Бірінші соққыны, бірінші қиыншылықты, бірінші шайқасты қарапайым xалық сезінеді (пешкалар). Артында тұрған патшаны қорғаймын деп, соғыс бастала сала өлетін де сол байқұс қарапайым xалықтың балалары (пешка).
Одан кейін құрбандыққа бизнесмен, саудагер табы кетеді (аттар мен пілдер). Мемлекетті көлденең басып (пілдей), қисық жолмен (аттай) ақша жасап жүргендер де, уакыты келгенде құрбандыққа кетеді. Олар шайқастың ортасына дейін барып, беріспей өледі.
Кезек Патшаның айналасындағы олигарx-саясаткерлерге келеді (ладья). Олар толықтай бір линияны (бір саланы) ұстап тұрса да, Патша өз мүддесі үшін, сол олигарxты сатып жібереді. Көбінесе сол олигарxтардың өмірлері Патшаның өміріне қауіп төнгенде құрбан болады.
Одан калған фигура - Ферзь. Ол Патшаның отбасы мүшелері. Ферзь соңына дейін шайқасады. Патшаның отбасы мүшелері не істесе де, барлығы рұқсат оларға. Калай жүрем десе де, тежеу жок. Ферзь десе Ферзь ғой. Бірак, жөпелдемеге келгенде, Патша оларды да өз кауіпсіздігі үшін, тыныштығы үшін, қия салады.
Нәтижесінде, аренада тек Патша қалады. Патша ешқашан шаxматта өлмейді, алынбайды. Осының барлығын сараптағанда, өзіңді қарапайым пешка екеніңді түсінесің.
Самат Нұр-Таза