misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Altyn Sapar11:00 Такая "правильная" светскость Anuar Kabiden, сөзімді бұрмалаудың қажеті қанша? Ашу дұшпан демекші, ашу-ызадан аулақпыз. Бірақ Сіз мені түсінбеген сияқтысыз, не сөзімді басқа жаққа бұрмалап жатырсыз. Тарих пен ата-баба дәстүріне келетін болсақ, бағзы заманда әжелеріміз 12-13 жасында тұрмыс құрып барып, орамал таққан. Оған дейін орамал тақпаған. Ал қазіргі заманда, заң бойынша кәмелет жасқа (18 жас) толғаннан кейін ғана тұрмыс құруға рұқсат берілген. Дәстүр бойынша жас келін үйлену тойында басына сәукеле киіп, келін болып түскен үйде қазақи байланған орамал тағып, ал сыйлы жасқа толғанда апа-әжелеріміз кимешек тағып отыратын. Бойжеткен басы бос қыздарымыз шаштарын өріп, шолпымен безендірген болатын. Енді қазіргі заман қыздарының киіну мәнеріне көшетін болсақ, әр адам өз тәлім-тәрбиесіне қарай киінеді. Орамал тақпай-ақ жақсы, таза, биязы әрі қарапайым киініп жүрген қыздарымыз қаншама. Бұл жерде отбасы тәрбиесі орасан зор рөлге ие. Адамның сенімі мен иманы жүрегі мен іс-әрекетінде болуы шарт. Өз ойым, зайырлы қарапайым киім киген қыздарымызға топырақ шашудың қажеті жоқ. "Бес саусақ бірдей емес", ақ пен қараны ажырата білу қажет. Балаға орамал тағам деп асықпаңыздар, халықта мынадай сүбелі сөз бар: "асыққан шайтанның ісі". Ең бастысы бұл жерде баланың балалық шағы дұрыс өтіп, заманға сай зайырлы сапалы білім алуы.https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17652/
Anuar Kabiden12:13 Такая "правильная" светскость Altyn, қайсы сөзге ызаңыз келіп тұрғанын түсінбей ақ қойдым. Жеке өзіңізді, не қыздарыңа орамал тақпағандарды ақымақ, нақұрыс деп балағаттанды қайсы жерден оқып отырсыз? Ал сіздің жас қыздарымызға орамал тағу надандық десеңіз, қай жастан бастап адал іс болатының айта аласыз ба? кәмелетке толып, отау құруға дайын болған мұсылман қыздарға орамал тағу парыз. Бұл біз бен сіз ашып отырған жаңалық емес, атам замаңнан келе жатқан шариғат талабы. Ешбір мазхаб оған қарсы шықпайды да, шыға алмайды. Егер де тарихымызды жақсы оқыған болсаңыз, қыздарымыз ерте жасынан ақ отау құрып, 25-30 жасында киіз тігетін апа атанғандарынан хабардар болушы едіңіз. Ал ендеше, осы сөзіме көңсеңіз, балағат жасқа толмаған бүлдіршіндеріміздің басын бүркіп орамал тағудың не пайдасы бар деп сұрайсыз ғой. Оған айтарым, нағыз халқымызға жанашар болған сіздей жанның, "бала жастан", "баланың тәрбиесі бесіктен басталады" деген ұғымдардан бейхабар емессіздігіңіз аңық. Соған орай қазіргі қасқыр заманда болашақ ана, ертеңгі күнде бір қолымен бесік тербететіп, екінші қолымен ел болашағын тербететің қыздарымыздың абыройын барынша сақтап қалу амалымыз. Оған біреуге ақыл айтып, ол үшін біреуден рұқсат сұрайтын жағдай емес. Әр ата-ананың өз шешімі. Ақылға келейк десеңіз, осыған тоқталайық.
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 115 гостей

Альпинистің ойлары

1016
с нами с 27 мая 2013

Әуежайда отыр едік. Залдағы экраннан белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев қатысқан жарнамалық роликті көрсете бастады. Қасымда отырған бейтаныс кісі альпинистің қазақылығын сынай бастады. «Бұл қазақ емес» деген сөздерді естіп қалдым. Сынды қазір екінің бірі айта беретін болды ғой. Қазақ туын әйгілі шыңдарға желбіреткенінің өзі ұлтжандылығы емес па деп ойладым, іштей. Үйге келген соң, интернетті қарап, Жұмаев туралы ақпарат іздеген едім. Біраз ақпарат шықты. Айтқан ойларына қарап, оның қазақылығына еш күмәнім қалмады.

Мақсұт Жұмаев - қазақтан шыққан тұңғыштардың бірі. Олай деуге себеп – ол әлемдегі барлық «сегізмыңдық» шыңдарды оттегі құралынсыз бағындырған тұңғыш қазақ.  Мұндай үлкен қатерге бас тіккен әлемдегі 12 альпинистің бірі. Әлемдік деңгейде жетістікке жеткен санаулы алыптың бірі.

Оны тілі бөлек дегенмен қазақылығын сақтап қалған, ұлты үшін мақтанатын ұлтжандылардың бірі.  «Алып адамның» алтын ойларын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақ таудың алыптығын түсінген. Мәселен, «Хан тәңірін» қастер тұтқанда, оның Қазақстанның ең биік нүктесі екенін білген жоқ қой. Бірақ, соған қарамастан оның биіктігін сезіне білген. Нарынқол жақтан келе жатқанда, қасқырдың тісі сияқты ақсиып, күн батқанда қан қызыл түске боялады. Өте әдемі! Гималайда тұрған үндістер, непалдықтар «таудың басында құдайлар өмір сүреді, олардың шырқын бұзуға, шыңға шығуға болмайды» дейді. Ал қазақтар керісінше, бір біріне тілек айтқанда «биіктерді бағындыр, шыңдарға өрлей бер», деп тілек айтады.

Қазақ екендігім мені үнемі қамшылап отырды. Менде альпинизмде жетістікке жеткен  «алғашқы қазақ» атану сияқты менмендік те болған емес. Менің қолымнан бұл іс келетініне ғана қуанам. Мақтан тұттым!

Спортта да сегіз мыңдық шыңға шығу мүмкіндігін елдегі титулды ұлттың өкілі болғаным үшін берілгендігін айтқандар табылды. Әрине, бұл менің көңіліме келді. Сондықтан үнемі өзіме және командаға жайдан-жай алынбағанымды дәлелдеуге тырыстым. Бүгінгі күнге дейін солай істеп келемін. Ал қазақ  болып өмірге келгеніме ризамын.

Менің білетінім: адам қайықты алып, ашық мұхитқа шығуы керек. Содан кейін сол әлемге сіңісу керек. Жер шарының ең үлкен сахараларын жалғыз өзі жүгіріп өткен Марат Жыланбаев солай істеді. Ол – әлем адамы. Мен де сол әлемге сіңістім. Бірақ бойымдағы нөл бүтін миллиондаған бір түйір бөлшек – қазақтығым қалған пайыздарды жеңіп, қазақ екенімді мақтан тұттым. Катмандуда, Альпы дүкендерінде: «кәріссің бе, әлде жапонсың ба?» деп сұрайтындар бар. Мен үнемі: «Қазақпын!» деп жауап беремін. Әлемге өзімнің қазақ екенімді мақтанышпен көрсете аламын. Әркім құрметке ие. Бәріміз бір клеткадан жаралған Жердің баласы екенімізді түсінеміз. Соны біле тұра – қазақ екеніңді ұмытпауым керек… Мұны Қазақстанда туып-өсіп, осы жерде тұрған кезде толық сезіну қиын.

Өзіңді қазақпын деп сезініп, өз ісіңді бәрінен де жақсы істеу – патриоттық. Не істесең де: киім тік, адам емде – басқалар ісіңе дән риза болып, шын ниетімен: «рахмет!» десе, патриоттық деген – осы. Сонда адам өз жеріне, қоғамға, ұлтына қажеттігін түсінеді. Базардан «Қазақстан құрамасы» деген жазуы бар куртканы сатып алу – бір бөлек, ауыр жаттығу арқылы Қазақстан құрамасына еніп, олимпиада ойындарында алтын медаль алу – екінші басқа. Тоқтар Әубәкіров үлкен өмірлік жолдан өтіп, ғарышқа ұшты. Ол ұлттың ұрпақ жалғастығын жақсы түсінді.

Қазақтың баласы болғандығы, ата-бабамыз қазір Қазақстан деп аталатын осы жерді сақтап қалғаны – мақтаныш. Менің астымдағы мәшинемнен өзге ештеңем, меншігімде ұлтарақтай жерім де жоқ. Бірақ қазақтың бүкіл жері – менікі! Оны ешкімге бермеймін! Оған ауыз салғысы келетіндердің желкесін үзуге даярмын. Өйткені оның құнын жақсы білемін. Оны менің бойымдағы аталардың рухы айтады. Қазақтар үшін атамекен, әулет, отбасы – ең қастерлі ұғымдар.

Бұл – менің жаратылысым, ұлтыммен өзімнің тоғысуымның, бірлігімнің көрінісі. Менің патриоттығым – осында шығар.

Адам таудың басында тұрып, үлкен мақсаттар қойып, өзі содан қорықпағанда, тағдыр соған жетуге мүмкіндік береді. Адамдар отбасымен, жерімен, тарихымен үйлесімді тіршілік кешкені абзал. Біз жақсы ұлтпыз! Ешкімнен кем де, артық та емеспіз. Өйткені, бәріміз бірдейміз.

Бірақ біздің өзгешелігіміз де бар: көзіміз қысыңқы, қазақ тілінде сөйлейміз, өз тарихымыз бар. Қанымыз бен генімізге құлақ салуымыз керек. Дәл қазіргі таңда әлемге қазақ екенімізді көрсетуіміз маңызды.

Мен қазақпын ғой. Сондықтан қашан да еркіндікке жаны құштар адамдардың жолын таңдаймын. Бұл жол – нағыз сол еркіндікті сүйетіндердің жолы. Оның үстіне, биікке (альпинизм туралы-ред.) ұмтылғанның несі жаман?! Өзің жан-тəніңмен сүйетін дүниеден қалай жалығуға болады. Əрі бұл менің қолымнан келетін іс.

Басқа саланы білмедім, бірақ альпинизм бойынша әлемдегі осы сала мамандары, яғни бізді көргендер, танысқандар қазақтардың досын жолда қалдыр­майтынын, қолдан келер бар көмегін аямайтынын біледі. Тіпті, тауда қасыңдағы серігің жүре алмай, қиналып қалған жағ­дайда да бірінші болып шыңға шығамын деп ешбір қазақ басқа мемлекеттің өкілін жолда тастап кеткен емес. Осындай ұсақ көріністердің өзі басқа елдің Қазақстан туралы ойын өзгерте алады.

Көптеген жағдайлар болып жатады. Топтың алдында жүріп жіп іліп отыру қажет болады. Бұл өте ауыр және жауапты жұмыс. Міне, осындай істерге көбінесе қазақтар кіріседі, қанша қауіпті болса да көш бастайды және ол үшін жеңілдік немесе ақы сұрамайды. Бұл жайдан-жай емес. Бұл Кеңестік альпинизм тәрбиесінен қалған. Ал біз – барлығымыз Кеңестік адамдардың қандай болғанын білеміз. Ол – теңгені емес адамдық қасиеттерді, құндылықтарды жоғары қояды. Міне, осындай ұлттық болмысымызбен-ақ біз еліміздің имиджін қалыптастырып келеміз.

Альпинизм бойынша ең биік шыңдарға шығу жағынан ал­ғанда Қазақстанның беделі өте жоғары. Себебі, Қазақстандық альпинистер нәти­желі еңбектерімен өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Статистикаға көз жүгіртсек, әлемдегі барлық биік шыңдарды бағындырғандар ішінде үш қазақстандық бар. Және осы үш Отандасымыз бұрын ешкім жүріп өтпеген жаңа және ең қиын жолмен әрі қосымша оттегі апаратын қолданбастан биік шыңдарға көтеріле алды. Дәл мұндай қадамға басқа ешбір ұлт өкілі барған емес. Төрт кәріс, төрт итальяндық, бір неміс, бір американдық бар екені рас, бірақ сонымен қатар, бірде-бір ағылшын және жапондық жоқ. Олар әлемдегі дамыған алпауыт мемлекет бола тұра, альпинизм жағынан ешқандай жетістікке жете алмаған. Ал Қазақстан бұл сала бойынша әлемде 1-ші орын­да деп зор мақтанышпен айтуға тұрарлық. Бірақ бұл жайлы өзіміздің табиғи ұяңды­ғы­мыз­дан айқайлап айта алмаймыз. Бір жағынан біздің ұяңдығымыз, яғни мақтаншақ еместі­гіміз де қазақтың ізгі қа­сиеттерінің бірі деп есептеймін.

Өмірде белгілі бір биіктікті бағындырған адам ретінде Қазақстанның жастарына кеңес бергім келеді. Себебі, еліміздің жастары қатарында өзім де бармын. Біз–Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында өсіп, өмірімізді өз еркімізбен ұйымдастырып, жеке тұлға ретінде қалыптастырдық. Бұл қиынға соққан жоқ. Себебі, мемлекет бізге сенім артып, бүгінге дейін жастарға қолдау жасап келеді. Осы орайда жастарға: «Басқаға жалтақтамай, ешкімге арқа сүйемей, алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылыңдар», – дегім келеді.

Кез келген адам өзіне ұнайтын ісімен айналысып, сол саланың маманы, хас шебері болғысы келеді. Кейбіреулер қарулы күштер құрамына енсе, енді біреулер медицина саласын таңдап, болашақта адамдардың өмірін сақтап қалатын білгір дәрігер болуды армандайды. Мен де кезінде спортты таңдаймын, осы жолда Қазақстанның Туын әлемнің биік шыңдарына шығарамын деп ойламаған шығармын, әйтсе де мен мұны жасадым және бұл үлкен мәртебе екенін сезіне алдым.

Жастарға да айтарым – кез келген алға қойылған биік-биік мақсатқа жету үшін бар күш-жігермен тырысу қажет. Әрине, материалдық жағдайды ойла­ған да дұрыс, бірақ туған Отаның бар екенін ұмытпау қажет. Біз, қазақ жастары, өз қолы­мызбен Отанымыз үшін көп нәрсе жасай аламыз. Ол қолы­мыздан келеді. Ел өмірінде өз қолтаң­б­амызды да қалдыруға мүмкіндігіміз мол және еліміздің тәуелсіз мемлекет болған кезеңіндегі тарихына үлес қоса аламыз. Ол үшін Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық пат­рио­тизмді басты мақсат етуіміз керек. Қиын жолдан өтіп, биікке көтерілу кезінде өзімнің Қазақстанның атынан шыққаным маған үлкен күш берді. Бойымды керемет бір сезім биледі. Осындай Отанға деген сүйіспеншілік әр қазақтың бойынан табылса екен деймін.

Әлемде Қазақстанға білікті спорт шеберлерінің табысы, инновациялық жаңалықтар немесе жаңа жобада жасалған құрылыс бойынша баға бермейді. Меніңше, басқалар қазақ­тарды көргенде, жақынырақ танып-білгенде ғана біздің еліміз туралы біле бастайды. Бүкіл әлемдегі адамдар бірдей, арамызда айтарлықтай айырмашылық жоқ, десек те, шетел­діктер қазақстандықтардың не істеп жатқанын, белгілі бір биік­терге қалай жетіп, адамдардың өмірде қандай екенін білгенде ғана біз әлемге таныла аламыз деп ойлаймын. Әр қазақстандық, әсіресе, жастар өздерін жеке тұлға ретінде тәрбиелесе, олар жаңалық ашудан қорқақтамаса екен деймін. Себебі, кез келген елдің болашағы тек алға қарап, жан-жағына жалтақтамайтын жастардың қолында екенін барлығымыз білеміз.

Жастар да Қазақстанның тарихы мен болашағы өздерінің қолында екенін сезінуі тиіс. Ең бастысы – өзіңе деген сеніміңді және ұлттық рухыңды жоғалтпау. Қазақстанда ел болашағына, қоғамдық шараларға белсенді араласып жүрген адамдар өте аз деп жатады. Шын мәнінде солай. Бірақ олар қарапайым халық қатарынан жоғары тұратын, өздерінің болашағы үшін алаңдамайтын адамдар. Себебі, болашақты өздері жасап жатыр. Сондықтан батыл қадам жасаудан тайсалмау керек, соған ұмтылу қажет. Мен де ауылдан, қарапайым отбасынан шыққан адаммын және үш күннен кейін омырауыма «Құрмет» орденін тағады деп болжамаған едім. Бұл әрине, менің өмірімде болған үлкен оқиға. Бүгінгі тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның жастары кез келген саланың биік шыңына шығудан қаймықпаса, жан-жағына жалтақтамай, нық әрі батыл қадамдарға барса екен деймін. Осы жолда сәттілік тілеймін!

«Матильда»: сказка про царя
27 октября 2017
GONZO
просмотров: 51
Скандал, разразившийся вокруг нового фильма Алексея Учителя, к самой «Матильде» имеет мало отношения
23 советских деликатеса, которые мы обожали в детстве
26 октября 2017
GONZO
просмотров: 76
Время неустанно течет, перемены коснулись и кулинарных предпочтений

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3043 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3043', { type: 'blog', node_id: '3043', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });