misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 68 гостей

148 000 теңгені қалай жұмсар едім

с нами с 25 августа 2014

"Ақша – қолдың кірі",- дейді. Ондай болса маған көп ойланбай, дезинфекция рәсімдерінен өтпей-ақ хирургиялық операцияларға кіре беруге болады.

148 000 теңге қалтамда дейін. Ең бірінші ол жайлы ешкім білмеу керек. Біліп қойса араб-израиль диалогы басталады. Екінші, қайтіп алуға ерінетідей, жақын жерге тығу керек. Тығатын жерге ешкім мұрнын сұқпау керек. Таптым! ҰБТ тест кітаптары ішіне салған дұрыс. Интернет, ТВ-ден жарнама көріп, оталып, тыныш жатқан ақшаны ішіп-жеу, түсініксіз ойыншық я т.б. шамалы қажет дүниеге жұмсауға барғанда, алдыңнан 70-тен көп бірдей тест кітабы, балы жазылған тест парақтары, шимай жазбалар шыға келеді. Кітаптарды бір-бірден ашып қарай бастағанда ҰБТ тапсырған кез, алған балл мен жағдайың есіңе түседі де, быт-шыт депрессия болып, ары қарай ақтара алмай қаласың. "Сөнген (сынған) арман" қағаздарынан көруге шамаң жетпей кеткенде, бағанадан бері тыныштық бермеген шопинг-допинг те қашып кетеді. Екі ортада ақша жеңеді. Ақша сақталды.

Осы кезде үшінші мәселе туындайды. Қалай дегенмен сенде 148 000 теңге бар. 14 онмың мен 4 екімың теңгелік, 74 екімың теңгелік, 148 мың теңгелік, 296 бесжүз теңгелік, ..., 14 800 000 тиын. Соңғысы күшті естіледі. Қалай дегенмен ол саған тыныштық бермейді. Ақшаны пайдалы жерге жұмсаған дұрыс. Ақша айналып тұру керек немесе тауар түрінде сақтаған жөн. Болмаса микроинвестицияға жарай ма екен?!

Төрт күнге Ыстамбұлға баруға болады. Елді, жерді көресің. Ыстамбұлдың кереметтерін суретке түсіріп инстаграм, фейсбукқа жіберіп отырасың. Дөнердің түр-түрін жейсің, вокзал мен парктерде қонасың. Ұзағырақ жүруге болар еді, бірақ аш қарынға Ыстамбұл жақпайды.

Жақсы бір смартфон алсаң болар еді. Бірақ менде смартфон бар. Бірнеше гигагерц, екі-үш мегапиксел, екіжүз мегаампер айырмашылық үшін осыншама ақша кетірмеймін. Тісіңді көрсетсең суретке түсіретін, ағылшын тілінде оттаған сұрақтарға түсініксіз жауап беретін софт үшін төлегім келмейді.

Үстінен 20 000 қосып субарудың фарын алу. Сосын ақша табылғанда тағы бензанасос, капот, радиатор т.б. алу. Осылай бір-бірлеп мәшіне жиналар немесе дүкен ашылар.

Достармен қыдыру. Достармен ақша бардан гөрі, жоқ кезде жиналған қызық.

"Же, іш, оны қорыт". Сағыз жарнамасындағыдай істеуге болады. Бірақ тамақпен сөйлеспейді.

Сетевой маркетинг. Біреу: "Француздар ақшасын үкімет пен алаяқтардан басқа ешкімге тапсырмайды",- деген. Ақшамды беріп, екі досымды кіргізіп, бинарлық жүйе бойынша ақшамды радиоактивті уран протондары сияқты көбейтуге болатын еді... Керемет ертегі.

Компаниялардың акциясын алу. Жарты ақша брокермен келісімшартқа, қалғанына жол болып жатса 0.001 акция және жақын бес жыл ішінде "дивидент берер" деген үміт.

Қой. Бас қатырмай депозиттегі 80 000 теңгеге қосайын. Көктемде магистратураның екінші семестрі үшін төлейін.

Gonzo.kz пен Bank Home Credit ұйымдастырған әдеби конкурсқа арнап жазған шығармам.
Тағы бір нұсқасы жеке блогымда.
22 книги, которые расширят ваш кругозор и изменят вашу жизнь
17 августа 2019
GONZO
просмотров: 68
Невежество обойдется вам дороже
У Стива Джобса была теория о том, что отличает лидеров от всех остальных людей
17 августа 2019
GONZO
просмотров: 76
Вот что мешает вам стать начальником

Комментарии

Kuat Duisen
31 Авг 21:58 # ответить
Екі жағдайда комент жазбайды: бірі айтарың болса, екіншісі айтарың болмаса
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2465 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2465', { type: 'blog', node_id: '2465', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });