Келесі жылы мектеп бітіргенімізге 20 жыл болады. Университет бітіргенімізге 15 жыл болады. Бірак сол жиындарға тек жаксы жұмыс тауып, жаксы отбасы құрып, өзінің өмірдегі орнын тапқандар келеді. Ал тұрмыска шықпаған қыздар, ажыраскандар, жұмыссыздар, кедейлеу өмір сүретін, өмірде өзін таба алмағандар, сылтауратып, келмей калады.
Себебі "10-20-30 жылдык кездесу" деген жиындарда ешкім шынайы бір-бірін сағынып кездеспейді. Мойындайыкшы. Ондай кездесулерде "Пәленшеке әлі жұмыссыз екен", "Анау өзінше болған қыз тұрмыска шықтыма екен?", "Кезінде красавчик болған пәленбай семіріп кетіпті" деген оймен, сынау үшін барады. Сол жиынға келген адамдар, көліктерінен бастап, лауазымдарына дейін бөседі. Бастык болғандар шіреніп, қиналып, өмір үйретіп, менмендікпен сөйлейді. 3-4 баласы барлар баласы жоқты мұқатып, баласының суретін көрсетеді. Байлар кедейлерді жасыту үшін, байлығын паш етеді, тағысын тағы ...
Қысқасы көрсететіні барлар мактанады - көрсететіні жоктар қуыстанып жасиды немесе мүлде ондай жиынға келмейді.
Келесі жылға дейін адам болмасам, мен де сол жиындарға бармаймын. Әзірше мен адам емеспін, мен "Хомо Қарапайымуспын", ал жиындарға бару үшін "Хомо Лауазымус" болу керек ..
Самат Нұр-Таза