Генаның арқасы бәрі!
«Головкин жеңді!» - деп, астаналық жас жігіт, қолына алғаш келін түсірген енедей елпілдеп, жүгіріп барып балконына КӨК ТУды желбіретіп іліп қояды.
Соның арқасында біз өзіміздің Заңи сауатсыздау екенімізді біліп қалдық және бүкіл суда жүзгіш спортсмендер үшін Маржан мен Алтынайдан асқан жаман адам жоқ бүгінде. Дау неден басталды???
Қоғамдағы анау-мынау өзгерістерге үйде шайымды сораптап: «Еееее... солай боп па?..» - деп міз бақпастан отыра алмайды екенмін. Маған не менің отбасыма тікелей қатысы жоқ, анау жалау ілген Жандос деген жігітті танымаймын да... бірақ, жазықсыз жанға осындай сорақылық көрcетіліп жатқанда – үнсіз қала алмадым. Қайта мен сияқтылар әлеуметтік желіде шу шығарып біраз, ертесі күні республикалық арналар осы мәселеге араласып кетті. «Жалғыздың үні шықпас...» - деген, байғұс балаға қолдау көрсетіп, ҚАЗНЕТ шуламаған болса – бұл шикілікті ел де, елге арнап Заң шығарып, сол Заңның орындалуын қадағалауға тиіс азаматтар да естімеген болар еді.
Сондағы менің жазғаным мынау еді:
Бұл – менің жеке пікірім! Жалау ілген Жандосты да, суда жүзгіш көк түрсилі ұл-қыздардың да бірде-бірін танымаймын. Ешкімде алыс-берісім жоқ. Жай ғана өзімнің ойымды осындай коллажбен жеткіздім. Таң қалғаным, инстаграмдағы бұл пост көптеп «реполстталып» бірнеше сағаттың ішінде біраз адамның парақшасынан орын алды. Соның ішінде, Алтынай Жорабаеваның!
Даудың көкесі де Алтынайдың парақшасында! Осы орайда айта кетейін, постты жазған мен болатынмын, суда жүзгіш спортсмендер инстаграмдағы «репост» дегенді білмейді ғой деймін, бәрі Алтынайға жабыла кетті. Оның еш кінәсі жоқ негізі. Мен де өзімді КІНӘЛІМІН деп есептемеймін. Өз ойымды, баяғы әдетімше, ашық айттым. Ал, халықтың комментеріне, әрине, мен жауапты емеспін. Олар да өз пікірлерін білдіруге құқылы ғой.
Ал, коллажға қатысты болса, АКЦЕНТ спортшыларға емес, қоғамдағы әділетсіздікке қойылған болатын. Ал, таяздау ойлайтын спортшылар, өкінішке орай, менің қазақшамды түсіне алмапты... енді жіліктеп айтар болсақ:
1 |
Жандос Құрманбаев Көк Туды балконының терезесіне іліп қойған аңғал жігіт |
Арам ойы жоқ бала барды да терезесіне іліп қойды. Ол ТУды 30 мың теңгеге сатып алған екен. Спорттың шын жанкүйері, қазақ үшін қуана алатын ПАТРИОТ!!! Осындай ұлтжандылығы үшін 394 400 теңге айыппұлдың салынуы барып тұрған ақымақтық емес пе?.. |
2 |
Полиция қызметкерлері
|
Оу, айналайындар!!! Біреудің терезесінде тыныш қана желмен тербеліп тұрған жалауда нелерің бар?.. Мен нақтысын айтайын: 1-наурыз күні сағат түнгі 00:42 Дәл Абай көшесінің бойындағы ашық алаңда есалаң қыз бен жігіт салют атты тарсылдатып. «Біреудің көлігі жарылып кетті ме...» - деп шошып ояндым. 7-8 минуттай жарқылдатып тұрып жақты оттарын. Жексенбі болатын. Жұрттар суға түсіп, киімдерін дайындап дүйсенбілік жұмыстарына кешігіп қалмайын деп ерте жатты ұйқыға. Бала-шағалары тағы бар балабақшаға ерте баратын. Ал, анау есерсоқтар көшенің қақ ортасында тыныштықты бұзып фейерверк ұйымдастырып қарап тұрды. Оған қоса, күнделікті ралли өткізеді қағынған немелер. Тыныш ұйықтау мүмкін емес. Қиқ-шиқ еткізіп газды аямай, артынша тормозды басып кеп қалады. Күні кеше үстерінен түстік. Өңкей орыс жиналып алған, арасында шаштары селдіреп блондинкалары жүр. Мына жерден біреуі шығып: «Братан, былай өтіп кетші ...» - деп қоятынын қайтерсің. Солар ғой тыныштықты бұзып жатқан, сондайларды ұстап айыппұл салмайсыңдар ма??? Бұл бір ПАРАДОКС: полицейлер даңғыр-дұңғыр етіп шулап жүргендерді көрмейді де, тыныш қана ілініп тұрған жалауға ұрынады. |
3 |
Алтынай Жорабаева
|
Менің жазбамды репост жасап, өз парақшасына қойғаны үшін жазғыруға бола ма Алтынайды?.. |
4 |
Маржан Сұлтанбай |
«Нестандартно» ойлайтын экс-журналист, қазір ешқандай телеарнаның қызметкері емеспін. Бұл пост үшін өзім ғана жауаптымын! Және өз парақшамнан дәл осы жазбаны алып тастамаймын! Спортшылардың құлағына алтын сырға: маған қандай боқтық сөз жазсаңыздар да – көңілім баяғыдай! |
5 |
Спортшылар |
Суда жүзгіш спортшылар ә дегеннен-ақ: «Тупая пизда... овца...ебать...» - деп коммент жаза бастады. Өздерінің шетел көріп жүргендерін көрсетіп... өте мәдениетті халық екен, бұрын суда жүзгіштерді танымаушы ем. Өзімнің суда жүзе алмайтыныма қатты қуандым: біраз ақыл сумен шайылып кете ме, қалай?... сондағы бұрқан-талқан боп ренжіп жүргендері: «КӨТЕН» деген сөз. Ой, күлкім пришла болды-ей))))))) Көтен – орысшасы «задница, жопа» . Әрине, сәл жұмсақтау «құйрық» деп жазуға болар еді. Бірақ, құйрық деген «хвост» боп кетеді ғой аударсақ. Қызық! «Ебать...пизда...» - деп жазып жатқан қыздар деймін дАААа, біздің таза қазақша КӨТЕНімізге неге сонша ренжиді?.. Оу, бұрын әжелеріміз: «Ананың келіні көк иненің көтін түртпейді...» - деп қолынан түк келмейтін әйелдерге бұртаңдап отыратын. Аталас бауырларды да «бір көттен шыққан» деп айтып отырады шалдар. Жағымпазданса «көтке кірді» дейміз, біреудің сырын ашып қойса «көтін ашты» дейміз, тым қысқа көйлек киген қыздарға «көтінің басына келтіріп көйлек киіпті» дегенді естімеп пе едіңіздер?.. Мақтанса «көті шелектей болды», дамыл таппай зыр жүгіріп жүргендерге «көті жер иіскемей жүгірді» дейміз, «Көтін жыртып айқайлады» деп те айтамыз. Иә! Иә! Айтамыз! Аяқ астынан супер-гипер-мега мәдениетті бола қалғыш қазақтардың шығатыны да белгілі: «Ой, жооооқ... ондай сөзді айту ұят қой...» - деп. Ондай мәдениеттілер тіпті ҚАТЫН деген сөздің өзін әлі күнге дейін «этикалық норманың бұзылуы» деп түсінеді. Негізі мен спортшыларға тиіскім келген жоқ-тын. Олардың еш кінәсі жоқ екені бесенеден белгілі ғой. Оларға киім тіккен дизайнер, ол киім үлгісін бекіткен басшылықта бар жауапкершілік. Тек... спортшы қыздардың боқтық сөзбен коммент жазғандарына кәдімгідей қарным ашты. Оу, көкебастар! Шетелге шығып, елдің абыройын көтеріп жүрміз деп міндетсіне бермеңдерші! Өздерің таңдадыңдар, өздеріңнің суда жүзгілерің келді, құрамаға сендерді мәжбүрлеп ешкім тыққан жоқ. Енді сонша боқтанып жазатындай дүниелерің күйіп кетті ме?.. Анау түрсилеріңнің көтендеріңді жауып тұрғаны өтірік пе?.. Мен соны ғана жаздым. Оған неге ренжисіңдер?.. Әрине, біреудің көтенінде жабысып тұрғанша, маған Көк Туымыздың балконда, ТАЗА АУАДА, желмен бірге тербеліп,желбіреп тұрғаны әлдеқайда артығырақ! «Заңды білмейсің!» деп мені айыптамаңдар! Маған Заңды егжей-тегжейлі түсіндіруі тиіс полиция қызметкерлері сауатсыздау болса, мен бе екен кінәлі??? Сосын... менің «ПАЖАЛЫСТА» деп жазғаныма орыстың желбір шаш бір шүйкебасы қарайған сөз жазып тастапты. Өзі бір ауыз қазақша білмейді, ал мен болсам олардың Пушкиндерінің шығармаларын жатқа білем. Сонда кім «МАМБЕТКА» бұл жерде?.. Ұлт-ұлтқа бөлінген дұрыс емес, бірақ, кейбір орыс екештерге: «Шаңыраққа қара, әкеңңңң....» - деп айтқым келеді. Святослав-Кутузовтарың емес, бұл жерді Қабанбай-Бөгенбайлар қорғаған. Мен солардың ұрпағымын! Қазақтың жерінде тұрып, қазақтың тілін «мамбетизм» деп санайтындарға айтарым: ӘРІ ОЙНАҢДАР!!! Қазақтың жерінде тұрып, қазақты менсінбейтін болсаңдар – шекара ашық! Сендер елдің намысын шетке шығып қорғап жүрген болсаңдар, мен – салық төлеп отырған Қазақстанның бір азаматымын! Айналып келгенде, халықтың төлеген салығы арқылы Үкімет спортшыларға қаржы бөледі. Соны ұмытпаңдаршы, айналайындар!!! |
6 |
Халық |
Пікірін ашық айтуға құқылы!!! Спортшы қыздардың бірі Айнұр Керей: «Дорогие жабайылар!» - деп жазыпты.
Егер спортшылар қара халықты ЖАБАЙЫ деп есептейтін болса, олардың «Қазақстан үшін!» деп шетелге чемпионатқа шыққандарының құны көк тиын емес пе?.. Қазақстанның басты байлығы – халқы!!! Конституцияны ашыңдар! Оқыңдар! Спортшылар: «Қазақстанның намысын қорғап жүрміз...» деп сыртқа шығып көкірегін соққылап көкігенмен, елде жүргенде халқын сыйламайтын болса – не мәні қалды суда жүзгендерінің??? |
Елбасымыз екі сөзінің бірінде: «Халқым! Халқым!..» - деп отырады. Есімін ешкім білмейтін бір спортсмен қыз бізді «жабайы» дейді. ЯКОБЫ біздің намысымызды қорғап жүрген спортшыларымыздың түрі осы...
Ескертпе: автор жауапты әр сөзіне. Редакция жауапкершілікті мойнына алмайды.