misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 143 гостя

Инстаграмдағы иттігі крИТиктердің

с нами с 26 мая 2014

Инстаграм  -  өте «модный» әлеуметтік желі. Анықтама берудің қажеті жоқ, бәрі біледі, бәрі Инстаграмда #selfie жасап жүргендер, сондықтан әңгіменің негізгі бөліміне көшейік бірден.

Инстаграмдағы комменттерге күлесің кейде... кейде жылағың келеді. Бірде Ләйлә айтқан /Сұлтанқызы/: «Сен соның барлығын оқып, сосын кәдімгідей уайымдайды екенсің... мән берме...» - деп. Иә, мен оқимын барлық жазылған пікірлерді. Сырт көзге көрінетін, өзіме білінбейтін дүниелер бар ғой деп... екі жыл бұрын тура осы инстаграмымды өшіріп тастаған едім ашуланып, шыдай алмай сондай коммент жазғыштардың шабуылына. Биыл Айнұр ақын қоймады «қосыл» деп. Содан қайта келдім!

«Сын пікірді естігіңіз келмейді...» - деп ренжитіндер көп инстаграмда. Бір жаман сөз жазатын болса тіке «заблокировать» етіп жіберетін әдетім бар менің. Қаншасы кетті сол «қара тізімге»... сондағы сыни пікірлері: «Эй... жындысың ба... басың істемейді... фуууу... тупая... жыным келеді саған...» - деген сөздермен басталады. Енді ойын осылай анайы формада жеткізетін ақымақтармен әрі қарай сөйлесудің мәні бар ма?..

Сол инстаграмдағы комменттердің бірнешеуін мысалға келтірейін. Әрі жауап бере кетейін «любопытный» оқырмандарыма!

 

 

крИТик былай деп жазады:

 

 

Менің ойым:

1

Неге орамал тағатын болғансың? Неге тастамайсың осы орамалды?.. /бұл сұрақ менің тұрақты оқырмандарымды әбден мезі қылды, мен түгіл. Онымен қоса, менімен бірге түскен суретті парақшасына қойса, әріптес-дос атаулының миы ашиды.../

 

·         Орамал - қазаққа жат дүние емес!!! Ыршып-шошитындарың не?..

·         Шашы ұйпа-тұйпа боп жүретін қыздардың да орамал тағуына қарсы емеспін, егер бес тал шашын әдемі етіп жинай алмаса... Орамалмен әлдеқайда ұқыптырақ көрінер еді...

·         Біреудің басындағы орамалда не шаруаларың бар?..

2

Неге қымтанып киінетін болғансың? Кәдімгі қыздар сияқты киінсейші...

 

«Кәдімгі қыздар» дегендері сол МОДАмен киінетіндер ғой. Ал, моданы кім жасайды? Ойландыңыздар ма?..

·         «Ауы салбыраған шалбарлар сәнге енеді...» - деп еді бір қияли стилист, барлығың сол шалбарды киіп шықтыңдар. Ауылдағылар: «Бұтына тышып қойған бала сияқты не істеп жүрсің?» - деп біраз «городской» жігіттерді сөккен де, естідік! Оу, айналайындар, азиаттардың аяғы қысқалау келеді, оны неге ескермейсіңдер? Анадай «салбыраңқы» шалбармен мықшиып жүргендерің сосын, өзінше «гламурный» боп жүрмін деп ойлайсыңдар ғой. Сырттарыңнан қараса – күлкілі тіпті! Бізге, аяғы қысқа азиаттарға, мүмкіндігінше кіндіктен жоғары тұрғаны жақсы белдіктің. Сонда пропорционалдық тұрғыда аяғымыздың қысқалығы білінбейді. Әлемдік сән үйлері ЕУРОПАЛЫҚТАРҒА жұмыс істейді, естеріңде болсын! Қазақты ойлап, қазаққа жаны ашып отырған ешкім жоқ!   

·         Ауы салбыраған шалбарларды шұрық-тесік джинсылар ауыстырды. Осы маусымның ТРЕНДІ сол! Италиядан хабар жетті, біздің қазақ тағы да «модадан» қалып қоймауға тырысып жатыр...

·         Мини юбкалардың маусымы басталды! Жарасып тұрса ғой... кейбірі бүдір-бүдір целлюлит сандарын жалтыратып шықты көшеге... /кешіріңіздерші, ашық жазуға тура келді/

·         Иық пен қолтықты ашатын маусым басталды! Жарасып тұрса ғой... кейбірі мыж-мыж денесін ашып тастап шығады көшеге. Эстетикалық әдемілік турасында ұмытпайықшы! Бұрын апаларымыз неге кимешекпен жүрген десем, әжімдерін жасыруға тырысқан екен ғой барынша. Егер әңгіме егде жастағы әйелдерге қатысты болса, әрине, солып-семіп қалған денесін мейлінше жапқаны дұрыс деп есептеймін. Ал, жас қыздар айнаға қарап: «Маған осы жарасып тұр ма?» - деп сұраққа берілгендері абзал, салпылдап мода қуа бергенше...

·         ТҮЙІНІ: қымтанып, етек-жеңді жауып жүру – сәннен қалып қойғандықтың белгісі емес! Мейлі «колхозница», «мамбетка» деңдер! Мен де кезінде қуғанмын дұрыстап, «қуудың» жоспарын артығымен орындап шықтым тіпті. Бірақ, сол «мода»-ны жасайтындар да  қуа береді екен. Бір жақтың тоқтауы керек болды... Өзіме ұнайды қазіргі киім-киісім! «Кәдімгі қыздар» сияқты жүргім келмейді. НЕГЕ БІЗ ИНКУБАТОРДЫҢ БАЛАПАНЫНДАЙ біп-бірдей киінуіміз керек??? «Сендер неге жыртық джинсы киіп жүрсіңдер?..» - деп мен сендерге тиісіп жатқам жоқ, сендер неге менің БҮТІН КИІМІМЕ тиісесіңдер??? Ал, жарайды, мода қуғыш екенсіңдер! Онда әлгі «Модный приговор» -дың патшасы Александр Васильевтің сөзіне құлақ түріңдерші   .«Әрбір мұсылманның үйінде дүниеге келген нәресте тек қана демографияны көтеріп қоймай, әлемдік сән үлгілерінің өзгеруіне септігін тигізеді. Бала туу жағынан олардың алда келе жатқандығын ескерер болсақ, демек,  5-10 жылдан соң бүкіл Еуропа қымтанып киінетін болады!!!» -деп отыр Васильев.

 

3

Қарақаттың парақшасына бір қыз коммент қалдырыпты: «Иә, қыз керек деп туа бергенсің ғой, әйтпесе, екеуінен кейін тоқтар ма едің...» - деп.

 

Ашуландым мен!!!

·         Құдай берсе – туады! Адамның қолындағы дүние емес қой: «Мен осы туа салайыншы...» - деп қалаған уақытында топырлатып тастайтын. Қанша қыздың зарыға күтіп жүрген арманы – бұл...

·         Құдай берсе де тумай жүргендер қаншама: «Қалай асыраймыз?.. Оқытып-жеткізе аламыз ба ертең?..» - деп уайымдап... Қыздар!!! ұят емес пе былапыт сөз жазу осылай?.. Бала туу оңай дүние ме еді сонша?..  Неге Қарақаттың қарадомалақтарына сүйсіне қарап, неге жылы сөз жазбаймыз?.. Неге қазақтың қызы басқа қызына қазақтың осынша сорақы көзқараспен қарайды?.. Өз басым, сүйсінем Қарақаттың тірлігіне. Отбасы – бүтін, жары – жанында, құлыншақтары шауып жүр, шығармашылығы шыңдалып келеді. «Мен де Қарақат сияқты әнші болайын...» - деп емес, «Қарақат сияқты әдемі АНА болсам» - деп армандайтын қыздың көп екендігіне сенімім мол. Тек... бірлі-жарым ақымақ қыздардың пікірлері шамыңа тиеді.

 

4

«Біз, қарапайым адамдар, үйге қонақ келсе дүкенге жүгіріп дастарханға барымызды қоямыз. Ал, «жұлдыз» деген  Қарақаттың қонақтарға осындай печеньені қойғаны несі?..» - деп шулатқан бір келіншек. / бұл енді менің парақшамда болған айқай/

 

Жағамды ұстадым!!!

·         Біріншіден, біз ол үйге ойда-жоқта бара қалдық. Арнайы қонаққа шақырған жоқ еді Қарақат және шай ішуге емес, концертке қатысты мәселені талқылауға жиналғанбыз. Ал, үйге келген адамға бір пиала шай құйып беру – кез-келген әйелдің міндеті!

·         Екіншіден, ондай печенье /анау «топленое масло» деген сияқты бұрыннан келе жатқан печеньелер ғой.../ баласы бар үйдің дастарханында міндетті түрде тұрады. Бала түгіл, ондай печеньені ересектер де жақсы көреді.

·         Үшіншіден, эфирге шығып жүрген, халықтың алдында жүрген «жұлдыздың» дастарханына дәм МАРСТАН әкеліну керек пе?.. Әрине, сол қара нан, сол қара печенье, сол қара шай тұрады.  

 

5

Айнұр ақынның парақшасында да небір сүйкімсіз сөздер жазатын крИТиктер бар. Бір рет жазыпты былай деп: «Осы сендердің Астанада жиналып ап шай ішкеннен басқа шаруаларың жоқ қой деймін...»

 

Айнұр Тұрсынбаеваның ет асқаны инстаграмда – ХИТ!!! Тіпті: «Мен де Сіздің етіңізді жегім келеді...» - деп өздігінен сұранатындар да жетіп артылады. Ешқандай ерсі қылық жоқ, әдемі көрініс: кең жайылған дастархан, жүзі жылы қонақтар, асылған ет... бірақ, соның өзінде «Айнұр – жаман!!!» Біріне – ет салынған астау ұнамай қалады, бірінің асқазанына салаттың суреті жақпай қалады...

·         Қонақ шақыру – еріккеннің ісі емес! Ол үшін үйді ретке келтіріп, бір күн бұрын «генУборка» жасайсың. Одан дастарханға қоятын тағамдарыңа қажет ингредиенттерді тасисың дүкеннен. Сосын қонақ келетін күн дызылдап жүріп қайнататының бар, қуырып-шыжғыратының бар, ас үйде дамыл таппай жүгіресің... ол – үлкен еңбек!!!

·         Қонақ шақырам деген адамға – кедергі жоқ! Айнұр ақынды сынағыштар! Сендер де қонақ шақырыңдар! Сендер де жақындарыңды жинап алып, шай ішіңдер. Дәмді болсын сүтті-сүтсіз шайларың!!!

 

Бұл тізіп бергенім ең... ең... ең «громкий» комменттер болатын. Неше түрлі боқтық сөздермен өрілген орамдарды жариялауға ыңғайсыздандым. Тіпті «скринмен» көшіріп алып салғым келген крИТиктердің шимайын. Мәселен: «Шешші анау орамалыңды бля...» - деп жазған бір қыздың парақшасын ашып қалсам, ол бикеш томпиып баласын құшақтап отыр байының жанында. Кәдімгі отбасылық мерекелерде түскен, ата-анасының да суреттері бар екен. Қысқасы, біреудің сүйкімді жары, бір шаңырақтың келіні! Осынша менімен өштесетін себеп те жоқ: бір-бірімізді танымаймыз. Бәйдібек би былай деген екен:

Жылқышы жылқы баққанын айтар,

Қойшы қойына өріс тапқанын айтар,

Түйеші түйесінің шаңдаққа жатқанын айтар,

Аңшы қақпанының шапқанын айтар,

Мерген аңшы атқанын айтар,

Саудагер матасын сатқанын айтар... инстаграмда әр түрлі боқтық сөз жазатын келіншектердің, демек, бар болмысы – сол!.. Интеллект сонымен шектеледі... әріптесім Жарқын Түсіпбекұлы жазыпты кеше:  «Әлеуметтің сөзін көтере алмасаң әлеуметтік желіде атаңның басы бар ма?» - деп. Жазсын! Ойын ашық жеткізуге құқылы ғой әр адам! Тек, мені қынжылтатыны: қоғамда сауатсыз АНАЛАРдың көптігі! Қолынан ештеңе келмейтін, осылай елдің бәріне арпылдап «атылып» отыратын әйел баласына не үйретеді?.. Бұрын «Хабардағы» әріптесім /бүгінде «Кешьюдың» директоры/ Назым Басқымбаева айтушы еді жігіттерге: «Ей, ақылды қызға үйленіңдер! Балаға интеллект әйел адамнан беріледі!!!» - деп.

ИНСТАГРАМ  –  иттігі мен интеллектуалдық деңгейін анықтап берді көп адамның!

                      Сондықтан, сынымыз – сауатты,

                                                     ісіміз – сауапты болсыншы, адамдар!!!

 

P.S. Ендігәрі маған инстаграмда: «Орамалыңды шешіп шашыңды көрсетші...» - деп жазбаңыздаршы. Бұл орамалдың шешілуін күтіп, тіпті арнайы қомақты ГОНОРАР ұсынып отырған ұйымдар да бар. Оларға келісім бермей отырғанда, бірлі-жарым еріккен жандардың сөзі ескеріледі деп ойламаймын. Осымен орамалдың тақырыбы ресми түрде жабылды!

Ал, құтты болсын!!! 

3 eвpeйcкиx aнeкдoтa o тoм, кaк нaдo oтнocитьcя к дeньгaм
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 13992
Англичане говорят: "Если ты такой умный, покажи мне свои деньги". Скрытый сарказм подразумевает, что не всегда интеллект приносит материальные плоды. Можно быть человеком умным и образованным, но жить от зарплаты до зарплаты.   А у евреев своя мудрость:   Если уронишь золото и книгу, подними сперва книгу.   Почему? Потому, что деньги могут быть украдены, могут обесцениться или вложены в пирамиду или долгострой. А знания и опыт всегда с тобой, с их помощью ты всегда сможешь заработать еще.   Но заработать - это половина дела. Нужно еще уметь контролировать свои траты, сберегать деньги и преумножать их.   Чем русский подход к деньгам отличается от еврейского? Наши люди могут потратить все, до копейки, любят пускать пыль в глаза, хотели бы получать больше, но презирают тех, кто живет на нетрудовые доходы. Считается, что в нашей стране копить деньги - это утопия. Либо их "сожрет" инфляция, либо отберет государство.   Евреи же наслаждаются своими накоплениями. И чем их больше, тем сильнее, могущественнее личность.   Три стадии бедности у евреев:   1. Нет денег.   2. Совсем нет денег.   3. Придется менять доллары.   Наш народ во многом живет и надеется "на авось". Что попадется хорошая жена, что на работе заметят и станут платить больше. Евреи не признают иллюзии и стараются многое спрогнозировать и запланировать. Они не позволяют детям валять дурака и лениться, выбирают им достойные профессии и программируют на будущий успех.   У евреев, действительно, есть чему поучиться.   Они легко генерируют идеи, стараются придумать варианты, как заработать деньги. Людей с таким мышлением в России называют нелицеприятными словами, самое меньше из которых "спекулянт" и "барыга".     Наши люди любят говорить: "Как нам платят, так мы и работаем". В этой фразе - усталая смиренность. Но специалисту, который не горит своим делом, которым сложно управлять, потому что он обижен на жизнь, никто платить хорошо не будет.   Евреи умеют видеть преимущества даже там, где их быть не может:   Еврейский мальчик говорит своему деду: - Дедушка, у меня только что на улице отобрали все деньги! - Ничего, внучек. Они вернут в семь раз больше! - Почему? - Сейчас они это отметят. Затем затеют пьяную драку. Набьют друг другу морды, повыбивают зубы... Ну а потом придут их вставлять ко мне.   Жен стараются выбирать таких, чтобы их имущество не разбазарили. А женщины, в свою очередь, весьма требовательны к мужчинам. За непризнанного гения или свободного художника никто не пойдет замуж. Зачем по своей воле обрекать себя на нищету?   Еврейки говорят: "Мужчина без денег - это подруга". Вы никогда не услышите из их уст фразу про рай в шалаше. Рай - это Мальдивы и Бали, но не конструкция из веток и палок.     Ну и еще немного юмора о том, что мыслить нужно уметь нестандартно:   - Изя, представляешь, я в выходные предложил директору парка отдыха идею одну. Естественно, не просто так, а за 10% от прибыли. Суть такая: посетитель парка должен сделать фото в комнате кривых зеркал и выложить его на сайт парка отдыха. Тот, кто наберёт наибольшее количество лайков, получит два билета на концерт Киркорова. - И каков, Абрам, результат? - Количество посетителей парка втрое превысило обычное! Денег срубил прилично! И никаких затрат! - Хм... Ну два билета на концерт Киркорова прилично стоят! - А кто тебе сказал, что я их покупал? Я их взял с Киркорова за рекламу концерта.       По материалам - Мадам Хельга Источник
Жecткиe и беcкoмпpoмиccныe цитaты Фaзиля Иcкaндepa
12 мая 2022
GONZO
просмотров: 12823
Они нaучaт paзбиpaтьcя в людяx