оқиғаларымен келгей. Бастысы – отбасымыз аман, деніміз сау, қызметіміз нәтижелі болғай!

2014 жылға ризашылық сезіммен, осы жазбама уақыт бөлген оқырманға үлкен құрметпен, Шыңғыс МҰҚАН, Атырау облысы әкімінің орынбасары

ҚАЗАҚ СОЛДАТ
9 мая 2017
Шашубай Шаймерден
просмотров: 3185
Борап тұр, көз аштырмай, қолды тежеп, Ұсақ оқ снарядпен алма кезек.
Кілемнің «кері жағы» кімге қызық
8 марта 2017
Тимур Ермашев
просмотров: 3234
Әр тілдің дамуы әдебиеттен басталады. Егер біз тек Отандық авторлардың шығармаларын ғана қанағат тұтсақ, басқа ұлт, мемлекеттердің мәдениетін, рухын, мұрасын қалай ашамыз?