misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'blog', action: 'page', content_css_version: '1385306412', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Войти через:
Корпоративные блоги
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online

Көздің қарашығымен «қол қойып» жіберсеңіз

с нами с 27 мая 2013

Бір танысым банктерде құжаттарды рәсімдеу кезінде (әсіресе несие рәсімдеу кезінде) саусақ таңбасын алғаны туралы естідім дейді. Досымның сөзінен кейін сұрастырып көрсем, қаржы институттарының мұндай тәсілді қолдануға талпынғаны рас екен. Тек сынақ жүзінде ғана. Алайда бұл біздің қоғамға сәл қорқыныштылау естіледі. Өйткені бізде қылмысқа күдіктілер мен қылмыскерлердің ғана саусақ таңбасы алынады. Сондықтан, мұны енгізгісі келген банктер бұдан бас тартқан. Бұл әзірше болуы мүмкін. Ал, болашақта саусақ басып, қол қойып жатсаңыз таңданбаңыз. Сондықтан біліп жүріңіз.

Бұл қалай жүзеге асады? Мысалы, несие рәсімдеу кезінде сіздің саусақ таңбаңызды сканерленіп, бірден мәліметтер базасына жөнелтіледі. Бұл сіздің қоятын қолыңызды ауыстыра алады. Әрі электронды қолтаңбаңызды алмастыра алуы мүмкін.

Банктердің мұны қолдануы қаншалықты заңды? Банктер мұны қолдана ала ма? Иә, мұны банктер қазірдің өзінде  қолдана алады. Өйткені несиені рәсімдеу мен клиенттер туралы ақпаратты қалыптастыруды әрбір банк өз ұстанымына сай жұмыс жүргізеді. Тек, есте ұстайтын бір нәрсе заң бойынша құқық қорғау органдарынан басқа ешкім сіздің келісімсіз саусақ таңбасын беруге мәжбүрлей алмайды. Мысалы: менеджер сізге саусақ таңбаңызды қалдыру туралы өтініш жасаса, бас тарта аласыз. Мұндай жағдайда қолыңызды ғана қоясыз. Келісім берген жағдайда  банкте жеке биометрикалық мәліметтерді алуға арналған жабдықтар сертификатталғандығына көз жеткізіңіз. Және суретке түсіру, жазып алу үрдістері туралы мұқият түсініп алыңыз. Бұл туралы банк ұсынған құжатта анық жазылған болуы тиіс. Және сіз туралы мәліметтер  қатаң сақталуы тиіс.

Айтпақшы, саусақ таңбасынан бөлек көз қарашығыңыз бен даусыңыз да биометрикалық мәліметтер болып саналады және әр адамның саусақ таңбасы, көз қарашығы басқаларға ұқсамайды. Сондықтан, саусақ таңбасымен бірге көз қарашығыңызды суретке түсіріп, даусыңыз арқылы «қол қойыңыз» десе таңданбай- ақ қойыңыз. Болашақта дегенім ғой.

Теги:
Банк
Теміржолдағы «керемет сервистің» себебі Сіз боласыз!
8 июля 2014
AidarRamanov
просмотров: 74, комментариев: 1
Еліміздің «ең керемет» саласы, теміржолдың мәселесін қарастырып тастайық...
Қазақ тілі: записки изучающего
8 июля 2014
Глеб Пономарев
просмотров: 1056, комментариев: 6
Про то, как мой мозг учит язык.

Комментарии

qisyq
14 Июнь 04:55 # ответить
Воу, воу, Ереке, рахмет. Блат деймін де, осындай постар көбірек бола берсе екен. Жаным әшин:))))
Marzhan Tuleyeva
14 Июнь 10:10 # ответить
Кейбір елшіліктерде визаға құжаттарды тапсыру кезінде де биометрикалық мәліметтерді бергізеді. Банктерде де солай болады ма енді?

Ешкім мәжбүрлей алмайтыны рас қой, бірақ таңдау жоқ болып тұр ғой. Саусағыңның таңбасын бермесең, виза да жоқ саған, болашақта несие де жоқ болатын шығар онда. Бәрібір, әділетсіздік!
qisyq   →  Marzhan Tuleyeva
14 Июнь 12:48 # ответить
Marzhan Tuleyeva, не шыр-пыр болып жүрсің өз-өзіңнен?
Ербол Азанбек   →  Marzhan Tuleyeva
17 Июнь 11:07 # ответить
Marzhan Tuleyeva, елшіліктерде ол қажеттілік. Ал, банктерде қол қою сынды бұған дейін қалыптастып қалған үрдіс бар ғой. Сондықтан, саусақ таңбасын бермесең, бермеймін деген бола қоймайды деп үміттенемін.
Гульсая Серикбаева
17 Июнь 13:24 # ответить
kazir eshnarsege de tan kalmaityn boldyk koi
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_1087 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_1087', { type: 'blog', node_id: '1087', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });