Башқұртстанның астанасы Уфада білім алу бұйырып жолымыз түскен соң, өз ұлтымызға қатысты дерек көздерін іздеп, музей, кітапханаларды аралай бастадық. Соның ішінде алғаш бас тірегеніміз заманында түркі зиялысы Зия Камали іргесін қалаған, талай мұсылманның сауатын ашқан, дүнияу білім берген «Ғалия» медресесі болды. «Ғалия» арабтың «ұлы», «мәртебелі» деген атауынан шыққан. Атына білімі сай болған оқу орны, сол замандағы жоғары дәрежелі медреселер қатарынан болды.
«Ғалия» ХІХ ғасырдағы ірі медреселердің бірі болатын. Тарих беттерінен «Қырымда ашылған «Ғалия» медресесі діни сауат ашумен қатар қосымша білім беретін», - деп оқыған едік. Иә, сол медресе бүгінде сол күйі сақтаулы, қанша жөндеу жүргізілсе де сол бастапқы қалпын сақтап қалған. Тек атауы басқа: «Ресей мемлекеттік ислам университеті». Алайда ішіндегі оқытушылар, қызметкерлер «медресе Ғалия» деп атайды екен. «Ғалиямен» қатарлас ашылған «Мәриям-Сұлтан» медресесін филиал еткен.
Медресеге кірген бойда өз қандастарымыз Мағжан, Бейімбет, Жиенғалилар жайлы сұрадық (аты аталмай жатқандары қаншама?)». Жылы қарсы алған башқұрт ханым, медресенің ішін аралатып, кітапханадағы жазбаларды қарауға рұқсат берді. «Шура» журналының түп нұсқасын көріп, Мағжан, Бейімбеттердің қол таңбасы қалған «Садақ» журналының бірнеше жазбаларын көрдік. Тек өкініштісі төте жазуды танымайтындығымыз. Үлкен әріппен жазып кететін нәрсе: ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ЗАҢГЕРЛЕРІНІҢ БІРІ МҰСАҒАЛИЕВ ҒАБДОЛҒАЗИЗДІҢ «ШУРА» ЖУРНАЛЫНДАҒЫ БІРНЕШЕ ЖАЗБАСЫ БАР. ОЛ ТАРИХ ҮШІН КЕРЕК ДҮНИЕ ЕКЕНІ СӨЗСІЗ. БІРАҚ ӘЛІ КҮНГЕ ЗЕРТТЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА ІЛІКПЕЙ КЕЛЕДІ. ТЕК ҒАЛЫМ Т.ЖҰРТПАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ЖАЗҒАНДАР БАР».
Ендеше «Ғалияның» тарихы, онда оқыған қазақ жастары, олардың қолжазбалары жайында айтылып, жазылып жүр. Сондықтан көзімізбен көрген дүниені жазуды жөн көріп отырмын.
Бұл – медресенің сыртқы көрінісі, қазір университет атанып отырғанымен мәдени-тарихи мұра ретінде еш өзгеріс енгізбеген, сол қалпында тұр.
Мына суреттер «Ғалияда» шыққан газет-журналдардың түп-нұсқасынан:
Бұл суретте «Ғалия» медресесін бітіргенде берілетін куәлік:
Медресенің ішкі көріністері: 3 қабаттан тұрады. 1-қабат оқу залдарынан тұрады, 2-қабат кітап кітапхана, деканат, интернетпен жабдықталған зал, 1-қабаттан төмен түскенде намазхана.
Кітапхана.
«Мәриям-Сұлтан» медресесі.
Қазірде Ресей ислам университеті атанып отырған «Ғалия медресесінде» оқитын қазақ жастарыда баршылық дейді, бірақ кездестіре алмадық. Енді алдағы мақсат төте жазуды тезірек меңгеріп, жазбаларды оқып шығу, қазақ қарпімен жариялау. Архивтерді ақтару. Алдағы уақытта Уфадан қызықты, керекті деректер жолдайтын боламын.
Мұхтар Айзат Қанатқызы
Уфа, 2015.