Маған осы байрақ ұнайды. Қазақтың рухы мен негізін, тарихы мен құндылығын көрсетіп тұрғандай. Шыңғысханнан Назарбаевқа дейін қазақ халқы талай дүрбелең кезеңдер мен жақсы-жаман ғасырларды бастан өткізді. Бірак, нақты осы байрақ, сол кезеңдерді де осы дәір мен болашаққа көрсеткендей әсер қалтырады.
Қызыл түс - тарихтағы қанды соғыстар мен қазақтың жауынгер халық екенін паш етеді. Талай қаған хандарымыз, би-батырларымыз жаудың қанын ағызып, өз қандарын да аямады. Соның арқасында осындай ұлан байтақ жеріміз, батырлық қасиеттеріміз және патшадай көңіліміз қалды.
Көк түс - барша қазаққа қасиетті көк бөрі мен көк аспан деген қазаққа қасиетті ұғымдардың белгісі. Сонау түркі заманынан келе жатқан "Көк бөрінің балаларымыз" деген ұғым бар. Ұлы атамыз Шыңғысхан да көк бөріні дәріптеп өткен. Сонымен қатар көк аспанымыз ашық, бейбіт өмір және тыныштықтың белгісі. Көк түс - тазалық пен шынайылықтың түсі.
Ал садак болса - қазақтың тарихын өзгерткен қару. Қазақты ұлы халық екенін дәлелдеген қару. Қасиетті садақ аңшылықпен отбасыны асырап, жауды жақындатпаған қару. Қазақтың тарихындағы айтарлықтай құбылыстар мен өзгерістер де, осы садақтың жебесімен жасалған. Қысқасы, садақ пен жебе қазақтың ішкі дүниесін толықтай сиппаттайтын құрал.
Сондықтан, осы байрақ маған қатты ұнады.
Самат Нұр-Таза