Қаржы өзі қызық нәрсе – бар кезде маңызы жоқ (не шамалы), жоқ кезде мазамыз жоқ. Одан қалса ылғи 0-ге қарай қозғала береді. Және бұл құбылыс табысыңның дәрежесіне, әлеуметтік жағдайыңа, қалтаңның қалыңдығына қарамайды. Мүмкін менікі дұрыс емес те шығар, бірақ, қаржы тоқтау тұрмау керек сияқты. Біреулер қаржыны "мақсат" қылады, біреулер "құрал" ретінде қарайды, үшіншілері "сақтау мен сақтандыру" механизмі көреді. Ал кейбірі тіпті "қолдың кірі" санайды. Дегенмен қаржымен қандай қатынаста, көзқарасы қалай болса да, бәрін ортақтастыратын бір қасиет бар: басына күн туған шақта қаржы институттарының көмегіне жүгіну. Осы жерде ең қызығы басталады.
Алдымен кез-келген банк барғаның үшін кредит бермейді. Ақша алу үшін мұқтаждығыңның аты, жөні, тегі, себебі, негіздемесі және нақты бюджеті болу керек. Ондай негізсіз сенімен санаспайды, сөйлеспейді. Осы жерге сен "баламның тойына", "үй жөндеуге", "үй сатып алуға", "ноут алғанға", "смартфон алу үшін", "мәшіне", "қаржы пирамидасына", "доп шығаратын зауыт салуға" ... Мен "анама жаңа асүй жиһазын алу",- дедім. Бірінші фильтр қосылды.
Сосын қағаз мәселесі шығады. Төлқұжат, мекенжай анықтамасы, табысты растайтын қағаз, несие келісімшарты, еңбек келісімшарты, диплом, әскери билет... Бәрін дайындап, бәрін сайлап қою керексің. Қош! Дайын дейік. Бюрократиялық рәсімдер бәрінде ортақ. Екінші фильтр қосылды.
Соңғы және ең маңыздысы шығады. "Қанша?!" деген. Бұл кезеңде "өзіне тым көп алу", "асыра сілтеу" немесе "шамасын бағалай алмау" орын алуы мүмкін. Сақ болған жөн. Себебі жылдық табысы 800 000 – 1 300 000 (сегіз жүзмың мен бір миллион үш жүзмың) теңге аралығындағы қарапайым Қазақстан азаматы үшін, бір жылда табатын қаржысына сәйкес келетін, кейде асатын көлемде несие алу аса қауіпті. Кейде тіпті жылдық табыстың 70%-на жетуінің өзі жаман. Еңбек етіп жүрген сау адам мен күні-түні несиесін бағып жүрген биоробот арасын ажырататын көрсеткіш деп айтар едім. Менің таңдауым шектеу 250 000 – 300 000 теңге арасы, 1 жыл мерзім. Үшінші фильтр қосылды.
Фильтрлерден іріктеліп өтіп, Қазақстанның түрлі-түсті банктері әлемінен менің талаптарымды қанағаттандыратын Банк Хоум Кредит қалыпты. Банктің кредиттік лимиті менің өте арық (жүдеу деуге де болады) сегізжүз мыңға жетер-жетпес жылдық табысыма сай. Күні кеше бакалавр дәрежесін алып шығып, елдің экономикалық өміріне енді ғана араласа бастаған жас маманға ыңғайлысы осы болар.
P. S. АҚША – Алаңсыз Құртасың, Шашасың, "Айй" дейсің немесе Абайлап Құртасың, Шашпайсың, "Айй" демейсің. Қолыңыздағы қаржыны "Алаңсыз" я "Абайлап" пайдалану билігі Сізде ғана. Ақшаңыз орынды жұмсалсын!