Аударманың қыйыншылықтары туралы:
Тиіп алайын десем, күйеу жоқ қой күйеу деп күйінеді. Ал кейбіреулердің бір басында 99 күйеуі бар. Өмір неткен əділетсіз иə. Əне анау жоғарыдағы көршілердің есігін тағы да біреулер тарсылдатып жатыр. Тұтқасын жұлып алмаса екен деп біз жатырмыз уайымдап.
Айтпақшы тұтқа демекші, базарда тұтқалар қымбаттап кетіпті. Өткенде жоғарыдағы көрші "ақыры орталыққа бара жатсың ғой, тұтқа ала келші" деген соң, көршінің сөзін жерге тастамай құрылыс заттар дүкеніне кіргенмін. Сатушы жігітке: "ағай, тұтқа бар ма?" - десем,
"ол не?" - деп бажыраяды. "Анау ше есіктің ұстайтын жері" - десем де, түсінбеді. Бір кезде есіктің глазогы бар ма, құлыптайтыны бар ма бəрін алдыма жайып тастады. "Сұрап тұрғаныңыз мынаның қайсысы?" - деп. Оның ішінен тұтқа түгіл тасты да таба алмаған соң, бұл жер де жоқ қой дедім. Жаныма қарап қалсам, бір есікті сатылымға шығарып қойған екен. Қуанып кетіп, əлгінің тұтқасын ұстап, міне ғой, міне. Тұтқа деген осы. Бар ма сізде
Əлгі мырс етіп күліп жіберді. "Қарындас-ау ол ручка ғой. Сіз қай тілде сөйлеп кеттіңіз. Тіліңіз қызық екен. Қазақтан "тұтқа" деген сөз естісем өліп кетейін. Ручка дейді ғой" - деп лепіріп кетті.
Мен де тілі ұзын бəлемін. "Қай атаңнан ручка деген қазақтың сөзін жазып алып едің?" Кəдімгідей пікір-талас басталып кетті. Пікірталасты тек фыбыда ғана бар ма десем, өмірде де болады екен. Қысқасы бір мəмлеге келе алмай даурығып кеттік. Көнбеске амал жоқ. Бұл ручканның яғни русканың тілі бəрібір көндіреді екен. Сол ручкаңнан бере ғой десем, 1000 теңге деп қарап тұр. Алтын жалатылғанба еді деп мен аң-таңмын. Россиски дейме əйтеуір əлгі қытайдың бəлесін мақтап тастады. Көршінің берген ақшасы оған жетпейді. Анауың қымбат екен, қазақбайы барма деп едім. Қайырылып қалған "С" сияқты бір темірді қолыма ұстата салды. Сол тұтқаны көршінің есігіне өзім салып беріп едім, енді міне жолдан адасқан байчиктері еңбегіңді еш етіп тағы жұлып алғалы тұр. Ертең көршіме айтам ғой деймін. Есігіңді проходной дверь қыл, немесе байларыңды бай жоқ құрбыларыңа таратып бер деп. Шаршатып жіберді.