misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 107 гостей

ИШИМ содыры: «Ол жерде адамның тауық құрлы құны жоқ еді»

с нами с 30 сентября 2014

ИШИМ (ДАИШ) – адамзатқа әрі исламға қарсы бағытталған ғасырдың ең озық жобасы. Өкініштісі бұл жобаны ойлап тапқандар қатарынан тек Батыс, не болмаса АҚШ-ты ғана кездестірмейсің. Іштеріңіз сезіп те отырған шығар. Жазуға қолың жүрмейді. Бүгінге дейін Сирия, оның ішінде ИШИМ-нен қашып шыққан, Сирияға келгеніне өкінішін ашық білдірген бірнеше елдің азаматтарының берген сұқбаттарын оқыған болатынбыз. Әсіресе француз қызының жанайқайы біздің елдегі дін мамандарының назарынан тыс қалмады. Алайда олардың қатарынан қашып шыққан, я болмаса елге оралғысы келетін бірден-бір қазақ азаматын кездестірмедік, естімедік.  "Неге?" деген сұрақ әлбетте туындайды. Өзегі тесіліп, өзгенің артынан еретіндей қазақ азғындыққа соғыршама бейім бе еді? "Әлде қазақ үшін арналған "ИШИМ вакцинасының"  ерекше түрі бар болуы мүмкін бе?" деп те ойлайсың. Түнеугүні Қырғызстанда лаңкестерді құрықтау операциясында белгілі болғандай, көрші елдегі халықаралық террористік ұйымды 27 жастағы қазақстандық азамат басқарған. Демек оның "иммунитеті" қырғыз азаматтарынан әлдеқайда үстем болып тұр. Жалпы біздегі шенеуніктердің  Қазақстанды әлем алдында масқара ететін тек фильмдермен ғана емес,  Қырғызстанда жасағанын бізде де жасай алатын  террористердің елімізге қауіп-қатер әкелмей құрықталуына ат салысса екен деп тілейміз. Бұлар бізді әлем алдыңда тек масқаралап қоймайды, үлкен шығынға ұшыратады. Өздеріңізге мәлім, 300-ге жуық (нақты анықталмаған, мәліметтерге қарағанда 1000-ға жуық) ҚР азаматы аттанған болатын. Ал әлгі «жихадшылардың» кәмілетке толмаған ұл-қыздарының тағдыры не болмақ? «Шетелдегі бұл қазақ балаларының» тағдыры сізді алаңдатпай ма?  Бір сөзбен айтқанда трагедия. Бұлардың өмірінен репортаж емес, қалай, қайтіп туған елге жеткізе аламыз деген сұрақ мазалайды.  Сұрақ көп, алайда шешім жоқ. 

Сіздердің назарларыңызға  «Ankaralı IŞİD'ci» Анкаралық ИШИМ содыры атанған Ж.А. есімді түрік азаматтың «Birgun» (Біркүн) газетіне берген сұхбатын ұсынамын. 9 ай ИШИМ үшін соғысып, ақыры үйіне оралған содыр қайта Сирияға кетуге ниетті екен. Қызығы, оны қазір түрмеге де отырғызған жоқ. Анкараның көшелерінде жүр. Қазір жұмыс іздеп жатқан көрінеді. «Жендет» (Баскесер) лақап атына ие болған бұл азаматтың қалай ғана Анкара көшелерінде емін-еркін жүргеніне таңғаласың. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, ИШИМ Түркия  президенті Р.Т. Ердоғанды "пұтқа табынушы" деп айыптапты. Расымен айыптады ма, әлде басқаша жағдай ма, ол жағы түсініксіз. Ал жалпы Түркия билігінің  ИШИМ-ге байланысты саясаты түсініксіздеу. Күні кеше Түркияның Шанлыурфа аймағында 32 адамның жанын қиған, 104 адамның жаралануына себеп болған лаңкестік оқиғаны осы ИШИМ содыры (ел премьері Давутоглының мәліметі бойынша) жасаған жоқ па еді?  Күлесіз, қазір Түркия БАҚ-да Шанлыурфа аймағында ИШИМ содырларының соғысқа, лаңкестік оқиғаларды жасау үшін дайындалатын "арнайы жері" бар екені жазылуда. Түсінікті-түсініксіз жайттар өте көп. Сонымен хош делік. Анкаралық Ж.А. есімді террористің сұхбатын берудегі мақсатым — әлі де болса Сирияға кетуді қалайтын "қатардағы ИШИМ содырын" (бұның ішінде қазақ азаматтары да болуы мүмкін) кең мағынасында  таныту. Ал оған баға беруді, сырттай соттауды сіздердің еншілеріңізге қалдырдым, өз басымымыз терроризмге қарсы екенімізді және бұларды қолдамайтынымызды тағы бір ескертемін. 

Түрік әскерлерінің қолына түскен ИШИМ содыры

   Түрік әскерлерінің қолына түскен ИШИМ содыры

 

Анкаралық ИШИМ содыры Ж.А-мен  болған сұхбат та назарыңызда

Ислам мемлекетінің әділеттілік туралы түсінігіне қатысты не айтар едіңіз?

— Аллаһ тарапынан берілген үкімдермен байланысты шешім қабылдайтын болғаннан кейін бе екен, ол жердегі әділет туралы түсінік өте ұнамды. Тең, әділ жүйе бар. Әрине, тәртіп қаталдау, бірақ ол тәртіп — Аллаһ тағаланың тәртібі. Мысалы, Раккада медбикемен зина жасап қойған дәрігер, бұны өзі келіп мойындап, қандай үкім болса да, жасаған ісін мойнымен көтеруге дайын екендігін айтты. Содан кейін оған тас жаудырып, өлтірді. Шариғатта да «Ұрлық жасаса, қолын кес, ал зина жасағандар таспен атқылап өлтірілсін» деп бұйырады емес пе?

ИШИМ тұтқынға алған әйелдер мен балалардың соғыс олжасы ретінде саналуы, әйелдердің жыныстық құмарлықты бастырар «кәде» ретінде сатылуы сияқты әрекеттерді жиі құлағымыз шалып қалады. Ислам мемлекетіндегі ішкі ахуал халықаралық ақпарат құралдарында таратылған осы сияқты мәліметтерге қаншалықты жанасады?

— «Әйелдер базарда сатылады екен» деп жатады. Оллаһи, шын сөзім, мен Раккада бес ай болдым, базарда сатылған бір де бір әйел көрсем неғылайын? Әрине, құл базары бар. Бұл базар деп отырғаным кәдімгі үй, жұрт айтқандай ашық аспан астында мал саудасы сияқты саудаламайды. Сол үйге барасың, көресің, ұнаса ақшаңды бересің де, аласың. Сосын Ислам жолымен некеңді қидырасың. Ендігі жерде ол тек сенікі, қаласаң — сыйға тарт, қаласаң — азат ет.

Өзіңіздің отбасын құруға немесе құл сатып алуға әрекеттенген кезіңіз болды ма?

— Иракта 25 жастағы, үш балалы әйелге үйленбекші болғанмын. Алайда әлгі әйел үйленетін адам ұлты түрік, эмигрант болсын деген талап қойыпты. Менен артық қандай түрік болсын? Кейін менің отбасым бар екенін білгеннен кейін келісім бермеді. Ол жерде де әйел алғанда шариғат жолымен 1,500 доллар шамасында мәһір беріледі.

Гомосексуалисттердің шатырдан лақтырылуы секілді оқиғалар әлем назарында көп талқыланды. Осы сияқты жазаланған жағдайларға куә болдыңыз ба?

— Ондай оқиғаны өз көзіммен көрмедім. Алайда есірткі сатқан кісінің басын қалай шапқанына куә болдым. Негізінен Жаратқан иеміз қасиеті Құранда: «Кәпірлерді көрсеңіз, кідірместен басын алыңдар» деп бұйырған емес пе? Біз ешкімді азаптамаймыз. Аллаһтың бұйырғаны секілді басын шауып тастаймыз. Бітті.

Құлдыққа алынған иорданиялық ұшқыш та осыған ұқсас әрекетпен жазаланып, өлтірілді ме?

— Осы оқиғаға қатысты барлығы «Адамды тірілей өртеді» деп ИШИМ-ге күйе жағып әуре. Иорданиялық ұщқыш ұшақпен бомбалағанда, әлі өсіп-жетілмеген балаларды өртегенде бұған ешкім ештеңе айтпады. Сол себепті оны торға қамап өртеп, үстіне ұсақталған тас төкті, оның үстінен грейдермен айдады. Бұл да Аллаһтың үкімі.

Түркия мен Сирия шекарасында емін-еркін жүрген ИШИМ содырлары

Түркия мен Сирия шекарасында емін-еркін жүрген ИШИМ содырлары

Соғыста қолға түскен қарусыз тұтқындардың жазалануына қатысты сіздің көзқарасыңыз қалай?

— Олар, яғни тұтқынға алынғандар біздің дінімізді мойындамайды. Алдымен дінді қабылдауы керек, сосын оны айтып куәлік етуі тиіс. Әйтпеген жағдайда басқаша болады. Дегенмен олар бұны жасамайды ғой.

Міндетті түрде куәлік ете ме?

— Әрине, міндетті түрде. Егер ол барлық жағынан бізге керек адам болса, арамызда қалдыруға тырысамыз. Алайда, ол жаса дегеніңді жасамайды ғой. Бізді де, біздің дінімізді де қабылдағысы келмейді, сол үшін оған кәпір деген үкім шығарылып, жазасы беріледі.

Сіздің қандай да болсын соғыс тұтқындарын өлтірген немесе сондай оқиғаға куә болған кезіңіз болды ма?

— Иракта бірге болған екі досымның бірі ДШК, екіншісі ПКМ (кеңес кезіндегі ірі калибрлі пулеметтер. ред.) жаудырушы болатын. Ал мені «баскесер (жендет)» етіп белгіледі. Тұтқындардың біреуін бір рет өлтірдім. Жендет деген лақап атым сол үшін таңылды.

Түркия мен Сирия шекарасында емін-еркін жүрген ИШИМ содырлары

Бас кесу оқиғасы  қайда, қандай талаптар арқылы жүзеге асырылды?

— Ирактағы Нинова елдімекенінде, Сұлтан Абдуллаһта болды. Алайда, Аллаһқа ант етейін, мен еріксіз мәжбүр болдым. Кешкілік, кезекшілікте едім. Тұтқындардың бірін көзім шалып қалды. Қаннен қаперсіз, «серуендеп» жүр! Жанымдағы жолдасыма ескерттім де, дереу әрекетке көштім. Ол мені күзет орнында бақылаумен болды. Екеуміз тек сымсыз байланыс арқылы хабарласып тұрдық. Ол ДШК-ны менің бағыт алған жағыма қарай бұрып, шабуылға дайын тұрды. ДШК — сондай бір мина, көздеген адамыңды екіге айырып шашып жібереді. Сонымен әлгі тұтқын жақындап қалды. Оны бері бұрған Аллаһтың өзі шығар. Қаруын қолға алып, көздеп тұр. Алайда өзі ДШК-нің нысанында еді. Бір нәрсе болса болды, екеуі де қаруға жүгінбек. Сол мезет әлгінің арт жағынан барып, бас салдым. Көзін, аяқ-қолын байладым. Сөйтіп, қажетті жерге апарып, тапсырдым. Менің бұл әрекетім басқаларына үлгі болды.  

Сұқбат беріп отырған ИШИМ содыры Ж. А.

Тұтқынға қатысты соңғы үкім қалай шығарылды?

— Капитанымыз: «Бұған үкім шығаратын сен боласың!» деді. Сосын, алдымен біздің дінімізді қабыл алуын, әйтпесе басын кесуім керектігін бұйырды. Тұтқыныма мен де: «Бауырым, хақ жолын таңда. Сен адасып жүрген жансың» деп түсіндіруге кірістім. Ол болса: «Жоқ» деп қарап тұр. Екі сағаттан бері айтқанымның, хақ жолын түсіндіруге тырысып баққанымнның бәрі далаға кетті. Ашудан көзім қарауытты. Ақыры капитаныма: «Менің қолымнан ештеңе келмеді. Енді сіз бірдеңе деңіз» дедім. Арамызда төрелік айтып жүрген қазымыз келді. Ол да менің айтқандарымды қайталады. Тұтқын қазының да айтқандарына мән берместен: «Сендердің мына айтып жатқандарыңның бәріне түкіргенім бар» деді. Мен болсам: «Жігітім, басың кетеді, қабылда» дедім. Тағы да «Жоқ» деді. Жаным ашыды оған. Аллаһ Тағала қасиетті кітабымызда: «Жазалайтын сәтте, менің үкімімді орындайтын кезде аяушылық жасамағын» деген. Раббымыз рахым етпесе, мен неге рахымшылық жасайын? Оллаһи, мен де оның басын кесуді қаламадым. Қолым бармады. Тілім кесілді. Бірақ өзі де тіл алмады ғой. Ақыр соңында «бұл сенікі, басын сен аласың!» деген бұйрық келді. Мен болсам: «Кесе алмаймын, тауық емес қой» дедім. Басшымыз бұл жолы қаһарына мініп, «Егер бұны жасамасаң, аты-жөнің агенттерге беріледі» деп қорқытты. Басшыға бағыну — Расулға бағыну, Расулға бағыну — Аллаһқа бағыну. Бұл ақиқат. Айтқандарын, берген әмірін орындауға мәжбүрсің. Артыма қайырылып, достарыма қарадым да, қабыл етпеске шарам қалмады. Ашық алаңға, жұртың ортасына апардық та, бетіме пердемді киіп, басын шаптым.

Тағы осындай оқиғалар есіңізде ме? Оның басын шапқаннан кейін қандай күйде болдыңыз?

— Оның ұлты күрд еді. Аудармашы арқылы сөйлесетінбіз. Қолына Абдуллаһ Өджалан деп татуаж жасатып алған. Тіпті, «Өлетінімді біле тұра, қанша жылдан бері осы ұйымның мүшесімін. Өлермін, алайда, екі көзім артта қалады. Бар арманым — Өджаланды бір көру» дегені бар. Оның атын да білетінмін. Бірақ қазір есімде жоқ, ұмытып қалдым. Сол оқиғадан кейін 10-15 күндей өз-өзіме келе алмай көпке дейін қиналдым, ұйықтай алмадым. Ол жерде тауықтың қадірі бар, алайда, адамның тауық құрлы құны жоқ еді. Адам өлімін көру біз үшін қалыпты жайттай болып кеткен-тін. Таңдау екеу: я кәпір сені жоқ етер, я болмаса сен кәпірді жоқ етерсің.

Бұдан бұрын, полиция өкілдері, тиісті органдар сізден ештеңе сұрамады ма?

— Жоқ. Енді ғана бастады. Екі күн бұрын досымның біреуін барлау ұйымына шақырыпты. «Бұған үйрене беріңдер» депті. Мен де өзімнің бақылауда екенімді білемін. Бір жағдай бола қалса, Анкарада бірі өз-өзін жарып жіберсе де, алдымен бізді сұраққа алатындары белгілі ғой.

Енді Түркияда немен айналыспақсыңдар?

— Автотұрақтан бір жұмыс таптық. Одан бөлек, әйеліммен татуласып, онымен отбасылық өмірімді жалғастырғым келеді.

Бұл жерде тұрмысыңыз ойдағыдай болмаса, Ислам мемлекетіне оралу ойыңызда ма?

— Солай ойлап қоямыз. Ниетіміз де сондай. Алайда бұл жолы кететін болсақ, қайтып оралмаймыз.

Түркияға үйренісіп жатсырсыздар ма?

— Әлі үйренісе алар емеспіз. Ортаға үйрену қиынырақ. Көріп тұрғаныңыздай, адамдар ашық-шашық. Біз жабық киінген адамдарға үйреніп қалыппыз. Туып-өскен Түркия маған өзгеше, жат болып тұр. Өзімді Иракта немесе Сирияда туып-өскендей сезінемін. Ол жаққа үйренгеннен кейін, бұл жақта қиындау. Оның үстіне атыс-шабысқа да төселіп, етіміз үйреніп қалған...

  ДОГУ ЕРОГЛУ 09.07.2015 08:12 http://www.birgun.net/haber-detay/ankarali-isid-ciden-akil-almaz-sozler-iskence-etmiyoruz-boynunu-kesiyoruz-84400.html

Теги:
ИШИМ ДАИШ
Шай ішейік
24 мая 2016
Eldar Kurmanbayev
просмотров: 2546, комментариев: 1
Бүгінде бүкіл әлем оның ішінде Қазақстанда телеарналардағы ойын-сауық форматындағы бағдарламаларға жіпсіз байланған. Алайда кейде мұндай хабарлардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар болып жатады. 
«Түлкілер мен қояндар» қоғамы
26 ноября 2015
Асқар Ақтілеу
просмотров: 4011
Қояндар мен түлкілер тек Дариға Назарбаеваның ауласында ғана емес, қоғамда да өріп кетті

Комментарии

Dosay Kenjetay
24 Июль 12:00 # ответить
sarap
Dosay Kenjetay   →  Dosay Kenjetay
24 Июль 12:06 # ответить
сараптама жаксы екен
Бауыржан Карипов   →  Dosay Kenjetay
24 Июль 12:09 # ответить
Dosay Kenjetay, рахмет аға!
Murat Smagulov
24 Июль 16:13 # ответить
Расында қызық екен... Қызығы сол, осыған дейін Сирия еліндегі орын алған, әлі де жалғасып кележатқан жағдайды, қызыл қанды майданға қатысқандар жамандап, жағымсыз жағынан сипаттағандары көрсетіліп келді. Журналистер де бұны сырт көзге қалай көрінеді екенін де барынша айтып жүр. Ал бұл сұхбатта керісінше ИШИМ лаңкестерін қолдайтын, өзі де солардың қатарында бірнеше ай болып келген адамның көзқарасын оқырманға ұсынып отыр. Әріне мақсат лаңкестікті насихаттау емес, керісінше содырлардың қаншалықты қайырымсыз, қатыгез, жасаған жамандықтарын жаман деп білмейтіндерін, өздерін дұрыс, хақ, Алланың жолда деп есептеп жүргендерін көрсету, халықтың көкірек көзін ашу. «Сирияға, Алла жолында соғысуға барамыз» деп қате ойда болған азаматтарымызға бұл үлкен қателік екенін түсіндіру.
Murat Smagulov
24 Июль 16:14 # ответить
Аталмыш содыр адам өлтіргенін еш тартынбай, өкінбей әлемге паш еткені өте қызық болды. Қаншалықты адамның санасын жалған жиһад уранымен улап тастағандары таңғалдырып отыр. Тіпті дұрыс өмірге оралса да еш өкінбегені миға сияр емес.

«Туып-өскен Түркия маған өзгеше, жат болып тұр. Өзімді Иракта немесе Сирияда туып-өскендей сезінемін» дегенін естігенде мүлдем ауызым ашылып қалыпты. Ол қалай сода? Өз еліне сатқындық жасағаны ма? Ол тұрсын Пайғамбарымыз (с.а.с.) отанын шарасыз тәрк етіп, тастап бара жатқан кезде «Сенен мені шығармағанда мен кетпес едім. Маған сенен артық жер жоқ. Қауымым мені сенен шығармағанда сенен кетпес, сенен басқа жерді паналамас едім» деген еді. Отаны сүю, құрметтеу, аңсау деген ана сүтімен бойға сіңген сезімді жалған ағым қалайша жоқ қылды? Соншалықты не деді? Білмедім...
Murat Smagulov
24 Июль 16:14 # ответить
Енді нақты дәстүрлі Ислам мен осы содырлардың адасқан діндері мен біз ұстанатын және олар қолайлы қылып бұрмалап алған шариғаттың айырмашылығын көрсетуге тырысайын.

«Шариғатта да «Ұрлық жасаса, қолын кес, ал зина жасағандар таспен атқылап өлтірілсін» деп бұйырады емес пе?» дегені осы содырдың шариғаттан бейхабар екенін, тек қана үстірт хабары бар екенін көрсетеді. Себебі егер білген болса, нағыз шариғат орныққан Сауд Арабиясының өзінде ұрлық жасаған адамды бірден қолын кеспейді. Бірнеше рет ұсталып, ұрлығын тоқтатпаған адамның қолы кетеді. Ол бір. Екіншісі «Әрине, құл базары бар» деді, яғни құлдықты олар қоштап отыр, құлдарды алып сатып, пайдалануда. Ал Алла Елшісі (с.а.с.) барынша құлдық сананы және жалпы құл атауын жоюға тырысқан. Біле-білсең, Пайғамбар (с.а.с.) өмірбаянында кез келген қателік үшін Расулулла (с.а.с.) «құл азат ет» деп қасындағыларға бірінші мезетте бұйыратын. Егер шамасы келмесе өзге амал жасап Алладан кешірім тілеуді үйрететін. Неліктен? Барынша құлдық сананы, құлдық жүйені жоқ қылу үшін. Ал бұлар керісінше құлдарды көбейтуді мақсаттар отыр, соны қолдап отыр. Бір сөзбен айтқанда Алла Елшісінің (с.а.с.) өмірбаянынан және жалпы шариғаттан жұрдай. Тек өздеріне ыңғайлы жерін ғана айтып қолданады, ал қалғанын тастайды. Бұл таза екіжүзділердің амалым емес пе?
Murat Smagulov
24 Июль 16:14 # ответить
Ендігісі: «Ол жерде де әйел алғанда шариғат жолымен 1,500 доллар шамасында мәһір беріледі» деді, ал бұрмаланбаған шариғатпен салыстырар болсақ «Ханафи мәзһабы бойынша, мәһірдің ең аз мөлшері – он дирһам. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) заманындағы бір күміс дирһам қазіргі өлшемімен 3 граммға сәйкес келеді. Ал он дирһам – шамамен 30 грамм мөлшерінде. Яғни, берілетін мәһірдің құны 30 грамм салмағындағы күмістен кем болмауы керек» (http://mazhab.kz/kk/suraqtar/arturli/suraq-jauap/qazirgi-kezde-qalyndyqqa-beriletin-mahirdin-olshemi-36). Сонда 1,500 доллар деген қайдан шықты? Әлде оларда 30 грамм күміс 1,500 доллар тұрады ма?
Бауыржан Карипов   →  Murat Smagulov
24 Июль 16:17 # ответить
Мәке, рахмет!
Әділет Ыбырай
24 Июль 20:39 # ответить
Сонда бұған ешкім ештеңе демей ме. Қалай емін-еркін жүр. Айтып отырғандары шындық сияқты бірақ. Әлде сенсация жасау үшін шебер құрастырылған өтірік пе екен. Сосын Түркия мен Сирияның шекарасы неге ашық?
Бауыржан Карипов
24 Июль 20:53 # ответить
Түркия Сирия шекарасы ашық емес. Түркияға өтпек болған сириялықтарды қой секілді кері айдап әкетіп барады. Ал оның емін-еркін жүруінен Түркияның Ишим саясатын көруге болмай ма? Анау күліп тұрған Ишим содыры ше?
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3025 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3025', { type: 'blog', node_id: '3025', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });