misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'blog', action: 'user', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 44 гостя

Автор: Балғын Қалдыбаева

с нами с 13 июля 2021
Қазақтың мүддесін қорғаған қазақ журналистикасы
18 августа 2021
Балғын Қалдыбаева
просмотров: 980
Сенсация қуып, біреуге күйе, біреуге жала жауып,  әркімнің жеке басына, отбасына қатысты ақпаратты жариялағанды емес, миллиондардың мүддесі үшін ақпарат беретін,  халықтың мұңын мұңдап, жоғын түгендеп, сөзін сөйлеп, халықтың игілігіне жұмыс істегенді  нағыз журналист дер едім.  
Токио-2020: Алтынға бергісіз 8 қола жүлде
9 августа 2021
Балғын Қалдыбаева
просмотров: 2021
Токио-2020: Алтынға бергісіз 8 қола жүлде
Әлеуметтік желідегі тіл тазалығы
14 июля 2021
Балғын Қалдыбаева
просмотров: 6074
Қазіргі таңда әлеуметтік желіде отыратын адамдар өте көп.Әсіресе жастардың арасында «Вконтакте», «WhatsАpp» әлеуметтік желілері ақпарат алмасуда,сөйлесуде үлкен сұранысқа ие. Алайда көп жағдайда тіл тазалығы мен  жазу сауаттылығы ескеріле бермейді. Осының салдарынан қоғамда сауатсыздық мәселесі кең  етек алып бара жатыр. Қазақ тілінің грамматикасында орфография, пунктуация деген заңдылықтар бар.Бұл заңдылықтар жазу мәдениетінде қаншалықты сақталып жатыр?  Байқағаным бойынша, көптеген адамдар жазу барысында сөздің жазылуына емес, айтылуына қарап жаза салады.Мұндағы басты ой-тек өз ойын жеткізе алса болды.Мысалы көптеген адамдар -да, -де, -та, -те шылауларының қай жерде бірге, қай жерде бөлек жазылатынына мән бермейді. Желі  қолданушылары:«Сендерменде бара алмаймын»,«Айғанымдада кітап жоқ екен»,«Бізгеде айта салсын» деп қате жаза салады. Әлеуметтік желілерде жастардың тұрақты тіркесіне айналып кеткен жаргон сөздерді де көптеп кездестіруге болады.Жаргон сөздерді қолдану арысында не  сөздің басын орысшалап жазады,не мағынасыз тіркестерді қосады,не сөздердің аяқ жағын қысқарта салады,не болмаса айдаладағы әріпті әкеліп қоя салады.Қазір мұндай жаргон сөздерге мысал келтірсек өте көп. Міне, осындай жағдаларды саралап отырсақ пунктуация жайлы айтпағанымыз жөн шығар.Себебі хат алмасу кезінде көптеген сөздер өздерінше өзгеріске ұшырап кетеді.Яғни қазіргі таңда сөздің тұлғасын өзгерту етек алып барады.Ең кең өріс алғаны  жіктік жалғауды түсіріп жазу: сөйлейм-сөйлеймін,билмейм – білмеймін,көрдм-көрдім, және сөздерді орынсыз қысқарта салу:инет – интернет, раха-рахмет және тағы басқалары. Егер адамдар осындай өрескел қателіктер жіберсе,тыныс белгілері не болады екен? «Мен сауатты жаза аламын,тек жылдам жазу үшін әріптерді қысқартып,жаргон сөздерді қолданамын.Осыдан сауатсыз болып кетпейтін шығармын!»    Әлеуметтік желілерде неге сауатты жазбайсың деген сұраққа көбісі дәл осылай жауап береді.Иә,бірден сауатсыз болып кетпейтініміз анық.Бірақ,ауру кетсе де,әдет қалмайды емес пе? Әлеуметтік желілерде қайта-қайта қатемен жаза берсек ,бұл әдетке айналып,  ауызекі сөйлеу мәдениетімізге кері әсерін тигізуі мүмкін.Екіншіден,қате-қате жазылған сөзді кім оқығысы келеді дейсің? Бұл ана тіліне деген және адамдарға деген құрметтің азаюы деп білемін.Бәлкім, сөздерді қасқартып жаза салу кейбір адамдар үшін қалыпты жағдай саналатын болса, кейбірі үшін сіздердің жазғандарыныз білімдерініздің көрсетккіші саналуы мүмкін.Міне,сол үшін әлеуметтік желідегі тіл тазалағын сақтап жүргеніміз дұрыс.   Сауатты болу – мәдениеттің белгісі. Мәдениетті болу – абыройыңыз екенін естен шығарман жөн!