Қазақ болсам да, өз тілімде мәтін жазып көрмедім. Ол рас, ондай айыбым бар. Жоққа шығарып, жасыру қажет емес. Қателерім көп болса, түсіністікпен қараңыздар.
Қазақша жазуымның бір себебі бар. Енді сол туралы айтып көрейін. Өзім жазушы болғандықтан мені кітап дүкендерінде жие кезіктіруге болады. Әдебиетке махаббатым қазақ автордан басталса да, ол жазушы орысша жазған еді. Ол аты баршаңызға мәлім – Болат Жандарбеков. Содан кейін Әнуар Әлімжанов, Ільяс Есенберлин сияқты ағаларымыздын шығармаларды оқи бастадым. Вальтер Скотт, Дюма, Марк Твен, Конан Дойль. Осылардың бәрін орыс аудармасы арқылы оқып шықтым. Бірнеше жыл бойы дәл осы кітаптардың қазақ тіліндегі нұсқаларын іздеп жүрмін. Ешқайсысын таба алмадым. Маған кездеспеді. Дұрысында бар, бірақ олардын бәрі тұпнұсқадан емес, аудармадан аударылыпты. Осындай кітаптарды оқу – кілемнің кері жағына сүйсіну сияқты.
Алдында «Ұрылықшы» деген детектив қолыма түсті. Ағылшын авторы жазған екен. Соның қазақша аудармасын оқығаннан кейін не жылау, не күлу керек екендігін түсімбедім. «Машина (!) тоқтады… Мен отырдым… Телефон звандады, трубканы көтердім». Қысқаша айтқанда, сөз байлығы осындай. Сонда қазіргі тек қазақша ғана түсінетін жастарға әлем әдебиетінін классикасы қолжетімсіз бе? Сұраныс жоқ па, ұсыныс жоқ па? 25 жылдың ішінде осы сұрақты шешуге болмады ма?
Әр тілдің дамуы әдебиеттен басталады. Егер біз тек Отандық авторлардың шығармаларын ғана қанағат тұтсақ, басқа ұлт, мемлекеттердің мәдениетін, рухын, мұрасын қалай ашамыз? Қазақстанда әдебиетке жыл сайын талай ақша бөлінеді. Бірақ әлі уақытқа шейін қазақ оқырманы испан тіліннен аударылған Маркес Гарсия, француз тіліннен Марк Леви, ағылшыннан Толкиен сияқты авторларды оқымаса одан қандай пайда бар?
Осы айтарым. Ары қарай қалай болатындығын кім біледі. Қазіргі қоғамдағы ең ірі мәселелердің бірі осы. Менің ойымша.