misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Viola08:02 Пенсионер из Алматы растит троих детей в сгоревшем доме Очень неприятно читать такие новости, а они к сожалению не редкость. И такое же может произойти с каждым, даже из-за какой-то случайности можно потерять все. А помощи от государства не дождешься, а если и дождешься то минимум через пол года, ведь надо же все заявления рассмотреть и решить стоит ли выделить жалких пару тысяч. Это конечно скорее фантастика, но я считаю что такие горе комиссии могли бы просто выползти и кабинета и съездить лично увидеть нужна человеку помощь или нет. Да и помощь от государства должна быть не только деньгами, если человек теряет жилье, то ему должны предоставить новое, сейчас же куча новостроек - https://novostroy.kz/, многие строятся по гос. программам, не думаю что заключить договор с застройщиком или организовать постройку домов для людей которые попали в такие ситуации это большая проблема для властей.
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 90 гостей

«Жағымпаздық қолынан келмейтіндер қиналып өмір сүреді»

с нами с 30 сентября 2014

Бұл тек бір ғана ұстаздың мәселесі емес. Бұл – біздің қоғамның мәселесі. Еліміздегі ұстаздардың мәселесі. Рас, осы күні қоғам болып Айманды күткен секілді болды. Әкімнің өзі «Әлия Молдағұлова» деп ат қойып үлгеріпті. Неге?    Қарасай ауданы, Жаңа тұрмыс ауылының ұстазы Айман Сағидуллаеваның «Мұғалімнің мүшкі халі.  Оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?» атты мақаласы қоғамды бей-жай қалдырмады. Алдымен «аbai.kz», «qamshy.kz», «ult.kz» сынды қазақ сайттары басып,  артынан «Қазақстан Zaman» халықаралық газеті, «Жалын» журналы, «Жас алаш», «Дат», «Қала мен дала» газеттері де жарыққа шығарды. Әлеуметтік желіде кеңінен талқыға түсті.  Республикалық «31 арна» , «Таң» телеарналарының негізгі нысанына айналды. Бұның бір ғана жауабы бар. Иә, бұл бүгінгі күннің өзекті проблемасы. Қоғамның қолбаласы болған ұстаздың жанайқайы. Оны шешіп беруге, «құтақаруға» шақырады. Біз Айманмен оның жалдамалы пәтерінде сұқбаттасқымыз келді. Алайда пәтер иесі сескеніп, үй маңына жолатпады. Ел-жұрттың назарында көше жиегінде тұрып Айманнан алған сұқбатымды ұсынамын. 

- Айман, бізге айтар қандай жаңалығыңыз ба?

- Бүгін (28.05)  мені мектеп директоры шақырып алып «ендігі әрі тиіспейміз» деді. Ешкім саған теріс сөз де айтпайды, жиналысқа салынбайсың деді. Білім бөлімі де тиіспейтін көрінеді. Бүгінгі менің ең үлкен жаңалығым осы.

- Аудан әкімі ше?

- Аудан әкіміне мен барған жоқпын. Директордың өзі барып келді. Келгеннен кейінгі әңгіме ғой осы.

- «Jetysunews.kz» сайтына берген сұхбатыңызға байланысты қандай да бір қысым  әкім тарапынан болған жоқ па?

- Жоқ. Нақтылап айтса, білмеймін. Жалпы, әкіммен одан бұрын кездескен болатынбыз. Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтен хат келгеннен кейін тексерді ғой бізді. Жалпы бүгінге дейін болып жатқан әңгіме  мені жұмыстан шығарайын деп жатқан кездегі екінші мақалаға байланысты. Бірінші мақала («Қоғамның қолбаласы») өз жайына қалды. Жұмыстан шығарылмайсыз, ешкім жиналысқа салмайды деді. Мен сол кезде де «мұғалімдерге артық жұмыстар бересіздер, билет бересіздер, елдің қызанағын санатқызасыздар. Бұның барлығы мұғалімнің беделін түсіреді», – деп айттым. Ол кісі түсінген сияқты болды. Үндемей отырды.

- Қызанақ пен қиярға дейін теріп кеттіңіздер ме?

- Терген жоқпыз. Біз барып санаймыз. Әкімшілік мамандарында сондай жұмыс, міндет бар ғой деймін. Халықтың «қанша түп қызанақ еккені, қанша түп қияр, оның сорты қандай, қанша түп алмасы бар, қанша бас сиыры бар, оның қаншасы қай жаста». Осының бәрін біз санап жазамыз. Бұл — әкімшіліктің қарапайым мамандарының жұмысы. Бірақ бұны біз жасаймыз. Каменкада «вахабистер» бір үйді жарып жіберіп еді ғой. Жаз айы еді. Біздің демалысымызды алуға ешкімнің хақысы жоқ қой. Демалысымызда мылтық санадық, үй-үйді аралап, машиналарының нөмірлеріне дейін жазып шықтық. Бұл шынымен де мұғалімнің беделін түсіреді. Үйлерді аралап: «Қанша түп қызанақ ектің?» — деп сұрасаң, адамдар «Сен оны не істейсің ?» деп күледі. Расымен де күлкілі ғой. 

Айманның шығарған өлеңі

- Биыл сайлау кезінде қандай қызмет атқардыңыздар?

- Жалпы  үш сайлауда жұмыс істегенмін. Ең алғашқысында 2005 жылы еріктілер қатарында болдым.  Еріктілер қатарында санаққа да қатыстық.  Ол кезде «ерікті» деген бейжигіне дейін жазып беріп, ақшасын да төлеген.  Кешегі сайлауда мен «ерікті» болған жоқпын. Бірақ тегін жұмыс жасадым. Осы жолы әкімшілік 4-5 еріктіні қызметке алды. Олар әкімшілікте отырды. Ал біз көше-көшені аралап,  сайлауға қатысушылар тізімін жасадық. Жеке куәлігін, ЖСК нөмірін тіркедік. Тұрақты мекенжайына шейін анықтадық. Кешке үйге келгенде қоңырау шалып: «Сенің мына көшеңдегі ана адам жоқ. Анықта», — дейді. Қайтадан жүгіріп кетесің.   Ол — бір. Екіншіден, сайлау кезінде шақыру билетін тараттық. Сайлау алдында директор мұғалімдердің барлығы сайлау күні жұмысқа шығады, бұйрық бар деген еді. «Мен де шығамын ба?» — деп едім. «Жоқ, сіз үйіңізде демала беріңіз», — деді. Бұл кезде менің сайлау алдында мұғалімдерді жұмысқа жеккенін жазған бірінші мақалам жарыққа шығып кеткен еді.

- Сіздің мәселеңіздің республикалық деңгейге көтерілуіне сайлау себеп болды ма?

- Бұл дау он күндік сенбіліктен басталды. Мен мұны дау деп емес, үлкен мәселе деп есептеймін. Он күндік сенбілікте қасымдағы мұғалімдердің қатты азап шеккенін көрдім. Түсте үйімізге жіберген жоқ. Таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс жасадым. Наурыз айындағы үш күндік сенбілікті патриоттық сезіммен істедім. Жұмысқа шынайы кіріссем, жақсы істеймін. Ер адамдармен қатар балтаны қолға ұстап, ағаштарды шаптық. Ал 4 сәуірден бастап бізді он күндік жұмысқа салды. Түсте тамақтануға үйге жібермеді. Директор өз қалтасынан ақша шығарып, тамақ алып келеді: бір бәліш пен бір хотдог. Соның біреуін алыңдар дейді. Бірақ мен оған көнбей, үйге барып түстеніп келемін. Менен басқа бір адам кеткен жоқ. Кешке дейін бір бәлішпен жүрді. Соның бәрін көрген соң,  қатты ойландым.

- Директор ақшаны өз қалтасынан шығарды делік. Жұмыс беруші — әкімдік. Сонда түскі асқа да ақша бөлмеген бе?

- Қазақ мал бағатын жалшысына да тамақ берген ғой. Адам адамды тамақ беріп жұмсайды ғой. Мұғалімдер кешке дейін аш жүр, бірақ біреуі тіс жарып айта алмайды ғой.

- Мұғалімдер неге өз құқығын қорғай алмайды? Өз құқығын қорғай алмаған мұғалім оқушыға не үйретеді?

- Бізде мұғалімдер әртүрлі. Жағымпаз мұғалімдер де бар. Олар жақсы өмір сүреді. Олардың ешқашан басшылыққа қарсы дыбысы шықпайды. Кеше телеарнада көрген шығарсыз. Біздің ұжымдағы жасы үлкен сыйлы кісі: «Екі  күн болса да істей береміз. Патриоттық сезіміміз бар», — деп тұр. Ал оның мұрнына сенбіліктің иісі де бармаған. Ол сенбілікке бір күнде тұрмақ, екі сағат та шықпаған кісі. «Таң» арнасында сөйлеген үш кісінің біреуі ғана сенбілікке қатысты, екеуі мүлдем болған жоқ. Ал олар үшін мен ұялып отырмын. Бізде тағы бір топ  мұғалімдер бар. Бұлар қорқақтар. Мен де қорқақ болдым. Осы күнге дейін мен неге үндемей келдім? Себебі «бір күн жұмыссыз қалсам, менің балам аш қалады» деп ойладым. Бар жанайқайымды күнделігіме тіздім. Өлең де жаздым. Жылап отырып жазған кездерім болды.

- Қорқақ болудың себебі өзінің кәсіби біліксіздігінде емес пе?

- Солай да ойлайсың. Негізі мұғалімдер құлдық санадан арыла алмай жүр. Бізді бір жерге қысып тастаған. Үніңді шығартқызбайды. Мына концертті көресің, мына газетті оқисың дейді.

- Қай газеттерді оқисыз?

- Біз оқитын «Заман жаршысы», «Огни Алаутау» т.б. Оның ішінде бізге керегі, пайдалысы «Білім шапағаты» бар. Ал ақшаны жалпы жинайды. Соңында қалған газетті кітапханашы апай келіп таратады.

- Қаншадан ақша жинайсыздар?

- Жалпы, күзде 11 мыңға жазыламыз. Алайда мен қалаған газетімді ала алмаймын. Артық газетті алуға менің жағдайым жоқ. Айына 4-5 мың концертке,  2 мың кітапқа кетеді.

- Кешіріңіз «қорқақ мұғалімдер» дегенім үшін, олар сізді қолдап жатыр ма қазір?

- Іштерінен барлығы қуанып жатыр. Бұрыш-бұрышта келіп: «Жақсы болды, Айман! Қалдырмашы осыны. Ары қарай алып баршы», —  дейді. Солардың көмегі тимесе де, айтқан сөздері кәдімгідей қолдау болады. Мектепте жалпы жұрттың алдында амандасуға қорқады.  Мектепке кіріп келе жатқан жасы үлкен мұғалімдер менімен амандаспай, артынан кабинетіме келіп: «Кешірші, қорқақ апайыңмын ғой», — деп амандасып кететіндер де бар.

- Бір жарым айдай болды, жан-жақтан қысым көрудесіз. Көңіл күйіңізде мәз емес. Осындай хәліңізден оқушыларыңыздың хабары бар ма?

- Менің оқушыларым хабардар. Қазір емтихан болып жатыр ғой. Бүгін мен сыныпқа кіргенде барлығы қол көтеріп «Апай, біз сізге болысамыз. Біз сізді жақтаймыз»,  — деді. Мен күліп: «Рахмет!» — дедім. Бірақ артық ауыз сөз болмады.

- Бұны айтқан қай сыныптың балалары?

- 8 сынып.

 -Әлеуметтің мәселесіне айналып үлгеруіне әлеуметтік желінің көмегі тиді ме?

 «Фейсбуктың» көмегі тиіп жатыр. Негізі, парақшамды бұрын ашып, бірақ пайдаланған жоқ едім. Мақалам сайт газеттерде шыққан соң, әлеуметтің талқысына түсіп жатты. Мені халық тани бастады. «Фейсбукты» ашып, пост жаза бастап едім, бірден назарға іліктім. Мені қолдайтындар өте көп екен. «Өтірік айтып отырсың» деген бір адам шықпады ғой.

- Мұғалімдер сенбілікте жүрген кезде оқушылар не істеді?

- Екі-үш сыныпқа бір мұғалімнен қарады. 18 сәуір күні үлкен сыныптың оқушылары сабақ өтті. Оқу ісінің меңгерушісі жоғары сыныптың оқушыларын бөліп тастады.

- Жалпы бүгін білім саласының ақсап жатқан тұсы — оқушының дұрыс білім алуына не кедергі?

- Дұрыс білім беруге кедергінің бәрі осында. Менің айтып жүрген мәселенің барлығы кедергі. Мысалы, мен кешке үйге келіп, ештеңеге алаңдамай ертеңгі сабағыма дайындалсам... Алайда, мүлдем олай емес.  Мен ертеңгі жұмысқа баратын жолақымды іздеймін. Қаскелеңге баратын ақша іздеймін. Аға, әпкемнің үйіне барамын. Обалына қалмайын, бүгінгі емес, бұрынғы оқу ісінің меңгерушісі оқу құжаттарын кезекші мұғалімге Қаскелеңге апартқызатын. Мұғалімнің өз ақшасына. Сонда кезекші болу үшін 500 теңге ақша керек. Бүгінгі тәрбие ісінің меңгерушісі бізді бұдан құтқарды. Күніне Қаскелеңге екі рет барса да, өз ақшасымен барады. Басқа мектептерде де сондай бар. Жасырын емес. Енді сіз ойлай беріңіз. Мен бүгін алаңсыз болсам, ақшаға бол уайымдамасам, кешкісін сабағымды дайындасам, демалсам, ел секілді дұрыс интернетке қолым жетсе, ешкімнің ұрысына, айғайына қалмасам, не киемін, не ішетінімді уайымдасам, ана жаққа жұмсау, мына жаққа жұмсау болмаса, әрине, менің сабағым жақсы болады.

- Қазір интернетте кейбір мұғалімдердің дөрекі қылықтары әшкере болып жатыр ғой. Бұл да мұғалімнің беделіне нұқсан келтіреді.

- Баланы тәрбиелеу ата-ананың, мұғалімнің міндеті ғой. Мен оқушы ұрған мұғалімді қолдамаймын. Бұл — мұғалімнің нашарлығы. Қандай жағдай болғанда да, мұғалімдікі дұрыс емес. Баланы ұру, намысына тиетін сөз айту — оның төмендігі. Менде ондай жағдай болған емес. Екіншіден, мұғалім жағын сөйлейтін тұстарым бар. Мұғалімнің жүйкесі жұқарған. Неге? Мысалы, директор шақырады. Ертең тексеріс келеді, осынша ақша дейді. Мұғалімде ол жоқ. Оған тап дейді. Қайдан тапсаң, содан тап дейді. Ол үйінде тамағы жоқ мұғалімге әжептәуір салмақ қой. Жолда «сенің ана оқушың сабаққа келмепті. Түсініктеме жаз», — деп завуч ұстап алады. Бұның барлығы әсер етеді ғой. Көшені арала да, мынаны тапсыр дейді.  Мысалы, екі жыл бұрын шамасында кешкісін 18.30-да әкімшіліктің бір жігіті келіп тұр бізге, мына әскерке шақыру қағазын таратыңдар дейді. Осындай жағдайдың барлығы адамның жүйкесіне тиеді. Өткенде қателеспесем, Ақтөбеде мектептің ішінде асылып,  еңбек пәнінің мұғалімі қайтыс болды. Директор «шағымданған  жоқ» деді. Мектепте неге асылды? Не айтқысы келді? Неге үйінде асылмады? «Жабулы қазан» сол күйі жабылды. Мұғалімге жасалған әртүрлі  қысымдардан кейін осындай жағдайлар   орын алады. Егер аналық сезімі бар мұғалім болса, ондай жағдайларға бармаушы еді. Ал бала қандай жағдайда тыныш отырмайды? Әрине, сабақ қызық болмаса. Ол да мұғалімнің осалдығы.

- Бұның барлығын істеп жатқандағы мақсатыңыз не? Бір қарағанда, әкіммен, директормен шайқас секілді.

- Әкім мен директор менің аяғыма тұсау ғана болып тұр. Мектептің, Қарасайдың атын шығарасың деп қорқытып-үркітіп, қайта-қайта жиналысқа салып жатыр. Алайда олар тоқтата алмайтынын білді. Фейсбук парақшамды көрді. Жалпы мұғалім мәселесінің жеке аудан көлемінде емес, республика көлемінде шешілгенін қалаймын. Ұстаздардың өмірі өте қиын. Жағымпаздар жақсы өмір сүреді. Жағымпаздық қолынан келмейтіндер қиналып өмір сүреді.

- Сіздің алғашқы мақалаңыздан кейін әлеуметтік желіде өз пікірін білдірген, яғни мен көрген тек әнші Роза Әлқожа болды. Ол жерде Роза ешқашан ешкімді  қинамағанын, әрқашан халық сұрауы бойынша концерт өткізетінін айтады. Жалпы, осы жөнінде тоқталсаңыз.

- Ауданнан Дәурен Саусақбаев деген азамат   кеше түндегі «Таң» арнасынан «Бізде билет берілмейді»,  – деп отырған.  Жалпы Роза болсын, Айгүл болсын, бұлар — менің есімде қалған концерттер. Қадірі жоқ әнші билетін зорлап өткізеді. Қадірі мол әнші билетін зарға жеткізеді. Билеті жетпей жатса, Концертін қайта өткізеді.  Неше жылдан бері концерттерге барып келеміз. Бармай-ақ ақшасын төлеп қалатынбыз. Артынан тексеретін әдетті шығаратын болды.

- Жалпы өзіңіз қандай әншілерді тыңдайсыз?

- Мейрамбекті, Қайратты, Жанар Айжанованы тыңдаймын.

- Олар концерт беріп жатса, өз ақшаңызбен барасыз ба?

- Олардың концертін айтпайды ғой бізге. Қайрат Нұртас келіп жатыр ма, Мейрамбек келіп жатыр ма, білмейміз. Мысалы, Қайрат Нұртас жиі береді екен. Тіпті, билет жетпеген соң, 2-3 күн өткізеді екен. Бірақ біз оны естімейміз (Күліп алдық).

- Сізге үй ұсыныпты, одан да бас тартыпсыз...

- Иә, үй ұсынды. Алдымен жер алып берейік деді. «Маған жердің де, үйдің де керегі жоқ. Мақаламда миллиондаған мұғалімнің тағдыры, қадір-қасиеті жатыр, сатылмайтын құндылықтар болады, мен сатылмаймын», — дедім. Үйге бола мен өз шындығымды өзім жұтпаймын ғой. Сосын мен де ақымақ емеспін. Олардың мақсаты — мақаланың барлығын жоққа  шығарту.

- Мектепте ақша жинау фактілері бар ғой?..

- Қазір менен ешкім ақша сұрамайды. Жақсы екен. Мұғалімдерге ұсынысым бар. Егер мен секілді өз құқықтарын қорғап шықса, ешкім ақша сұрамайды екен. Басқа кезде «тауып бер, тауып бер» деп желкеңнен алады ғой. Тіпті өзіңді қарыз қылып, мойныңа іліп қояды. «Ақша берген де, алған адам да тозаққа барады екен. Біз осы барлығымыз оптом кетеміз-ау», — деймін әлгі ақша жинайтын адамға. Ол да мен алмаймын ғой дейді. Қызық. Қазір мен анау анандай деп айта алмаймын. Өзі қазір бір нәрсе айтсаң, бәлеге қаласың. Ұсталмаған ұры емес қой. Өткен жылдары бір оқиға болды. Дәл кезекті демалысқа кетіп бара жатқанда, тексеріс, комиссия келеді деп, 10 мыңнан жина деді. 10 мыңнан жинатып, тыныш қойса болды ғой. Артынан қағаз шығарасың. Партфолио деген бәле шыққан. Оның барлығын толтырасың. Бұл жерде сенің балаға берген сабағың, білімің емес, қағаз ғана сөйлейді ғой. Бір айда көшірме жасату үшін 4500 теңге ақшам кетеді. Бір беті 10 теңге. Біз оны қарызға жасаймыз. Мұғалім жұмысын қарызға жасайды ғой.  Жалпы ақша бермей, мен кетіп қалдым. Сосын тамыз айында келсем, ақша жинайтын апай он мың теңгені сұрап тұр. Үйімде тамағым жоқ, қайдан алып беремін? Мектепке баруға бетімнен бастым. Әлгі апай телефоннан «ұятсыз екенсің» деп хат жазды. Мен одан нанға ақша сұрағам жоқ қой, ұятсыз дейтіндей. Енді ойлаңызшы,  40 мұғалімнен 400 мыңды қандай комиссия алып кетті? Келген комиссия 400 мыңдап ақша алып кете ме? Шыдамай кеттім де, учасковыйға қоңырау соқтым. Қалай, қайдан ұстатуға болады деп едім, «ит болып қаласың» деді. Бұлардың өзара байланысы бар деді. Мен де қойдым. Қазір ол адамдардың біреуі де жоқ. Жалпы, ай сайын ақша жинайтын сылтау табады. Құдды директордың жаңа жылы, 8 наурыз директордың ғана мерекесі, мектептің жалғыз әйелі сол ғана. Директордың туған күні,  25 мамыр тағы да директордың соңғы қоңырауы  т.с.с. «Абай.кз» сайтында менің мақаламның астында біреу мынадай пікір қалдырыпты. Мұғалімдер әкімшілікте таңға дейін кезекшілікте тұрады екен. Күзетші қайда қалды сонда?

- Қорықпай  сұқбат бергеніңізге рахмет. Ұстаздар қауымына қандай тілек айтасыз?

 - Құлдық қамытынан құтылса екен, соған асықса екен. Ертеңгі болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесіна алаңдаса, ойлайса екен. Ұстаздың бар уақыты тек білім мен тәрбие беруге ғана жұмсалса. Мұғалім ертең жолға қалай ақша табамын деп емес, оқушыға    тиімді білім берудің жолын іздесе екен. Менің арманым мұғалімнің өмірі «ертегідегідей» болса.

- Арман-тілектеріңіз орындалсын! Сіздің бастамаңыз қоғамның, төртінші билік –БАҚ назарында болады деген сенімдемін.

Осы серияның бірінші жазбасы.

Осы серияның екінші жазбасы.

Шай ішейік
24 мая 2016
Eldar Kurmanbayev
просмотров: 3037, комментариев: 1
Бүгінде бүкіл әлем оның ішінде Қазақстанда телеарналардағы ойын-сауық форматындағы бағдарламаларға жіпсіз байланған. Алайда кейде мұндай хабарлардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар болып жатады. 
«Түлкілер мен қояндар» қоғамы
26 ноября 2015
Асқар Ақтілеу
просмотров: 4597
Қояндар мен түлкілер тек Дариға Назарбаеваның ауласында ғана емес, қоғамда да өріп кетті

Комментарии

Olzhas Olzhass
03 Июнь 12:51 # ответить
Алған бетіңізден қайтпаңыз!
Айман Сағидуллаева Сағидуллаева   →  Olzhas Olzhass
03 Июнь 13:26 # ответить
Olzhas Olzhass, Рахмет сізге. Халық қолдап жатыр. Менің ғана емес Қазақстандағы бүкіл ұстаздардың мұңы. Қайтпаймын. Алла қолдаса бір жақсылық болар. Рахмет сізге. Айман Сағидуллаева
Gylshatay Abu   →  Айман Сағидуллаева Сағидуллаева
05 Июнь 15:40 # ответить
Айман Сағидуллаева Сағидуллаева, СІЗ батырсыз барлык устаздар сизди колдайды деп сенемин.
Саят Камшыгер
05 Июнь 16:36 # ответить
Айманға рахмет айтамын. Ашығын айтыпты, ашынып айтыпты. Бүгінгінің батыры. "Қорқақты қуа берсең батыр болады" деген халық даналығы рас айтады. Айманды түсініп отырмын, амалы қалмағандықтан, тұйыққа тірелгендіктен жүйеге қарсы шығып отыр. Білім, ғылым саласында мұндай былық-шылықтар болмауы тиіс! Осыдан мектеп директорлары, әкімшілік қызметкерлері сабақ алуы керек.

Бауыржанға да риза болдым.
Саят Камшыгер, Сізге рахмет. Мені қолдағаныңыз үшін.
Kazak Kyzy
05 Июнь 16:57 # ответить
Өкінішті, әрине, бірақ Айман әпкеміздің айтып отырғаны айна-қатесіз шындық. Ұстаздар қауымы өз құқықтарын қорғауға қорқады. Себебі жұмыстан шығарып жібереді деген үреймен өмір сүреді. Қазіргі еліміздегі мұғалім биліктің қолбаласы секілді. Оқушыға сапалы білім беруге қоғамдық жұмыстан қолы тимейді. Қашан ұстаз тек қана білім берумен айналысады? Бұл бетімен кете берсе, бізден қайдан білімді ұрпақ шығады. Ұстаздарды қоғамдық жұмысқа мәжбүрлеп тартуды, оларға күштеп билет сатуды доғару керек
Айман Сағидуллаева Сағидуллаева   →  Kazak Kyzy
12 Июнь 02:46 # ответить
Kazak Kyzy, Сізге алғысым шексіз. Мені қолдағаныңыз үшін.
Баха
11 Июнь 23:32 # ответить
Мұғалім - мемлекеттің тірегі

Біз, қасиетті Қарасай ауданының мұғалімдері мен мектеп басшылары қауымы « Жас Алаш» газетінің 2015 жылғы 28 мамыр № 42 санында жарық көрген « «Мұғалім- мемлекеттің құлы емес» деген мақаланы оқи отырып, өз наразылығымызды білдіргіміз келеді.

Мақалада жазылғандай, он күн бойы мұғалім қауымы мектеп көрмей сенбілікте жүрді деген жалған ақпаратпен мүлдем келіспейміз. Мектептерде бір күн де, бір сағат та оқу-тәрбие процесі үзілген емес. Мемлекеттік стандартты орындау білім ошағының бірінші міндеті екендігін әрбір ұстаз өзіне міндет санайды. Мақалаға желі болған Айман есімді мұғалімнің педагогикалық этика ұстанымы өз мұғалімдік дэрежесін өзі төмендеткендігі деп есептейміз. Барша ұстаз кауымына топырақ шашып, «құл» деп кемсітуі біздің ар-намысымызға кір келтіргендігі және қоғамдағы ұстаз келбетін түсіргендігі деп білеміз. «Су ішкен құдыгыңа түкірме» деп атам қазақ айтқандай, өз құдығына өзі түкіріп, жан жақтан теледидар шақыртып, жалған ақпаратты бүкіл елге жариялауы біздің де намысызды аяққа таптағандай болды.

Ал, енді концертке бару, кештерге бару эр азаматтың өз қүзырында. Бізді ешкім ешқашанда зорлықпен концерттерге билет алдырған емес. Әр адам мәдениетін, оз танымын кеңейтуге өзі мүқтаж болуы керек деп ойлаймыз. Сондықтан да мақаланың басты кейіпкерінің «мені зорлап билет алдырды» дегеніне сену қиын сияқты.
Айман Сағидуллаева Сағидуллаева   →  Баха
12 Июнь 02:24 # ответить
Багжан Тулегенов, Бағжан Төлегенов мырза!

Біріншіден бүкіл Қарасай ауданы ұстаздарының атынан сөйлеп қателесіп отырсыз. Бір адам бүкіл адамның атынан сөйлей алмайды. Мен мақаланы жазған күні 13- сәуір болатын. Өкінішке орай сенбілік 18-сәуірге дейін жалғасты. Өзіңізді-өзіңіз алдай алуыңыз мүмкін, алайда халықты алдай алмайсыз. Мен сенбіліктің 10 күндеп созылғанын дәлелдеп бердім. Мен өтірік айтсам халық қолдамас еді. Менің шындығымның бояуы қалың, халық қолдап отыр. Қандай мемлекеттік стандартты айтып отырсыз. 18-сәуір күні мұғалімдер болмағандықтан жоғарғы сынып оқушылары сабақ өтті. 20-сәуір күні сабақ мүлдем болған жоқ. Ұстаздарды "құл" деп мен кемсіткен жоқпын, құлдыққа салып басшылар кемсітті. Сол құлдықтан құтқару үшін білек түріп кірісіп те кеттім. Мен су ішкен құдығымды лас қоқыстар мен жиіркенішті әрекеттерден тазалау үшін жанымды салып жүгіріп жүрмін. Әкім мырза бүкіл мектеп мұғалімдерінен осылай маған қарсы әңгіме жазуды өтінгенін есітіп едім. Бұл іс-әрекетіңізден өзіңіздің төмендігіңізді ғана көрсетесіз. Неге ұлағатты ұстаздардың қадір-қасиетін бағаламайсыз? Неге бір сәт өз ұстазыңыздың қоқыс жинап жүргенін көзіңізге елестетпейсіз? Неге ұстаздарды қорғағыңыз келмейді? Қорғау қолыңыздан келмесе, неге менің аяғымнан шалғыңыз келеді? Қазір сатқындық жасамаңыз. Ұлттың болашағы ұстаздың қолында. Егер сатқындық жасасаңыз арыңыз бен намысыңыз мазалайтын болады.
Omarbek Beysaliev   →  Айман Сағидуллаева Сағидуллаева
12 Июнь 08:13 # ответить
Апырай, егер мына Бағжан Төлегенов деген азамат шынымен ұстаз болса, мұндай мұғалімнің қолына бала беріп, оған тәрбие мен білім бергізудің өзі баланың болашағына балта шабу, ұлтқа қастандық жасаумен тең емей немене!!!
Айман Сағидуллаева Сағидуллаева   →  Баха
12 Июнь 02:26 # ответить
Багжан Тулегенов,

Балаңыз бар ма? Нан таппаған күніңіз болды ма? Ауырған балаңызды жалғыз тастап концерттерде көңіл көтердіңіз бе? Мен концерттерге қызымды 38 градус ыстығымен жалғыз қалдырып талай барғанмын. Сізде ондай күндер болмаған шығар? Бірақ бүгін бар билік ертең жоқ, бүгін бар байлық ертең жоқ. Менің жанайқайым сіздің ертеңгі ұрпағыңыздың болашағының қамы. Мен халқым мен ұлтымды сатпаймын. Маған ештеңе болмайды. Халық қолдайды, Алла қорғайды. Сіз сияқты жағымпаздар мен өтірікшілер сорлайды. Басқаша ештеңе болмайды.

Қадірлі Бағжан мырза!!!

Айтпақшы мен өлең оқығанды жақсы көремін. Сізге де ұнап қалар деп үміттенем.

ТЖ-лар. Туфли жалағыштар.

Өз ойы жоқ өтірігі шындығын жеңіп кеткен азаматтарға арналған Мұхтар Шахановтың өлеңі.

Ей,қарт ТЖ, қамқорсынып тасыма,

Қарасаңшы сақалыңа, шашыңа,

Ел сенімін ақтағаның осы ма?

Атанғанша жалғандықпен ашына,

Беделіңді намысыңмен асыра,

Күлкі болдың қасың түгіл досыңа.

Биліктің лас көн етігін тіліңмен

Жалайтындай не күн туды басыңа?
Бауыржан Карипов
12 Июнь 02:17 # ответить
Багжан Туленов, сiз сухбат беруге дайынсыз ба?
Бота
12 Июнь 08:17 # ответить
Осындай жағымпаз тұлғалар тұрғанда әділеттік орнату аса қиынға соғады, айтып отырғаны Бағжанның шындыққа жанаспайды. Қазақстанның барлық жеріндегі ұстаздардың халі мүшкіл деп есептеймін.
Omarbek Beysaliev
12 Июнь 08:21 # ответить
Апырай, егер мына Бағжан Төлегенов деген азамат шынымен ұстаз болса, мұндай мұғалімнің қолына бала беріп, оған тәрбие мен білім бергізудің өзі баланың болашағына балта шабу, ұлтқа қастандық жасаумен тең емей немене!!!
Баха
12 Июнь 10:41 # ответить
Ассалямуалейкум, бул маселеге меним катысым жок. Бул кисини танымайм. Меним атымнан биреулер жазып жиберген. Отинем мени араластырманыздар!!!!
Бағжан Тулегенов. Қатысым жоқ дедіңіз бе? Ендеше сол мақалаға қайта жазыңыз. Шындықты ашып айтыңыз. Сонда ғана ел сенеді сізге. Сонда ғана сіздің атыңыздан жазып отырған адам өз былығынан шыға алмай қалады. Сонда ғана кім екеніңізді түсіне аламыз. Бұл іс жігіттігіңізге сын. Мен жауап күтем. Атыңызды да Баха деп өзгертіп үлгеріпсіз.
Lyazzat Nigmet
29 Май 12:07 # ответить
Айман апай, сізге қосылып үн қататындар аз емес. Аз ғана сабырлылық танытып, осы күреске шыдасаңыз, әлі-ақ жеңеміз. Қорқақ мұғалімдер қазір отыр, осы бар сағаттан айырылам ба деп. Алла көріп отыр ғой бәрін. Аман болыңыз!
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2957 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2957', { type: 'blog', node_id: '2957', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });