Жұрттың жалықпағаны, ойы қалықтағаны, дінге қанықпағаны, осы күн жыли бастағаннан бастап, жанашырлық ниетімен: "ыстықтамайсыңдар ма!?", немесе "орамалсыз да жүрсе болады ғой" деген сан алуан пікірді, бетімізге де, ту сыртымыздан да айтып жататыны ақиқат. Ойлап қарасам, жаулықсыз кемінде бес алты жылға жас көрінеді екем, машақаты да, сөзі дез.
Тіпті кейбір кісілердің сайтаны да қозбай, ләм-мим демес еді. Бірақ, бірақ, иә, бір-ақ нәрсе бар. Ол әйел адамның нәзік жаратылысы. Табиғатынан қалқан, қорған болар нәрсені қалайды. Кез- келген нәзік, тәтті жеміс секілді, табиғи жаратылысынан қорған болар нәрсені қалайды.
Бір ғана мысал келтіре кетсем.Бірінші курс студент кезім, далада көктем мезгілі. Универдің ұстаздары, қала берсе ата-анамның жаулығыма қарсы жарыса, жабыла шапқан шабуылынан шаршап жүрген кез ғой.
Ертеңмен, таң ата асығып автобустан түсіп, универге бет алып келемін. Көшеде адам аз, күн де жарқырап шыға қоймаған. Бала кезден қанша жерден спортпен шұғылдансам да, мас адамды көрсем қатты қорқамын (әлі күнге дейін солай). Сондай ымырт кездері, адам аз жүретін жерлерден мас атауы шыға келмесе екен деп өтемін.
Көшеде универге дейін бір аялдамадай жер жаяу жүріп келемін. Таң азанмен, егде жастағы бір ер кісі маған қарсы беттен қисалаңдап келе жатыр екен. Үсті басы олақ, қалай болса солай жүріп, аузына келгенін айтып келеді. Мас екені көрініп тұр.
Қатты қорқып тұрып қалдым, кішкене тұрдым, не істерімді білмеймін, көшеде тағы бір адамдар болса соларға жанасып өтіп кетпекшімін. Қырсыққанда жаңағы мас кісіден өзге ешкім көрінбейді. Басқа жүретін жол жоқ. Не болса да мас кісіге қарсы қорқып дірдектеп келе жатырмын. Сөөөйтсем, ол мас кісі меннен қорқып, кәлимасын айтып келе жатыр екен ғой. Қасымнан өте бере "бісміллә, бісмілла рахмен, рахым" дейді, тағы қос қолын кеудесіне қойып, еңкейіп сәлем беріп, меннен айналып өтіп бара жатыр. Таң қала, өтіп кеткен сол кісіге бұрыла қарасам, меннен ұялған болып, есін жиіп, бойын түзеп кетіп бара жатыр.
Он екі жыл бұрын, иә ол кездері қыз- келіншектер түгілі, әжелер де сирек тартатын еді жаулықты.
Жаңағы мас кісінің аруақ көргендей кәлимасын айтып өтуінің себебі сол еді, менің басымдағы жаулығым! Таң азанмен не күлерімді, не жыларымды білмей оқуға жеттім.
↑
Жаулық туралы
GONZO
с нами с 14 ноября 2012
Как это снято: «Москва слезам не верит»
40 лет назад «Москва слезам не верит» начала покорять зрителей
Как научить ребёнка ставить цели: от покупки самоката до выбора вуза
Цель — это мечта, к которой знаешь, как идти. Зачем учиться ставить цели с первого класса и как это правильно делать?
Комментарии
Оставить комментарий
modules/comment
window._Comment_blog_3994 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3994', { type: 'blog', node_id: '3994', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });