misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 89 гостей

«Байлы болудың» бонустары

с нами с 26 мая 2014

Көп сөйлейтінім сияқты «көп шимайлайтыным» да бар. Содан шығар, әлеуметтік желіде оқырманы көп аккаунт иесімін бүгінде. Өкініштісі, ойымды толықтай жеткізе алмай қиналып жатам көбінесе: Твиттерде мүмкіндік шектеулі, Инстаграмың да ол жағынан оқ бойы озық тұрғаны шамалы... сол себепті, мүмкіндігі шектеусіз еркін кеңістікке шықтым!!! 

Ал, Ассалаумағалейкүм!!!

Өзге танымал адамдарды қайдам, менің парақшамда ылғи да – бітпейтін қырғын, тартыс, пікірталас... сөз бастайтын да, ол сөзді «дұрыс» түсінбей қалып шу шығаратын да, бір кезде елді сабырға шақырып, тоқтау айтатын да сол – әйелдер! /бірлі-жарым еркектердің де араласып тұратыны бар, әрине...көп емес, бірақ! /

Соның ішінде тіке-тірес бәйбіше мен бойдақ қыздардың арасында өршиді үнемі, байқағаным! Мына жақ: «Ой...сендер түсінбейсіңдер...» - дейді. Екінші тараптан: «Сендер байға шығып алыңдаршы, сосын көрейік қалай сайрайды екенсіңдер...» - деп, міндетті түрде жауап қатады, үнсіз қалу деген болушы ма еді?.. содан кетеді дейсіііііің... абырой болғанда, модератор болып отырған мен комменттерді өшіріп «нүктесін» қоям. Ұққаным: екі жақ үнемі тартысады да жатады және кейбірінің комменттерінен өкініш пен қызғаныштың лебі есіп тұратынын аңғарам.

Бойдақ қыздар «байға тисем» деп армандайды, байлы әйелдер аз ғана уақытқа болса да, бойдақтың басындағы бостандықты аңсайды. Заңдылық ол: қолда барды қанағат тұтпаймыз. Бала кезде де сөйтуші ек қой: өз бақшаңда алма төгіліп жатады, сонда да көршінің алмасы тәттірек сияқты боп,  мойын бұрасың да тұрасың... сонымен, сұраққа берілдім: қай жақ бақыттырақ??? Анау әзіл әңгіме бар ғой: арыстан барлық аңдарды жинап алып: «Байға шыққандарың – оң жаққа, шықпағандарың сол жаққа тұрыңдар!» - депті. Сонда қоян екі ортада жүгіріп жүр екен: «Қайтып келгендер қай жаққа тұрады?» - деп. Сол сияқты, «ҚАЙ ЖАҚ бақыттырақ?» деп сұраққа берілдім: оң жақта отырғандар ма, отағасының жанындағылар ма, бойдақтар ма, байлылар ма?.. Өйткені, бір келіншектің жазғаны бар: «Мен бұрын солай деп ойлаушы едім: күйеуге шыққанда барлық проблемам шешіле кетердей боп көрінетін. Сөйтсем, қиындықтар екі еселене түседі екен... осы күніңізді бағалай біліңіз!.. » - деп.

Содан жан-жағыма қарап, айналадағы байлы-байсыз құрбыларымның жай-күйін бағамдап, өзімнің де азды-көпті көргенім мен ойға түйгенімді ортаға салып мынадай ҚОРЫТЫНДЫға келдім:

 

Байлы әйел

Бойдақ қыз

1

Бостандығы «шектеулі»: қалаған жеріне қалаған уақытында бара алмайды, кез-келген мәселеде ерінен рұқсат сұрауы тиіс, оған қоса, балаларға да тікелей жауапты адам.

 

Рахат! Тәуліктің қай мезгілінде болмасын үйден еркін шығып кете алады. Ешкімнен рұқсат сұрамайды, ешкімнің алдында есеп бермейді. Бірақ... көңілі елең-алаң! Байлы құрбысы сияқты сенімді жүре алмайды. «Сен маған керексің!» - деп отырған адам жоқ, өйткені! Ал, керексіз болудан асқан қасірет жоқ әйел заты үшін...

 

2

Қоғамда белгілі бір «орны» бар: ол – пәленшенің әйелі!  Сол «статусына» сәйкес жауапкершілік те жоғары: дұрыс жүру, дұрыс сөйлеу... азаматының абыройын тәулігіне 24 сағат «ойлап» жүруге міндетті.

 

 

Рахат! Кез-келген ортада өзін емін-еркін ұстайды. Байлы құрбысы сияқты әр сөзін екшеп, салмақты ой айтуға міндетті емес. Орынсыз қалжың айтса да, айналадағылар «кешіре салады» оңай. Бірақ... бетіне күліп қараған сол адамдар сырт айнала бере «болмағанды болды етіп» өсек сөз тарата жөнеледі. Жүрген жеріңде – өсек! Өйткені, сені қалқалап қорғап қалар азаматың жоқ, жұрт соны біледі, жұрт соны пайдаланады!

 

3

Өздігінен шешім қабылдай алмайды. «Мен былай істеймін!..» - деп бойдақ құрбысы сияқты мұрнын шүйіріп, есікті тарс жауып кетіп қала алмайды. Ерімен ақылдасуы керек, азаматы келісімін бермесе, жер тепкілеп тұрып алуға хақысы жоқ /жөні түзу отбасында ЕРКЕК билік жүргізеді, өйткені!/

 

Рахат! Білгенін істейді! Қазір-ақ телефон соғып билетті «броньдатып» Башкирияға ұшып кете салады. Қазір-ақ жұмысын тастап, «жаңа өмір бастаймын!» - деп телефон нөмірін өзгерте салады. Шешім қабылдау деген түк емес! Бірақ... байлы құрбысына қарағанда бойдақ қыздар тез шаршап қалады. Өйткені, құрбысы тек: «Бүгін қонаққа қызыл көйлегімді кисем бе, жасылды ма?.. қиярдан салат жасасам ба, кальмардан ба?..» - деп майда-шүйде сұраққа бас қатырса, бойдақтар ол сұрақтармен қоса: «Өмірім әрі қарай қалай жалғасады?..» -  деп, күрделі сауалдарға жауап іздейді. Моральдық тұрғыда, бұл – әйелді қатты қалжыратып жібереді. Шешім қабылдау, соңғы нүктесін қою кез-келген мәселеде – еркектің ісі, өйткені! 

 

4

Байлы әйел ол – балалы әйел! Ал, балалы келіншектердің басты проблемасы – арықтау, қарынды кетіру! Бала босанғаннан кейін әйелдің дене бітімінде күрделі өзгерістердің болатындығы белгілі. /Әрине, жаратылысы сондай әйелдер бар, босанғаннан кейін өздерін тез жинап алады/ Спортпен айналысуға мүмкіндік бола бермейді: балаға күтім қажет, үйдің шаруасы бар дегендей... сонымен, өзіне ұнаған киімді кие алмайды, кимек түгіл, дүкендерден кейде жарасымды киім табу да – үлкен проблема...

 

Рахат! Сыптиған көйлекті ки де, жүре бер алаңсыз! Бұлшықеттердің бәрі өз орнында, байлы құрбысы сияқты кең көйлек іздемейді дүкеннен! Тура манекенде кигізіліп тұрған көйлекті көрсетеді сұқ саусағымен бутикке барса. Бірақ... бутиктен бұрын, дәрігерге баруы жиілейді бойдақ қыздардың. Әйел адамның ағзасы «жаңаруды» қажет етеді, өйткені!  Бала босанған сайын әйел адамның жасаратындығы жөнінде талай естіген боларсыздар?.. Миф емес!!! Шындық!!! Мәселен, түсірілім кезінде байқағаным, арамызда қанша бойдақ қыздар болды, тек біздегі оператор жігіттер Қарақат студияға кіріп келгенде «ауыздары ашылып» отырып қалатын. Бойдақтың өңі - бозғылт, ал 4 бала туып тастаған Қарақаттың жүзі бал-бұл жанып кіріп келгенде, тура жаңбырдан кейін күліп шыққан күн сияқты жарқ еткізді студияны. Байқамау мүмкін емес-тін ондайды... өмірге бала әкелген әйелдің ағзасы «жаңарады»: зат алмасу процесі, қанайналым процесі жақсарады... Ал, «бала тумай фигурамды сақтап қалам» - деп ойлау ҚАТЕ ПІКІР! Жыл өткен сайын адамның бұлшықеттері бәрібір босаңсиды, өйткені!

 

5

Үнемі үйдің тіршілігімен зыр жүгіріп жүреді. Соның ішінде үш мезгіл тамақ әзірлеу керек. Онда да отағасының сүйікті асы, ата-ененің жақсы көретін тамағы, балалардың сүйіп жейтін тағамы – барлығы күнделікті «менюда» болу керек. Кейбірінің азаматы дүкендегі дайын қамырды менсінбейді, қолдан нан илеу керек. Ыдыс жуу тағы бар... қысқасы, ас үйде сағаттап жүруге тура келеді /қонақ келсе жүгірісті екі есеге шапшаңдату қажет/ ...

 

 

 

 

Рахат! Ас үйге қалаған уақытыңда кіресің! Өзің қалаған тамағыңды істейсің. Қаламасаң – йогурт ішіп ұйықтай саласың. «Тамақ істемегенсің бе?» - деп желке тұсыңнан қарап тұрмайды ешкім. Телефонмен тапсырыс беріп алдырта саласың донер-пицца дегендерді. Бірақ... апталап жүре бересің ыстық тамақ ішпей, уақытылы тамақтанбайсың. Нәтижесінде: гастрит!!! Дәрігерлердің есебіне жүгінсек, асқазан аурулары көбінесе бойдақтарда кездеседі екен. Гаухар  Қаспақованың әніндегідей: «Өзіңсіз ас батпайды...» - ның кейпі. Сүйікті адамы үшін ас әзірлеп, одан соң сүйіктісінің мақтау сөзін есту – әйел адамға күшті стимул! Бойдақтарда ол стимул жоқ!!!

 

6

Шаршайды: үй жинау, кір жуу, шаң сүрту; ас үйдегі шаруа тіпті бітпейді: ыдыстарды жеке-жеке ас содасымен сүртіп жылтыратады, қазан-кастрюль, пешті тырмалап-тазалап, бұрыш-бұрышты, қуыс-қуысты «кометпен» ысқылап сүртіп... қаланың 35-40 шаршы метр үйінде де осындай майда тірлік бітпейді күнбе-күн...

 

 

 

 

Рахат! Өзінің ғана киімін жуады. Үй шашылмайды: еңкейіп еден жуғаны болмаса, бір аптада бір рет қоқыс шығаратыны болмаса; бір пиала, бір тарелканы жуғаны болмаса – басқа шаруа жоқ бойдақты тылпитып түсірер. Дегенмен, адам баласы ғой, бойдақтар да шаршайды. Бірақ... байлы құрбысы сияқты «перезагрузка» жасай алмайды өздігінен. Байының құшағында еркелейді, баласын еркелетеді, сөйтіп жоғалтқан энергиясын тез жинап алады құрбылары. Бойдақтың аккумуляторы табиғи жолмен күш жинай алмайды. Мейірімімен бөлісер адамы жоқ жанында, өйткені!  

 

7

Артық қыбыр-жыбырдан үркеді. Үйде жалғыз қалудан қорқады. Үнемі қасында адам болғанға үйреніп қалған, өйткені...

 

 

Рахат! Бойдақтарда ондай қорқыныш жоқ. Жастығын, я жұмсақ ойыншығын тас қып құшақтап ұйықтап қала салады. Далада күн күркіреп, анау үйдің шатырын ұшырып әкететін жел ұлып тұрса да, үйде жалғыз қалу деген түк емес бойдаққа... Бірақ... есесіне, өмірде жалғыз қалудан қатты қорқады. Түптің түбінде «ханзадаңды кездестіресің!» деп ешкім гарантия беріп тұрған жоқ, өйткені!

 

8

Әлсіз!!! Әрі кетсе жылай салады... Бәрі емес, әрине, мықты әйелдер де жетерлік. Алайда, АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, некелі әйелдер бойдақ қыздармен салыстырғанда әлдеқайда әлсіз болады екен. Сыртқы күштерге төтеп бере алатындары некен-саяқ.

 

Рахат! Үнемі өзі шешім қабылдап, өз күшіне ғана сеніп дағдыланып қалған бойдақтардың «иммунитеті» мықты. Кез-келген жағдайда бедірейіп, көзінен бір тамшы жас шығармай жолдағы «кедергіні» еркектің қатысуынсыз-ақ бір шетке ысырып тастай алады. Жыламайды! Жылай алмайды! Жұбататын азаматы жоқ жанында, өйткені...

 

 

... тізе берсе, көп бонустары «байлы болудың»!!! Тек, бұл туралы, өкінішке орай, бүгінде айтатын да адам аз сияқты. Қалқаман Сарин жүргізетін «Кеш емес» бағдарламасында осы мәселеге қатысты сөз таластырғанымыз бар бірде. Сонда депутат Оразкүл Асанғазы: «Әр ата-ана айтып отыруы керек қызына: «Ертең тұрмысқа шығасың! Бала сүюің керек!..» - деп. Үйден бастау керек тәрбиені...» - деген еді. Қазір ойласам, сөзінің жаны бар екен. Сол кезде аса қатты мән бермеп ем...

Бойдақтың басындағы бостандық жақсы-ау, бірақ... сол «бірағы» көптеу! Жоғарыда келтірілген теңеу-аргументтерді ойдан шығармағанымды, өз басымнан өткен жайттардан құрап жазғанымды біліп отырсыздар. Өзім үшін емес, маған күнде: «Сіз сияқты журналист болғым келеді! Сіз сияқты танымал болғым келеді! Сіз сияқты эфирге шыққым келеді!..» - деп хат жазатын жасөспірім қыздар үшін қорқам! Рас! Қатты қорқам! Өйткені, жан-жағыма көз салсам, өңкей «карьера қуғыш» қыздар өсіп келе жатқан сияқты. Соның ішінде, эфирге шығуға ұмтылып, әйтеуір, көк жәшіктен бір көрініп қалсам деген арманын арқалап жүргендер де аз емес. Иә... заман өзгерді! Құндылықтар өзгерді! Бірақ... ер мен әйелдің миссиясы өзгеріссіз қалады! Қалуы тиіс те! Еркек – отбасының асыраушысы, әйел – ұрпақ жалғастырушы. Құранда жазылған: «Күн Айды қуып жете алмайды. Әрқайсысының ғарыш кеңістігінде өз орны бар...» Сол сияқты, анау Кончита сияқтылардан Құдай сақтасын!!! Ер – ер боп, әйел – өз міндетін атқарғаны дұрыс қой. Шахановтың өлеңінде бар:

Ойлы әлемнің әйелдерсіз күні бар ма көктеген,

Әйтсе де мен әйелге ұқсас еркектерді жек көрем!

Еркектерге еліктеген әйелдің де аз табары,

Иә, әр жыныс өз мінезін сақтауымен бағалы...

«Күні кеше елдің алдында шашын тақырлатып алып тастаған қыз өзінше ақыл айтып отыр...» - дерсіздер мұрындарыңызды тыржитып... ақыл айтпаймын мен! Жай ғана өз басымнан өткен жайттарды тізбектей келе «қорытынды» шығарған түрім...

«Құдай үшін, Маржаннан үлгі ала көрмеңдер!. Маржан депрессияға көп түседі...» - деп айыптаған мені журналисттер. Ақымақтар!!! Мен шындықты жаздым! Көңілім құлазыған сәттерде «карьераның серік болмайтынын» басып айтсам, ашып айтсам – дұрыс емес пе оным?.. Үлгі алсын қайта менен көп қыз! Карьера қуу туралы емес, отбасын құрып бала туу туралы ойласын! Ұмтылмасын танымал болуға!.. Танымалдылықтың көп адамды «тақырға отырғызып кеткенін», әрине, білмейсіңдер сендер! Өйткені, біздің өнер адамдары эфирге күлімдеп шығып, Твиттерге «тәтті» тіркестерін жазып, инстаграмға «бақытты» сәтте түскен суреттерін қояды. Стадион жинап концерт қойып, мереке аяқталған соң үйіне сүмірейіп жалғыз өзі қайтқан қанша адамды көрдім. Өзім де талай рет съемкадан солай қайтқанмын. У-шу, сапырылыс... жан-жағыңда жарқ-жұрқ еткен шамдар... камералар... микрофон... көрермендер кезекпе-кезек сенімен суретке түсіп жатқан... бұның бәрі – бос дүние! Көк жәшіктен саған телміре қараған миллион адамның ішінен қиналғаныңда басыңнан сипайтын бір мұсылман табылмағанда – сонда сезесің нағыз сорақылықтың дәмін!

Мен ғана емес депрессияға түскіш! Танымал адамдардың арасында көп ондай күйзелісте жүргендер. Тек, жақсы көріну үшін жазбайды көбісі. Мен жаздым! Өйткені, карьера қуған қыздардың керемет бақытты боп кеткенін көргенім жоқ. Карьера қуудың соңы көбіне жалғыздыққа әкеп соғады, ал жалғыздыққа төзе алмағандарды күтетіні – Монроның тағдыры...

P.S. Айтпақшы... біз ғой ол жаңа терминдерді көп қолданғыш, бәйбішелердің лексиконында «депрессия» деген ұғым мүлде жоқ.

Ей, бәйбіше, сен бақыттысың! Бақыттысың!!!

Жазбада суретші Нұрлан Қилыбаевтың "Бесік жыры" жұмысы пайдаланылды.
На дорогой лондонской улице гниют многомиллионные особняки
15 августа 2019
GONZO
просмотров: 79
Почему там никто не живёт?
Греческий остров будет платить вам 600 евро в месяц, если вы готовы здесь жить
15 августа 2019
GONZO
просмотров: 89
Эта жемчужина Ионических островов представляет собой каменистую, дикую землю с нетронутой природой

Комментарии

Merey Dautova
26 Май 23:12 # ответить
Оқыңыздар!
Merey Dautova
26 Май 23:17 # ответить
Мәләдес))
Айкерім Сактапбергенова
27 Май 00:21 # ответить
Оте дурыс. Кыз баланын миндети жар болу, ана болып, урпак жалгастыру!
Самал Балжанова
27 Май 00:54 # ответить
сабакты ине сатимен!
Aytore Zhuldyz
27 Май 10:41 # ответить
Екінің бірінің қолынан мұны мойындау келмейді) Маржан,сіздің алған бағытыңыз өте дұрыс) Ниетіңіз түзу,әлі бәрі алда.Қыздар,карьера қуудың еш қажеті жоқ. Сендерге Ольга Валяеванын "Предназначение быть женщиной" және Хелен Анделеиннин "Очарование женственности" деген ктітаптарын оқуға кеңес беремін) Міндетті түрде) Көп нәрсе өзгереді өмірлеріңде) http://www.valyaeva.ru/xochesh-zamuzh-zabotsya-o-drugix-i-bud-s/
Динар Нахыпбек
27 Май 11:07 # ответить
Білеміз ғой, иә... Ненің басты мақсат екенін... Бірақ мойындағымыз келмейді...
Madinosh Kairatkyzy
27 Май 11:36 # ответить
"Карьера қуып,жетістікке жеткен қыздар жігіттерге биіктен қарап,мұрындарын тыржитып, ешкімді менсінбейді. Тең теңіменнің кейпін жасағысы келеді. Материалдық жағдайы жоғарыны іздейді. Сөйтіп жүріп, алыстан іздеймін деп,жанында жүрген бақытын байқамай қалуы мүмкін" деееп ойлаймын. Міне,тағы бір минус)
advancedkz
27 Май 12:35 # ответить
Keremet! Zharaysin Marzhan!
Камила Муталипова
27 Май 13:38 # ответить
Маржан, сизге оте ризамын! Ишки дуниенизде не болып жатканын, шынымен не ойлатынызды жазып, расында да керек маселелерди козгадыныз.
Oskar Bazarbay
27 Май 14:23 # ответить
"50-дегі менопаузалы кексе қатынның жазбалары" деген атаумен жазатын шетелдік блогер-әйел бар. Өзін-өзі сыбап жазудың шебері. Қызығып оқимын.
Назерке Мелдебекова   →  Oskar Bazarbay
29 Май 17:52 # ответить
Oskar Bazarbay, ол жазбаларды қалай табуға болады? ссылкасын қалдырсаныз... рахмет!
Гульдана Науразбаева
27 Май 15:38 # ответить
Иә,Маржан дурыс ау бәрі жазғаныңның!Үй болып, бала бағып,байлы болу ғой арманымыз,Әттең, осы күнгі жігіттерді қайтеміз???Шешіле алмай жүргендерді,жауапкершіліктен қашып жүргендерді...
Dilbara Sakhova
27 Май 15:57 # ответить
Казакта кайсар кыздар коп болган, бар (Маржан),болады да. Ондай касиет болмауы да мумкин емес. Маржан сизге ризамын казак кызына тан касиет бар. Осы минезинизди халык игилигине жумсауынызды суранам. Халкым,елим ушин аландаймын. Тилимиз жогалып бара жаткан,салт дастуримиз. Аландатады. Сиз сиякты кыздар гана аз да болса пайда тигизе алады деп сенемин.
Жадыра Шарапова
27 Май 17:46 # ответить
Жаксы жазыпсыз. Алеуметтик желиде унеми окып отырам сизди,онда жазган комменттерди де. Сизди тусинем,колдаймын. Алдагы уакытта сизге тек Айел бакыты,ана болу бакыты буйырсын. Менде анамын,суйикти жармын. Багыныз ашылсын Маржан.
