misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 56 гостей
Отандастар
4207
с нами с 1 февраля 2015

Екатеринбург қазақтары. "Көбісі Ресейді отаным деп санайды"

Екатеринбург – Ресейдің ірі әкімшілік, мәдени, ғылым мен білім орталығы. Свердлов облысының бас қаласы федерацияның миллионер қалаларының қатарында, көпшілік арасында «Орал астанасы» деп аталып кеткен. 2010 жылы өткен жалпыресейлік халық санағының дерегінше облыста 4406 қазақ тұрады. Соңғы 8 жылда қазақтар саны тек үш адамға ғана өскен. Ал Екатеринбургтың өзінде 2002 жылғы мәліметтер бойынша 1085 қазақ тұрады. Аймақ көптеген ұлттардың басын қосқан. Қазақтардан бөлек, бұл жақта саны басым орыстар, украиндер, белорустар, башқұрттар және т.б. халықтар.    

  

Екатеринбург қазақтарының тынысын Арслан Баялинов атты азамат айтып бермек. Орал мемлекеттік заң университетінің Прокуратура институтының 4 курс студентімен интернетте таныстық. Аймақ қазақтарының тіршілігін айтып беру туралы өтінішіме қуана келісті. Өзі болса Магнитогорск қаласының тумасы. Бүгінде онда ата-анасы мен туыстары тұрады. Төрт жылдан бері Екатеринбургте тұрып оқиды. Қазақстанда да туыстары бар. Бірнеше жыл бұрын әкесінің ағасы Астана қаласына көшіп кеткен. Қазір онда бизнеспен айналысады.

Қай отандасымызға да «Қазақстанға келу ойыңда бар ма?» деген сауал қоятынымыз жасырын емес. Бұл сұраққа Арслан былай жауап қатты: «Өмірімнің белгілі бір кезеңінде Қазақстанға кетіп қалу туралы ойланатынмын. Алайда, осында менің отбасым, туыстарым тұрады. Сондай-ақ өзіме алған міндеттемем бар. Мен РФ прокуратурасымен келісім-шартқа отырдым. Ол бойынша оқуымды аяқтаған соң прокуратура органдарында бес жылдан кем емес мерзімде қызмет атқаруым тиіс».  

  Дегенмен де, Арслан қазақтардың қамын ойлап жүрген жас белсенді. Екатеринбургтің бар қазағының басын қосатын қалалық қазақ жерлестігін басқарады. Жалпы аймақта сондай-ақ «Еуразия-Қазақстан» облыстық қоғамдық ұйымы бар.

«Қалалық жерлестік орталығында жиналыстарымызды өткіземіз. Ұйымға көбінесе жастар мүше. Бейресми шараларға жиі барамыз. «Қазақparty» сынды жабық клубтық сауық кештері ұйымдастырылады. Онда қазақы бейне беру үшін клуб алдында келушілерді бауырсақпен күтіп аламыз. Кеште Қайрат Нұртас сияқты танымал әншілердің әндері қойылады. Екатеринбургтегі қалалық жерлестік орталықтары арасындағы футбол турнирлерінің қатысушыларымыз. Бұл жарыстарда біз әрдайым жүзден жүйрік шығамыз. Орал жерінің халықтары спартакиадасына белсенді қатысуға тырысамыз. Бұнда айтарлықтай табыстарға жете алмасақ та, көк туымызды көтеріп, бір-бірімізге жанкүйер боламыз. Қаламызда жыл сайын «Мисс Азия Орал» ұлтаралық байқауы өтеді. 2014 жылы осы сайыстың Бас жүлдесі қазақ қызы Әсел Киекбаеваға бұйырды», - дейді отандасымыз.

Дарынды жастардың арасында жас белсенді Алтынай Бегжанованы айта кетті. Қазақ жерлестігінің алғашқы төрайымы қазақ халқының бірігуіне үлкен үлес қосқан. Бүгінде Алтынай компаниялардың бірінде заңгер болып жұмыс істейді.

Екатеринбург қазағына айналып үлгерген Нұрлан Сабуров - Орал қазақтарының мақтанышы. Ресейлік ТНТ арнасындағы «Stand up» бағдарламысының резиденті, әзілқой жігіт бүгінде Екатеринбург қаласында оқиды.

Отандасымыз Қазақстан туралы жаңалықтардан үнемі хабардар болып отырады. Әсіресе, қазіргі экономикалық ахуалға алаңдаулы. «Теңгенің осыншама деңгейге төмендеуі мені қатты алаңдатады. Одан бөлек, Қазақстан Республикасының президенті сайлауын жіті бақыладым. Жалпы, Қазақстан туралы жаңалықтарды біліп отыру қызықты ғой», - дейді.

Болашақ прокурор Екатеринбург қазақтарының еліміздегі қазақтардан аса үлкен айырмашылығы жоқ екенін айтады. Тек біздегі даңғаза тойларға таң қалады. Себебі, Ресейде тойды барынша қарапайым түрде, отбасының мүмкіндігіне қарап өткізеді. Көрпеңе қарай көсілуді біледі. Ешкім біреуден асып ұлан-асыр той-мереке ұйымдастыруды мақсат етпейтін көрінеді. «Бірақ, кешігу Екатеринбург қазағына да ортақ, қанымызда бар» дейді.        

Енді қазақ тілі туралы. Арслан өзінің ана тілін жақсы меңгерген, ұмытпапты. «Мен қазақ тілін білемін. Алайда, тұрақты түрде сөйлемегендіктен, кейбір сөз тіркестерін ұмытып қалып жатамын. Бір-екі күн таза қазақша сөйлессем, бәрі де «қалпына» келеді. Негізі жанұямызда орысша да, қазақша да тіледесеміз. Менің жақындарым, достарым қазақ тілін әрқалай біледі. Алайда, тіл мәселесі біздің жақта ушығып тұрған жоқ», - дейді. Ресейдегі қазақ шаңырақтарында ұлттық тағамдар әрқашан дастарханның төрінен орын алады. Мейрам кездерінде ет асылса, әр жұма сайын бауырсақ пісіріледі екен.

Жалпы, Екатеринбург қазақтары әр салада қызмет атқарады. Бірі оқуда, екіншісі қоғамдық жұмыспен, кейбірі бизнес саласының майталманы. Бірақ, көпшілігі соңғы уақытта мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тырысады. Өйткені, қазіргі заманда кез келген азамат тұрақты табысты, кепілді әлеуметтік себетті, белгілі бір әлеуметтік мәртебені қалайды.  

         

«Көбісі Ресейді  отаным деп санайды. Және бұны әділетті деп санаймын. Біз бұл жерде туып-өстік, отбасы мен жақындарымыз өмір сүреді. Мәселен, менің жанұям осы аймақтың тұрғындары. Кіші жүздің баласымын, ата-бабамыз ерте заманнан Жайық өзенінің бойынан қоныс тепкен. Сондықтан менің тарихи отаным осы - Орал жері», - деп әңгімесін қорытындылады.

"Отаныма жүрегімдегі махаббатым мен сағынышым жетеледі"
3 декабря 2015
Диас БЕЙСЕНБЕК
просмотров: 4522
Қазақстанда білім алып жүрген Түркия қазағының арманы қандай?