misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 49 гостей
История
5280
с нами с 7 октября 2015

Где похоронен Чингис хан?

ШЫҢҒЫС ХАН ҚАЙДА ЖЕРЛЕНГЕН? 

Адамзат тарихына өз есімін өшпестей етіп жазып кеткен тұлғалардың бірі Шыңғыс хан. Ол туралы айтылған пікірлердің көптігі соншалық, бір-біріне қайшы келіп жататыны да аз емес. Дегенмен бұл тарихи тұлға туралы өз пікірін білдірушілердің ойы көбінесе Шыңғыс хан соғыс жүргізу кәсібін жете меңгергендердің алдыңғы қатарында тұр дегенге саяды. 

Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыста өзінің қайталанбас шайқас әдістерімен аты шыққан, батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы, Шыңғыс ханға былай деп баға берген: – Әскери ғылымның анықтауы бойынша, соғыс екі дәуірге бөлінеді. Біріншісін мануфактуралық дәуір дейді. Сонау алғашқы қоғамда, адамдар өзара жауласқанда, алдымен бір – біріне жұдырық жұмсады, сосын тас лақтырды, сойылдасты, найзамен шаншып, қылышпен шапты, садақпен атысты. Былайша айтқанда, қара дүрсін жолмен соғысты. Соғысты бұлай жүргізу дәуірінің ұлы қолбасшысы Шыңғыс хан.

    Соғыс жүргізудің екінші кезеңін машиналық кезең дейді. Бұл кезеңдегі соғыс жүргізудің ұлы қолбасшысы генералиссимус  Иосиф Виссарионович Сталин. 

     Шыңғыс хан туралы жаңалықтарға әлі күнге дейін көпшілік тарапынан қызығушылық жеткілікті. Әсіресе оның қайда жерленгені туралы түрлі пікірлер әлем жұртшылығын жиі елеңдетуде. Оның мәнісін түсіну қиын емес, себебі бүгінгі таңда дамып жатқан техника мүмкіншіліктеріне байланысты жер астын ғарыштан бақылау арқылы Шыңғыс ханның жерленген жерін табу уақыты жақын деген жорамал  бар. 

    Әрі Шыңғыс ханның жатқан жерін айқындап, атақты Троя қаласын тапқан Генрих Шлиман сияқты, айды аспанға бір шығарсам деген талапкерлер, қай елде болмасын жетіп артылады. Бұндай ізденушілердің кейбірінің осындай жаңалық ашу арқылы, өзінің елін де бүкіл әлемге танытуды мақсат еткен ұлтжандығын да түсінуге болады.

     Сонымен Шыңғыс ханның дәл қай жерге жерленгені әзірге белгісіз. Бірақ қай аймақта жатқанын айтуға болады. Бұл туралы «Марко Поло. Книга о разнообразии мира» атты кітапта келтірілген деректен білуге болады. 

     Дүние жүзін аралаған Марко Полоның айтуы бойынша: «Всех великих государей, потомков Чингис хана, знайте, хоронят в большой горе Алтай; и где бы не помер великий государь татар, хотя бы за сто дней пути от той горы, его привозят туда хоронить». Бұл мәліметті оқыған әр адам Шыңғыс ханның ұрпақтары Алтай тауында жерленсе, демек, Шыңғыс ханның өзі де, сол жақта жерленген деген тұжырым жасауы өте қисынды. Бұл әрине бір ғана дәлел. Сондықтан тағы бір мәлімет келтірейін. Француз шығыстанушысы Рене Груссенің «Чингис хан: покоритель вселенной» атты кітабын басып шығарды. Осы кітапта былай деп жазылған: «О смерти Чингисхана какое-то время молчали: важно было не допустить, чтобы весть о ней дошла до народов враждебных или подчиненных совсем недавно, так как еще не все меры безопасности были приняты. На своем пути воины эскорта убивали всех более или менее подозрительных иноплеменников, имевших несчастье повстречаться с траурным шествием. Впрочем, это соответствовало древнеалтайскому обычаю, требовавшим таким способом обеспечить покойника слугами в лучшем мире». 

      Р.Груссе бұл еңбегін жазбастан бұрын, тек жоғарыда аты аталған Марко Полоның ғана емес, басқа да жазбагерлердің еңбектерімен мұқият танысқан. Сондықтан Шыңғыс ханды жерлеу туралы айта келіп байырғы алтайлықтардың қайтыс болған адамдарды жерлеу рәсімі туралы жазуы тектен – тек емес. Демек Франция Академиясының мүшесі, «Ларусс энциклопедиясы» ғұлама шығыстанушы деген баға берген ғалымның «...это соответствовало древнеалтайскому обычаю - байырғы алтайлық салтқа сайып келеді» деп жазуы Марко Полоның айтқанының шындық екенін дәлелдейді.

     Венециялық Марко Поло Шыңғыс ханның немересі Құбылай ханның қарамағында он жеті жыл жүріп, елшілік қызмет атқарған. Ханның ана тілінде сөйлеп, елінің жазуын меңгерген. Ол Шыңғыс хан туралы Құбылай ханның өз аузынан да, басқалардан да көп естігені сөзсіз. Әрі сол он жеті жыл барысында Шыңғыс ұрпақтарының кем дегенде бірінің жерлеу рәсімінің куәсі болуы әбден мүмкін. 

     Әрине Құбылай хан атасының дәл қай жерде жерленгенін білді, бірақ ол туралы қанша жақын тартса да Марко Полоға айтпады. Бүтін бір елдің тұрғындарының білуіне тыйым салынған бұл мемлекеттік құпия, шет елдің азаматына ешқашан айтылмауы заңды.

     Шыңғыс ханның ұрпақтары өздерімен бірге алып кеткен осы құпия қашан ашылады, оны кім ашады, ол жағы белгісіз. Мүмкін бұл жұмбақтың шешімін табуға ғарыштық археологияның күші жетер, мүмкін жетпес...

     Қалай болғанда да Шыңғыс ханның жатқан жері Алтай тауының бауыры.

 (С) Бердалы Оспан.

Пайдаланылған әдебиеттер: Бауыржан батыр.
Рене Груссе «Чингис хан: покоритель вселенной».
Марко Поло. "Книга о разнообразии мира».

__________________________________________________

Одним из тех личностей, оставивших неизгладимый след в истории человечества, является Чингис хан. О нем высказано много мнений, не малая часть которых, противоречит друг другу.  И все же большинство из высказавшихся о нем, придерживаются единого мнения, что Чингис хан является впереди стоящим среди тех, кто освоил искусство ведения сражений на самом высоком уровне. 

В книге "Бауыржан батыр" Б.Момышулы герой, о котором в годы Великой Отечественной войны была написана книга «Волоколамское шоссе» дал следующую оценку личности Чингис хана: "По определению воинской науки война делится на две эпохи. Первая называется мануфактурная. Еще в первобытном обществе, когда люди  противостояли друг другу, сперва бились кулаками, потом кидались камнями, сражались дубинами, кололи копьем, рубились саблей и стреляли из лука. Самым великим полководцем этой эпохи является Чингис хан.

Второй вид ведения войны называется машинным. В эпоху машинной войны, никто не может сравниться с Иосифом Виссарионовичем Сталиным". 

Новости касающиеся Чингис хана и сегодня будоражат интерес публики. Особенно большой интерес вызывают публикации касающиеся поиска местонахождения захоронения Чингис хана. Это и понятно, потому что развитие нынешних технологий усилили возможность осуществить обозрение разных пластов земли из космоса. В связи с этим, многие полагают, что время открытия местонахождения могилы великого хана свершится в недалеком будущем. 

Так же можно проявить понимание к тем, кто желает прославиться, удивив сенсационной находкой весь мир, подобно Генриху Шлиману, нашедшему город Трою. Подобным образом можно отнестись к патриотическим чувствам тех, кто стремится таким открытием популяризовать свою страну. 

И все же, до сих пор никто не знает где похоронен повелитель вселенной. Но можно сказать в какой стороне мира находится его могила. Об этом можно узнать из книги Марко Поло "Книга о разнообразии мира". 

Марко Поло утверждает: «Всех великих государей, потомков Чингис хана, знайте, хоронят в большой горе Алтай; и где бы не помер великий государь татар, хотя бы за сто дней пути от той горы, его привозят туда хоронить».  Любой мыслящий читатель, кто бы он ни был, узнав об этом логично будет думать, если потомков Чингис хана хоронили на Алтае, значить и могила Чингис хана находится там же. Это только одно доказательство. По этому приведу еще один пример. 

В книге французского востоковеда Рене Груссе «Чингис хан: покоритель вселенной" написано: «О смерти Чингис хана какое-то время молчали: важно было не допустить, чтобы весть о ней дошла до народов враждебных или подчиненных совсем недавно, так как еще не все меры безопасности были приняты. На своем пути воины эскорта убивали всех более или менее подозрительных иноплеменников, имевших несчастье повстречаться с траурным шествием. Впрочем, это соответствовало древнеалтайскому обычаю, требовавшим таким способом обеспечить покойника слугами в лучшем мире».  Известно что Рене Груссе прежде, чем написать свою книгу, ознакомился с трудами разных ученых, в том числе и с книгой Марко Поло. Поэтому рассказывая о похоронах Чингис хана, он не случайно утверждает о древнеалтайском обычае. Итак мнение члена Французской Академии, которого «Энциклопедия Ларусс» назвала величайшим востоковедом подтверждает что утверждение Марко Поло «...это соответствовало древнеалтайскому обычаю» соответстует действительности.

Можно ли верить Марко Поло? Думаю, можно. Потому что венецианец Марко Поло служил послом семнадцать лет при внуке Чингис хана Кубылае. Он разговаривал на родном языке хана, и умел писать древнетюркским письмом. Наверняка он немало раз слышал о Чингис хане от самого Кубылай хана. Так же Марко Поло за эти семнадцать лет, может быть не один раз,  был свидетелем похоронной процессии умерших особ ханской семьи.

Одно точно, Кубылай хан знал, но он никогда не говорил как бы ни прибизил к себе  Марко Поло, о месте, где похоронен его великий дед. На что было наложено табу для всех жителей целой империи, естественно не могло быть доступно чужеземцу.  

 Когда раскроется тайна которую унесли потомки Чингис хана, кто ее раскроет - неизвестно. Может быть решить загадку веков сможет космическая археология, может, не сможет... 

Одно ясно, место захоронения Чингис хана находится где-то у подножия горы Алтай. 

(С) Бердалы Оспан.

Использованная литература: Бауыржан батыр.
Рене Груссе «Чингис хан: покоритель вселенной».
Марко Поло. "Книга о разнообразии мира».

 

 

СОКРОВИЩЕ (Глава 2)
31 мая 2017
Azat BUKA
просмотров: 4945
Продолжение рассказа ко Дню памяти жертв политических репрессий.
СОКРОВИЩЕ
30 мая 2017
Azat BUKA
просмотров: 3712
Рассказ ко Дню памяти жертв политических репрессий. Сюжет основан на реальных событиях.

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3309 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3309', { type: 'blog', node_id: '3309', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });