misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 191 гость
Мәдениет
6378
с нами с 20 июня 2016

Балалық кино-шаққа саяхат...

Балалық  кино-шаққа саяхат...

Адам өміріндегі ең асыл, тәтті кезең – ол балалық шақ. Қамсыз балғын шақта көрген кинофильмдерді еске ала отырайық.... 

Өлген адамдар сөйлемейді... «Менің атым Қожа»  дегенде еске сап ете түсетіні осы сөз шығар. Әкесінен ерте айырылып, шешесі мен әжесінің қолында өсіп жатқан бала – тентек, бұзықтығы көп. Дегенмен ақкөңіл, тапқыр, сезімтал да. Сыныбында екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін балалар оны «Қара Көже» деп атап кеткен. Өзін ренжіткен адамның сазайын тарттыруға дайын тұрады. Осындай мінезіне қарамастан, жүрегі мейірімді. Ең жақсы көретін адамы – анасы Милат. Ол үшін өз тәртібін жөндеуге әзір. Айнаның алдында отырып алып: «Қадыров тұр! Қадыров отыр!»- деп бұйыратыны естеріңізде шығар. Ал, сыйлайтын, именетін, сәл қорқатын да адамы – дарынды, біртуар актер Қалибек Қуанышбаевтың орындауындағы мұғалім Рахманов. Кезінде әкесімен сыйлас дос болған ол, тентек баланың бойында жақсылықтың ұшқыны, бір шырақ барын сезеді. Қамқорлығы мен айтқан ақылы арқылы Қожаны шыңдап, оң бағыт бергісі келеді. Қаншама уақыт өтсе де, бала түгілі, әрбір ересекке ой сала алатын, балалық шақтың ең тәтті кезеңдеріне жетелейтін «Менің атым Қожа»  - достық, ілтипат, мейірбандық, адалдық секілді қасиеттерге баулитын кинотуынды.   

Тағы бір тамаша фильм - «Ауылым Көктөбенің бөктерінде». Кең жайлауда қойын бағып жүрген қойшының баласы Арман қаладағы интернатқа келіп оқиды. Сол мезеттен қарапайым ауыл баласының хикаялары басталады. Арман үшін бәрі таңсық: интернат асханасындағы компот, теледидардағы кино.... «Осы қаланың адамдары қызық...біреу өліп жатса, қуанғандай гүл әкелетіні несі?»- деп таңқалғаны есіңізде шығар... Кей кезде оқуын тастап, еркін ойнап, қамсыз күн кешкен құшағы кең даласына қайтып кеткісі келеді. Батырларша ақ боз ат пен қыран бүркітті армандайды. 

Қазақтың кең даласы, салт-дәстүрі мен аңыз-сыры «Тоғызыншы ұлдан сақтан» ертегісінде кеңінен сипатталып, көрсетілген. 1984 жылы түсірілген керемет кинотуындыға қатысқан актерлер туралы бөлек айтпасқа болмас. Нұрмұхан Жантөрин, Әнуар Молдабеков, Гүлжән Әспетова, Болат Аюханов, Дінмұхаммед Ахимов,  Жанна Қуанышева тағысын-тағы....Қазақ фольклоры мен аңыз-әңгімелері арқау болған кинофильмде батырларға тән қайсарлық, өжеттілік, тапқырлық бар. Жауыз сиқыршы Тасболдың әмірімен тасқа айналған әкесі мен сегіз ағасын іздеп шыққан Еркенже, рухы мен тапқырлығының арқасында зұлым күшті жойып, жақындарын босатады.  

Бұдан өзге «Көксерек», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Алпамыс мектептке барады», «Сүйрік» деген керемет кинотуындылар да бар. Әрқайсысы балғын балалық шақта көрген дүниелер. Сол бір жарқын кезеңнің бір белгісі, қымбат естелігі, ұмытылмас сәттердің бастауы. Ол кезде қазіргідей техникалық немесе компьютерлік мүмкіндіктер жоқ. Дей тұрғанмен жоғарыда аталған кинофильмдердей туындылар қазір қатты жетіспейтін секілді. Сіздер қалай ойлайсыздар?   

                            Әлия Махамбет 

                            Commode.kz сайтында жарияланған 

                            (30 мамыр 2014)

 

 

 

Абай мен Мәшһүр – Жүсіптің партияға көзқарасы
17 октября 2016
Muxit Bayazitov
просмотров: 4227
Қос ақынның партияға көзқарасында қазіргі кезде партия құрып шала бүлініп жүргендер үшін де  зер салып оқыса, (уақыт алшақтығына қарамастан) тәлім аларлық, ой түйерлік жайлар жеткілікті дегіміз келеді.      
Көшбасшылардың бірі
4 октября 2016
Muxit Bayazitov
просмотров: 3019
Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым.