Маржан Сұлтанбай - шыңғырып тұрған аты көпке белгілі. Ол жастайынан қиыншылықты көп көрген болуы керек, тықылдап оқыған өлеңдеріне, жазған посттарына қарағанда... Маржан қыз карьерасын Ақтау қаласының "Тандем" радиосынан бастау алған секілді, жергілікті тұрғындар тықылдаған тәтті дауысынан танитын еді. Түрін білмесе де, дауысына ғашық болған қала тұрғындары...
Біреулер мақтайды, біреулер боқтайды, біреулер еліктейді...
Ең бірінщі барлық Қазақстандықтарды шулатқанда Тықырлап шашын қырқып тастаған кездері, "Атың шықпаса, жер өртенің" әнін салған болуы керек, "мұнысы несі?" түсінбей дүйліге түсті.
"Одан бландика болып шыға келді" деп, тағы әңгіме жүре бастады, "Одан орамал тағып қымтанғаны несі?" деп тағы да шықты.
Айналайындар, қазақ жұрты кімде қандай шаруаларың бар?! Маржанда бір ерке қыз, ода еркелікпен қатар тентек мінезде бар. Мінезі барды қазыр ешкім жақтырпайды, неге?! Ол тіке бетке айтады, бетке айтқанмен қоса тіліп тұрып айтады. Ондай мінезді адамдағы ең жақсы қасиет деуге болады. Шындық айтылмай, алға қадам басылмайды.
Ол "кәрі қыдарды" қозғады, өзіне тиді балтаның бір ұшы. Көпке көрінбейтін, білінбейтін, жіңішке жағдайлар болып жатыр қоғамда, көтеруі өте орынды! Карьера қуған кәрі қыздарға, жан ұялы болу керетігін түсіндіріп жан айқайға салып жүр бұл қыз, неге түсінбейсіңдер?! Жанұялы болғанға не жетсін дегісі келеді, Жалғыз қалғанда, карьера келіп құшақтамайды, отырған кресло жылытпайды, ақша көз жасынды сүрпейді дегісі келді ме?!
Ол " көгілдір әлемге кеткен еркектерді" біраз сынға алды. Өте қарқынды мәселе. Кәрі қыздар қатары көбейіп бара жатқанда, мемлекеттік деңгейде көтерілетін мәселеғой негізі. Бекболат ағамыз біраз көтерген осы мәселені, ешкім ұнатқан жоқ, ащы шындықтың жолы ауыр. Еркектер былайда аз, олар бір жанұяның тірегі болып, асқартау әкенің орнын басудың орнына бір-бірінің қонында жатқаны қазаққы жұртқа жат нәрсе емес немене?!...
Ол "Орамал тақты.." дедіңдер, оның несі жаман, қыз өмір көрді, ақыл тоқтатты, жастықтық шақпен жалынымен құтырды, тентек болды, барлығын кешті бастан. Қыз бала орамал тағып , әуретін жауып жүргенге не жетсін. Қыздар еліктеп, Маржанға ұқсағысы келетіндері көп, он саусағынан киім тігіп, тамақ пісіріп, үйге керек сәнді бұйымдарды жоқтан жасап отырғанынның несі жаман айтыңдаршы???!!! Болашақ бір үйдің отын жағатын, дайын жұбай, дайын ана деуге лайық қыз!!!!
Тарихқа үңілсек, Әлия, Мәншүк, желтоқсандағы Ләззат қыздарымызда жуас болмаған. Солар ғана тентек мінездің арқасында, ащы шындықты бетке "былш" етіп айтып тастағанның арқасында, ер мінезділіктің арқасында елін қорғап қалды.
Кеше өткен Фариза Оңғарсынова апамызда "Сөзіміз ауыр болмасын", осындай тентектікттің кесірінен "Юбка киген Махамбет" атанған жоқпа?! Фариза апамызда мінезге қатал, кез-келгенді тілімен тіліп тастап, орнынна қоятын еді...
Айналайын қазағым-ау, нелерің бар, өр мінезді біздің тентек қызда?! Тәуелсіз тыныш елде, соғыссыз бейбіт өмірде, осындай жіңішке, өзекті мәселелерді ел алдында жүрген адамдар көтермесе кім көтереді?! Ондай кез келгеннің қолынан келе бермейді, шындықты айтуға батылы жетпейді. Барды бағалай біліңдер, 21 ғасырдың батыр қызын кеудеден итермеңдер, таптамаңдар, керісінше көтеріп, мақтан етіңдер!!! Қоғамда тек қана санаулы адамдар ғана, шындықты талап етіп, өзекті шаруаларды көтере алады!!!
Қазақ, қызыңды қорғай аламасаң, қорлама!!!
Фото dixinews.kz