misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 171 гость

Жұмыс жоқ па, жұмысшы жоқ па?

с нами с 3 октября 2014

Қолыма қыркүйек айы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары түсті. Сандарға көз жүгіртсем, жағдайымыз жаман емес-ті. Өсім әр салада байқалады. Жұмыссыздық деңгейі де төмендеуде. Соңғы сөйлемді жазарын жазып алып, оқырманның көзқарасын ескергендей сәл кідіріп қалғандаймын. Себебі жұмыс мәселесі мен ес жиғалы бері айтылып келетұғын таусылмас жырдың біріндей әсер қалдырады. Расында еңбек нарығындағы бүгінгі жағдай қандай? Жұмыс бар ма? Бар болса, талабы қандай? Лайықты жұмысқа орналасу үшін көкелердің көмегі қажет пе?

Басқа қалаларды қайдан, Талдықорғанда жұмыс іздеушілердің басым бөлігі интернет ресурстардан қарағанда, баяғы тәсілді әлі де болсын тәрк ете қоймады. Аптаның әр жұмасында газет дүңгіршегінен «Вечерканы» қолтықтағандар тез арада жақын маңдағы орындыққа жайғасып, «Вакансии» айдарын асыға оқи бастайды. Бір өкініштісі сол газеттің бетінде жарық көрген хабарламалардың көбісі жаңбырдан кейін қаптаған саңырауқұлақтай көзге басылатын ресторан-кафелердің официанттарына деген сұраныс. Сонда, 161 мың халқы бар қалада өзгеге ас тасудан басқа жұмыс жоқ па? Бар ғой, бірақ дайын жұмысқа барғысы келетіндер аз. Олай дейтінім, Талдықорғанда тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, құрылыс материалдары мен жұмыртқа себетін шығаратын зауыт жаз бойы жұмыс күшінің жоқтығынан тоқтап тұрды. Жиған тергенін арқалап аспан асты елінен станоктарды алып келген кәсіпкер жаз басында-ақ білек сыбана ісін дөңгелетуге бел буған. Бірақ, қоқысты сұрыптап, оны керекке жаратуға жұрттың құлқысы жоқ. Кеңседегі кең креслода ырғақтап отыруды ұнататын жұрттың қара жұмысқа деген көз қарасы бөлек. Кәсіпкер тіпті, базар маңында өзгенің жүгін арқалап, нәпақасын тауып жүргендерге де жолыққан. Ондағылар қоқыс аралайтын шамам жоқ деп қашқалақтай жөнелген. Зауыттың орналасқан жері қалалық қоқыс полигоны демесеңіз, жұмыс үшін бар жағдайы жасалған. Кешкісін жұмыстан қайтқанда жуынатын бөлмесіне дейін қаралған. Бастысы еңбекақысы 80 мың теңге. Бұл – қаладағы орташа еңбекақы көрсеткіші. Бәлендей ауыр жұмыс деп те айтпайсың. Қағаз-қораптарды бір бөлек, пластмас бутылкаларды бір бөлек жиыстырсаң болғаны. Қалғанын құрылғының өзі ыңғайлап береді. Қаланың қақ ортасынан жұмыс орнына дейін арнайы көлік қатынайды, түскі ас та мекеме есебінен беріледі. Бірақ жұрт жұмысқа асығар емес. Ал, кәсіпкер болса, жұмыссыз жатқан құрылғыларына қарап, құр алақанын сипап отыр...

Осыдан екі жыл бұрын еңбек мәселесі жоғары мінберден көтеріліп, қарапайым жұмысшылардың мәртебесі қайта қаралатындай қадам жасалған. Басталған іс аяқсыз қалды деуге келмес, бірақ бәсеңдегені сөзсіз. Еңбек адамын насихаттау, тас лақтырсаң екінің бірі заңгер, қаржыгер һәм экономист емес, қарапайым жұмысшы болатындай шара қолданар уақыт күні бірін келгені мәлім. Қаперде қалып, пайдасынан қағылған кәсіпкер осының айқын дәлелі. 

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 3283
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 12901, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"