Негізі осы салаға қарап отырып-ақ, еліміздің салт-санасы мен мәдениетін, экономикалық дамуын көруге болады.
Ия, тақырыпта айтып кеткендей, теміржолдағы барлық «проблемалардың» өзегі мына Сіз боласыз! Яғни, ONLY YOU!
Оны мен мынадай факттермен дәлелдеп кетейін:
- Теміржолдағы поездардың 10 сағаттан бастап 1 күнге дейін кешігуі, еліміздегі кез-келген той мен іс-шараға біздің кешігіп, әйтеуір бүгін барсақ болды емес пе? – деген принципен өмір сүрудеміз. Ал, теміржол соның жарқын бейнесі ғана.
- Жолсеріктер (проводниктер) қатал, күлімдеп қарсы алмайды, және «қояндарды» толтырып алып поезды көшпелі циркке айландырады. Сіз алдымен мына сұраққа, шын, жауап беріңізші – Сіз танымайтын адамға жылы-шырай танытып күлімдеп амандасуға және ешқандай стимулсыз көмектесе салуға дайынсыз ба? Ең бастысы уақытысында билетті алып, жолсерік тексермей өз вагоныңыздағы орынды тауып отыруға дайынсыз ба? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, әліде өзіңіздің дамыған елдердегідей сервиске лайықпын деп ойлайсыз ба?
Осы сынды толып жатқан сұрақтар, теміржол саламызды дамытуға кедергі болып отыр, яғни өзіміз жақсы жаққа өзгермей, көркейген, сервисі жоғарғы дәрежедегі теміржолға қол жетпейтінін түсінуміз қажет!
Дамыған елдегі адамдардың мәдениеті мен қоғамды дамытуға өосып жатқан үлесін мына суреттен-ақ байқауға болады.
Бұл суретте, Сеул вокзалындағы перонға кіреберісінің табалдырығында осы сөздер жазылып қойған. (Оң.Корея)
Мағнасы: БІЗ СІЗГЕ СЕНЕМІЗ! Бұл сызықты тек, ақысын төлеген клиенттер өте алады делінген..
Кореяда ешкім сіздің билетіңізді вагонға кірерде тексермейді, яғни Сізге сенеді. Поездар мүлдем кешікепейді. Теміржолдағы поездардың жылдамдығы 180-305 км/сағ аралығында.
Сонымен тоқ етері, бар жақсылықтың бастауы, теміржолдағы «керемет сервистің» бір түйіні мына Сізде жатқандығын түсінерсіз деген оймен осы постымды аяқтаймын.