Жаңа жыл келіп, "тойлау-тойламау" деген тағы да талқыланды тақырып. Осы бір сұрақ мазамды алып, мұсылмандарға хат жазуды жөн көрдім...
Арақтан айырдыңдар, риза болдым, қуандым. Мұсылмандар тазалық белгісі деп артық көрдім өзгеден...
Шошқа етінен айырдыңдар, оның да тазалығы аз еді, халал шұжықты сатып алған достарымды көрген кезде қуанышымда шек болған жоқ...
Қызымды киіндірдіңдер, ұятты жерлері жабылып, оған да қуана қарайтын болдым...
Ұлдарым мешітке бара бастады, қуандым, 70 жыл құлдықта босанған жандар өздерін табады деп, жүректер тынышталады деп...
Бірақ, бір күні арақ ішетіндердің барлығы ата-жауларыңа айналды. Мұқағалидің кітаптары жыртылып, Омар Хайамның өлеңдері өртенді...
Жылқы етін де жей алмайтын болдым. Ұлттық тағамдарымның дәмі кетті, дастарханымның тұзы кетті...
Әурет жері жабылған қызымның көзін де көре алмайтын болдым. Туған күнімде үстелге де отырмай сақалды ұлым өзіме қарсы шықты.,.
Пұтқа табыну деп жаңа жылды, отқа табыну деп халықыммен наурызды қарсы ала алмадым...
Бабаларымның дәстүрін сақтай алмадым...
Сірә, олар білген ислам қате болған-ау...