Бұл сайттағы жазбаларымды бойдақ кезімнен бастағам. Байға шықпай жүрген қазақ қызының шын мəнінде "сорлы" екенін замандастарымның көбісі мойындады сол кез, менің "Байлы болудың бонустары" деген атпен жазылған мақаламды оқып шыққан соң.
Маған барлық проблема байға шыққан соң өздігінен жойылып кететіндей көрінген. Сөйтсем, қателесіппін. Күңкіл сөз, сыпсың өсек деген бітпейді екен, мейлі байсыз жүр, мейлі баймен...
1. Тұрмысқа шықтың:
18-де шықсаң: "Байсырап бара ма?.. оқу оқымаған... дипломы жоқ екен... "
30-ыңда шықсаң: "Отырып қалған... қанша жігітпен жүріп тастаған шығар... отызға келгенше жұмыс істепті, өз квартирасы жоқ па екен?.."
2. Уақыт өтіп жатыр:
Тумасаң: "Тумадың..." Құдайдың емес, құдды əйелдің қолында тұрғандай бала мəселесі...
Тусаң: "А неге ұл болмады?.." Құдай қызды да бермей қойса қайтер еді дейсің іштей?.. қанша ерлі-зайыптылар: "Ұл болсын, қыз болсын, əйтеуір, перзент сыйлашы..."-деп күні-түні жалбарына сұрайды Жаратушыдан...
3... 4... 5... 6... дееееп жалғастыра беруге болады. Зачеееем??? Кімге НЕНІ дəлелдейсің??? Айтар болсаң, ата-енеге "ұятсыз келін", байыңа "көргенсіз қатын" боласың. Қай ситуацияда болмасын келіннің "крайний" болғаны бəріне ыңғайлы. Сондықтан, өз принциптеріңді қалтаңа салып қой да - үніңді шығарма! Үлгілі келін деген - сүмелек қатын!
Əңгіменің шеті шықты... менің жазбаларымды бақылап жүргендердің қатарында "байлы" келіншектердің көп екенін білем. Бурныыыыыыый пікірталас басталатын сияқты...
Нұрлан Қилыбаевтың жұмысы пайдаланылды.