Қазіргі таңда, еліміздің даму циклін көрсетер ең басты көрнекті параметрлердің бірі, ол республиканың ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы көрсеткіші 13 мың АҚШ долларын (2013 ж.көрсеткіш) құрап отыр.
Ашығын айту керек, бұл көрсеткіштің 22 жыл бойы өсуі, мұнайды және қазба байлықтарды сатудан түсіп жатқан табыстан құралып отырғаны барлығымызға белгілі. Мұнда, мен бір материкті ашқан жаңалық аштым деп ойламаймын, тек, осы арқылы отандық әлеуметтік-экономикалық даму процессіне баға беруді ойладым. Сонымен, қарап отырғаныңыздай еліміздің даму деңгейінің сандық көрсеткішінде, адамдардың интеллектуальды рессурстарын пайдаланып, өндірілетін тауарлардың логикалық тізбегінің жоқтығы және әр экономикалық сегментті басқаруда меритократиялық дәстүрге сүйене отырып, талантты технократтарды тағайындау үрдісінің қалыптаспағанын көреміз. Ашып айтар болсақ, адамдардың білімі мен біліктілігінің арқасында өндірілетін тауарлардың аздығы және әр өндірістік саланы басқаратын менеджментте, нағыз ғылым мен білім біліктіліктін ұштастыратын адамдар тобының, динамикалық даму процессіне үлес қосар мықты күшке ие болмағаны, біздің жағдайда, ең басты тежегіш рөлін атқаруда. Өкінішті.
Әрине, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды ашып қарасаңыз, барлығы дұрыс және концептуалдық жағынан ұтымды ойластырылған механизмдер қарастылыған, бірақ, осында заңды сұрақ туындайды – Неге 22 жылда әліде мұнай мен қазба байлықтардың сату бағасына байланып отырмыз?
Оны мен мынадай қарапайым мысалмен түсіндіріп көрейін. Сіз әдемі раушан гүлін шөл далаға отырғызғанмен бірдей..
Яғни, біз 300 км/сағ жүретін локомотив құрастыруға бақытталған, қаржыландыру көзі, жауапты менеджерлері (!!), енгізу жылдары қарастырылған «ғажайып» стратегияны жазып, онда бір басты мәселені ұмытып кеттік! Мұндай жобалар технократиялық қоғамға лайықталып жасалғанын ескермедік, ешқандай арнайы жабдықсыз 7000 метрлік тауға шығуға кетіп бара жатқан, альпинист сияқтымыз..
Сонымен жоғарыдағы тезиске қарай, еліміздің қарқынды дамуына кедергі болып отырған мынадай мәселені анықтадық:
Технократиялық қоғамдық құруға бет бұра отырып, оның басты ғылым және біліктілік, меритократия қағидаларын ескермеуіміз!
ҚТЖ және Korail мысалында біздің технократия мен меритократиялық мәдениетіміздің айырмашылығын қарастырып көрелік
Korail корпорациясының - Корея Республикасының теміржол саласының операторы, былайша айтар болса сол жердің ҚТЖ секілді компаниясы. Дүние жүзілік көліктік компаниялар рейтінгісінде мықты 5-те орын алған. Поездар жылдамдығы бойынша күшті үштікке (3) кіреді.
Korail компаниясының басшылығында, президенті (СЕО) мен топ-менеджментнен бастап, осы саланың ғылыми жетістіктерімен етене таныс, үнемі біліктілігін жоғарлатып отырыртын, PhD мен магистрлар (олардан шынайы ғылымның лебі есіп тұрады).
Компаниядағы кадрлық жоғарылау ротациясы, қызметкердің ғылыммен айналысқанына, оның өзінің жұмыс алаңын қаншалықты дәрежеде жақсартуға үлес қосқанына назар аударады. Корпорация көлік саласының 3 ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста.
Ал, ҚТЖ құрылымында, кадрлық меритократиялық менеджмент жағымыз ақсап тұрғаны, және көлік сегментінің дамуына үлес қосар ғылыми-зерттеу орталықтарының жоқтығын айтпасақта болады..
Шындық үшін айтып кету керек, қәзір Президенттік «Болашақ» стипендиясының аясынды ҚТЖ-ның бір топ инженерлері халықаралық топ-компанияда ұзақ мерзімді іс-тәжрибеден өтуде. Көптеген жаңа технологиялар мен өндірістік жаңалықтар енгізілуде. Енді осы ресурсты орынды пайдалана аламыз деген, келешегімізге зор сеніммен қарайық!
Бұл жерде мен өз компаниямды жамандап, басқаны ұлықтау емес, неге ҚТЖ әлемдік деңгейдегі ең күшті логистикалық-көліктік корпорацияға айналмай отыр? – деген сұраққа жауап іздеу ғана.
Пікіріме байланысты метафора – Ана өз баласын ұрып жатқанда, бұл жағдай кімнің жанына ауыр тиеді..?
Осы салыстыру арқылы, Қазақ елінің дамыған елдермен терезесі тең, серіктес қатарында болуы үшін, технократия мен меритократиялық үрдісті қалыптастыру, қаншалықты маңызды екендігін, Сіздерге жеткізгім келді.
Өзгерістер бесіктен бастау алу керек!
Ізденістер жалғасуда…
PS. Менің көз-қарасыма конструктивті қарсы пікір болса, қуана қабылдар едім. Рахмет!