Ляззат Акимжанова
27 Май 17:47 # ответить
осы сайттын рейтингы котерылып калды Марждын аркасында.. молодец
Айгера Маргаскина
27 Май 20:50 # ответить
дурыс айтасыз,
Assar Assar
27 Май 20:55 # ответить
Бойдақ болып уайымсыз қыдырып, жолдастармен көңіл көтеріп жүргеннен от басылы болып бала-шағаны қыдыртқан, баққан млн есе артық.
Айгера Маргаскина
27 Май 20:59 # ответить
Мен 17жасымда турмыска шыктым,сол кезде бари окинесин деген.Бирак мени ,кос кулыным,суйкти жарым еш окиндирген емес.Айел бакыты деген осы емеспе
Kymbat Amanzholova
28 Май 01:47 # ответить
иә, дурыс... бiрақ қыз балаға тұрмыс құру мiндет екен деп кiм көрiнгеннiң қолтығына iлесiп кете бермеймiз ғой... Ертең бiр бiрiмiздi түсiнiп, аялап отыратын және тек морально емес, материально асырай алатын адамға шыққымыз келеди (себебi жастардын арасында тусинбеушилик пен келиспеушиликтерде сол каржыга келип тиреледи).. жолыктырсада бир бирине унамай калады, не уйленген, ажыраскан болып шыгады. Тағы бир маселе Казакстанда кателеспесем 1 жигитке 7 кыздан келеди... сонда 1 кызымыз турмыс курса, 6 кыз карьера кумаганда кайтсин?! Сойте тура жигиттеримиз казак кыздары шетелдик жигиттерге куйеуге шыгады деп ашуланады, неге шыкпаска ол кыздарда ана болып, аяулы жар болуды армандайды гой... тагы бир маселе бари емес коп жигиттер казак кыздарга караганда орыс кыздардын тусиниги мол болады, уйленсем орыс кызга уйленемин дейди... ал енди карьера кумаганда кайтеди кыздарымыз... Куйеуге шыкпаган кыздардын бари жургиш, немесе минези жаман деген ол кате пикир, себеби ол кыздардын арасында жай гана оз тенин таппай калган кыздар коп.
Assar Assar
28 Май 10:15 # ответить
Орыс қыз алып жатырған Қазақ жігіттерді жиі көріп жүргенім жоқ, солтүстік облыстардың өзінде ондай үрдіс жоқ. Орыс қыздарды керісінше жүргіш келеді деп төменгі мәселеге пайдаланады. Басқа ұлттан қыз алу, қыз беру көп ұлтты мемлекетте болатыны заңдылық бірақ еліміздегі шешендер, түріктер бөтен ұлтқа қыз бермейді бірақ қыз алады ара-тұра. Қазақ 2-3 әйел алып ұлтты көбейтіп отырған, ол уақытта соғыстың уақыты болғасын солай етуге мәжбүр еді. Қазіргі заман ірі ұлттар аз ұлтарды ассимиляцияға ұшырату соғысы жүріп жатыр, сондықтан екі әйел алудың еш намысқа тиетін жері жоқ, жағыдайы бар азамат болса екі әйел алғаны дұрыс. Бойдақ болып қу тізені құшақтап отырғаннан жағыдай бар азаматтың екінші әйелі болсада ұрпақ сүйген артық.
I_got_smth_to_share
28 Май 13:16 # ответить
некоторые комментарии - вопиющее нежелание принять новые условия, в которых мало кто сидит в обнимку с коленями и мечтает стать 2-3-4 женой, а свободное время свободные молодые люди проводят не только разбухивая алкоголь с друзьями
the_stampede   →  I_got_smth_to_share
28 Май 18:24 # ответить
I_got_smth_to_share, kazakwa soile!:D
Nazym Satieva
28 Май 19:23 # ответить
Жаксы жазылган
Nazym Satieva
28 Май 19:24 # ответить
Жаксы жазылган
Амангуль Алибайкызы
02 Июнь 21:45 # ответить
Салеметсиз бе, Маржан. Мынау бир керемет жазба болыпты. КЕРЕМЕТ! !! Мен 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Казир 2 ул, 1 қызым бар Аллаға шүкір. Билимим жоғары. Қазақ тили мен адебиетi маманымын. Оның озин аяғым ауыр болса да жүгірип жүріп битирдим. Күзде улкеним 1 сыныпқа барады. Карьера дегенди енди ғана ойлап бастадым. Казир жасым 25 те. Бала кезимнен "Мен журналист боламын" деп айтушы едим али сол. Типтен журналист болу ушин курска да барып журмин. Сыртымнан корген кыз да жигит те мени 3 баланың анасы деп ойламайды. Тфу тфу. Кейбиреулер кай мектепте окисын деп те сұрайды. Казир де басым қатып жур арманыма қалай жетем деп...

Кейде "Кап, асықпай жүріп карьерный рост жасап тұрмысқа шығу керек еди. Турим бар адемимин, минезим де ашық, кез келген ортада сыпылдап сойлей кетем ғой. Тууууфф" деген ой да туындап калады.

Бiрак балаларымды коргенде бар уайымым жоғалып, бақытты екенимди шынымен сезинемин.
Арайлым Бекнысан
06 Июнь 19:32 # ответить
Aigerim Sataeva
09 Июнь 12:04 # ответить
Мааааа керемет жазылған нағыз ащы шындық!!!
Сандугаш Тавун
09 Июнь 22:28 # ответить
Керемет жазылган екен, маш Алла! Байқалып тұр жан айқайы,7, 8 тармақтарды окыганда жылагым кеп кеттi шыны керек . Алла әйел бақытын нәсіп етсiншi ин ша Алла
Aktoty Adaika
09 Июнь 23:01 # ответить
Омырдын шынайы корынысы.айелдын мынлеты,борышы.тан каларлык еш нарсе корып турганым жок.неде болса,жазу ушынде шеберлык керек.
zhuldyzym
10 Июнь 13:14 # ответить
рахмет. көп бәйбішенің бірі-мен. бала иіскегенге не жетсін? сөзің жөн. бірақ кейде басы бос қыздарға қызығып қарап қоятынымыз да бар))
Гаухар Гинаят
11 Июнь 18:33 # ответить
Перезагрузка дегенди жаксы айтыпсыз.Бул омирде куйбен тирликтен шаршагандаа, суйикти жарыннын жылуын сезинип,кишкентай ботаканымды иискегенге не жетсін ширкиииииииин!
Sauletay
12 Июнь 10:44 # ответить
қыздар мәселесін түпкілікті сараптауға арналған мақала, кәдімгідей ойға шомылтады еркіндікте жүрген бойдақтарды, әсіресе
Гаухара Жанкулиева
17 Июнь 16:43 # ответить
КЕРЕМЕт!!!!!
Анар Баяхатова
22 Июль 18:31 # ответить
сабыр сабыр сабыр сабыр, тағы да сабыр, бәрі өз орнымен болады
Гулим Еркинкызы
05 Авг 12:59 # ответить
///
Мадина Мауленкызы
08 Сент 10:55 # ответить
Аллага шукир.Бакыттымын!!!
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2303 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2303', { type: 'blog', node_id: '2303', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });