«Космостын, табиғаттын түрлі құбылысын түсіну, өлім мен өмір қайдан пайда болады деген сұрақтарына жауап берудің, салдарынан шамандық /бақсылық/ пайда болды» деп жазады Ш.Ш.Уалиханов. Тәңіршілдік көктегі кұдіретті күш бір Тәңірге табыну, түркі халықтарының ежелгі наным жолы. Бұл ұғым алғаш рет б.з.б. III ғасырда ғұндардың дүниетанымдық мәдениетінде қалыптасқан. Көне түркілер реалды дүние мифтік дүниені бір санаған. Яғни біртұтас дүниеде адам қауымымен қоса-қабат сыртқары, тылсым дүние өмір сүретініне сенген. Оның өзін үш бөлікке бөлген: жер асты дүниесі /Ерлік, Бапы, т.б./; жер үсті дүниесі /Жер иесі, Су иесі, Ағаш иесі, т.б./; жоғарғы, аспан дүниесі /Көк Тәңірі және оның Ай, Күн, Шолпан, Ұмай тәрізді өкілдері/. Көк Тәңір – дүниені жаратушы, ғаламды тәртіптеп реттеуші, бірақ ондағы өңге іске араласпайтын, құдіретін ақыл- оймен ғана танып білуге болатын ұлы күш. Дүниетанымдық мәдениет негіздерінен саяси идеологияға айналған тәңіршілдік нанымы адам өмірін түгел толайым қамтитын дінге айналу процесін тоқтатады да, осы әдіске өзінен бұрын жеткен исламға ығысып орын береді. Бұл орайда негізгі синкретті, икемді, ізгі тәңіршілдік табиғи түрде ислам дініне кірігіп кетті. «Тәңірі» Алланың бір сипат есімі ретінде орнықты. Ислам діні қабылдаған тұста да, одан кейінгі кездерде де Тәңіршілдік түркі халықтарында бір жағынан шамандық арқылы, екінші жағынан ежелгі дәстүрлік мәдениетке жататын салт-жоралар арқылы сақталды. Солардын ішіде: ас беру, жыл басын қарсылау /Науырыз мейрамы/, сабантой, аққу, қарлығаш сияқты құстарды киелі деп, сәрсенбіні сәтті күн деп есептеу, тауды, обаны, молаға төрт құлақ шығару, дәстүрлі музыка мәдениетінде мысалы: Құрманғазынын «Алатау» күйі, отқа май құяр рәсімі, әулиеге «тәу» ету, зікір салу, аластау, ырымға сену т.б. қалған. /М.Тәж-мұрат. Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы. «Арыс» баспасы. Алматы, 2002 ж. 486-487 бет./
Бақсы - монғол тілінен аударғанда «ұстаз» деп аударылады, аруақтар мен тілдесу, солардан күш алу арқылы кісі емдеген. Бақсы аты Орта Азия халықтары арасында бұрын «қам» сөзімен айтылған. Яғни «қамдау» аударғанда «бақсы ойыны» мағнасын білдіреді, содан шығатын «емдеу».
«Шаман уағыздаушы бақсы білмейтіні жоқ, сиқыры бар, артықша жаратылған адамды айтады. Ол әрі ақын, әрі балгер, әрі сазгер, әрі дәрігер, басқа адамдардан жоғары тұратын адам. Олар кісіні емдегенде қобызда ойнайды, қыздырылған темір жалайды, шоқпен жүреді т.б. іс қимылдар жасайды» деп жазады Ш.Ш.Уалиханов. /Ш.Ш.Уалиханов Бес томдық шығармалар жинағы. 1 том. Алма-Ата, 1961 ж. 116, 473 бет/. Бақсылар қобыздау ойнау туралы XIX ғасырдын орыс ғалымдары А.Е.Алекторов, А.И.Левшинде жұмыстарында кездеседі. Ал, XVIII ғасыр зерттеушілері К.Миллер, П.Паллас бақсылар кісі емдегенде данғырда, қолдабылда /барабан, бубен / ойнауды және аса таяқ қолданатының жазады. Ондай әдіс қазір сібір және монғол емшілерінде қалған.
Бақсының дін жолындағы қызметін бақсылық деп атайды екен. Әсіресе, сауықпайтын дертке ұшыраған адамдарды емдеуге рөлі ерекше аталады. Одан қала берді, босана алмаған әйелдерге жанын алып қалатын да көп ретте бақсылар болыпты. Әдетте, емдеу кезінде бақсылар қолына қазақтың ұлттық саз аспаптарының бірін алып, әр түрлі әуен шығаратын сылдырмағы бар аса таяғының дыбысымен белгілі бір сарынға салып, әндетіп өлең айтады. Мұны бақсы сарыны дейді.
Бақсы зікір салып жүріп, көк аспанда тұрған жаратушы тәңірмен және ата баба аруақтарымен тілдесіп, сырқат адамның болашағына көз жіберіп, ұшықтап, дем салып, неше түрлі қимыл қозғалыстар жасап, ауруды үркітетін жындарды шақырады екен. /Қазақтар Казахи. Тоғыз томдық анықтамалық. V том. Ата салт. Алматы, 1998 ж. 47 бет/
«Шаман дінің айтуынша, жақсылық құдайлары жәрдемдерге келмесе, бақсыда жауыздық құдайын қуарлық күш жоқ. Сондықтан бақсы сарнап ойнағанда жақсылық құдайларын көмекке шақырады. Сарнап жүріп бақсының талып қалатын себебі, ол кезде бақсының жаны мен тәңірінің тәні бірігеді де, дерттің құдайымен алысып, оны женеді, бұл алысу бақсы талып жатқанда болады. Бақсының есін жиюы жақсылық құдайының жеңіп болған кезі, осы кезде ғана бақсының жаны қайта оралады». /Мұқанов С. «Қазақ қаумы», Ана тілі, 1995 ж/
«Қырғыздар /қазақтар Қ.А./ - ата-баба аруағына сыйынатын халық, олардың арасында бақсы балгердер көп. Олардың бірін балшы деп атайды, балшылар кітәпқа қарап, аспандағы жұлдызға қарап адамның өмірін божайды, мұны олар ғылымға сүйенеді деп есептейді. Содан кейін жауырыншы дейтін көріккелдер де болады, олар қойдын жауырынына қарап болашақты болжайды, кез келген сұрағыңызға жауап бере алады ... Көріпкелдердін үшіншісін бақсы дейді, бұған қырғыздар басқаларының бәрінен де көп сенеді ... Бұдан кейін ырымшы деген дері бар, олар отқа малдын майын құйып, оның жалынының түсіне қарап болжау айтады; оларда құрбан шалдырып, дұға оқиды. Бірақ мұндай көріпкелдер ел ішінде онша беделді емес. Бұлардан басқа, жадылаушылар /колдуны/ болды, оларды жәдігерлер дейді, бұлар ұнатпаған адамдарын, қолға тұтқынға түскендері жадылайды ... » /Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. Спб, 1809 ж 2 издание/
Бал ашу /қырық бір тас, тас ашу, қырық бір тарту, құмалақшы/ ислам дінінен бұрын пайда болған, шамандар өткенді жоқтап және болашақты болжау мақсатында ұстанған дәстүрі. Кейін келе мұсылмандық салт санамызға да сіңісіп кеткен. Жұлдызшы, жауырыншы, құмалақшы дегендер күллі күншығыс елдерінде сәуегей саналған. Сондай көріпкелді қазақ балгер деп атайды.
Қойдын, ешкінің жауырының қарау арқылы да балш ашады. Бал ашатын жауырынды күн көзіне қалдырмайды, басқа адамның пайдалануға бермейді.
Кітап неме Құран көтеру арқылы да бал ашады. Бұл нағыз мұсылмандық дәстүрі. Мұнда балгер қасиеті кітап дұғалары оқу арқылы өткенге көз жіберіп, болашақты барлап қана қоймайды, сондай ақ сырқатқа ем қолданған.
Алақан қарау, пульс ұстау арқылы да бал ашатын болған. Жалпы, нағыз балгер қандай тәсілге жүгінсе де, адам өміріндегі құбылысты бұлтжытпай анықтап беріп отырған.
Ұшықтау мұсылмандықтан бұрын болған, қазақ тәңірге сыйынғаннан бері келе жатқан есіктілікті емдеу жол жоралғысының бір түрі осы.
/Қазақтар Казахи. Тоғыз томдық анықтамалық. V том. Ата салт. Алматы, 1998 ж. 49, 119 бет/
Қазақ даласында бақсылар, тәуіптер, шөппен емдейтін дәрігерлер, оташылар, сынықшылар белгілі болған. Олардын бойындағы қасиеттері, білімдері ұрпақтан ұрпаққа тараған. Осы тәуіптер арасында Самаркан және Бұқара медреселерінің түлектері кездескен. Олар Ибн Синанын медицина туралы қолжазбаларымен таныс болған. Емдік қасиеті бар шөптерді жақсы білген. Солардың ішінде: жусан, қара айдыз, арша, қиікоты, қавлампыр, долана, мендуана, итмұрын, мия т.б. XIX ғасырдын орыс ғалымдары қазақ емшілерінен 227 шөптін аты жазып алған. Солармен бірге аюдын және борсықтын өтін, борсықтын, балпақтын, қаздын, қойдын, жылқынын майын қолданған. Адам ағзасын жақсы білген олар, тек қана пульсті ұстау арқылы аурудын түрін айтып берген. Шөл далада құмға, сорларға, бұлақтарға түсіп, емделген. Кейбір ауруларды жаңа сойған малдын терісіне орап, сүлік салып емдеген. /Кайбульдинов З.Е. Кайыпбаева А.Т. История Казахстана XVIII в. – 1914 г. 8 класс §25 Народные целители стр 146-147/
Бақсылар өз ара қара бақсы, ақ бақсы, ақшантайды т.б. бөлінеді.
Жоғарыда аталған бақысылығымен, емшілігімен, көрегелдігімен ел аузында қалған адамдарға тоқталсақ. Бөкей даласында Сағи хазреті Нариманов, Сүлеймен хазреті /1800-1849/, Беқмұхамбет Қалпе Ғайтпайұлы /1845-1920/, Жұбан молда, Әбдрашит /Әтеш/ молла, Жұмәш шеше аттарын білмеген кісі кемде кем.
Осындай кісілердін бірі Сидагалиев Хасен – молла.
1880 жылы 3 қантарда дүниеге келген. Руы қожа бөлімі барсы /фарси/. Негізгі туып-өскен мекені Жаман тау /Кіші Боғда тауы/ маны. 1929-1931 жылдары Мекке барып, қажылық еткен. Адамды Құранмен емдеген. Қағазға «шерткі» жазып, суға салып ішкен кісі жазылып кеткен. Жалпы осы молдалығы және басылығы үшін үш рет сотталған. Бірінші рет 1934 жылы. Отан соғысынан кейін он бір рет Түркістанға барған кісі. Жамантау манында мешіт ұстаған, бала оқытқан. 1964 жылы мамыр айында қатыс болған. Сайқын ауылының орталық зиратында жерленген. Сайқын ауылының кісілері әлі күнге дейін зират басына барып тұрады. Бірде бие құлын алмай жатқан кезде, атаға келеген кісіге шерткі жазып берген. Суға салып, басынан құйрығына дейін жағу керек екенін айтқан. Бірақ, ескерткен, құлынды алған соң қайта келу керек, себебі шерткінің күші мол құлын өліп қалу мүмкін екенін. Үйіне әлгі кісі барса, биесі құлының емізіп тұр екен, содан қайтадан атаға бармаған, ал құлыны кейін өліп қалған. Оразаны тастамаған. Бруцелез, Далбын мекендерінде мал баққан. Бір қасиеті малға қасқыр тимеген. Үйінде бары бір ит байлаулы тұрған, ал малға барғанда қайдан шыққаны белгісіз төрт-бес ит жүрген. Жерленген кезде өзі айтуы бойынша екі қап қолжазбаларын бірге көмген. Көзі тірісінде құлпытасын жасатып кеткен. Тек өлетін жылын жазбаған. Кейін қайтыс болғанда, көршісі грек Николай Кандили әрендеп қашап жазған. Хасен ата кішкене бойлы, үндемейтін кісі болған. Екі оқушысының аты ел ауызында қалған, біреу Ғарифолла /1916 жылы туған, Набережные Челны қаласында жерленген/ өзінің үлкен баласы, екіншісі Пазыл Бекқалиев болған. Кітапханасында көптеген Қазан қаласында басылған кітаптар болған. Өзі сөйлегенде «Якши», «Әлей», «Ләппай» деген сөздер жие айтқан. Осыған қарағанда ұстазы татар немесе өзі сол жақта оқып білім алған. Жиырма төрт жасында үйленгенде, жолдасы Гүлжанат он төрт жаста болған. Әйелі қылтамақ ауруымен ауырған кезде өзі емдеп, жолдасына тамақты тасбақанын /черепаха/ панциріне салып бергізген. Ол кісі 98 жасқа келіп қайтыс болған. Сұлтанов Мельс Айтқалиұлын емдеген, бірде яғни бір-екі жыл тұысында Қанипа Бектелеуова келіп, ата маған ауруын қырық-елу жылда ұстар, сонда менің басыма келсен, тәуір боласын деген деп, зират басына Хасен атаның Хасенқожа атты шөбересін алып барған. Қазір баласы Зинетолла /Зинур/ және оның ұрпақтары, Самиголла деген баласының баласы Ертагын Самигуллин Сайқын аулында тұрады. Қазіргі уақытқа дейін үйлерінде атадан қалған Құран, таспиқ, таяғы сақталуда.
Досқалиев Қаймолда /1897-1970 жж/ бақсы, құмалақшы. Туған жері Ноғайбай елді мекені. Әкесі Досқалы Бестау жерінін зергері, арқалы адам болған. Руы байбақты бөлімі бұғанай. Бір рет соғысқа дейін үйленген, кейін үйленбеген. Ұрпағы жоқ. Пері, шайтан көрітін адам болған. Тас тарқан кісі. Ноқаш Қадымұлы айтуынша, мектепке баратын кезде елде жайлаған қызылша инфекциясының әсерінен екі жыл бара алмаған. Сол екі жыл соқырлықпен өткен. Үшінші жылға басқанда жиен ағасы Қаймолда «Сарсен терегі» жанындағы Бес шоқы деген жердегі үңгірден /ауылынан отыз шақырым жердегі/ су әкеліп, көзін емдеген. Кейін белгілі болғандай, сол үңгірдің төбесінен аққан сұйық жерге жойылып кетпей, жоғарға қарай үшкірленіп қатып қалады екен.
Мұны ғылыми тілде сталактит және сталагмит деп атайды. Содан алынған тамшы сулар көз ауырына ем бопты. Қасиеті шақырған жерге жаяу баратын. Қаймолда атаның сыйынары бір құдай, қала берді әкесінің аруағы еді. Сондықтан да 15-20 шақырымдағы қашықтықтағы әкесінің зиратына жұма сайын барып, дұға оқыған. Сайқын ауылына көшіп келгеннен кейін де, зират басына барып тұрған. Осы жерде бір аңыздар айтылады. 200 шақырым жерде орналасқан әкесінің зиратына иығына бір қой салып, барып қайтатын. Жоғарда аталған қасиетін еске алсақ, жаяу жүретінін, қалай ғана сонау Ноғайбаға барып қайтуға болады? Ол туралы кезінде Әлмұрат Бисенғалиев көргенін айтқанда, Досқали атамыздың ұшатын қасиеті бар екен. Және өзімен бірге үнемі кішкене кітапша ұстап жүрген, яғни Құраннан, дұғалардан хабардар кісі болған сияқты. Ал Құранды жақсы менгерген, дұғаны жақсы білетін адамдар жын-періні ұстағаны және жұмсап жұмыстарын істеткені туралы аңыз-әнгімелер көп. Ондай кісілерден көбіне көп ұрпақтары болмаған, болса да жын-періні ұстаған әкесі немесе атасы деңгейде Құранды білмесе, бастап ауырып кететінің ел айтады. Досқали атаны біреу аурып шақырса, қатты ауырған кісінің жағдайы «белгілі» болса, бармаған. 1970 ж қайтыс болған. Сайқын ауылының арғы бетіндегі бергі зиратында жерленген. Сайқындық Ноқаш Қадымовтың үйінде қалпағы сақталуда. Ауыл адамдары әлі күнге дейін зират басына барып тұрады.
Үмбетұлы Сертек /1886-1958 жж/ бақсы, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері. Руы шеркеш бөлімі жақау. Туған, өлген жері Талап колхозы. Сыбызғыда ойнаған. Негізінен жеті атадан тараған бақсылар. Үмбетәлінің әкесі Шүмбет, Шүмбеттін әкесі Бекбол, Бекболдың әкесі Ербол, Ерболдың әкесі Еділбай, Еділбайдың әкесі Айдабол, Айдаболдың әкесі Жақау. Бекбол қобызда ойнаған, сынықшы, атбегі, молла болған, сиқырды оқыған болған. Елкондыда жерленген. Ербол және қобызда ойнаған, қажылыққа үш рет барған адам. Жауырыншы, бала қараған адам. Шүмбет сынықшы, молла, домбрашы болған. Талапта жерленген. Сыбызғы ойнау Сертек атадан тоқтаған. Қазір қобызда ойнау, бақсылық ұрпағы Наурыз Сертековте, бақсылық Жұмағай Сертековте, бала қию Семғали Сертеков, Сисен Сертековте, Жұмағаным Сертековаларда бар.
Сертек атаның шешесі Үмбет қарттың кемпірі Амантайқызы Мадина қырық бір тасты толықтай сөлеткен адам, жауырынды ақтай қарап, айтып берген кісі.
Әбдрашит /Әтеш/ молда Ұзын көлде жерленген. Беқмұхамбет қалпеден дәріс алған. Гипнозы бар, құранды жақсы меңгерген адам болды. Кеңес үкіметі кезінде құдағалауға ұшыраған. Бірде Рахметолла Егізбаев бақсыны соттағалы болып үйіне кісі жіберген. Үйіне алып кетуге келген кісілерді отырғызып, өзіп шығып кетеді. Қайтып келсе бәрі бір жерде жиылып, жан жағына қарап. Ал, кеттік бе деп сұрағанда Әтеш молда, бәрі тұра қашқан. Ол сыртқа шыққанда, кісілер отырған бөлменің бұрыш бұрышынан жыландар шығып, қоршаған. Бұны көрген, көрген адамдар қозғалалмай бір жерде жиылып отырып қалған. Ал Р.Егізбаевқа келсек ол кісінің кіші дәреті жүрмей, шешесі келіп Әтеш молдадан кешірім сұраған. Сонда Әтеш молда, Рахметолла менін дәретханама келіп, дәрет қылсын, сонда жазылады деп айтқан. Айтқанындай болған.
«Мәлгүн атқан» Кенжәлі Құрманбайұлы бақсы. Руы ноғай, бөлімі қазан құлақ. Кісі емдеген болу керек. Бірде кеште киіз үйінде жатса, түндігі ашық болу керек, перілер ұшып бара жатыр екен. «Кенжәлі келме! Кенжәлі келме!» деп айқалап. Аз уақыттан соң, бір кісі келіп пәленшенің келіні босаналмай жатыр деп хабарлап, Кенжәліні шақырады. Барайын десе перілер ескертіп кеткен келмесін деп, бармайын десе бай кісі. Байға бәрбір күнін түседі. Содан мылтығын алып барса, перілер құс болып отыр екен. Мылтықтан атып жібергенде, перілер ұша жөнелген. «Аяқ-қолынан айырыл Кенжәлі!» деп, бұлта жоғалғанша қарғап ұшқан. Кейін Кенжәлі бақсы аяқ-қолынан айырылып, 81 жасында қайтыс болған.
Темірбек Абылхатиннің атасы Қарақұлда деген кісі зікір салған. Руы адай бөлімі кеңшалбар. Зікір салушылар ол уақыта, зікірді ауруды білу үшін салған. Киіз үйдін ортасына табаққа су құйып, өлен оқиды. Сол уақытта су көтеріліп қайта түседі. Сыртта еш бір кісі қалмауы тиіс, бірде бір кісі қалып қойған, қараса зікір салып, су жоғары төмен түсіп жатқанда, түндік үстіне бір жылан келіп үріп тұрған екен. Содан оқу бар кісілер, бұны көрген кісі соқыр болып қалады деген. Көрген кісі айтқандай соқыр болып қалған.
Тағы бірде есік терезе жабылып, зікір салып жатқанда. Бір кіс есікті ашып жіберген тұста, қолынан сақина жоғалып кеткен. Бұндай тәсіл түркімендерде ауруду жазу болып қалған. /Всеволодская-Голушкевич О.В. Бақсы ойыны, Алматы «Рауан» 1996 ж 30 бет/
Нәсіп Алишева (Тусупкалиева) /04.03.1912-27.07.1996/ бақсы, тасшы, ырымдарды жақсы білген адам. Руы адай, бөлімі құнан орыс. Көп адай деген жерде дүниеге келген. Сол жерде Қызыл мешітте Кенжәлі молдада оқыған. Әкесі Даулет Сарсенғалиев қара бақсы болған. Жолдасы Алишев Түсүпқали 1912 жылы туған, руы шеркеш бөлімі жауғашты. 1941 жылы әскер қатарына алынып, соғыстан қайтпаған. Нәсіп шеше Шәндекен зиратында жерленген. Қызы Ғайнөш Сайқын ауылында тұрады.
Фазыл Беккалиев, әкесі Бекқали қарт кісіні қан жіберіп емдеген, немесе түтікпен /трубкамен/ сорып алған, сынықшы болған. Руы кожа бөлімі мырза. Кейін ұрпақтарына тараған, бірақ қудалаудан қорыққан олар, айналыспаған.
Таисия Полякова, анасы Наталья Полякова бала грыжасын оқып тоқтатқан. Ұлты орыс. Сайқын ауылында тұрады.