misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 47 гостей

“Қызыл төбеде” қалған төрт сәби

с нами с 31 марта 2016

    Ғұмыр жолымның өткен белестерін көз алдыма елестетсем, бала кезімдегі ауыр азабым күні‒бүгінгідей жадымда сақталыпты. Ұзақ  ғұмырымдағы бақыт пен қуаныштың әсер‒салмағын салыстырып қарасам, жас кезімде көрген мехнат азабымның әсері әлдеқайда басым.

   Жас бала кезімдегі көрген мұқтаждығымды, аштығымды, азабымды, мехнатымды, жоқшылығымды, әсіресе, тартқан қайғы‒қасіретімді, қамыққан көңіл‒мұңымды айтып жазу маған өте ауыр. Шыдамым жетпейді. Қабырғам сөгіліп, жүрегім елжіреп, көзімнен жас ыршиды. Соғыста контузия алған жүйке тіпті үзіле жаздайды. Бұл ғұмырымның ең соңғы сәтіне дейін естен кетпейтін оқиға. Шыдамым жетпей, ұзақ жыл жазбай жүрген едім, енді бар күшімді, төзімімді жинап, ұрпақтарым, жұртшылық білсін деп жазғалы отырмын.

   Әкем жарлы еді, 1927-28 жылдарға дейін ауылдас Қалмай деген байда тұрақты пішенші болған. Бай көктемде жайлауға көшіп кетеді, әкем соның қысқы үлкен орнын жөндейді, пішен шауып, тиісті орынга үйіп қояды, бай сол үшін жазда сауынға сиыр береді, астық-сулықты жеткізіп тұрады. Әкем жалғыз түйе арбасымен оларға “Батырбек” тұзын апарып, салмаққа салмақ бидайға ауыстырып алады, бар тапқанын аузына тістеп, таудың биігіне өрмелеген құмырсқадай бар еңбегімен біздерді азықтандырады. Жазда екі сиырдың он шақты жандықтың сүтімен күнелтіс жасап отырушы едік. Бар тапқанын әкем тигізбей қысқа жинайтын, сүйтіп көп балалы, үлкен жанұяны қыстан жазға шыгарып, жаздан қысқа жеткізіп, күнелттіретін. Қарапайым , сауаты жоқ, надан, кедей адам еді. 1927 жылғы байлардың дүние-мүлкін еріксіз үкімет қарамағына алу басталды. Енді олардан алып тұратын көмек мүлдем тиылды. Басқа елге, ауылдарға шығуға болмайды, жол тарылды, жібермейді, арбаңды, түйе үстіндегі қомдағы бір пұт бидайың болса да тартып алады. Кімнің қожа, кімнің әкім екенін білу , айыру қиын кез болды. Әкем ешқайда шығы алмай, үйде болды, бойдақ малдарды, жандықтарды сойып жеп, тауыстық. Көктемгі жылылықты күтеміз,көктемде бұзаулайтын сиырымыз бар, желінін толтырып тұр, анамыз ертең туады дейді, біздер улап-шулап ертеңді күтеміз. Тамақ жағы тапшыланды, бізде тамақтан жинақ болмайтын, осы кезде ауылдағы, құмдағы елде ашаршылықтың шеті көріне бастады. Мал төлдейтін уақытта жетті, көктем келді, жалғыз сиыр бұзаулады. Соған мәңгілік, ұзаққа созылатын азық әкелгендей қатты қуандық. Он екі жанның қарап отырғаны бір сиырдың төрт емшегі, бар тілек соның үстінде. Біз жалғыз үйміз. Жақын-жуықтарымыздың бәрі ауырмалдық түсе бастағанда жан-жаққа көшіп кетті. Әкеме бірге кетейік деп еді, әкем көшпеді, 96 жасында қайтқан атамды жерлегеніне төрт жыл болып еді. Соны қимайтын сияқты.  Атамекенімде боламын деді. Бұл атамекеніміз Қарғалы ауылының Дүйсе құмы, Талап, Сүйіндік ауылдарына ететін Сарықасқа жолдың бойында, “Ақтеңге”, “Әйтелі” пунктерінің аралығында, “Әймекен”, Дүйсе құмының түйіскен жері, Ордадан 40-45 шақырым.

   Сол кездегі үкіметтің теріс, солақай саясаты қарапайым халықтың басына айтып болмастай ұшырады, қайғы-қасірет көбейді. Аштан өлім-жітім көп болды. “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деп тұрған кез. Бір күні әкем үйде жоқта колхоздың белсенділері сауып отырған жалғыз сиырды тартып алып кетті. Анам бермеймін деп сиырдың бас жібіне жармасып еді, қамшымен бір соғып, ұшырып түсірді де сиырды алып жүре берді. “Он баланы қалай асыраймыз” деп анамның жылап айтқан сұрағына “Орталық фермадан көк сүт алып тұрасыңдар, өлмейсіңдер, бәрін қалдырмай ортаға, колхозға салыңдар деп үкімет қатаң тәртіп беріп жатыр”- деді. Анам еңіреп жылап жатыр, біздер іннің аузындағы сары щұнақ тышқанның баласындай шүпірлеп, қатарласып жылап тұрмыз.  Анам: “Қарғыс атқандар, осы істегендерін өз бастарыңызға, өз жанұяларына келсін, біздердей еңіреп, иесіз далада қалыңдар, ұрым-бұтақтарыңның қайырын көрмей, далада қаңғырып өліңдер”- деп қарғап жатыр. Сөйтіп сары құмның ішінде ешқандай сүйеніш, қорғаныш жоқ, қалдық та бардық. Бар қорек қасқа сиырмен кетті.  Ферма   15-20 шақырым, екі құм өту керек. Аш кісіге сүт әкелуге тіпті мүмкіндік жоқ.  Ертеңіне түйе арба жегіп әкемде келді. Анам, “масқара болдық”- деп бар жағдайды айтты, әкем не істерін білмей есінен танып қалды.

   Мына шүпірлеген жазықсыз жандарды қалай асыраймын, - деп маңдайын ұстап теңселіп отырды. Ертеңіне жаяулап колхозға кетті, мақсаты: жанұя жағдайын, он екі жан сол жалғыз сиырға қарап қалғанын айтып, жалынып жалпайып сиырды сұрап алу. Бірақ колхоз бастығы сиырды бермепті, ол-ол ма “Түнде сиырыңды ұрлап алып кетсең, “колхоздың малын ұрлады”-деп сотқа беремін, онда сотталасың”депті. Әкем  надан адам, соттан зәресі кетіп қорқады. Сиырдың маңына да бармай үйге қайтып келді.

   Бұл Орда ауданының біраз аймағына түйе зауыты мен жылқы зауытының жаңа орын теуіп, орналасып жатқан кезі. Кісі жалдайды, тас соқтырады, азық түлік береді. Әкем осыған барып, келісіп жұмысшы болып алынып, енді сонда көшіп баруға түйе-арба алып келген екен. Арбада бір пұт ақ бидай (16 кг), бір пұт қара бидайы бар. Енді бар азық осы. Өзіміздегі бар азық осыға дейін таусылып, тек сүтке қарап қалып едік. Бұл сонау алыста қалған, ойласам, көз алдымда тұратын, қарғыс атқан 1931 жылдың көктемі, мамыр айының орта кезі болатын. Екі күннен кейін жылқы зауытының 12 нүктесіне, аймаққа белгілі әулие, Төлеп мешітіне көшіп бардық. Бізге қырдың (қабақтау жер) басынан алқа-салқа бір кең үй берді. Кідірмей әкем мен анам тас соғуға кірісіп кетті. Анамның қырқынан жаңа шыққан Айсәуле деген кішкентай сәбиі бар. Азық-түлікті жұмыс істейтін жұмысшы санына қарап береді. Жанұядағы балалардың санына қарамайды. Біразға дейін азық-түлік кідірді, берілмей қалды. Алдыңғы бергені жылдам келсін деп, ынталандырылғаны екен. Тас соғу өте ауыр жұмыс қой, тойып ас ішпей, ауыр жұмыста болғасын анам сәбиін жарыта алмай, нәрестеге қауіп төне бастады. Нүктеде не бәрі 7-8 жанұя бар, бәрі де бала шағалы, тұрмыс жағдайлары нашар, қыстан титығы жетіп шыққандар. Бәрі де біз сияқты жаңа орынға көшіп келгендер, тек үш үйде бір-бір сауын сиыр бар, шай сүтін солардан алып тұрамыз. Бұрын таныс емес адамдар. Жас жарым шамасында Дәулетбай деген ұл бала бар, басқа тамақ жоқ, оған қуырылған бидайды шайнап береміз, оның да халі нашарланды, жүдеушілік кірді. Енді осы екеуінің аузына тамызатын сүт сұрай бастадық. Дүниедегі ең ауыр нәрсе аштық , өзі ішуге зәру болып отырған екі ұрттам сүттің бір ұрттамын маған бер деп сұраудан қиын нәрсе жоқ , жер бетінде, өмірде одан қиын, одан ауыр еш нәрсе жоқ.

   Осы кезде әкемді, тағы 5-6 тәуір жұмыс істейтін жұмысшыларды “Торғайға” тас соғуға алуға деп тәртіп беріліпті. “Торғай”- жылқы зауытының болашақ орталығы болатын жаңа орын. Осыған жеделдетіп әрбір нүктеден 5-6 жұмысшылар жинапты, екі күннен кейін кетпекші. Әкем, тағы басқалары бір ай мерзімге “Торғайда” тас соғуға жүріп кетті. Ол кетерде қатты қиналды. Дәулетбайды алдына алып “сен өсіп жігіт боласың, Дәулетім шалқиды деп, армандаушы едім, енді қайдам, жазылып кет, оңалшы”- деп сәбиді иіскеді де, бауырына басты, содан кейін кішкене төсегінің үстіне жатқызды. Сәбидің әлі тілі шықпаса да, жолын болсын, аман қайтып орал дегендей сәл езу тартып, оң қолының басына көтерді. Тім әлсіз , ет жоқ, тек сүйек пен тері, Айсәуленің бетіне қарап отырып (ол ұлдан да нашар) “құдай басқа салды , біз көндік, дүниеге келгенің кеше ғана еді ғой, сенің не жазығың болды, бұл құдайдың әмірі ме, әлде адамның кесапаты ма, мен келгенше тұралсаң, жарар еді”,- деп көзіне жас алып, сәбидің жанынан тұрды. Әкем осы сәтте  біресе құп-қу болып, ажары бұзылып, қатты қайғырды, біресе екі көзі өткірленіп, жарқырап, өмірдің тәлкегіне шыдаймын, балаларымды аштықтан аман алып қаламын, ол үшін күндіз-түні шаршамай жұмыс істеймін деп қайрат, жігер білдірген ажар көрсетеді. Анама қарап -“Рысқал, шамаң келгенше жұмысыңды істей бер, әйтпесе азық-түлікті кесіп тастайды ғой, маған “Торғайға” бармауға болмайды, бармасам жұмыстан шығарып тастайды, мен анда барғасын жанұя жағдайын басшыларға айтармын, сауынға сиыр сұрармын, балаларды күт”, - деді, маған қарап “Қанатбай анаңа көмектес, көршілерден сәбилерге сүт сұрап әкеліп тұр”-деп маңдайымнан иіскеді, балалардың бәрінің беттерінен сүйді де, сыртқа шықты, көліктері келген екен , жүріп кетті. Біздер жолаушы соңынан қарасы үзілгенше қарап тұрдық. Әкемнің “сүт сұрап әкеліп тұр”- дегені құлағымнан кетпейді. Сүт сұрап әкелу мен үшін өте ауыр. Әңгіме бару, келуде емес, сұрауында. Амал жоқ сұрайсың, маңдайыңнан ащы тер шығады, берсе, оңып кеткендай боласың, бере алмаса, үйге жете алмайсың, аяғың басылмайды. Екі сәбидің өмірін ұзартуға себепші бола алмағаным ба әкемнің аманатын іске асыра алмадым ба деген ой көкейіңнен кетпейді.

   Әкем кеткеннен кейін біздің халіміз тіптен нашарлай бастады. Азық-түлік көрсетілген күніне берілмейтін болды. Мұндағы тас соғудың сапасы да нашарлады. Азық-түліктің мөлшері де азайды. Ақ бидай жоқ, қызыл тары беретінді шығарды. “Торғайдағы” әкемнен келген хабар: “Мұнда тәртіп қатты, еш бұрылтпайды, басшыларға баруға жібермейді, бірақ тәсілін тауып жолығармын”- депті. Екі сәбидің сүлдесі жатыр, аштық батты, күнге бір мезгіл болмашы сүт тамызамыз. Анамның омырауында тамшы сүт жоқ. Басқа інілерім мен қарындастарымның халі нашарлады. Оншақты күн шамасында анамыз жатарда Айсәулеге табылған сүтті берейін деп алдына алса, сәби дүниеден озып кетіпті. “Қанатбай , Айсәуле қайтыс болып кетіпті” деп қызын алдына алып, егіліп жылап жіберді. Бетін ақ шүберекпен жауып, орнына салды, мен баланың үлкенімін. Маған тете Нұрғаным деген қарындасым , Мендібай деген інім үшеуіміз анамызды жұбатқан болып, түнімен ұйықтаған жоқпыз. Ашпыз, аш кісіге ұйқы келмейді. Сүлк жатқан Дәулетбай да таң ата қайтыс болып кетіпті. Сүйтіп  бір түнде екі сәби тататын нәр жоқ болғандықтан аштан өлді.  Анам көршілерге хабарла деп мені жіберді, хабар тиді, бірақ бірде-бір адам келмеді.

   Дуниедегі ауыр халдің бірі-үйінде өлім болғанда көрші-көлемнің келмеуі екен, бұл анама бұрынғының үстіне үлкен соққы болып тиді. Күн сәске болды, еш адам жоқ. Анам екі сәбиді шүберекке орап, кішкентайын маған ұстатты да, өзі үлкенін алдына алды, менен кіші інім Меңдібайға екі күрек берді, “Қызыл төбеге”- деді.

   Құдай тірі пенденің басына бермесін, аштан өлік шыққан үйге ешкім келмейді екен, келгенде оның үйінде аз да болса ішетін ас жоқ, өздері аш адамдар, ондай да жоламайды екен. Үлкен  қауым төрт шақырамдай жер, жете алатын емеспіз. “ Қызыл төбе” бір шақырымдай, күн жағы шөбі жоқ қызыл төбе құм, көлеңке жақта шөп өскен, ылдиына түскен сайын ішілік, тал бар. Соның көлеңке жағын қаздық, жері жұмсақ, біздің әліміз жетті. Кезектесіп бір метрдей қазғасын, анам екі сәбиді құбылаға қарай бағыттап, біріне-бірін тақап, қатарластырып салды. Кінәсіз екі сәби жер астына түсті. Анам ағыл-тегіл жылап, көз жасы көп болды. Аштықтан үйге шақ жеттік, аяқ басылмайды. Аштыққа қайғы араласқаны өте ауыр болды. Тарғын, Қарақыз деген ерлі-зайыпты көршіміз бар еді. Тарғын әкем  мен бірге “Торғайға” кеткен болатын. Қарақыз жеңгей бр аяқ сүт, бір кәсе ақ бидай қуырып алып келді. Сол сәбидің қаралы асы болды. Қарақыздың бар көмегі біздерді жұбатқан көршілік ниеті еді. Сол Қарақыздың көмегін әлі ұмытпаймын, айлық азық бергендей болды.  5-6 жыл турасында сол Қарақыз тірі еді. Жәнібек ауданының Свердлов совхозының орталығында тұратын. Біздің ауыр хәлімізді бастан-аяқ көрген сол кісі. Оны өте қатты қадірлеймін, көрсем анамды көргендей боламын. Оның немересі Е.Тарғынов Ғұмар Қараш атындағы орта мектептің директоры болып істейді. Ендігі кішкентайлар: Аязбай деген ұл бала, Әмина деген қыз бала. Екеуі егіз. Бұлар бөлек бітімдегі жандар, екеуі тамаша келбетті, ажарлы еді, екеуі бірінен-бірі айырылмайды (үйде ас барда, тоқ кездерінде), ойнайтын да жүгіретін. Бұл екеуі үштен сәл асып бара жатыр. Анам қызық көріп, екеуіне бірдей , бірде ұлдың киімін, бірде қыздың киімін киіндіріп қоятын, сол кезде әкесі мен анасынан басқа адам, қайсысы Аязбай, қайсысы Әмина екенин айыра алмайтын. Екі суреттегі бір адамдай бірінен-бірі аумай ұқсайтын. Міне, енді, осы екі сәби нашарлап жатыр, тек сүлде, орындарынан тұра алмайды, барған сайын меңдей береді. Арада оң шақты күн өткенде екеуі бір түнде таң ата дүниеден озды. Бала ас сұрап жылағанда, берейін десе ас жоқ, не істерін білмей, баласына қосылып жылаған ананы құдай көрсетпесін, сол бір ауыр сәтті жер бетіндегі бірде-бір ана көрмесін, бірде-бір ананың маңдайына ондай бақытсыздық, зұлымдылық жазылмасын.

   Анам тағы ағыл-тегіл жылап, жер болып қалды, тіпті дене бітімі кішірейіп кетті. “О, қос өндіріп, қос жанарым, екі шырағым, асқақтап өсер егіз шынарым, екеуіннің ер жеткен тойларында шалқып отырамын деген тәтті қиялым бар еді, ол бақытты тәңір менің маңдайыма жазбады.  Жанымды идірген қос құлыным, адам көріп тоймайтын төл қозыдай едіңдер, кінәсіз сәбилерім, қос қарлығашым жанымның жалын шырагы”- деп құшақтап жылап жатыр, жылап жатыр. Балалардың жанында біраз есеңгіреп отырды да, біраздан кейін біздерге сүйеніп тұрды. Біздерде әл жоқ тұрып жығылып жүрміз.

   Өткендегідей хабарладық еш адам келмеді. “Қызыл төбеге” алып жүрдік. Анам, мен, Нұрғаным деген өзіме тете қарындасым және Меңдібай деген інім үйден шықтық. Анам балта алғызды, алдыңғы сәбилердің дәл жанына қойдық. Ол білгенінше “Аят” оқыды. Маған ылдидан жаңа өсіп келе жатқан талдың жіңішке шыбығын таптырып алдырды да, төртеуінің кәбірінің үстіне төрт шыбық шаншытты. Аштан жазым  болған төрт сәби “Қызыл төбенің” көлеңке жағынан мәңгілік орын алып қала берді.

   Балалардың қайтыс болғаны елге кең тарады. Сол кезде, сол жерде, маңда үкімет жоқ, біздердің аштық жағдайымымызды бірді-бір адам келіп көрген жоқ еді. Төрт баланың аштан өлуі аудан орталығына жеткесін ғана әр саладан уәкілдер келе бастады, көмек көрсетуді ұйымдастырып жатты. Бірақ біздер нашар халге жеттік, тек сүлде, тірі аруақ кейпіндеміз. Бұл ауыр жағдай басқа үйлерді де шыпыды, олардан да шетінеу болды. Мен, Меңдібай, Мергенбай деген үш ұл бала, Нұрғаным, Айман, Шолпан деген үш қыз, алтауымыз әзірге тіріміз. Ауданнан келген комиссия екі үлкенімізді балалар үйіне бергізді. Аштықтың кесірін тірілей ата-анамыздан айырылдық, амалсыздан туған үйден, ананың күн нұрындай төгілген мейірімінен бөлініп, налып, жылап үйден шықтық. Келген комиссия мүшелері балаларды “аштан өлді деп айтпаңдар, ауырып қайтыс болды” деңдер – деп ескертті. Солай дедік. Қатықсыз болмашы  қорек, тірі қалған балаларды да жазылмайтын ауруға шалдықтырды. “Көкала”, “ревматизим”,“қырқұлақ” деген аурулар жайлап кетті. Тазарып жазылып кетпеді. Екі-үш жылдың ішінде бәріде дүниеден озды. Өлім  сарқытындай болып, жалғыз мен қалдым, мені балалар үйіне барғаным сақтап қалды.

   Әкем де “Торғайдан” келді. Қайтыс болған балалардың мәйітіне мені ерітіп барып құран оқыды, қайғырып, толғанды, олардың мәйітінің сыртынан топырағын  иіскеп біраз жатып тұрды. Үйге келісімен түйе зауытының “Әймекен” деген үлкен елді мекеніне көшуге жиналды, келесі күні көшті, біздерді Ордаға балалар үйіне жөнелтті. Қайғылымыз мұңдымыз, төрт сәби “Қызыл төбеде” мәңгілікке қала берді.

   Сегіз жыл өткеннен кейін “Сүйіндік” ауылына атпен кетіп бара жатып, бауырларымның орнын көрейін деп бұрылып “Қызыл төбеге” соқтым, бұрыңғы қалпында, топырағы томпайып жатыр, топырақ бетіне теп-тегіс, әдемі, қысқа, көк жасыл шөп шығыпты. Көк кілемнен аумайды, терең шұңқырына дейін нұрланып тұр. Баяғы төрт шыбық ұзын тал болып өсіпті. Құмның ақ талы төрт-бес метрге дейін өседі ғой, ұзындығы бес метр шамасында өте әдемі, бой жеткен арудың сұлу саусақтарындай бір-біріне тақала, мінсіз төрт тал сол маңға көрік бере жайнап тұр. Төртеуінің кеудесінен төрт тал... Әсем биік талдың кішкентай жапырақтары күн сәулесімен жас сәбидің көзіндей жылтылдайды, самал желдің лебімен, “Ақа, біздер тал болып өстік, табиғаттың нақ ортасындамыз”- деп жапырақ сыбыры тіл қанқандай. Көзімнен жас ыршып түсті.

 

Қанатбай Тұманов

Орал қаласы

3 eвpeйcкиx aнeкдoтa o тoм, кaк нaдo oтнocитьcя к дeньгaм
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 13987
Англичане говорят: "Если ты такой умный, покажи мне свои деньги". Скрытый сарказм подразумевает, что не всегда интеллект приносит материальные плоды. Можно быть человеком умным и образованным, но жить от зарплаты до зарплаты.   А у евреев своя мудрость:   Если уронишь золото и книгу, подними сперва книгу.   Почему? Потому, что деньги могут быть украдены, могут обесцениться или вложены в пирамиду или долгострой. А знания и опыт всегда с тобой, с их помощью ты всегда сможешь заработать еще.   Но заработать - это половина дела. Нужно еще уметь контролировать свои траты, сберегать деньги и преумножать их.   Чем русский подход к деньгам отличается от еврейского? Наши люди могут потратить все, до копейки, любят пускать пыль в глаза, хотели бы получать больше, но презирают тех, кто живет на нетрудовые доходы. Считается, что в нашей стране копить деньги - это утопия. Либо их "сожрет" инфляция, либо отберет государство.   Евреи же наслаждаются своими накоплениями. И чем их больше, тем сильнее, могущественнее личность.   Три стадии бедности у евреев:   1. Нет денег.   2. Совсем нет денег.   3. Придется менять доллары.   Наш народ во многом живет и надеется "на авось". Что попадется хорошая жена, что на работе заметят и станут платить больше. Евреи не признают иллюзии и стараются многое спрогнозировать и запланировать. Они не позволяют детям валять дурака и лениться, выбирают им достойные профессии и программируют на будущий успех.   У евреев, действительно, есть чему поучиться.   Они легко генерируют идеи, стараются придумать варианты, как заработать деньги. Людей с таким мышлением в России называют нелицеприятными словами, самое меньше из которых "спекулянт" и "барыга".     Наши люди любят говорить: "Как нам платят, так мы и работаем". В этой фразе - усталая смиренность. Но специалисту, который не горит своим делом, которым сложно управлять, потому что он обижен на жизнь, никто платить хорошо не будет.   Евреи умеют видеть преимущества даже там, где их быть не может:   Еврейский мальчик говорит своему деду: - Дедушка, у меня только что на улице отобрали все деньги! - Ничего, внучек. Они вернут в семь раз больше! - Почему? - Сейчас они это отметят. Затем затеют пьяную драку. Набьют друг другу морды, повыбивают зубы... Ну а потом придут их вставлять ко мне.   Жен стараются выбирать таких, чтобы их имущество не разбазарили. А женщины, в свою очередь, весьма требовательны к мужчинам. За непризнанного гения или свободного художника никто не пойдет замуж. Зачем по своей воле обрекать себя на нищету?   Еврейки говорят: "Мужчина без денег - это подруга". Вы никогда не услышите из их уст фразу про рай в шалаше. Рай - это Мальдивы и Бали, но не конструкция из веток и палок.     Ну и еще немного юмора о том, что мыслить нужно уметь нестандартно:   - Изя, представляешь, я в выходные предложил директору парка отдыха идею одну. Естественно, не просто так, а за 10% от прибыли. Суть такая: посетитель парка должен сделать фото в комнате кривых зеркал и выложить его на сайт парка отдыха. Тот, кто наберёт наибольшее количество лайков, получит два билета на концерт Киркорова. - И каков, Абрам, результат? - Количество посетителей парка втрое превысило обычное! Денег срубил прилично! И никаких затрат! - Хм... Ну два билета на концерт Киркорова прилично стоят! - А кто тебе сказал, что я их покупал? Я их взял с Киркорова за рекламу концерта.       По материалам - Мадам Хельга Источник
Жecткиe и беcкoмпpoмиccныe цитaты Фaзиля Иcкaндepa
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 12818
Они нaучaт paзбиpaтьcя в людяx