misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Altyn Sapar11:00 Такая "правильная" светскость Anuar Kabiden, сөзімді бұрмалаудың қажеті қанша? Ашу дұшпан демекші, ашу-ызадан аулақпыз. Бірақ Сіз мені түсінбеген сияқтысыз, не сөзімді басқа жаққа бұрмалап жатырсыз. Тарих пен ата-баба дәстүріне келетін болсақ, бағзы заманда әжелеріміз 12-13 жасында тұрмыс құрып барып, орамал таққан. Оған дейін орамал тақпаған. Ал қазіргі заманда, заң бойынша кәмелет жасқа (18 жас) толғаннан кейін ғана тұрмыс құруға рұқсат берілген. Дәстүр бойынша жас келін үйлену тойында басына сәукеле киіп, келін болып түскен үйде қазақи байланған орамал тағып, ал сыйлы жасқа толғанда апа-әжелеріміз кимешек тағып отыратын. Бойжеткен басы бос қыздарымыз шаштарын өріп, шолпымен безендірген болатын. Енді қазіргі заман қыздарының киіну мәнеріне көшетін болсақ, әр адам өз тәлім-тәрбиесіне қарай киінеді. Орамал тақпай-ақ жақсы, таза, биязы әрі қарапайым киініп жүрген қыздарымыз қаншама. Бұл жерде отбасы тәрбиесі орасан зор рөлге ие. Адамның сенімі мен иманы жүрегі мен іс-әрекетінде болуы шарт. Өз ойым, зайырлы қарапайым киім киген қыздарымызға топырақ шашудың қажеті жоқ. "Бес саусақ бірдей емес", ақ пен қараны ажырата білу қажет. Балаға орамал тағам деп асықпаңыздар, халықта мынадай сүбелі сөз бар: "асыққан шайтанның ісі". Ең бастысы бұл жерде баланың балалық шағы дұрыс өтіп, заманға сай зайырлы сапалы білім алуы.https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17652/
Anuar Kabiden12:13 Такая "правильная" светскость Altyn, қайсы сөзге ызаңыз келіп тұрғанын түсінбей ақ қойдым. Жеке өзіңізді, не қыздарыңа орамал тақпағандарды ақымақ, нақұрыс деп балағаттанды қайсы жерден оқып отырсыз? Ал сіздің жас қыздарымызға орамал тағу надандық десеңіз, қай жастан бастап адал іс болатының айта аласыз ба? кәмелетке толып, отау құруға дайын болған мұсылман қыздарға орамал тағу парыз. Бұл біз бен сіз ашып отырған жаңалық емес, атам замаңнан келе жатқан шариғат талабы. Ешбір мазхаб оған қарсы шықпайды да, шыға алмайды. Егер де тарихымызды жақсы оқыған болсаңыз, қыздарымыз ерте жасынан ақ отау құрып, 25-30 жасында киіз тігетін апа атанғандарынан хабардар болушы едіңіз. Ал ендеше, осы сөзіме көңсеңіз, балағат жасқа толмаған бүлдіршіндеріміздің басын бүркіп орамал тағудың не пайдасы бар деп сұрайсыз ғой. Оған айтарым, нағыз халқымызға жанашар болған сіздей жанның, "бала жастан", "баланың тәрбиесі бесіктен басталады" деген ұғымдардан бейхабар емессіздігіңіз аңық. Соған орай қазіргі қасқыр заманда болашақ ана, ертеңгі күнде бір қолымен бесік тербететіп, екінші қолымен ел болашағын тербететің қыздарымыздың абыройын барынша сақтап қалу амалымыз. Оған біреуге ақыл айтып, ол үшін біреуден рұқсат сұрайтын жағдай емес. Әр ата-ананың өз шешімі. Ақылға келейк десеңіз, осыған тоқталайық.
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 79 гостей

Мәдениет және "жаңа мәдениет"

с нами с 26 мая 2014

«Ауылбай», «мәңгүрт» немесе «мәдениетсіз» деген сөздерді қалалық, заманауи жастардан естіген сәтте жүздері күлімсіреп, қоштау көрсететін орта жастағы азаматтарды кездестіреміз. Қоғамды «қаланың заманауи мәдениетін үйренбеген, өздерінің өткен заманның әдеттерін әлі күнге тастай алмай жүрген жастарды надандар дей отыра, нағыз мәдениеттің көрсеткіші іс-әрекеттің еркіндігінде деген ой қазақ санасына қайдан енді?» деген сұрақ мазалауда.

Мәдениет пен өркениет ғылым тәрізді бір орнында тұрмайтын, күннен күнге өзгерістерге ұшырауға дайын тұрған әр ұлттың тылсым күші. Осы екеуіне қарап ұлттың қай даму немесе құлдырау кезеңінде екенін айтуға болады. Қазіргі таңда дамыған ел, үздік мәдениет деген сәтте-ақ батыс мәдениеті мен Еуропа елдері бірден ойға келеді. Тіпті «батыс мәдениеті» деген түсінік географиялық шекараға тәуелсіз болғанына талай уақыт болды. Бұның сезілмей байқалмауы – кез келген ұлттың іштен ірігендігінің белгісі.

Соғыс ашып, қызыл қан майдан арқылы жерді жаулап алсаң да, ұлттың рухын өмірлік жеңе алмайсын. Осыған отансыз ұлт болып, дәстүрі мен мәдениетінен айырылмаған татарлар, ұйғырлар мен қарақалпақтар дәлел. Ал біздің қазақ отандастарымызға оралатын болсақ – тілі, ділі, отаны мен әнұранын қаншама мақтан тұтса да, мәдениетіне іштен шабуыл жасалғанын байқамай, ал байқаса елемей отыр.

Тақырыптың өзегіне келер болсақ, бір мәдениетті өзге мәдениетке өлшем ретінде қолданғандардың ақылына тамсанамын. Себебі бұл іс менің ақылыма сыяр емес. Бір тілді басқа тілмен өлшегенмен тең. Қараңыз, орыс тілінің байлығын қазақ тілімен өлшемек болсақ, онда өлшем болған тіл міндетті тұрде озық болып шығады. Мысал ретінде қазақ түсінігіндегі «аманат» немесе «аманатқа қиянат» деген сөздерді орыс тіліне аудару тұрсын, мағынасын жеткізе алудың өзі екі талай. Осы тәрізді өзге өлшеммен, батыс мәдениетімен өмір сүретін жастардың қазақ мәдениетін сынға тартулары жағдаймыздың қаншалықты нашарлағанын көрсетеді.

Адамның ой-санасы қандай болса, мәдениеті де сондай десек қателеспейміз. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген мақал еріксіз еске түседі. АҚШ елдерінде көшеде немесе қоғамдық көліктерде бір нәрсе жеп-ішу мәдениетсіздік деп есептелмесе, Қытай елдерінде қоғамдық көліктерде ұялы телефонға жауап берудің өзі әдепсіздік. Батыс елдерінде пицца қолмен ғана желінсе, Чили мемлекетінде ол көргенсіздік. Осы секілді қарамақайшылықтардың тізімін тоқтаусыз жалғастыруға болады, алайда ойландыратыны – басқа елдің дәстүрі мен мәдениетін қазақ санасына сіңіріп, ұлтымызға қандай болашақ дайындап отырмыз?

Қазақты немересін емес, иті мен мысығын құшақтап асырайтын әжелер, бір жынысты отбасылар, темекі мен шарап сімірген арсыз болашақ аналар, қарттар үйіндегі ақсақалдар мен ұлтын емес, қалтасын ойлайтын азаматтар күтіп отыр деген ой түңілттіреді. Өйткені керісінше жасау ол ауылбай, надан мен ақымақтардың мәдениеті. Жаңа ғасырда жаңа мәдениетпен өмір сұру керек емес пе? Жаңа мәдениетіміз заманымызға сай болуы шарт. Еркін қарым-қатынастар, ұрпақсыз салауатты өмір – міне, нағыз өркениет пен мәдениет дегендерге, «өз әлемдеріңізден шықпай-ақ, әзірленген сорпаларыңызда қайнап, басқа жандарды уламаңыздар» деген өтінішім жан дүниемді жарып барады.

Қазақтың өмір салты, ділі мен санасы дінмен тоғызыншы ғасырдан бастап біте қайнасып келген. Егер оған «демократиялық сорпасын» бірден ішкізсе – у болады. Сондықтан жат мәдениетті аз мөлшерде әлсін-әлсін таттырып қазақ санасының ішкі иммунитетін бұзған соң ғана жеңіс жариялауға болады. Ақ пен қара болған өлшемдерді шатастырып, ажырата алмаған кезде дұрысты бұрыс деп, жөнді қате деп, ақымақты данышпан деп ұсыну оңай.

Ағымдағы жылы көрші Ресей елінде мәдениет жылы деп жарияланды. Осыған орай эксперимент ретінде ірі үш қаласында «Дома новой культуры», яғни Жаңа мәдениет үйлері ашылды. Мақсаты қандай деп сұрасаңыз – ескі мәдениеттен толықтай бас тартып жаңа мәдениет қалыптастыру. Жоспар бойынша ол мемлекеттік мекемелерге өзгеше ойлайтын, халықтан ерекше жастарды жинау, заманауи мәдениетті үйрету. Яғни тілінен, ділі мен дінінен айырылған елдердің мәдениетін жастардың санасына сіңіру, мәдениеттер арасындағы ара жікті бұзу. Өйткені Ресей халқы бұған дайын болып есептелуде. Бір ғасырға жуық уақытта батыс санасын әбден сіңірген жастары қазіргі заманда қарияларға айналып барады, демек арттарынан ерген жастарына дұрыс бағытты көрсетер жан жоқ. Ондай болса ұлт иммунитеті әлсіреген, өлшемі жойылған елге жаңа мәдениетті сіңіруге тосқауыл жоқ.

Ең қорқыныштысы – иммунитеттен, өз мәдени өлшемінен айырылу, салтымызды заманымызға сай емес, керісінше жат деп қабылдау үдерісі қазақ даласына да келіп қойды.

Жазбада Дулат Үсенбаевтың иллюстрациясы пайдаланылды.
Про Гнойноксимирона, 17-летних и почему вы старпёры, а не стартаперы
27 октября 2017
GONZO
просмотров: 29
Маркетолог, три года изучавший подростков, рассказывает про их вкусы и объясняет популярность рэп-баттлов
«Матильда»: сказка про царя
27 октября 2017
GONZO
просмотров: 63
Скандал, разразившийся вокруг нового фильма Алексея Учителя, к самой «Матильде» имеет мало отношения

Комментарии

Samatonline
04 Июнь 15:57 # ответить
Абай жолы болып кетти гой мынау пост. Басын сал-сал окыдым. Ары карай миым ашып кетты.
Бақытжан Бұқарбай   →  Samatonline
04 Июнь 19:57 # ответить
Samatonline, Не дейміз енді? Таза, мінсіз, асыл тас, Су түбінде жатады. Таза, мінсіз, асыл сөз, Ой түбінде жатады :)
LyailaKz
10 Июнь 10:50 # ответить
Бұл да жаһанданудың бір "жемісі" болар..
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2322 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2322', { type: 'blog', node_id: '2322', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });