misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 83 гостя

Менің бүгін отандық дәрігерлерге деген сенімім төмен

с нами с 30 сентября 2014

Біраз уақыт бұрын теледидардан «Nat Geo Wild» арнасынан қызық бір оқиғаны көрдім. АҚШ-тағы жан-жануарлардың денсаулығы жайлы. Білеміз, АҚШ-та мал шаруашылығы дәрігерлері әлі өз қызметін жалғастыруда. Оларға деген сұраныс өте жоғары. Бір жерге барып сиырды емдесе, екінші жерге барып, жылқыға ине салып жатады, т.б.

Бірде дәрігер бір адамның үйіне келді. Не бопты дейсіз ғой? Мысығы ауырып қалған екен. Содан не керек, әлгі мысықты олай қарады, былай қарады, соңында себебін тапты. Мысықтың жон арқасында ісік бар көрінеді. Анализ алып, әлгі ісіктің «доброкачественный» екенін анықтады. Ертесінде мысықтың арқасына ота жасап, әлгі ісіктің көзін жойды. Көзінің жанарына мұң тұнған мысығымыз үшінші күні аяғынан тұрып кетті. Тоба, бұған керемет дейсің. О заманда бұ заман, америкалықтар үшін «өз жерлестерінің» саулығы, амандығы маңызды екен. Әрине, мені Таяу Шығыстағы бейбіт халықтың амандығы бей-жай қалдырмайды. Адам өмірінің құны жойылған дейсің мұндайға. Әлі есімде бар, біздің аға-әпкелеріміздің біразы мектепті бітіре салысымен зоотехникумда оқыды. Артынан сырттай «мал шаруашылығы» мамандығы бойынша ЖОО бітірді. Соңында әйтеуір ферма басқарды. Көп ұзамай фермалар да халықтың жеке меншігіне айналды. Ал ферма басқаруға шамасы жетпегендер адамға ине сала алатындай жағдайда болды. Сондағы  бар оқығаны адамға ине салу болып қалды.

 

Әлгі әйгілі Познердің білім мен денсаулық  қызметінің мемлекеттің тегін қамтамасыз етуі жайлы айтқан бір сөзі бар. Бізде соның тегін берілгені емес, дұрыс берілгені маңызды болып тұр. Біздің халық қазір соған да рақметін айтады. Отбасымның басынан өткен бірнеше оқиғаны баяндайын. Әйелімнің жүктілігінің төртінші айында екінші рет даунға байланысты скрининг тапсырды. Екі жұмадай уақыт өткеннен кейін нәтижесін білуге өздері перзентханаға шақырды. Мен кірмей қойдым. Әйелім кірді де, көп ұзамай түрі бозарып шықты. Жаныма келді де, даун жайында айта бастады. Басында «дәрігерлер айта береді» деп отыра берген едім. Дәрігердің «мұндай бала Үкіметке керек емес, ата-анасы өз жауапкершілігіне алады» деген сөзін айтқан кезде, орнымнан ұшып тұрдым. Әлгі сөз менің жүрегіме оқтай қадалды. Дереу дәрігердің бөлмесіне қарай беттедім. Кірдім, дәрігердің көңіл күйі дұрыс емес. Әйеліме айтқанын тура маған да айтты. Бір ғана жол шағын ота жасау керектігін, оның баланың шетінеп кетуі мүмкіндігі зор екенін тағы айтып ескертті. Шағын отаны осы перзентханада тек апта соңында ғана жасайтынын, басқа күні керекті дәрі-дәрмек пен медициналық құралдың жоқ екенін айтты. Біздің сол кездегі қалауымыз шағын отаның нәтижесін білу еді. Содан не керек, жора-жолдасқа хабарласып, бұл жайында сұрай бастадық. Сенесіз бе? Мұндай аурудың бар екенін де білмейміз. Барлығының жауабы: «ешнәрсе болмайды, олар айта береді». Таныс арқылы білікті мамандармен жолықтық, қауіптің жоқ екенін, қорқудың қажеті жоқ екенін айтып жатты. Біздің жасымызда мұндай жағдайға адамдардың тап болу мүмкіндігі өте аз екен.  

Сандалып «Ана мен балаға» бардық. Сол жердегі мамандармен келісіп, ақылы түрде шағын отаны жасатуға келістік. Шындығын атайын, «Ана мен бала» ақылы болса да,  бізге ота жасауға әзер келісті. Соңына дейін райымыздан қайтуға үгіттеді. Қауіптің жоқ екенін айтып, сендіруге тырысты. Біз де алған бетімізден қайтпадық. Одан бұрын әйелім екеуміз бір-бірімізден кінә іздемедік. Өз-өзімізге «Неге?» деген сұрақ қойып, іштей кінәлаумен болдық. Өткеннен сабақ іздедік. Не істедің, не қойдың, жасаған күнәңнің кесірі ме деп айқайлайды жан дүниең. Сенесіз бе, теріс қарап жаттық. Арамыз алыстап бара жатқандай. Бір-бірімізге демеу болуға себеп таппадық. Мен үшін өмір тоқтағандай болды.

Арада он күн уақыт өтті. Он күн бойғы психологиялық соққыны дұрыс нәтижесі үшін «бәрін кештім» дегің келеді.  Сонымен қорытынды шықты. Нәтижесі дұрыс. Ешқандай да даун жоқ.  Ұйқыда жатқан баланы тек селт еткіздік, шошыттық... Мәзбіз. Бір-бірімізден сүйінші сұрадық, себебі туыстардан басқа ешкім білмейтін. Гәптің көкесі дәрігерде екен. Алғашқы нәтижені айтқан дәрігердің өзі де жүкті екен, сол күні оның даунға тапсырған нәтижесі дұрыс шықпаған. Бар ашуын бізден алған секілді көрінеді екен. «Мұндай бала үкіметке керек емес» деуінің астарында сол жатыр екен. Әрине, ауру баланың үкіметке еш қажеті жоқ. Алайда сол дәрігердің қызмет барысында өзінің  жеке проблемасының көрініс табуы біздің жан дүниемізге теріс әсер етті. Енді осыған қараңызшы! «Не үшін?» дейсің. Мұндай оқиғаны кездейсоқ дейміз бе, әлде үйреншікті дейміз бе, әйтеуір біздің елде «дәстүрге» айналған ба деп қаласың. Бала туылған соң да «Сіздің балаңыз анандай. Сіздің балаңыз мынандай. 20 күн массаж алсын» т.т.с.с. Енді емдеңіз десең, емдейтін дәрігер жоқ, маман жоқ. Не болмаса дәрігердің уақыты жоқ. Барлығы алдын ала жазылумен. Шыдай алмағандықтан,  жеке емханаға барып, барлығын тексерттік. Сенесіз бе, балада ешнәрсе жоқ. Дені сап-cау.

Алты айдай уақыт өтті. Студенттерге дәріс оқып жатыр едім, әйелім қоңырау соқты. Оның балалар емханасына барғанын білемін. Тағы да не болып қалды екен деп алаңдадым. Телефонға жауап бермеуге дәтім жетпеді. Әйелім жылап тұр. Аудиториядан шығып, жөн сұрадым. «Баланың аяғы дұрыс емес. Қисық өсіп келеді. 4 айында баруымыз керек екен», — деді. Енді осыдан кейін аудиторияға бастапқы көңіл күймен, бастапқы энергиямен кіріп көріңіз. Дәрісімді аяқтап, дереу сол дәрігермен жолықтым. Әр нәрсені бір айтып, қолындағы рентген нәтижесімен бір нәрселерді айтып, сендірді. Оның емі де орталық дәріханадан 12000 мың теңгеге ал деген затын алдық. Екі аптадай баланың аяқтарын қинап массаж жасадық. Екі аяғын керіп тастадық. Бір күні шыдай алмадым. Әлгі рентген нәтижесін алдым да, жекеменшік емхананың дәрігеріне көрсеттім. Дәрігер қойылған диагнозды жоққа шығарып тұр. Барлығы дұрыс. Ешқандайда баланың аяғы қисық өсіп келе жатқан жоқ. Біз тек оның орталық дәріханадағы «таныстарынан» 12000 теңгеге зат алдық. Күлкілі, әрине.

Менің бүгін отандық дәрігерлерге деген сенімім төмен. Дәрігерлердің қойған диагноздарынан қаншама адамның өмірінен қош айтысқанын білеміз. Астананың сол жағалауында су жана медициналық құрылғылармен жабдықталған ауруханаларды, түрлі зерттеу орталықтарын білеміз. Үкіметтің әкеліп қойған су жаңа медициналық құрылғыларын қалай қолдану керек екенін біздің дәрігерлер біле ме екен? Мен тек дәрігерлер туралы жақсы ойлағым келеді.

P.S. Жақын күндері жақыным Алматыға келіп кетті. Жетектеп алып, денсаулығын қаратумен болдым. Бір аурумен екі түрлі дәрігерге бардық. Екеуі екі түрлі деді. Бірін-бірі жоққа шығарды. «Шарлатанка, ол сізді өлтірейін деп жүр. Сотқа беру керек» деп алыстан жаға жыртысқанда, ем іздеп үміттеніп келген сіздің бар арманыңыз сөніп қалады екен. О заманда бұ заман, дәрігерлердің бірін-бірі жоққа шығарғаны қиын екен. Екі ортада кімге сенеріңізді білмей дал болады екенсіз.

Нағашы ағам жүрек ауруынан кетті. Байғұс дәрігер: «Сіз кетпеңіз, сізге система алу керек», — деген екен. Ал ағамның система десе, төбе шашы тік тұрады. Жас күнінде бір дәрігер дұрыс қоймай, өліп қала жаздаған екен. Содан бері ол қорқынышы сақталып қалған екен. Содан не керек, ауруханадан шыққан күні ағам өмірден озды да кетті. Кім кінәлі? Әрине, ажал. Алайда, біз ажалдан емес, себептен көреміз. Бір кездері системаны дұрыс салмаған дәрігердің кесірі деп білеміз. Әйтпесе күні кеше ғана құм үстінде ойнап отырған төрт жасар Кәусардың көлік астында мыжылып өлуін қалай ғана «ажал» деп қойып отыра бересің. Жоқ, сол ажалға себепші болған әйелден көреміз. Дәрігерден бастап, кез келген адам баласы біреудің ажалының себепші болуынан сақтану керек.

Шай ішейік
24 мая 2016
Eldar Kurmanbayev
просмотров: 4056, комментариев: 1
Бүгінде бүкіл әлем оның ішінде Қазақстанда телеарналардағы ойын-сауық форматындағы бағдарламаларға жіпсіз байланған. Алайда кейде мұндай хабарлардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар болып жатады. 
«Түлкілер мен қояндар» қоғамы
26 ноября 2015
Асқар Ақтілеу
просмотров: 5909
Қояндар мен түлкілер тек Дариға Назарбаеваның ауласында ғана емес, қоғамда да өріп кетті