misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Altyn Sapar11:00 Такая "правильная" светскость Anuar Kabiden, сөзімді бұрмалаудың қажеті қанша? Ашу дұшпан демекші, ашу-ызадан аулақпыз. Бірақ Сіз мені түсінбеген сияқтысыз, не сөзімді басқа жаққа бұрмалап жатырсыз. Тарих пен ата-баба дәстүріне келетін болсақ, бағзы заманда әжелеріміз 12-13 жасында тұрмыс құрып барып, орамал таққан. Оған дейін орамал тақпаған. Ал қазіргі заманда, заң бойынша кәмелет жасқа (18 жас) толғаннан кейін ғана тұрмыс құруға рұқсат берілген. Дәстүр бойынша жас келін үйлену тойында басына сәукеле киіп, келін болып түскен үйде қазақи байланған орамал тағып, ал сыйлы жасқа толғанда апа-әжелеріміз кимешек тағып отыратын. Бойжеткен басы бос қыздарымыз шаштарын өріп, шолпымен безендірген болатын. Енді қазіргі заман қыздарының киіну мәнеріне көшетін болсақ, әр адам өз тәлім-тәрбиесіне қарай киінеді. Орамал тақпай-ақ жақсы, таза, биязы әрі қарапайым киініп жүрген қыздарымыз қаншама. Бұл жерде отбасы тәрбиесі орасан зор рөлге ие. Адамның сенімі мен иманы жүрегі мен іс-әрекетінде болуы шарт. Өз ойым, зайырлы қарапайым киім киген қыздарымызға топырақ шашудың қажеті жоқ. "Бес саусақ бірдей емес", ақ пен қараны ажырата білу қажет. Балаға орамал тағам деп асықпаңыздар, халықта мынадай сүбелі сөз бар: "асыққан шайтанның ісі". Ең бастысы бұл жерде баланың балалық шағы дұрыс өтіп, заманға сай зайырлы сапалы білім алуы.https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17652/
Anuar Kabiden12:13 Такая "правильная" светскость Altyn, қайсы сөзге ызаңыз келіп тұрғанын түсінбей ақ қойдым. Жеке өзіңізді, не қыздарыңа орамал тақпағандарды ақымақ, нақұрыс деп балағаттанды қайсы жерден оқып отырсыз? Ал сіздің жас қыздарымызға орамал тағу надандық десеңіз, қай жастан бастап адал іс болатының айта аласыз ба? кәмелетке толып, отау құруға дайын болған мұсылман қыздарға орамал тағу парыз. Бұл біз бен сіз ашып отырған жаңалық емес, атам замаңнан келе жатқан шариғат талабы. Ешбір мазхаб оған қарсы шықпайды да, шыға алмайды. Егер де тарихымызды жақсы оқыған болсаңыз, қыздарымыз ерте жасынан ақ отау құрып, 25-30 жасында киіз тігетін апа атанғандарынан хабардар болушы едіңіз. Ал ендеше, осы сөзіме көңсеңіз, балағат жасқа толмаған бүлдіршіндеріміздің басын бүркіп орамал тағудың не пайдасы бар деп сұрайсыз ғой. Оған айтарым, нағыз халқымызға жанашар болған сіздей жанның, "бала жастан", "баланың тәрбиесі бесіктен басталады" деген ұғымдардан бейхабар емессіздігіңіз аңық. Соған орай қазіргі қасқыр заманда болашақ ана, ертеңгі күнде бір қолымен бесік тербететіп, екінші қолымен ел болашағын тербететің қыздарымыздың абыройын барынша сақтап қалу амалымыз. Оған біреуге ақыл айтып, ол үшін біреуден рұқсат сұрайтын жағдай емес. Әр ата-ананың өз шешімі. Ақылға келейк десеңіз, осыған тоқталайық.
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 65 гостей

Пайдалы

1238
с нами с 24 января 2015

«Ертеңнен бастаймын», «бұл туралы ертең ойланам» немесе «ертең істеймін» деген сөзді өзіңіздің ішкі даусыңыздан жиі етисіз бе? Менің ойымша біздің өміріміз бітпейтін «ертеңдерден» тұратын секілді.  Осы жаман әдеттен арылудың жолдарын іздеп пихологтарының бірнеше мақаласын оқып шықтым. Шын мәнінде адамзаттың бұл еріншектігін америкалық ғалымдар прокрастинация деген ауруга жатқызыпты. Калгари университетінің (Канададағы оқу орны)Пирс есімді профессоры бүкіл әлемнен жиналған 24 мың адамға сауалнама жүргізген. Олардың 95 пайызы істерін ертеңге қалдырады екен. Ал 25 пайыз респонденттер осы «дерттің» созылмалы түріне шалдыққан. 

Блог жүргіземін дегенді ойға алғалы көп уақыт өтті. Күн сайын компьютер алдында түн жарымға дейін отырсам  да бір мақала жазбадым. Осылай бір жыл өтіпті. Үй шаруасы, бала күтімі, теледидар қарау күнделікті орындалғанымен жаным қалаған мақала жазу ісі кейінге шегеріле берді. Бұған бөгет болған тек күнделікті күйбең  ғана емес, «менің мақаламды кім оқиды», «біреулер мұны менен де жақсы жазады ғой» деген өз қабілетіме сенімсіздік еді.  Әйтсе де мен бұл дертпен күресудің жолын тапқан секілдімін.  Менің мақсатым, оқылған ақпаратты аударып жаза салу емес, өз тәжірибеме сүйене отырып сіздерге де істеріңізді бүгін бітіруге жәрдемдесу. Алдын-ала ескертем, бұл психолог ұсынған  әрекет етуге арналған нұсқаулық емес, тек өзіме уақыт үнемдеуге көмектескен тәсілдер ғана:

  1. Әуелі сіз күнделікті қандай іс атқарасыз сараптама жасаңыз. Ұсақ-түйекке дейін тізіп шығуыңызды өтінемін. Ішінде міндетті түрде пайдасыз істер табылады. Мәселен, менде бұл интернетте қажетсіз ақпараттарды оқу, «лайк» басу отбасыма қатысты ғана ақпараттарды жариялау, теледидардан не басы, не аяғы жоқ бағдарлама, киноларды көру. Таңертең сағат қоңырауы шылдыраған сайын он не бес минутқа кері шегеріп жату. Мойындаңызшы, бұл да пайдасыз әрекет қой.  Ешкімнің ұйқысы сол уақытта қанып қалмайды,тек кері әсерін тигізеді. Өз басымда әйтеуір солай. Қысқасы, осындай паразит істерден арыламыз. Әркім өзі үшін пайдасыз әрекеттерді өзі шешеді.  
  2. Уақытыңызды жоспарлаңыз.  Яғни ойша не қағазға жаза отырып күніңізді бірнеше бөлікке бөліңіз.  Тізімге күнделікті атқаратын БАРЛЫҚ жұмысыңызды тізіңіз. Мұны ең  дұрысы жатар алдында атқарған дұрыс. Бұл көп уақытты алады десеңіз қателесесіз. Мен үшін бес минут жеткілікті, ал келесі күннің сәтті өтуі үшін бұл тым көп емес деп ойлаймын.
  3. Таймер құрылғысын қолданыңыз.  Жоспарға сәйкес әр іске бөлінген уақыт біте салысымен әрекет етуіңізді тоқтатыңыз. Көп жағдайда іс соңына дейін бітеді. Ал жоспарлаған уақытыңыз бітті тек ісіңіз аяқталмай қалса, қамықпаңыз, ертеңге қалдырыңыз. Таң қалып отырған боларсыз «қалай ертең?» деп. Мақаланың мақсаты ертеңшілдікпен күресу екені рас, дегенмен бір күнде бітпейтін істер бар. Жоспардың арқасында олар өз орнынан жылжыды.
  4. Соңғысы, өзіңізге есеп беріңіз. Мұны күнделікті не апта, тіпті ай сайын жасасаңыз да болады. Немесе жақын адамыңыздан сізден мұны талап етіп отыруын өтініңіз. Өйткені, таңқаларлығы, біз өзімізге қарағанда басқа адамның алдында жауапкершілікті болып келеді екенбіз.

Бітті.  Бұл жазбаммен мен жаңалық ашып отырған жоқпын. Ойлап қарасақ, кез келген мемлекеттің жүйесі осындай. Тек осыны жеке басқа енгізу қиынырақ екен.  Күресіп көріңіз, мүмкін сіз де аталған дертті жеңіп қаларсыз.

Про Гнойноксимирона, 17-летних и почему вы старпёры, а не стартаперы
27 октября 2017
GONZO
просмотров: 50
Маркетолог, три года изучавший подростков, рассказывает про их вкусы и объясняет популярность рэп-баттлов
«Матильда»: сказка про царя
27 октября 2017
GONZO
просмотров: 65
Скандал, разразившийся вокруг нового фильма Алексея Учителя, к самой «Матильде» имеет мало отношения

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_2771 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_2771', { type: 'blog', node_id: '2771', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });