misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'blog', action: 'user', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 252 гостя

Автор: Ардак Ерубаева

с нами с 20 октября 2015
Құтырсаң, дағдарыста құтыр!
21 ноября 2015
Ардак Ерубаева
просмотров: 2846
Ақтөбенің жаңа билігі дағдарысқа қарамастан жаңа жылда шашылып көңіл көтермек! Биыл көшеге 27 миллион теңгені шашқалы отыр. «Нұр Отан» партиясының «жаңа жылға Тәуелсіздік күнінен кейін дайындалайық» дегенін Ақтөбе пысқырған жоқ. «Ұсынысқа пікірді идеологтар айтсын» деп  шығыстан келген орынбасар шалқайып отыр. Шыршаға билік қуанып, халық үрке қарады Ақтөбе қаласының өзінде көшені безендіру үшін жергілікті бюджеттен 27 миллион теңге қаржы бөлінген. 27 миллион теңгеге! Ол қаржыға 4 шырша мен жылқы, елік мүсіндері, жаңа жылыңызбен деген жылтырақ жазулар жасалынып, шамдар ілінеді. Бары осы ғана! Әкімдер қаланы безендіру арқылы, жұмыссыз, аш, жалаңаш жүрген халықтың көңілін көтермек. Осы ойдың жетегіндегі жергілікті билік Ақтөбе облысының әкімдігі алдына шырша орнатуды бастады. «Бұл дегеніңіз жаңа жылды ерте бастау емес, қысқы мерекеге деген дайындық. Кейбіреулер желтоқсаннан бастап жарық шамдарды қосты деп түсінбей жатады. Бұл тек жаңа жылды тойлату ғана емес, қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлау. Жаңа жылға безендіру құралдары үшін бюджеттен 27 миллион теңге қарастырылған. Қосымша қаражат бөліну бөлінбесі кейін белгілі болады»,-дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов. Ерте қондырылып жатқан жаңа жылдық шыршаға ақтөбеліктер үрке қарап жатыр. Ал, жергілікті жаңа билік халықтың көңілін осылай көтеріп жатырмыз деп мәз. Ел ертең қандай күн болады, жағдайым не болар екен деп дүрлігіп жатқанда 27 миллионға жылтырақ алу көпті шошытты. Көлеңкеде қалған көңіл Жаңа жылдың көлеңкесінде еленбей қалатын тәуелсіздік мерекесі туралы жылда айтылады. Желтоқсан болмай жатып, мемлекеттік мекемелер маңдайына «Жаңа жылыңызбен!» деп жазып жатыр. Биыл ел зиялылары осы дәстүрдің алдын алу керек деп біраз шулады. Оған билік партиясы қосылды. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңес барлық облыстарға ұсыныс жариялады. Жаңа жылдың дайындығын төл мерекемізден кейін бастауды сұрады. Оны «Жөн» десіп, көп облыс қолдады. «Нұр Отан» партиясының бұл ұсынысын қолдаушылардың қатарында Ақтөбе облысы жоқ болып шықты. Оған облыс әкімдігі бастап, Ақтөбеде шырша қою басталып кеткені дәлел. «Нұр Отанның үндеуі дұрыс шығар. Оған дұрыс не, бұрыс деп айта алмаймын. Ол идеологтардың еншісінде»,-дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов. Бұл мемлекеттік қызметкердің жеке пікірі болу керек. Білдей қала әкімінің орынбасарының ауызнан шыққан ой томпақтау болды. Әлде Ақтөбеде идеология дұрыс жүргізілмей жатыр ма? Басшы қалай болғанда да партия үндеуін идеологтарға еншілеп тастады. Халық нан таба алмай жүр, билік той тойлауын қояр емес Ақтөбеде өндіріс өнімі 3,8 пайызға, құрылыс 18 пайызға, инвестиция тарту 28 пайызға азайған. Оның үстіне жұмыссыздар мен ақысыз еңбек демалысына шыққандар саны күн санап өсуде Ақтөбе қаласының өзінде  613 адам жұмыссыздар қатарында тұр. 9 айда 305 адам жұмыстан қысқарды. Дағдарыс салдарынан 178 адам жартылай жұмыс күніне көшіріліп, 575 адам ақысыз еңбек демалысына шықты. Қайыр сұрап, базар жағалап жүрген халықтың жағдайы мәз емес. Еңсесі езілген халық күнін көре алмай жүр. Ал жергілікті билік жаңа жыл жылтырақтары үшін 27 миллион теңге бөліп, көптің ызасын тудырып отыр. Қоғамдық көлікте студенттер мен зейнеткерлерге берілетін жәрдемақы алынып тасталынды. Ол үшін зейнетақыға 1100 теңге қосылатын болды. Осы ақшаға тіркелу үшін қаншама халық кезекке тұрамын деп есінен танып құлап жатыр. Бір-бірімен төбелесіп, мұзға құлап, аяқ қолдары сынды. Бұл халыққа жаңа жылдың жылтырағы керек емес. Халықтың әлеуметтік жағдайы әлсіз тұста миллиондап шашып мереке өткізу көрпеде көсілтпей тұр. 
Нұрқатова ісі немен аяқталады?
23 октября 2015
Ардак Ерубаева
просмотров: 3812, комментариев: 1
Туысқансыз "тұғырға" шығу мүмкін бе?