misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 192 гостя

Серікбай Трұмов: «Дүкендерде елмен бірге еркін жүруіміз қажет деп есептеймін»

с нами с 2 мая 2013

Ақтауда аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік қолдаулары қалай жүріп жатыр, ауыл шаруашылығы немесе жеңіл өнеркәсіптің перспективалары қандай, әкім халқына қаншалықты жақын болуы керек - осы және басқа да сұрақтарға Ақтау қаласының басшысы Серікбай Трұмов жауап берді.

— Серікбай Өтелгенұлы, өткенде ұлттық валюта құнсызданып, жағдайымыз сыр бере бастады. Елімізде соңғы уақытта болып жатқан қаржы саясаты туралы қандай пікірдесіз?

— Біздің еліміздің, Елбасымыздың ұстанып отырған сыртқы саясаты бар, ішкі экономикалық жағдайдың бір қалыпты, дұрыс болуы үшін біз сыртпен де байланыста болуымыз керек. Сондықтан кешегі өзіміздің ұлттық валютамыз теңгеміздің еркін айналымға жіберілуі — бұл еліміздің мүддесі үшін, сыртқа жаңадан өнім шығарып жатқан кәсіпкерлеріміздің мүддесі үшін өте қажет экономикалық саясат болды деп есептеймін. Әрине, бұл жерде әлеуметтік мәселелер бар, бірақ дегенмен біз дамушы елміз. Біз сыртта көптеген елдермен экономикалық байланыстамыз. Сондықтан бұл еліміздің дамуы үшін шикізат емес өнімдерді шығарып, бәсекелестікке түсу үшін қажет саясат болды. Елбасымыздың ұстанып отырған саясаты — әлеуметтік қолдаулар, мұның барлығы өз деңгейінде болады деп айтылды, бізге тапсырма солай болды. Жергілікті атқарушы органдар, яғни бізге әлеуметтік қолдау, оның ішінде аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік қолдаулары, бекітілген әлеуметтік тауарлардың негізсіз өсіп кетпеуін қадағалау жүктелді. Біз барлық сауда орындарын мониторинг жасап, арнайы топ құрып қадағалап отырмыз. Қазір әлеуметтік тауарлардың өсіп жатқаны аса байқалмайды. Өзімізден өндірілетін кейбір жергілікті тауарларымыздың бағасы да қатты қымбаттаған жоқ. Бұл жұмыстарды қадағалаймыз, бізге тікелей берілген тапсырмалар бар. Бұл біздің міндетіміз, әлеуметтік қолдаулар бақылауымызда болады.

— Сіз осы жердің тумасысыз, қаланың проблемасын, даму жолдарын жақсы білесіз. Мұнай-газдың тек қана қаланы емес, бүкіл мемлекетті асырап отырғаны белгілі. Алайда басқа салалардың дамуы көрінбейді. Адамдардың күнделікті тұтынатын тауарлары, киім-кешек сырт елдерден келеді, сол себептен осы тауарлардың құны жоғары. Ақтауда әртүрлі өндіріс орындарын салу жоспары бұған дейін де айтылған болатын. Неліктен Ақтауда ауыл шаруашылығы немесе жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамымай жатыр?

— Сұрағыңыз өте орынды. Бізде негізінен тұтынатын тауарлардың көпшілігі сырттан келеді. Оның ішінде тағамдардың 80-85 пайызы, тұрмыстық техникалар, киім-кешек, көкөністер де сырттан келеді. Маңғыстау өңірі мұнай-газға тәуелді болып қалғанбыз. Өзіңіз айтқандай, бізге жеңіл өнеркәсіпті дамытып, өз мүмкіндігіміз бар өнімдерді шығарумен айналысуымыз керек. Бізде қазір көкөністер бар. Құрық деген жерде өсіреді: қияр, қызанақ, қырыққабат бар. Бізге әлі де жылыжайларды көбейту керек. Тұрған жеріміздің климаты өнім өндіруге қолайлы деп айта алмаймын. Ал ата-бабамыздың кәсібі — мал шаруашылығын дамытуымыз керек. Түйе, жылқы секілді ірі қара өсіруге мүмкіндігіміз бар, бірақ қой-ешкі секілді ұсақ малдарды өсіруге жеріміз қолайсыз. Сиырды да өсіре алмаймыз, оған көгал шөп керек. Біздің жерімізге шөп шықпайды, соңғы екі-үш жылда жерімізде сәл құрғақшылық болды. Қуаңшылық болғандықтан, шөп шабатын жер де таба алмай қалдық. Географиялық орналасуымызға байланысты бізде мал шаруашылығымен айналысуда қиындықтар бар. Облысымызда малдарды қорада ұстап бағатын фермалар бар, осыларды дамытуымыз керек. Бізде ауыл шаруашылығымен айналысатын Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандары бар. Ақтау қаласында жеңіл өнеркәсіп — сүт өнімдерін, нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. «Ақтау сүт» сүт өнімдерін өндірсе, «Мағаш» Ақтауды нанмен қамтамасыз етіп отыр. Бұларды әлі де болса дамытуымыз керек. Мұны біз жұмысымыздың негізгі бағыты деп есептейміз. Өнеркәсіпке келер болсақ, өзіңіз білесіз, бізде еркін экономикалық аймақ бар. Бізде онның үстінде жоба болса, соның төртеуі толыққанды жұмыс жасап тұр деп айтуға болады. Бәрі бірдей өзінің жобалық мүмкіндігінде жұмыс жасап жатқан жоқ, оның ішінде асфальт зауытымыз, бетон өндіретін, труба өндіретін зауыттарымыз толыққанды жұмыс жасап жатыр. Қазіргідей мұнай-газдың бағасы түсіп жатқан кезде біз басқа бағыттарымызды дамытуымыз керек. Ертең қандайда бір қиыншылық болған кезде одан қиналмай өтетіндей болуымыз керек.

— Ақтауға барып келген кез келген Қазақстан азаматынан не туристен еститініміз — су сапасының нашарлығы. Бұл проблеманың шешілуі үшін не істеу қажет?

— Біз шетін бір аймақпыз, Қазақстанның бір шеті. Суға қатысты бізде мәселе бар. Оны жасыра алмаймыз, қазіргі тұтынып отырғанымыз МАЭК-тің тұщытып беріп отырған теңіз суымен ғана қаланы қамтамасыз етіп отырмыз. Онымен қоса «Маңғыстаумұнайгаздың» салған су тұщыту қондырғысы іске қосылды. Жалпы, бізде суға қатысты бір мәселе бар. Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып мұны шешу жолдарын әлі де қарастыруымыз керек. Маңғыстауда жер асты сулары қоры көп емес. Жоқ деп айтуға болмайды, Бекі деген жер бар, мысалы, Құсым бар, біз тек қана теңіздің суын тұшытып беріп отырған жоқпыз. Құсымның суын қосып, елге жеткізіп отырмыз. Дәл қазір оны шешу жолдары мынандай деп айту қиын. Бізде Қиғаш-Маңғыстау деген су құбыры бар. Маңғыстау облысының Жаңаөзен, Қарақия, Жетібай, Қаражамбас, Шетпе сияқты аудандарын сумен қамтамасыз ететін — Астраханнан келіп тұрған Еділдің суы. Соның өзінде үлкен мәселе бар. Бұл бір ғана құбыр, ол қирап, сынып, жарылып кететіндей жағдай болса, онда Маңғыстау облысының жағдайы қиын. Соның шешу жолдарын табу үшін біздің облыстың әкімі Кендірлі деген жерден су тұщыту қондырғысын салуға «Өзенмұнайгазға» тікелей тапсырма берді. Сол жерден теңіздің суын тұщыту қондырғысын салу жоспары бар. Көптеген теңіздің жағасында орналасқан елдер теңіз суын тұщытып, халыққа беріп отыр. Біз әлі де болса осы теңіз суын тұщытып, сапасын жақсартып, халыққа беруіміз керек. Бекіде, Көкөзде су қорлары бар. Олардан Маңғыстау, Шетпе су ішіп отыр, ол сумен алып Ақтауды қамтамасыз ететін болсақ, бұл су қорлары таусылатын кез болады, сондықтан қалай болғанда да іргемізде жатқан Каспийді су көзі ретінде пайдалануымыз керек.  

— Жиі кездесулерде боласыз, газет-журнал оқисыз, еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде әкім, депутат, министрлер туралы пікірлерді де естіп жатасыз. Әлеуметтік желілерде де пікірлер бар, мәселен, «әкім болса, халықтан алыстайды» деген көзқарастың пайда болуына не себеп? Әлде олай емес пе? Әкімдердің кей жағдайда көптеген жайттардан хабарсыз болуы. Журналистер сұрағынан қашуы, т.б. жағдайлар кездесіп жатады. Осыған қатысты пікіріңіз қандай?

— Ол сұрағыңызға жауап беруге болады. Елдің ішінде жүрген соң, қашып, жасырынып жүруге мүмкіндік жоқ қой. Мысалы, мен өзім осы жердің тумасы болғаннан кейін, менде таныс көп, тумалас көп. Ел болған соң, оның ішінде қуаныш та, қорқыныш та бар. Мен әкіммін деп ондай жерлерге бармай қоюға тағы болмайды. Ел ішінде жүрген соң, танысыңның қуанышына бармасаң, өзіңнің де басыңда кездесетін жағдай. Оған олар келмеуі мүмкін. Біз адам баласымыз, адам болған соң, оның басында түрлі жағдай кездеседі. Өзім таныс, туыс, жолдастардың қуаныштарына шамам келгенше баруға тырысам. Қызметте жүрген соң, уақыт тығыз кездер де болып қалады. Мұндай кездерде телефон шалып айтып, жағдайымызды түсіндіреміз. Ал БАҚ-тан қашып жүру қазіргі кезде мүмкін емес. Шамам келгенше болатын затты болады, болмайтын затты болмайды деп айтуға тырысам. Біздің міндетіміз болғандықтан, ел бізден күтіп отырады, өз көзқарасымызды екі ауыз сөзбен болса да айтып жеткізуге тырысамыз. Шама келсе, қашпауға тырысамыз. Болып жатқан, болайын деп жатқан жағдайды біз елге айтып жүруіміз керек.

— Соңғы кезде халық қалаулылары, әкім-қаралар халықпен байланыстың түрлі әдістерін көрсетуде. Өткенде Семей әкімі тұрғындармен бірге аялдамада тұрып автобус күтсе, Талдықорған қаласының әкімі әлеуметтік желілерде белсенді. Қоғамда әкімдерге қарсы кері көзқарас қалыптасқан жағдайлар да кездеседі. Жалпы, ресми қабылдаулардан бөлек, халықпен кездесулеріңіз жиі бола ма? Сізге жолығып, мәселені айту қаншалықты оңай?

— Қабылдау күндері бар, қабылдау емес күндері де елді шамамыз келгенше қабылдап, екі ауыз сөз болса да айтып жіберуге тырысамыз. Ел ішінде боламыз, мерекелік шаралар, біреудің қуанышы кездерінде де біз бұқара халықтың ортасындамыз деп есептейміз. Халықты қабылдап, әрқашан айтып түсіндіруге дайынбыз. Елге көрсетілетін қызмет — жолаушылар тасымалы бойынша, менің әріптесім, Семей әкімінің ісін құптаймын. Ол дұрыс, халықтың жағдайын әкімнің өзі де сезінуі керек деп ойлаймын. Кейде біздің де, мысалы, дүкендерде елмен бірге еркін жүруіміз қажет деп есептеймін. Мен де елмен бірге дүкендерге кіріп, сауда жасаймын. Біз елмен бірге болуымыз керек.

— Бір жылдары депутаттар мемлекеттік қызметкерлер табыс туралы декларациясын жариялау керек деген бастамалар көтерген болатын. Сіз халық алдында жүрген адамсыз, өміріңіздің көп бөлігін мемлекеттік қызметке арнағансыз. Аталмыш бастамаға көзқарасыңыз қандай? Меншігіңіздегіні жария ете аласыз ба? Айлығыңыз қанша?

— Бұл дұрыс мәселе. Біз мемлекеттік қызметте жүрсек те, өз меншігімізде не бар, еңбекақымыз қанша, оны айтуға міндеттіміз, себебі біз жылма-жыл декларация толтырамыз. Еңбекақым қазір Ақтау қаласына келгенде қанша екенін әлі білмеймін [сұхбат екі апта бұрын алынды - Б.Б.], ал Жаңаөзен қаласында 285 мың теңге көлемінде болды. Ақтау қаласы әкімінің айлығы осы 300 мыңның шамасында деп ойлаймын.

Өз меншігімде бес бөлмелі үйім бар. Бұл өзімнің үйім, өзімнің атымда. Мемлекеттік қызметке келмес бұрын бизнес саласында жұмыс жасадым. Құрылыс компаниясының меншік иелерінің бірі болдым. Мемлекеттік қызметке келер кезде заң талабына сәйкес, басқаруға басқаға беріп кеттім. Ол Қазақстандағы ең үлкен инвестор «Аджип» деген компанияға он жылдай тікелей қызмет жасады. «Аджип» компаниясының Баутино қаласында үлкен базасы бар. Сол базаның алғашқы қадауынан бастап қағып, соңына дейін бітіргенше соның құрылысына өз компанияммен қатыстым. Жақсы табыс таптық. 2002 жылы Ақтау қаласындағы «Морпорт Ақтаудың» құрылысының үлкеюіне қатыстым. Осында «Бехтэль Энка» деген түрік компаниясы болды, сонымен бірлесіп қызмет жасадық. «Аджип» компаниясының базасын салғанда да осы «Бехтэль Иншаат» компаниясымен жұмыс жасадық. Қашағандағы Д блоктың құрылысына қатыстық. Оның жұмысының жүруіне мен басқарған компанияның үлкен үлесі бар. Мемлекеттік қызметке келген соң, оны басқаруға өзгеге тапсырдым. Ол мекеме әлі жұмыс жасап жатыр. Жағдайым жақсы, балаларым өсіп жатыр. Балаларымның алды оқуын бітіріп келіп, компанияда жұмыс жасап жүр. Үлкен үшеуі қызмет істейді. Екі балам мектеп жасында. Жолдасымның азғантай жеке кәсібі бар. Дүкен саудасымен айналысады. Негізі, жалпы жағдайымыз осындай. Меншікте не бар, табысым қандай, оны айтуға ешкімнен қысылмаймыз.

— Сұрақтарыма жауап бергеніңізге рақмет! Жұмысыңызға табыс, сәттілік тілеймін. Жұмысыңыз жемісті болсын. 

Нағашыбай Барлыбаев: Қымызды шетелге экспорттауға тырыспаймыз
19 августа 2016
GONZO
просмотров: 3243
Бүгінгі "Сұхбат" айдарының кейіпкері - Солтүстік Қазақстан облысы«Арқалық» ШҚ басшысы Нағашыбай Барлыбаев. Ол пайдалы сусындар өнімін төмендетпей отырғанымен қоймай, оларды өндіруді еселеп арттырмақшы. Бұны palata.kz берген жарқын әңгімесінде айтады. - Нағашыбай Сабарұлы, менің білуімше,сіз қымызды көршілес жатқан қалаларға ғана емес, Ресей Федерациясына да жеткізе жүріп, өз өніміңізді өңірімізден шалғайда жатқан жерлерде сатып жүрсіз.  Соңғы экономикалық оқиғалар өндіріс көлеміне және кәсіпорныңыздың бағалық саясатына әсер еткен жоқ па?   - Біле-білсеңіз, еш әсерін тигізбеді. Шығарып жатқан қымызды Ресейге қалай сатып жүрсек, солай өткізіп жатырмыз. Әрине, бұл бұрын болмаған аса зор көлемдегі тауар жеткізу емес, жай ғана көтерме сауда. Әрине, көршіміздің өз қымыз өндірушілері баршылық, соның ішінде өнеркәсіптік көлемдегілер де, алайда, білуімше, олар жүзеге асыратын бие сүтін қайта өңдеу ресейліктердің ішкі қажеттілігін 10-15% да қанағаттандыра алмайды. - Яғни қазақстандық қымыз өндірушілерге қандай да бір бәсекелестікте болатындай Ресейде бұл орын толтырылмаған болды ма? Бұл жерде сапа жайлы емес, ашылып жатқан шекара, әрине, құлдырап кеткен рубль жағдайындағы баға жайын айтып отырмын. - Дұрыс айтасыз. Тіпті біздің елімізде де ресейлік нарықтарды бір сәтте толықтырарлық өнеркәсіп көлеміндегі қымыз өндірушілер соншалықты көп емес, өзіміздікін қамтамасыз етіп алсақ та жетеді. - Бір сөзбен айтқанда өсіп-дамитын өріс бар делік. Ал сұраныс жағына келер болсақ ше? - Қымызға деген сұраныс бұрын да болды, қазір де бар, болашақта да бола береді. Ал біз шығаратын өнім, жылқы шаруашылығы БҒЗИ мамандарымен бірге алғаш рет Қазақстанда дайындалған классикалық қымыз, «Тентек» таңбасымен және «Қызыл ой» таңбасымен шығатын қымыз өнімі жайлы айтар болсақ, онда дәл осы классикалық қымыз қалалықтарда көп танымал болып отыр. Бұл кездейсоқтық емес, себебі ол таза бие сүтінен, ұлттық дәстүрлер  мен рецептура бойынша жасалады. Петропавлда біздің қымыз дүкендерде, сонымен қатар барлық базарлар мен супермаркеттерде сатылады. Өніміміз Астана мен Көкшетау тұрғындарының, сонымен қатар шалғайдағы ресейлік қалалар – Сүргіт пен Краснодар қалаларының сұранысына ие. Жақында ғана 8 наурызға орай Көкшетаудан көлемді тапсырыс алдық, алайда ең алдымен солтүстік-қазақстандық нарықты қамтамасыз ету үшін бас тартуға тура келді. - «Арқалық» ШҚ өнеркәсіптік өндіріс қарлығашы деп кездейсоқ аталмаған, осы істі бастауда қоқыныш болған жоқ па? -  Әрине, адамдардың үнемі «қымызды осындай көлемде шығаруға бола ма екен?» және «ол қажет сапаға сәйкес келе ма?» деген сияқты сауалдар қоя отырып, өз өніміңе сақтықпен қарайтынын көргенде, бастапқы кезеңде қиын болғанын мойындаймын. Алайда қымызды дәл осы өнеркәсіптік көлемде  шығару өмірдегі мақсатым, ел тарихында қалдырғым келетін із боғандықтан, мен берілген жоқпын, оған өзім де өте қуаныштымын. Ал бүгінгі таңда өнімділігі тәулігіне 1000 литр қымыз шығару жөніндегі шағын-зауыт біздің шаруа қожалық мақтанышы болып отыр. «Халал» куәлігіне ие барлық өнімдеріміз республикалық және халықаралық көрмелерде жеңімпаз атануда. Сөйтіп, 2008 жылғы сәуір айында Алматы қаласында «Қызыл ой» қымызы мен «Тентек» қымыз өнімі «Қазақстанның азық-түлік нарығы-2008» 10 Мерейтойлық Халықаралық көрмесінде Ауыл шаруашылық министрі А.К.Күрішбаевтың қолы қойылған дипломдар мен алтын медальдарға иелік етті. 2008 жылдың тамыз айында өңірлік «Алтын сапа» байқауында шаруашылық Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің қолы қойылған дипломмен марапатталды. 2008 жылдың қазан айында «Арқалық» ШҚ «Ең үздік инновациялық жоба» байқауында екінші орынға ие болды. Осының барлығы шығарып отырған өніміміздің көпшілік көңілінен шықандығына көзімізді жеткізеді, осылайша, жыл өткен сайын өндіріс көлемін арттырып отыруға тура келуде. Міне, бүгінгі күнгі дағдарыс та бізге бөгет бола алмайды. Біз бұрынғы көлемдерді сол деңгейінде сақтап қана қоймаймыз, мысалы, өткен жылы жалпы сауын 36 мыңнан астам литрді құрапты, ал биылдың өзінде осы сатыдан асып, 50 мың литр деген нәтижеге жетуді жоспарлап отырмыз. - Яғни бір орында тұрып қалмайсыздар ғой… - Иә, бизнесте солай ғана жүру қажет – бастысы, өсу және даму. Жалпы алғанда, егер мүмкіндік болып жатса, онда бірнеше бағыттарда, әсіресе ауылдық бизнеске қатысты, дамыған дұрыс. Біліп отырғаныңыздай, біздің қызметіміздің негізгі түрлерінің бірі астық тұқымдастарды өсіру боып табылады. 1997 жылы «Арқалық» шаруа қожалығы өз қызметін осыдан бастаған еді. Ол үшін бізде қажет ауал шаруашылық техникасының бәрі бар, отандық та, шетелдік те: комбайндар, тракторлар, егістік кешендер және т.б. Ал егіншілік тек қана маусымдық сипатта болғандықтан, мал шаруашылығымен де айналысуды жөн көрдік. Сөйтіп, 2004 жылдан бері кәсіпорында қазақтың «Жабы» тұқымды жылқысын өсіру жөніндегі тұқымдық ферма жұмыс жасай бастады. Бұл өлшемдері мен тірі салмағы жағынан қазақтардағы ең ірі жылқы. 2007 жылы қымызды өнеркәсіптік өндірумен айналыса бастадық. Келешекте машиналық сауу типіне үйретілген аналық биелер санын 200 басқа жеткізуді жоспарлап отырмыз, ал жыл бойғы жайылымда ұстау – 500 басқа дейін. Қазірде қымыз өндіру үшін 100 биеден сауым аламыз, ал төрт жыл шамасы бұрын 40-50 бас қана болушы еді. Шаруа қожалығымыздың даму мысалында, қазіргі кезде, барлық ықтималы мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламаларын ескере отырғанда, бір орында тұрып, дамымай қалу кешірілмейтін дүние дегім келеді. - Өндірісті кез-келген түрде ұлғайтуды сапаға зиян келтірмей жасау керек дегенге келісесіз деп ойлаймын. - Әлбетте. Өзің өндіретін өнім сапасына зиян келмейтіндігіне сенімсіз болсаң, өндіріс көлемінің соңына түсудің қажеті жоқ. Ал біздің қымыздың пайдалылығының маңызды құрамдасы онда консерванттар мен басқа да жасанды қоспалардың жоқтығы болып табылады, себебі сусын алғашқы 7-10 күнде өзінің ең күшті емдік-ықпалды қасиеттерін сақтап тұрады. Сондықтан да фермамыздың басты басымды тұсы тұтынушыларға тікелей ұсынылатын жоғары сапа мен пайдалы қасиеттерді сақтауды қамтамасыз ететін консерванттар қосусыз және 7 тәуліктік табиғи сақтау мерзімімен табиғи классикалық қымыз өндіру болып табылады. Пайдалылық пен сапа – кәсіпорнымыздың басты екі мақсаты осы. Сондықтан да қымыз әзірлеудегі ең үздік халық дәстүрлерін сақтай отырып, барлық технологиялық нормалар мен қажет талаптарды сақтаумен өндірілген жоғары өнім сапасына кепілдік береміз. Сондықтан да біз қымыз пайдалылығы мен сапасына көңіл аудара отырып, әзірше өнімімізді зор көлемдерде шетелге экспорттауға тырыспаймыз.  - Осы сусынның пайдалы қасиеттеріне орала отырып, қымызды пайдаланудың тағы да бір жақсы идеясын ұсынғыңыз келетінін білемін. - Иә, солай болып отыр. Бірнеше жылдан бері қымыз-балшықпен емдеу орнын ұйымдастыру бойынша жобаны жүзеге асырғым келіп жүр. Шаруашылығымызға жақын жерде бірегей, өзінің емдік балшығымен танымал, күкіртті сутекке бай Мінкесер көлі бар. Өткен ғасырдың 30 жылдарының басында ғана Петропавлда балшықтың физикалық әдістерінің алғашқы қазақ өлкелік институты ашылған еді. Сол кездің өзінде ғалымдар көл балшығының қажетті бальнеологиялық қасиеттердің барлық түрлеріне ие екендігін және көбінесе ұзақ уақыттық терапияны талап ететін бірқатар науқастарды емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін мойындаған еді. Іс жүзінде ол Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Тамбукан, Қорған облысындағы Медвежье, Новосібір облысындағы Горькое және Карачи сияқты көлдеріндегі, сонымен қатар Орта Азиядағы шипажай аймақтары және тіпті Израильдегі Өлі теңіз балшықтарына ұқсас. Осыны біле тұрып, біз өзімізге неліктен жеке қымыз-балшық емдік орнын ашпасқа деген сауал қойдық. Бір айта кететіні, бұл идеяға облыс әкімі қолдау көрсетіп, «Даму» қоры арқылы 20 миллион теңге алдық және 2009 жылы Петропавлда құрылысты бастап та кеттік. Қазірде СҚО Кәсіпкерлер палатасының көмегімен аппликация қолдану мақсатында материал – емдік балшықты алу жағынан балшықпен емдеу орны үшін лицензия алу жайлы мәселені шешуге тырысып жүрмін. Егер қолымыздан келіп жатса, бұл нағыз серпін болмақшы. Себебі ең жақын жатқан балшықпен емдеу орны облыс орталығынан 400 шақырым жердегі Қостанай қаласындағы «Сосновый бор» болып отыр, бірақ онда қымызбен емдемейді. Сондықтан да жоғары тиімділікті қымыз-балшық емдеу орнын ашу үшін бар күшімді салғым келеді және осы мәселеде палатаның қолдауына сенемін. - Қазақстанда алғаш болып үмітіңізді ақтап қана қоймай, қалың көпшіліктің көңілінен шыққан қымызды өнеркәсіптік көлемде өндіру жөніндегі инновациялық жобаға бастау салғаныңызды ескере отырып, осы жолғы істің де қолыңыздан келеріне күмәніміз жоқ. Сізге сәттілік пен шыдамдылық тілейміз! - Рахмет!
Дина Жоламан: У женского бокса в нашей стране большое будущее
22 июля 2016
Лаура ЕСЕНБАЕВА
просмотров: 3260
Женский бокс в Казахстане стал популярней после успеха девушек на чемпионате мира