misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Altyn Sapar11:00 Такая "правильная" светскость Anuar Kabiden, сөзімді бұрмалаудың қажеті қанша? Ашу дұшпан демекші, ашу-ызадан аулақпыз. Бірақ Сіз мені түсінбеген сияқтысыз, не сөзімді басқа жаққа бұрмалап жатырсыз. Тарих пен ата-баба дәстүріне келетін болсақ, бағзы заманда әжелеріміз 12-13 жасында тұрмыс құрып барып, орамал таққан. Оған дейін орамал тақпаған. Ал қазіргі заманда, заң бойынша кәмелет жасқа (18 жас) толғаннан кейін ғана тұрмыс құруға рұқсат берілген. Дәстүр бойынша жас келін үйлену тойында басына сәукеле киіп, келін болып түскен үйде қазақи байланған орамал тағып, ал сыйлы жасқа толғанда апа-әжелеріміз кимешек тағып отыратын. Бойжеткен басы бос қыздарымыз шаштарын өріп, шолпымен безендірген болатын. Енді қазіргі заман қыздарының киіну мәнеріне көшетін болсақ, әр адам өз тәлім-тәрбиесіне қарай киінеді. Орамал тақпай-ақ жақсы, таза, биязы әрі қарапайым киініп жүрген қыздарымыз қаншама. Бұл жерде отбасы тәрбиесі орасан зор рөлге ие. Адамның сенімі мен иманы жүрегі мен іс-әрекетінде болуы шарт. Өз ойым, зайырлы қарапайым киім киген қыздарымызға топырақ шашудың қажеті жоқ. "Бес саусақ бірдей емес", ақ пен қараны ажырата білу қажет. Балаға орамал тағам деп асықпаңыздар, халықта мынадай сүбелі сөз бар: "асыққан шайтанның ісі". Ең бастысы бұл жерде баланың балалық шағы дұрыс өтіп, заманға сай зайырлы сапалы білім алуы.https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17652/
Anuar Kabiden12:13 Такая "правильная" светскость Altyn, қайсы сөзге ызаңыз келіп тұрғанын түсінбей ақ қойдым. Жеке өзіңізді, не қыздарыңа орамал тақпағандарды ақымақ, нақұрыс деп балағаттанды қайсы жерден оқып отырсыз? Ал сіздің жас қыздарымызға орамал тағу надандық десеңіз, қай жастан бастап адал іс болатының айта аласыз ба? кәмелетке толып, отау құруға дайын болған мұсылман қыздарға орамал тағу парыз. Бұл біз бен сіз ашып отырған жаңалық емес, атам замаңнан келе жатқан шариғат талабы. Ешбір мазхаб оған қарсы шықпайды да, шыға алмайды. Егер де тарихымызды жақсы оқыған болсаңыз, қыздарымыз ерте жасынан ақ отау құрып, 25-30 жасында киіз тігетін апа атанғандарынан хабардар болушы едіңіз. Ал ендеше, осы сөзіме көңсеңіз, балағат жасқа толмаған бүлдіршіндеріміздің басын бүркіп орамал тағудың не пайдасы бар деп сұрайсыз ғой. Оған айтарым, нағыз халқымызға жанашар болған сіздей жанның, "бала жастан", "баланың тәрбиесі бесіктен басталады" деген ұғымдардан бейхабар емессіздігіңіз аңық. Соған орай қазіргі қасқыр заманда болашақ ана, ертеңгі күнде бір қолымен бесік тербететіп, екінші қолымен ел болашағын тербететің қыздарымыздың абыройын барынша сақтап қалу амалымыз. Оған біреуге ақыл айтып, ол үшін біреуден рұқсат сұрайтын жағдай емес. Әр ата-ананың өз шешімі. Ақылға келейк десеңіз, осыған тоқталайық.
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 94 гостя

Тәубешілдік: банка

с нами с 27 ноября 2012

Атақты кеңестік банка есіме түсіп отырғаны... Кәдімгі банка. 

90-шы жылдардың ортасы (біз ол кезде қаладан жетпіс шақырымдай жердегі Қаракемер деген ауылды мекен етеміз. Иә, иә, әлгі "вайенчасты" мен жүзімі бар жер). Ауладағы алақандай жерге мамам шөп қылтиысымен көк-сөк егіп, қимылдай бастайды. Анда бір, мұнда бір өскен жеміс ағаштарын күтімілдейді. Шақырайған күн астында екі бүктетіліп жүріп оларды отайды, суғарады. 

Күзде сахнаға үш немесе екі литрлік банкалар шығады. Шақырлап тұрып сумен жуылған пәтшағарлардың қашаның басына қадалып-қадалып қалғанын қызықтаушы едім. 

Мен оларды жақсы көретінмін. Себебі, күн суып, жер-көкті қара суық алып, ел дірдектеп жүргенде, мамам қалың киініп, қолына шамын алып, жерқоймаға түсуші еді. Әке-шешеме бұл күнделікті күйбе тірліктің бір ғана көрінісі болса да, мен апамды (кішкентай кезімде солай атайтынмын) әлдебір алыс елге, ертегіде ғана кездесетін қиын-қыстау сапарға кеткендей қабылдайтынмын. 

Сырты шаң, қақпағы қырық қарақшының қазынасын күзеткен үңгірдің есігінен бетер тарс жабылған, ішінде сол қоймадан артық байлық бар (әрине, мен үшін) көк-жасыл банка қалың қар, азынаған жел, ұлыған боран ортасында отырған құлына Жаратушының аяп жіберген рахымындай еді-ау. Әйтеуір, сол банканың ішінен шыққан құлпынай (өрік, алма, шие - қалағанын сызып алыңыз) тосабын қаңылтырдағы май деуге келмейтін қоспа мен нанның үстіне жағып жеген сұмдық тәтті болатын, әлдебір позитив сыйлайтын, бір сәтке алыстап кеткен үмітті қайта жетелеп әкеліп, қоыңа ұстатын. 

Қара шайға қантты қырып салып отырсақ та бұл қыстың да өтерін сезініп, аз ғана шыдасақ көктемге ілігетінімізді ойлап, жымың қағып, қопаңдап қалушы едім. Жарықтың бар-жоғына қарамай ("Ильич шамына" дейін өлшеп "ішіп", өлшеп "т...п" қанды ішетіні естеріңізде ме?), әкем бір жақтан домбырасын алып музыка әлемінде мүлдем жоқ, сол сәтте ойына келген "күйін" тартып, мамам әдемі даусымен әнін айтып кететін-ді.

Үйдегі "қырық қалмаққа" тосап қайнатып беру үшін әйелдердің көршілерінің, таныстарының артық-ауыз банкасына жиендік жасап, алып кетуі де айып емес еді.

Сол кезден қалған қырық құрау естелік атақты "90-шы жылдар дегенде" алдымен ойға бір шелек ұнды оралтады. Көрші ауылда сабақ беретін мамам әлденеше ай жалақы алмай, қысылып жүргенде үйге бір күні ұн алып келгені бар еді. 

Аузың қайсы десе мұрнын көрсететін жаста болсам да іштей қуанып, керемет шаттыққа бөлендім сонда.

Иә, ол кезде орта мектептегі мұғалім мен мәдениет үйінің күзетшісі үшін қиын күндер орнаған-ды...

Көргенім көп, түйгенім одан да артық демеймін. Бірақ, кей-кейде кезінде асүйдің төрін бермейтін түрлі көлемдегі банкалардың әр жер-әр жерде шоңқиып, бір бөксесін сүйретіп немесе быт-шыт болып шағылып жатқанын көргенде жаным ашып кетеді. Себебі, мен оларды жақсы көруші едім...

Баршылық замандамыз, барымыз мен тәубемізден айырмасын. 

Твиттерда тілдесемін десеңіз, мінеки: @qisyq

Теги:
общество
«Матильда»: сказка про царя
27 октября 2017
GONZO
просмотров: 51
Скандал, разразившийся вокруг нового фильма Алексея Учителя, к самой «Матильде» имеет мало отношения
23 советских деликатеса, которые мы обожали в детстве
26 октября 2017
GONZO
просмотров: 76
Время неустанно течет, перемены коснулись и кулинарных предпочтений

Комментарии

yerbol89
04 Май 16:33 # ответить
:) Осы банкаға талай мәрте ЮПИ дайындап ішкен едік... Одан қалғанын жалап, тіліміз қып-қызыл қылып мәз болып тайраңдайтынбыз.
Ляззат Подаренка
05 Май 20:11 # ответить
Рахмет, оқуға оңай, қызықты жазылған ...
Ербол Азанбек
27 Май 16:43 # ответить
Банкіні еске алу) Қызық, әдемі жазба.
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_933 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_933', { type: 'blog', node_id: '933', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });