misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Altyn Sapar11:00 Такая "правильная" светскость Anuar Kabiden, сөзімді бұрмалаудың қажеті қанша? Ашу дұшпан демекші, ашу-ызадан аулақпыз. Бірақ Сіз мені түсінбеген сияқтысыз, не сөзімді басқа жаққа бұрмалап жатырсыз. Тарих пен ата-баба дәстүріне келетін болсақ, бағзы заманда әжелеріміз 12-13 жасында тұрмыс құрып барып, орамал таққан. Оған дейін орамал тақпаған. Ал қазіргі заманда, заң бойынша кәмелет жасқа (18 жас) толғаннан кейін ғана тұрмыс құруға рұқсат берілген. Дәстүр бойынша жас келін үйлену тойында басына сәукеле киіп, келін болып түскен үйде қазақи байланған орамал тағып, ал сыйлы жасқа толғанда апа-әжелеріміз кимешек тағып отыратын. Бойжеткен басы бос қыздарымыз шаштарын өріп, шолпымен безендірген болатын. Енді қазіргі заман қыздарының киіну мәнеріне көшетін болсақ, әр адам өз тәлім-тәрбиесіне қарай киінеді. Орамал тақпай-ақ жақсы, таза, биязы әрі қарапайым киініп жүрген қыздарымыз қаншама. Бұл жерде отбасы тәрбиесі орасан зор рөлге ие. Адамның сенімі мен иманы жүрегі мен іс-әрекетінде болуы шарт. Өз ойым, зайырлы қарапайым киім киген қыздарымызға топырақ шашудың қажеті жоқ. "Бес саусақ бірдей емес", ақ пен қараны ажырата білу қажет. Балаға орамал тағам деп асықпаңыздар, халықта мынадай сүбелі сөз бар: "асыққан шайтанның ісі". Ең бастысы бұл жерде баланың балалық шағы дұрыс өтіп, заманға сай зайырлы сапалы білім алуы.https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17652/
Anuar Kabiden12:13 Такая "правильная" светскость Altyn, қайсы сөзге ызаңыз келіп тұрғанын түсінбей ақ қойдым. Жеке өзіңізді, не қыздарыңа орамал тақпағандарды ақымақ, нақұрыс деп балағаттанды қайсы жерден оқып отырсыз? Ал сіздің жас қыздарымызға орамал тағу надандық десеңіз, қай жастан бастап адал іс болатының айта аласыз ба? кәмелетке толып, отау құруға дайын болған мұсылман қыздарға орамал тағу парыз. Бұл біз бен сіз ашып отырған жаңалық емес, атам замаңнан келе жатқан шариғат талабы. Ешбір мазхаб оған қарсы шықпайды да, шыға алмайды. Егер де тарихымызды жақсы оқыған болсаңыз, қыздарымыз ерте жасынан ақ отау құрып, 25-30 жасында киіз тігетін апа атанғандарынан хабардар болушы едіңіз. Ал ендеше, осы сөзіме көңсеңіз, балағат жасқа толмаған бүлдіршіндеріміздің басын бүркіп орамал тағудың не пайдасы бар деп сұрайсыз ғой. Оған айтарым, нағыз халқымызға жанашар болған сіздей жанның, "бала жастан", "баланың тәрбиесі бесіктен басталады" деген ұғымдардан бейхабар емессіздігіңіз аңық. Соған орай қазіргі қасқыр заманда болашақ ана, ертеңгі күнде бір қолымен бесік тербететіп, екінші қолымен ел болашағын тербететің қыздарымыздың абыройын барынша сақтап қалу амалымыз. Оған біреуге ақыл айтып, ол үшін біреуден рұқсат сұрайтын жағдай емес. Әр ата-ананың өз шешімі. Ақылға келейк десеңіз, осыған тоқталайық.
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 71 гость

Секулярлы ақыр заман /немесе өлген піл/

с нами с 26 мая 2014

2012-ші жыл бәріне белгілі Майя күнтізбесі бойынша болжанған әрі Голливудтың жариялаған ақыр заманын күтумен өтті. Халық арасында әр түрлі тұжырымдар ауыздан-ауызға айтылып, тыңдаушы өз пікірін қосып, әлем бойынша жаюға тырысты. Алайда осы күнге дейін таң атып, тіршілік аталымның бәрі тыныс алып келеді. Ешбір жердің қақ айырылуын немесе аспаннан от жауғанын байқаған емеспіз.

Ондай болса «сен тимесең мен тимеймін» заңымен өмір сүретін халайық «соңғы» күнді бір сәтте-ақ ұмытып күнделікті тіршілігін жалғастырды. Бірақ ғалымдар арасында «2012-нің ақыр заманы» деген сөз тіркесін астарлы мағынамен түсінгендер де бар. Себебі ақыр заман аталымы белгілі немесе белгісіз төнкеріс мағынасын білдіргендіктен, оны өмірдің аяқталуы деген тікелей мағынасында емес, қоғамның құлдырағыш ауыспалы мағынасында түсінге жөн. Яғни, 2012 жылға дейін өте күшті мәдени даму үрдісінде болған дінсіз қоғам, бәріне ортақ болған секулярлы сана-сезім мен өлшем өз шыңына жетіп, кері үрдіске, құлдырау үрдісіне ауа бастады. Нақты әрі бірауыз сөзбен айтар болсақ, осы күнге дейін әлемді жаулаған батыс мәдениетін меңзеп, дамуға кері, құлдырау, бұзыла бастау үрдісіне көше бастағанын айтуда.

Дәлел ретінде Юрген Хабермас есімді неміс ғалымның әлем ойшылдарына ұсынған тұжырымдамалық үлгісін алға тартайық. Ғылыми еңбектің нәтижесі бойынша секуляризмнің «атасы» болған бүгінгі Еуропа елдері постмодернизм (модернизмнен кейінгі) секілді постсекуляризм заманына қадам басты. Ғалымның айтуы бойынша, дін мен мемлекеттің аражігін ажыратар секуляризм тұжырымдамасы ескірді. Өйткені, біріншіден, мемлекет ол қоғам, ал қоғамның қарым-қатынас құндылықтарын құрайтын ішкі заң – дін, екіншіден дінсіздік даму моделі, үлгісі қоғамның дәстүрден алыстауына, менмендікке, ұлттың іштен іріп-шіруіне, арсыздыққа, көргенсіз мінез бен мәдениетсіздікке алып соқты. Дара сөзбен айтқанда, аузы күйген үрлеп ішерге жетті.

Дін мемлекеттен шеттетіліп қалса да, халық арасында даму мен әсер ету үрдісін тоқтатқан емес. Керісінше, дін ұстанушы азаматтар осы заманда секуляризм тудырған сұрақтарға жауап іздеп, дами келе арсыздықты жеңе білді. Мәселен, соңғы он жылдың ішінде Еуропа елдерінде кең етек жайған ислам діні дәстүрлі бола тұрып жаһандануға қарсы тұра алмаған христиан дінімен салыстырғанда екінші орынға шықты. Ресми деректерге сүйенсек, жаңа туылған нәрестелердің арасында ең көп тараған, сәнге айналған аттардың бірі – Мұхаммед. Еуропа одағының бірнеше елдерінде мемлекеттік мекемелерде хиджаб кию мәселесі маңызды мәселелердің бірі ретінде тұр. Демек дін, қалай болса да, қоғамның бұлжытпас құрамы ретінде мемлекетке әсер етуде.

Аталарымыз баяғы кезде адам рухсыз өмір сүре алмайтындай секілді қоғам да дінсіз тіршілік ете алмайды деп түсінген. «Адамның жаны жоқ, ол тек қана әрекет ететін, қимылдайтын биологиялық феномен» деген ойға бүгінгі күні ересек тұрсын, баланы да сендіре алмайсын. Сол секілді қазіргі таңда дінсіз қоғам да салауатты әрі бақытты өмір сүреді, дамиды дегенге сенер жан жоқ. Мәселен, бірде-бір Құдайға сенген азаматтың психолог қабылдауына жазылмағаны оның ішкі руханияты күшті екенін дәлелдеуде, ал дінді жоққа шығарған екінің бірі жүйелі түрде психологиялық көмекке мұқтаж. Дамыған қоғамға діни пікірлер мен өлшемдердің сіңуін сипаттаған әлеуметтік құбылысты Хабермас «постсекулярлы қоғам» деп атап, мемлекеттен дінді ажырату үрдісі шыңына жеткенін, бар күшін тауысқанын меңзеген әрі діннің қоғамға қайта оралу заманы басталғанын айтқан.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, кеңес өкіметі әркімнің есінде. Әлі күнге дейін партия билетін сандықтың түбінде көз қарашығындай сақтағандар да бар. Алайда дүркіреген кезінде ол азаматтар «кеңес өкіметі құлдырайды, бұл идеология толығымен әлсіреп тарихта ғана қалады» деген пікірді қабылдау тұрсын, айтқан адамды халық жауы деп білген. Соған қарамастан кеңес заманы тарихта «дінсіздік» таңбасынан басқа ізін қалдырмады.

«Слон умер, но он об этом еще не знает, потому что большой», - деп, «Последняя встреча» атты телехикаяда Брежневтың СССР жайында айтқан сөзі еске түсіп отыр. Айтқаны тақырыбымызды дәлме-дәл сипаттағандай. Жаһандану үрдісі, секуляризм мен дінсіздіктің «пілі» 2012-ші жылы өлді, бірақ өлік иісін сезінгендер әлі де аз. Секуляризм буымен, серпімен ары қарай әлеуметтік жаңғырту бағытында бара жатқан жандар заманы да аяқталу уақытына кірді. Оның орнына постсекулярлы дін мен ғылымды тең ұстайтын, ғылымға ерік бере тұра, жаңа мәдениетті дін «елеуішінен» өткізетін, дұрыс пен бұрысты дәстүрмен өлшейтін жастар кезеңі қадам басып келуде.

Жазбада Иван Ивановтың иллюстрациясы пайдаланылды
Про Гнойноксимирона, 17-летних и почему вы старпёры, а не стартаперы
27 октября 2017
GONZO
просмотров: 18
Маркетолог, три года изучавший подростков, рассказывает про их вкусы и объясняет популярность рэп-баттлов
«Матильда»: сказка про царя
27 октября 2017
GONZO
просмотров: 63
Скандал, разразившийся вокруг нового фильма Алексея Учителя, к самой «Матильде» имеет мало отношения

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2333 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2333', { type: 'blog', node_id: '2333', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });