misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 156 гостей

Әжемнің әдістері

с нами с 8 сентября 2015

Қазақ «қолаң шаш», «бұрымды қыз» деген сөз тіркестерін өте жиі қолданғаны көркем әдебиет пен тарихи шығармалардан белгілі. Алайда «шаштарын бес күн тарап, он күн өрген» қаракөздеріміз тым азайып кеткені қынжылтады. Бірі түсіп, жұқарған соң қидым десе, бірі ұзын шаш кедергі келтіреді дейді. Бірақ мұның бәрі сылтау ғана. Табиғаттың берген әдемі түсін өзгерітіп, амиакпен күйдіріп, бояп, одан қалса үтіктеп, химиямен бұйралап әбден қорлайтынымыз да рас. Ұзын шаш ешқашан сәннен қалған емес, кез келген киімге, кез келген ортаға жарасады. Және ұзын шашқа түрлі шаш үлгілерін жасау оңай, түрліше өріп алу қай уақытта да әдемі көрінеді. Өзіңіз армандаған қалыңдық көйлегінің көркем көріне түсуіне де себепші.

Дегенмен шаштарын қайта қалпына келтіріп, бұрымын ұзартқысы келетіндер де бар. Менің кеңесім сондай апа-сіңілілеріме болмақ. Шашым ұзын болса екен деп армандасаңыз, жасанды шаш киюдің немес шаш жалғатып алудың керегі жоқ, табиғи жолмен емдеп алсаңыз болғаны. Бұл жағдайда өзімнің әжемнен қалған құпиямен бөліспекпін.

Бала кезімде шашым тым қысқа болды. Мектеп табалдырығын аттаған бастап, бантик байлау үшін шашымды өсіре бастадым. Шашым қайратты, қалың болды және баяу өсті. Сөйтіп, 2-сыныпқа жеткенше әжептәуір өсіп қалған болатын. Сөйтіп әрең өскен шашымды, жазғы демалыста қалаға лагерьге барып, өзімнен үлкен қыздарға еліктеп, қидара салғаным бар. Оқу жақындап, ата-әженің үйіне келгенімде, атам да, әжем де реніш білдірді. Сол күннен бастап, менің шашымды қайта қалпына келтіруге әжем өзі кірісті. Марқұм әжемнің шашы 2 метр болатын, бақилық болғанынша самайынан басқасы қап-қара, қалың күйінен айнымады.

Қып-қысқа, әрі үстінен жұқартып тастаған шаштарым оңай қалпына келе қоймады. Әрі қаланың хлорланған суы өңін кетіріп тастаған. Ал әжемнің әдістері мынадай болды:

  • Таңертең және ұйықтар алдында шашты жатысына қарай, содан соң қарама қарсы, оңға, солға тарау.
  • Аптасына тек 2 рет жууға дағдыландыру
  • Әр жуардың алдында айранмен маска жасау (егер арнайы маскалар жасалмаған болса). Айранды барынша шаштың түбіне жағып, 20 минуттай ұстау керек. Сосын алдымен жылы сумен шайып, содан соң сусабын пайдалану керек. Айранның маскасы қайызғақтың алдын алады және шаштың сауығып, түсін қалпына келтіріп, жылтырауына көмектеседі.
  • 2 аптада бір қойдың құйрық майымен сылау керек. Майды қыздырып, ерітіп алып, шаштың түбіне әбден сіңдіру қажет және шаштың ұштарына жақсада болады. Май жағылған шашты, орамалмен байлап, 15 минут ұстай қажет.  Бірден сусабынмен жуа берсе болады. Қойдың майымен жасалған бұл масканың пайдасы көп. Шашты қалыңдатып, тез өсуіне себепші болады.
  • 3 аптада бір рет жуа (пияз) тұнбасымен жуу. Орташа жуаны алып, ұсақтап турап, 1 литрлік банкаға су құйып тұндырасыз. Сол тұнбаға шашыңызды шайып аласыз, содан соң сусабынмен жақсылап жуу керек. Исі қалмас үшін аз ғана салқын сумен шайып алғаныңыз абзал.
  • Ал шаштың ұштануынан құтыла аламай жүрсеңіз айранның сары суынан артық көмек жоқ. Жуар алдында шаштың ұшын сары суға шылап, аз уақыт ұстасаңыз жеткілікті. Лимонның сығындысы да көп көмек береді.

Міне, осы әдістерден соң, желкемнің түбінен кесілген шашым, 1,5 айда иығымнан түсіп, тіпі өруге жарап қалды. Естеріңізде болсын, шашты ағаш әрі тісті тарақпен (массажный емес) тараңыздар. Және ешқашан жылтырату үшін суға сіркесуын қосып пайдалбаңыздар, мұнан зардап шегіп қалуыңыз мүмкін. Шашыңызды жуған соң өз бетінше кебуіне мүмкіндік беріңіз, үтіктеп, бұйралауға тым әуес болмаңыз. Әжемнің осы әдісі 8-сыныпқа дейін жалғасты, «бұрымды бойжеткен» болдым. Қазір қала жағдайында барымша осы заттарды тауып, пайдалануға тырысамын.

Қымбатты арулар, армандаған ұзындыққа қол жеткізіп, бұрымыңызда шашбаудың сыңғыры жүруіне тілектеспін. 

Абай мен Мәшһүр – Жүсіптің партияға көзқарасы
17 октября 2016
Muxit Bayazitov
просмотров: 4227
Қос ақынның партияға көзқарасында қазіргі кезде партия құрып шала бүлініп жүргендер үшін де  зер салып оқыса, (уақыт алшақтығына қарамастан) тәлім аларлық, ой түйерлік жайлар жеткілікті дегіміз келеді.      
Көшбасшылардың бірі
4 октября 2016
Muxit Bayazitov
просмотров: 3019
Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым.