Мына ватсаппен келген видеода бір акымак адам, чешен-інгүш-мұсылман қауымына тіл тигізген. Сол адамды тауып, жазасын беруге, барша чешен-інгүш атқамінер азаматтары ат салысып жатыр. Естуімше ол адамды тауып, кешірім сұратқан.
Тура осындай жағдай әйгілі Боратпен болды. Еліміз туралы аузына келгенді айтып, мазак кылды. Қазір кез келген елге барып, "Қазақстаннанмын" десең, екінші сөз "Борат па?" дейді. Бұл сөзімді, шетелге шыққан, талай қазақ дәлелдер.
Бізде көптеген акшалы-аукатты адамдар бар, "көп түкірсе көл болады" дегендей, солар қосылып Саша Барон Коэннан неге кешірім сұратқызбайды?
Мен өз басым сол актерды әйгілі Уимблдон турнирында, көрермен болатынын естіп барғам, бірак қауіпсіздік қызметкерлері бөгде адамдарды кіргізбеді. Ал менің орнымда қазақ миллионеры болса, ол сол VIP орынға отырып: "Саша, мен қазақпын, жүрші оңаша сөйлесейік" деп жұлқып қалса, Сашаның сол сәтте сідігі сәл тамшылар еді ... Бірак бізде ондай бай жок, намысты доллар басып тастаған ...
Жалпы 30-40-50 жыл өтсе де, кешірмейтін заттар бар. Намысшыл олигарx пайда болар деген үмітім әлі сөнген жок.
Самат Нур-Таза