misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 86 гостей

Маржан: «Мен келе жатқанда мұғалімдер парольмен сөйлесіп, пора-порасы шығады»

с нами с 30 сентября 2014

Мектепте қызмет істеп жүріп басшыға пара бермейтін мұғалім жоқ шығар. Менің кейіпкерім 8 жылдың ішінде пара ретінде тек 2000 теңге берген. Артынан пара беруді тоқтатқан. Күштесе де бермеген. Өз құқығын, білімін заң жүзінде қолданған. Қалай дейсіз ғой?! Онда сұхбатты оқыңыз. Біздің қоғамдағы пара алушы мен берушінің бейнесі сипатталып, білім саласындағы өзекті проблемалар айтылады.

Маржан (өзінің өтініш бойынша аты-жөні өзгертілді), мектепте істеп жүргеніңізге 10 жылдай уақыт болыпты. Білім беру саласында, мектеп өмірінде  көңіл толмайтын жайттар кездесетін болар?

–  Мектепте көңіл толмайтын жайттар көп, солардың бірі – мұғалімнің білімсіз екенін көре тұра басшылықтың қабылдай беруі. Басшыға келешектің кепілі болар кемел білім емес, өзінің бір сәттік қомағай қарнының тойғаны керек. Мысалы, мен өзім куә болдым: мектепке бір қыз мұғалімдік жұмыс сұрап келді. Оған өз пәнінен тест берді. Ол берілген жиырма бес сұрақтың он екісіне ғана дұрыс жауап берді. Соған қарамастан, оны жұмысқа қабылдады және жоғары жүктемемен. Сонда білімсіз мұғалім қаншама болашақ гүлін солдыратынын басшы, басшының басшысы неге сезінбейді?

Сапалы білім беру үшін алдымен не қажет? 

– Сапалы білім қазір жаттанды тіркеске айналған. Оны әр мұғалім күн сайын сан рет қайталайды. Оған жету үшін ең алдымен мұғалімге толық жағдай жасап беру керек. Мұғалім папкасын емес, оқушысын көбірек ойлауы шарт. Одан кейін оқытудың кезекті үрдістері нәтижесінде сапалы білім қолжетімді болар еді. Ал қазір мұғалім көп тексеруден қорқып, қаһарға ұшырамас үшін, сабағын, яғни баласын бір шетке амалсыз ысырып тастап, қағаз кеміреді. Мұғалімді қағазбастылықтан аршып алып, бояма әсіреқызыл есеп берулерден тазартқанда ғана сапалы білім негізі қаланбақ.

Сапалы білім мен терең тәрбиесіз үрдіс. Алайда қазіргідей техника дамыған заманда оқушы өз бетінше «тәрбие алады». Ата-ананың қатаң бақылауынан шыққан немесе қадағалауға алынбаған бала тәрбиелік мәні жұрдай үнді телехикаяларының тұрақты көрерменіне айналып отыр. Өзім сабақ беретін 5-11 сынып оқушыларынан байқастап сұрағанымда, бәрі бір кісідей «Уәде беремін» үнді фильмін көреді екен, әрине, ата-аналарымен қатар отырып. Ал оның түнгі 23-30 дейін болатынын білесіз. Осыдан соң қайдағы терең  тәрбие?

Мектепте оқушылармен қоймай, мұғалімдерден де ақша жинау туралы не айтасыз?

– Оқушыдан ақша жинамайтыны туралы мұғалімдер арнайы қолхат жазып береді. Сөйте тұра түрлі қажеттіліктен, кейде қуана-қуана оқушылардан, яғни ата-анадан ақша жинайды. Сынып қоры (фонд) деген жабылды деп бекер айтады, өз басым әр сыныпқа сабақ берер кезде кіргенімде, балалар мен сынып жетекшінің сөзінің аужайынан сынып қоры жайлы айтып отыратындарын осы күнге дейін көріп келемін. Ал мұғалімдерден ақша жинау – мектеп басшылығының қанына сіңген ескі әдеті. Тіпті жалақы алған кезде «ана кітапты ал, мына журналды ал, ол саған ауадай керек» деген соқыр сылтаулардан басталып, «КРУ КЕЛЕДІ, ҚЫРАДЫ» деген «қатерлі қауесет» АЯСЫНДА ҚОМАҚТЫ СОМА ЖИНАЙДЫ. Айғаймен, қорқытып, үркітумен жинайды. Бермеген мұғалімнің соңына түседі. Мен өзім осы сегіз жыл мұғалім болған кезімде мұндай сорақы пара жинау «жарысынан» тыс қалып, ұстаздық арымды таза ұстап келемін. Тексеруге бір жинайды, тепсініп, бастықтардың туған күніне тағы жинайды, мектепке қажет шкаф, стендке және жинайды жылатып!

"Гүлді жейтін ешкі емеспін, гүл әкелмеңдер" дейтін басшылар жайлы не айтасыз?

– Мейрам қарсаңында басшылар аузын ашқан қорқау қасқырдай немесе жемтік аңдыған құзғындай күй кешеді. Тұспал, емеурін қарша борайды. Мәселен, мереке қарсаңында мұғалімдер бөлмесіне кірсеңіз, оқу ісінің меңгерушісі «әй, сен бәлен жыл істегенде маған бір сағыз да бермепсің ғой» деп емеурін танытады. Тіпті аңқауланып түсінбесе, «сыйлаған боп, маған гүл әкелмей-ақ қойыңдар, гүл жейтін мен ешкі емеспін» деп төбеден түскендей дүңк етеді. Зілді бұйрық орындалады: мұғалімдер сол сәтте «гүл жемес ешкі бастықтың»  көңілін табады.

–  Бүгінге дейін пара ретінде қанша ақша бердіңіз?

–  Бүгінге дейін екі рет мектепті аттестаттаудан өттім. Алғашқы аттестаттау кезінде жас маман едім. Алдымен аттестаттау комиссиясының көңілін табуға екі мың теңге сұрады. Бердім. Сосын араға күн салып, бес мың талап етті. Бермедім. Бар-жоғы отыз мың алсам, оны комиссия көкеме берсем, не болады? Одан кейін мүлде пара беріп көрген емеспін. Соңғы аттестаттау кезінде жиырма екі мыңнан жинады. Бұл мұғалімдерден қолма-қол жиналып алынғаны. Ал комиссияның таксиіне, тамағына  деген пара бөлек жиналды.  Бұл кезде тіпті бір тиын да бермедім. Келген комиссия өкілі сабағыма қатысты да, риза болып, біліктілік санатымды көтеруге ұсыныс жазып кетті. Бірақ мектеп әкімшілігі ол ұсынысты жаратпай тастады кейін (менің пара бермегендігім сылтау болды).

–    Басшының пара алу себебі не?

–    Мен пара бермес «дүлейге» айналған соң, басшылар түртпектеді. Бірақ мен біліміммен, заңмен қорғандым. Ақыры бүгінгі күнге дейін маған тірі жан пара бер деп келген емес, келмек түгілі пара жинап жатқандарын менен жасырады. Өзара сыбырласып, «парольмен» сөйлесіп, пора-порасы шығады. Себебі, басшылар түртпектей берген соң, мен оларға бір пара жинау үрдісін диктофонға түсіріп алғанымды, керек болса шу көтере алатынымды айтып, сес көрсеткенмін. Журналистік қабілетім де бар. Жазып-сызуды еркін меңгеріп алғанмын (күліп алды).  Содан бері мен үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» орнады. Ал бөлімдегі басқа мұғалімдер әлі күнге дейін еш қарсылықсыз жаппай пара жинап келеді. Нәтижесінде мен «пара бермес»  деген шағын аралдың жалғыз мекендеушісі болып отырмын. Отыздың ішінен жалғызбын әзірге. Келген басшыны бұзатын, парақорға айналдыратын оған бағынышты қауымның өзі. Мысалы, ап-арық әйел директор болып келеді. Алғашқы жылы қарапайым, кәдімгі АДАМ. Кейін келе «ісіне бастайды». Оны күптей етіп күшентетін – бағыныштылардың басекелеген ләббайлары мен сый деп ұсынар парасы. Басшыны шын көңілден сый тұтатын мұғалімдер бір шетке ысырылып, пара беріп, қымбат затпен сыйлайтын мұғалімдер директор тарапынан құрмет тұтылады. Қарапайым адамды кебеже қарын, паңсынған билеушіге айналдыратын осындай жағымпаздық оқиғасы мектептерде емес, барлық дерлік қоғам бөлшектерінде кездесіп отыр ғой.

–   Сәуір айынан бастап жалақыңызға 10 пайыз үстемеақы қосылды. Сондағы жалпы жалақыңыз қанша болды?

– Өткен жылдың сәуір айында қосылуы тиіс 10 пайыз мамыр айында келді, бірақ мұғалімдерді жарылқай алмады. Мен 49 мың теңге жалақы алатынмын, 10 пайыз үстемеақы нәтижесінде қазіргі жалақым 53 мың теңге. Сонда 49 мыңның 10 пайызы  қанша? Оны ешкім түсіндіріп, санап берген емес.

–   Мұғалімнің құқықтық сауаттылығы қай деңгейде?  Заңсыз тексерулер жайлы не айтасыз?

–  Мектептерде жемқорлық өршіп тұр. Себебі – кей мұғалімдердің пара беруге дайын тұратыны. Келген тексерушілерді пара бермей шығарып салу олар үшін үлкен күйреумен тең. Бұған себеп: мұғалім түрлі тексеруден қорқады немесе білімінің әлсіздігінен ақша беріп құтылғанды, тексерілуге тиіс құжаттарын жылы жаба салғанды ұнатады. Бұның бәрін қайталап айтып отырған себебім, мұғалімде құқықтық сауаттылық төмен. Мұғалім қандай құқықтық негізде қорғанарын білмейді. Бір құжатты келген үш комиссия үш түрлі тексереді: бірі мақұлдайды, бірі қатеге балайды, бірі мүлде жоққа шығарады. Сондықтан мұғалімге еш жариялылық сипаты жоқ орынды-орынсыз тексерулер легі тыйылмай тұр. Олар тыйылмайынша, білім сапасының құлдырауы мен жемқорлық жыры бітпейді. Бұл орайда «заңсыз тексеру» деген тіркес мұғалім қолданысына енген жоқ. Өйткені мұғалім өзін тексеріп, тінтіп келген комиссияға «сенің келуің заңды ма?» деген сұрақ қоя алмайды. Жасқаншақтай берген мұғалім ақыры түрлі құқығының бұзылып, жеке басының қорлану деңгейіне дейін түседі. Кез келген комиссия белгілі бір мақсатпен келеді. Бірақ, соған қарамастан, кей комиссия өкілдері бүкіл мектептің әптер-тәптерін шығарып, сілкілеп кетеді. Бұның қаншалықты заңды екенінен, ол комиссияның қай заңмен келіп тұрғанынан хабарсыз ұстаз қайдан білсін? Құқықтық сауаты төмен мұғалім өз қаражатына мектеп қажетіне құрал-жабдықтар сатып алады, қалпына келтіреді, жөндейді, жүктемеден тыс, заңға қайшы кешкі мезгілдерде артық еңбек жасайды. Тіпті, ол заңсыз әрекеттер жайлы білген күннің өзінде өз құқығын қорғауға шамасы жетпейді. Ешкім жеп отырған нанынан айырылғысы келмейді. Өйткені «жалғыздың үні шықпайтынын» жақсы біледі. Жалпы, білім саласындағы жемқорлық аш ішекше созылып, жоғарыға, өңешке қарай кетіп жатыр...Үлкен өзгеріс керек!

- Сұхбаттасқаныңызға рахмет. Шығамармашылық табыс тілеймін!

Оңай олжа орға жығады
21 февраля 2017
GONZO
просмотров: 2164
Спорт арқылы жылдам ақша табу мүмкін бе? Неліктен құмар ойындарына деген тәуелділік есірткіге тәуелділік секілді тез белең алады?
Ақтаулық егіздердің отбасылық өмірі қалай өтуде?
25 октября 2015
Rysgul Ramazanova
просмотров: 8871, комментариев: 1
"Бір келінді босағадан, екіншісін терезден кіргіздік"

Комментарии

Ai Rakay
11 Окт 15:45 # ответить
Иә, пара беру де, алу да ҚЫЛМЫС! сОЛ ҚЫЛМЫСҚА БАРМАЙ, ҰСТАЗДЫҚ ЖӘНЕ АДАМДЫҚ АРЫН ТАЗА ҰСТАП ЖҮРГЕН МЫНА МҰҒАЛІМГЕ СҮЙСІНІП ОТЫРМЫН! аРДЫ БИІК ҚОЙЫП, ТӨМЕН ӘРЕКЕТЕН АУЛАҚ ЖҮРГЕН БЕЙНЕСІ КІМДІ БОЛСА ДА ЕЛЕҢ ЕТКІЗЕРЛІКТЕЙ ЕКЕН. "пАРА БЕЕРМЕМЕ КОМИССИЯ ҚАҺАРЛАНЫП КЕТПЕЙ ҚОЯДЫ" ДЕП ҮЙРЕНГЕН КӨПТЕГЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ТАПТЫРМАС өнеге! Енді осы өнегеден үлгі алар, ғибрат тоқыр пара бермес аралдың ары таза мұғалідерінің саны да, сапасы да КӨБЕЙЕДІ деген үміттемін!
Omarbek Beysaliev
11 Окт 16:16 # ответить
Ия, мұғалімдер арасында сауатсыздық басым екені де белгілі, бәрін тура суреттеп берген екен.
Saule Alipova
11 Окт 17:20 # ответить
Байгус мугалимдер кайтсин!? Оздеринин сауатсыздыгымен коса, жумыссыздык анталап турганда, жумысымыздан айрылып каламыз деп коркады-дагы. *Аш паледен каш пале*-дегендей пара берип кутыла салганды жон кореди. Бирак оздерине бул истери унамайды. Унамаса да оны жария етип айта алмайды. Себебин иштери биледи. Будан аскан сорлылык, будан аскан корлык бар ма?
Ai Rakay
11 Окт 19:38 # ответить
Сәуле ханым, сонда бүгінгінің мұғалімі СОРЛЫ ма? Оның соры неге қалың? Қалай ойлайсыз?
Айбек Қуандықұлы
11 Окт 21:29 # ответить
Маржанның айтқанымен келісуге де болады, келіспеуге де болады. Жалпы білм саласының осындай сорлы күй кешуіне жоғарыда отырғандар кінәлі. Мектепте істейтін мұғалімде бейшара, директоры да бейшара. Ал, анау жоғарыдан келетін тексеруші ол бір өзін құдай санап келеді. қырам жоям деп. Ал, оның ас суын дайындамасаң қырып кетеді. Ал, ас суына ақшаын қайдан алады. Мемлекет комиссия келгенде ас суын дайныда деп ақша бермейді. Мектеп директорлығының жалақысы 70-80 мыңның ар жақ, бер жағында. Сондықтан директор бейшараны да түсіну керек. Ал, өз қызметін пайдаланып мұғалімнен пара алған директор директор емес. Сондықтан Маржан

кемедегінің жаны бір дегендей, ол бейшараны да аяуға болады.
Ai Rakay
11 Окт 21:45 # ответить
Айбек мыпрза, онда бір-бірімізді аядық деген ЖЕЛЕУМЕН параның дауылын өртке айналдырайық! Сонда дамимыз, гүлденеміз, құлпырамызх, Утопия орнайды)))))))
Айбек Қуандықұлы
11 Окт 22:10 # ответить
Проблеманы төменнен іздеу оңай! Басынан ауысу керек!
Дина Мұратқызы
11 Окт 22:27 # ответить
Пара бермейтін, сапалы білімнің не екенін білетін, тәрбиенің қалай жүзеге асатынын меңгерген, Үнді фильмдерін көрмейтін, 25 сауалдан тұратын тестке жауап беретін, өзіндік ұстаздық ары бар, егер бастық болса «гүлде жемейтін, көңіл табатындардан аулақ та жүретін», заңды бес саусағындай білетін Маржан ханым не жалған айтып тұр, не одан өзгелер қалай өмір сүру керек екенін білмейді... Әлемде ақылды 3-еу ақ болуы мүмкін емес, тек жалғыз емес...
Дина Мұратқызы
11 Окт 23:02 # ответить
Пара бермейтін, сапалы білімнің не екенін білетін, тәрбиенің қалай жүзеге асатынын меңгерген, Үнді фильмдерін көрмейтін, 25 сауалдан тұратын тестке жауап беретін, өзіндік ұстаздық ары бар, егер бастық болса «гүлде жемейтін, көңіл табатындардан аулақ та жүретін», заңды бес саусағындай білетін Маржан ханым не жалған айтып тұр, не одан өзгелер қалай өмір сүру керек екенін білмейді... Әлемде ақылды 3-еу ақ болуы мүмкін, тек жалғыз емес...
Бауыржан Карипов
11 Окт 23:20 # ответить
Маржаннын шынымен пара бермейтiнiне, онын сондай батыл устаз екенин жаксы билем. Сонында жумыстан Маржан емес, директор бухгалтеримен кетти. Факт есть факт))
Ai Rakay
11 Окт 23:30 # ответить
Бауыржан, енді қараңыз, біздің қоғамды пара әдбен жайлап алған, тіпті ол күнделікті өміріміздің тынысындай! пара бермейтін мұғалім бар дегенге осымен екі адам күмән келтірді. Сіздің алған сұхбатыңызды көзбояушылыққа апарып балады, міне, біз осындай жалғандылықтың құлы болған жемқорлық қоғамның мүшесіміз! Жаным ауырып отыр осыған!
Omarbek Beysaliev
12 Окт 02:17 # ответить
Мектепте жағдайды түзеу үшін бірінші кезекте мұғалімдердің мәртебесі мен құқығын қорғайтын заң керек! Мұғалімдердің құқығының тапталуының басты себебі оларды қорғайтын заң атымен жоқ, егер басқа да мемлекеттік органдарды алып қарасақ: полиция, прокуратура, сот,кеден, т.с.сияқты мекемелерде өз қызметкерлерін мәртебесі мен құқығын қорғау туралы арнайы заңдары бар, ал Білім және Ғылым Министірлігі өз қызыметкерлерінің мәртебесі мен құқығын қорғау туралы заң шығаруға мұрындық болудың орнына жыл сайын эксперименттен қолдары тимей отыр, керек десең мұғалімдер мемлекеттік мекемеде қызмет атқарып отырып, мемлекеттік қызыметкер статусына да ие бола алмай отыр, жәй ғана жалдамалы жұмысшы қатарында, ал жалдамалы жұмысшының жұмыс уақыты белгіленіп берілу керек !,
Omarbek Beysaliev
12 Окт 02:17 # ответить
Ал біздің мұғалімдерде болса ондай құқығы да жоқ, ол жағдай әсіресе сайлау қарсаңы мен бүкілмемлекетік санақ жүргізілген кездері белең алып, бар мұғалім көше-көшені аралап тұрғындардың тізімін алумен,сосын сайлау учаскелерінде кезешілікпен өтеді, әрі мереке кездері орталық алаңдар мен кафе тойханаларда өз оқушыларын қарауылдау мен күндері өтеді, мектепте тек директор ғана сол статусқа ие, сол үшін де олар жұмыс беруші болып есептеледі де ойларына келгенін істейді, мектептің кәсіподақ комитетінің басшысы мектеп директорының ықтиярымен тағайындалған соң қатардағы мұғалімдерді қорғай да алмайды, яғни директордың қолшоқпары қызметін атқарады. Екінші айтылатын нәрсе, мектепке мұғалімдер қабылдау құқығын мектеп директорларының қолынан алып, қалалық, аудандық білім беру басқармаларына беру керек!
Omarbek Beysaliev
12 Окт 02:31 # ответить
Мектепте жағдайды түзеу үшін бірінші кезекте мұғалімдердің мәртебесі мен құқығын қорғайтын заң керек! Мұғалімдердің құқығының тапталуының басты себебі оларды қорғайтын заң атымен жоқ, егер басқа да мемлекеттік органдарды алып қарасақ: полиция, прокуратура, сот,кеден, т.с.сияқты мекемелерде өз қызметкерлерін мәртебесі мен құқығын қорғау туралы арнайы заңдары бар, ал Білім және Ғылым Министірлігі өз қызыметкерлерінің мәртебесі мен құқығын қорғау туралы заң шығаруға мұрындық болудың орнына жыл сайын эксперименттен қолдары тимей отыр, керек десең мұғалімдер мемлекеттік мекемеде қызмет атқарып отырып, мемлекеттік қызыметкер статусына да ие бола алмай отыр, жәй ғана жалдамалы жұмысшы қатарында, ал жалдамалы жұмысшының жұмыс уақыты белгіленіп берілу керек !,
Нұржан Сәдірбекұлы
14 Окт 15:05 # ответить
Күйіп тұрған тақырып
Saule Alipova
17 Окт 19:56 # ответить
Омарбек ага, мугалимдерди жумыска кабылдауды ана мектеп директорынан алып, аудандык билим беру болимине беруге мен типтим карсымын. Сонда пара алушылык болмайды деп ойлау типтим кате. Жакында бир мектептин катардагы мугалимнин сол ауданнын билим беру болиминин бастыгынын озин кабинетинен калай куып шыкканын естигениде жагамды устадым. Сондагысы, ол бастыктын кабинетине тек бастыктар гана кируге кукысы бар екен.... Ойландыныз ба? Карапайым катардагы кызметкерлерге онда доступ жок деген соз... Сонда калай калай жумыска турады карапайым каралар.....? Сол мугалим кетип калды мектептен акырында.
Ернар Бекенов
22 Окт 10:02 # ответить
Керемет те, пайдалы сұхбат! Авторға да, ойын ашық айтқан сұхбат берушіге де рахмет!
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2610 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2610', { type: 'blog', node_id: '2610', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });