misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 109 гостей
Блоги
3127
с нами с 31 июля 2015

Жақсының әрбір айтқан сөзі салқын самал

Бұрынғы Көкшетау облысының тың игерген аса үлкен Қызылту ауданына жіберіліп, жуырда ғана ашылған «Красное знамя» («Қызыл ту») газетінің редакциясында қызмет істеп жатқанмын. Газет аптасына үш рет шығады. Редакторымыз Фролов Александр Ефимович деген орыс журналисі. Соған байланысты газетке арналған материалдарымызды әуелі шама-шарқымызға қарай орысша жазып, сонан соң барып қазақшалаймыз. Газет қызметкерлерінің бәрі дерлік журналистікті көп жылғы тәжірибе үстінде меңгерген қаламгерлер екен. Журналистік арнаулы мамандығы бары мен ғанамын. Сондықтан бастығымыздың маған деген ілтипаты ерекше болды. Менің жазғанымды алдымен оқып көріп:

– У тебя всегда зарисовочные начала, и концовка тоже удачная, – деп көтермелеп қоятын. Өзі көп жыл әскери қызметте болып, журналистікті сонда жүріп қапысыз меңгерген офицер екен. Кейін оңтүстік өңірде ұзақ жыл облыстық газетті басқарғанын да, жазушы атанғанын да білемін.

Сол Қызылту ауданында қызмет істеп жүрген кезім. Бір жолы ауданға жұмыс бабымен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының төрағасы Жұмабек Тәшенов келіпті деп естідім. Мен газеттің қарапайым ғана кіші қызметкерімін. Сондықтан ауданға кімнің келіп, кімнің кетіп жатқанына онша елеңдей қоймайтынмын. Түскі үзілістің кезі еді. Үйге ас ішуге бара жатқамын. Жолда аудандық атқару комитетінің төрағасы Кәмәли Мырзахметов ағамыз тұратын үйдің жанымен өтуге тиіс едім. Үйдің алдында екі кісі әңгімелесіп тұр екен. Береуі өзім бұрыннан білетін Өміржан Оспанов еді. Облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы болып істейтін. Бұрылып барып сәлем бердім.

– Мына кісі бәріміз білетін Жұмабек ағаларың болады, сәлем бер! – деді Өмекең баппен сөйлейтін қалпын сақтап.

Мен тезірек басып барып әлгі кісінің қолын алдым. Өңі нұрлы, маған ұсынған қолы жып-жылы екен. Көп алдында көзге түсіп көсем болып жүрген адамдарға жаратушы иеміз біз білмейтін, жайшылықта аңғара қоймайтын ерекше бір қасиет дарытады ғой деп ойлаймын. Әлгі кісінің маған ұсынған қолы арқылы менің бойымды ерекше бір жылы леп шарпып өткендей  болып әжептәуір уақыт бойы өзімнен өзім асқақтай көтеріліп, өзгеше бір күй кештім. Әлгі бір сәтте Өміржан ағамыз мен туралы:

– Журналистіктің тізгінін ұстап жүрген жігіттердің бірі, – деп жатқанын естіп қалғанмын. Соған орай Жұмабек ағамыз:

– Ұстаған тізгініңе берік бол, бала! – дегенде өз өзімнен қанаттанып аспанға ұшып кете жаздадым. Сол сөз сол айтылған қалпында әлі күнге құлағымда.

Содан бірер күн өткенде әлде бір себеппен облыстық атқару комитетіне кіріп шыққан едім. Ол кезде Көкшетау облыстық партия комитеті мен облыстық атқару комитеті қаланың орталығында бір ғимараттың ішінде болатын. Кіре берісте келген-кеткендерді бақылап, тәртіп сақталуын қадағалайтын милиция постысы бар болатын. Бұл күні постыда тұрған кезекші жігіт бұрын көріп жүрген таныс кісі болып шықты. Соны пайдаланып жанына жақын барып едім, ешкіммен әңгімелесе алмай іші пысып елегізіп тұрған болар, өзінен өзі шешіліп, шүйіркелесе кетті.

– Осында бәріміз білетін Жұмабек Тәшенов ағамыз келгенін естіген шығарсың, – деді ерекше көтеріле сөйлеп. – Мына шаңырақта қызмет істейтін үлкен-кішінің бәрі өздерінің өте бір етжақын туыс адамы келгендей қуанып, абыр-сабыр болды да қалды. Осылай құрмет көрсетуді мен бұдан бұрын көрген емеспін. Өзі де кісіге жақын тұратын әйбат жан екен. Постыда тұрған  менің өзіме де жақын келіп, жағдай сұрап жатыр. Тіпті үйде кәрі әкем мен шешемнің бар екенін де сұрап біліп алды...

– Сол күні кезекшілік еткен кіші лейтенант жігіт сүйсіне әңгімелеп, Жұмабек Тәшенов ағамыздың сол сапары туралы бір талай сөз айтты. Әдетте жауапты міндет атқарып, постыда тұрған милиция қызметкері шешіліп көп сөйлей қоймайтын. Бұл мына жігіттің өзінен өзі ашылған бір сәті болды. Жақсы адамның дидарын көріп сүйсінгеннен ақтарылған ақ пейілдің ақиқаты болар бұл деп ойладым мен.

1966 жылғы қыркүйек айынан бастап екі жылдық жоғары партия мектебінде оқығаным бар. Бұл мектепке тек жоғары білімі бар кадрлар мамандық жетілдіру мақсатымен түсіп оқитын. Мұның сыртында төрт жылдық жоғары партия мектебі тағы болды. Онда әлде бір себеппен кезінде жоғары білім ала алмай қалған партия-кеңес қызметкерлері біліктілік деңгейін арттырып, институт-университет бітіргендермен теңесіп шығатын. Ол кезде көрші Қырғыз елінің көптеген жастары өздерінде мұндай оқу орны болмағандықтан Алматыға келіп, төрт жылдық жоғары партия мектебіне оқуға түсетін. Қырғызстаннан  келген тыңдаушылар үшін кейде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінен лауазымды  тұлғалар да келіп дәріс оқитын. Ондай сабақтарға Қазақстанның өзінен келген біз сияқты тыңдаушыларды көбінесе кіргізбейді. Бір жолы Қырғызстаннан келген тыңдаушыларға бірінші хатшы Д.А. Қонаевтың өзі келіп дәріс оқиды екен, деген хабар дүңк ете түсті. Жазғы айлардың бірі болатын. Екі жылдық мектепте менімен бірге оқитын бір жігітті қасыма қосып алып, білдірмей жол торуға кірістім. Бір кезде партия мектебінің басшылары асыға басып сыртқа шығып бара жатқанын байқап қалдым. Бұл – күткен құрметті қонақтың келіп жеткенінің белгісі еді. Жүгіре басып сыртқа шықсақ, мектептің кіре берсінде бізден басқа да бес-алты тыңдаушы тосып тұр екен. Сол сәтте мектеп үйінің алдына «Чайка» мәшинесі келіп тоқтады. Мектеп басшылары мәшине есігінен жарқ етіп шыға келген ұзын бойлы Димаш Ахметұлы Қонаевты тәртіп пен әдептілік сақтай отырып жадырай қарсы алып, мектеп үйіне қарай беттеді. Кіре беріс есік алдында тәртіптен озбай тұрып қалған бес-алты жігіт бізді көрген Димаш Ахметұлы өзі жақындап келіп:

– Сәләмәт болдыңыздар ма, жігіттер? – деп біздің әрқайсымыздың үлкен ілтипат көрсете қолымызды алды.

Содан кейін жанындағы кошаметшілері бастаған мемлекет басшысы өзіне тән әдебін сақтай отырып ішке кіріп, дәріс оқитын аудиторияға бет түзеді.

Біз сол тұрған орнымызда ешқайда қозғалмастан тағы да тоқсан минут тосып тұрдық. Орталық Комитеттен келіп дәріс оқитын тұлғаға сонша уақыт бөлінетінін білетін едік. Дәл сонша уақыт өткенде қоңырау соғылып, жанындағы нөгерлерінің ортасында келе жатқан Д.А. Қонаев ағамыз көрінді. Біз ол кісінің өзі көрген сол орында тапжылмастан күтіп тұр едік. Кіре беріс есіктің екі жағында тұрған бізді көріп тұра қалды да:

 – Сәләмәт болып тұрыңыздар, жігітер! – деп әдейілеп келіп әрқайсымыздың қолымызды ұстап қоштасты.

         Қолмызды қапсыра ұстаған саусақтары қандай жұп-жұмсақ, алақаны қандай кен еді! – деп іштей тамсанып, сол тамсанғанымызды көпке дейін айтып тауыса алмай құмарланып біз қалдық. Жақсының әрбір сөзі мен қас қағым сәтте білдірген емеуірінінің өзі бойыңды желпін өтер жанға жайлы салқын  самал екен ғой, шіркін!

         Сол жылдары Қырғызстанның Ош облысынан келген Тұрсын Жұманов деген қырғыз жігіті менімен бірге оқыды. Білмекке құштар өте елгезек жан еді. Екеуміз бір бөлмеде жатамыз. Д.А. Қонаев ағамызды мектеп үйінің алдында көзімізбен ұзатып салып, бөлмемізге келсем, Тұрсын досым да жаңа ғана кіріп, жайғасып жатыр екен. Ол қу өзінің Қырғызстаннан келіп, төрт жылдықта оқитын ескі таныстарымен бірге кіріп, Д.А. Қонаевтың оқыған дәрісін бастан-аяқ тыңдап алыпты.

         – Ой, мына Қонаев көкеміз нағыз шоң қазақ екен! – деді тамсана да арқалана сөйлеп. – Өзімнің Қырғызстанымда мен мұндайды көрмеп едім. Қабырғаға ілінген дәу картаның алдында тұрып, бір жарым сағат сөйлегенде бір мүдірген жоқ. Қазақстанның асты мен үстін түгел қопарып, бар байлығы мен мақтанышын көз алдымызыға келтіріп берді. Не деген білімділік, не деген су жорға шешендік, не деген білгірлік! Айдын шалқар көл дерсің, дария дерсің. Нағыз шоң қазақ, барып тұрған нағыз шоң көсем екен. Осындай шоң көсемі бар сендер бақытты елсіңдер, қазақтар!

         Мен баспасөз орындарында жауапты қызметтер атқарып жүрген кезімде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ағамызды талай рет көріп, ол кісінің тікелей қатысуымен өткен партия-шаруашылық активінің жиналыстарына жиі қатысып жүрдім. Баршаның сүйіктісі бола білген осынау жарқын тұлға жұмыс бабымен болып, соғып өткен орындардың бәрінде де осы сияқты ақ пейілмен ақтарылған алғыс сөздер аңызға ұласып айтылып жататын. Аңызға айналған шындық аспанан естіліп, асқақ тұрады! 

 

         Есмұхамбет  АЙТМАҒАМБЕТОВ,

                                   ардагер журналист,

                                                    Алматы қ

Судьба дочери формируется из отношения с отцом
1 марта 2021
GONZO
просмотров: 47
Дело в том, что именно отношения с отцом коренным образом влияют на формирование дочери...
WHO is WHO
1 марта 2021
GONZO
просмотров: 41
Заболела теща, через неделю умерла. Забираем тестя к себе, благо место есть. У тещи был пес, просто черный лохматый урод. Забрали и его, себе на горе. Все грызет, детей прикусывает, на меня огрызается, гадит, гулять его надо выводить вдвоем, как на распорке. Вызывал кинологов, денег давал без счету- чтоб научили, как с ним обходиться, без толку... Говорят, проще усыпить... Тесть решил, собачка умрет, тогда и ему пора. Оставили. Дети ходят летом в джинсах, с длинными рукавами: покусы от меня прячут, жалеют дедушку. К осени совсем кранты пришли, озверел, грызет на себе шкуру, воет. Оказывается, его еще и надо триминговать. Объехали все салоны, нигде таких злобных не берут. Наконец знающие люди указали одного мастера... Привожу. Затаскиваю. Кобель рвется, как бешеный. Выходит молоденькая девчушка крошечных размеров. Так и так, говорю, любые деньги, хоть под наркозом (а сам думаю, чтоб он сдох под этим наркозом, сил уже нет). Берет из рук поводок, велит прийти ровно без десяти десять, и преспокойно уводит его. Прихожу как велено. Смотрю, эта девчушка выстригает шерсть между пальцами у шикарного собакера. Тот стоит на столе, прямо, гордо, не шевелясь, как лейтенант на параде, во рту у него резиновый оранжевый мячик. Я аж загляделся. Только когда он на меня глаз скосил, понял, это и есть мой кобель. А пигалица мне и говорит: - Покажу, как ему надо чистить зубы и укорачивать когти. Тут я не выдержал - какие зубы! Рассказал ей всю историю, как есть. Она подумала и говорит: - Вы должны вникнуть в его положение. Вам-то известно, что его хозяйка умерла, а ему нет. В его понимании вы его из дома украли в отсутствие хозяйки и насильно удерживаете. Тем более, что дедушка тоже расстраивается. И раз он убежать не может, старается сделать все, чтобы вы его из дома выкинули. Поговорите с ним по-мужски, объясните, успокойте. Загрузил кобеля в машину, поехал прямиком в старый тещин дом. Открыл, там пусто, пахнет нежилым. Рассказал ему все, показал. Пес слушал. Не верил, но не огрызался. Повез его на кладбище, показал могилку. Тут подтянулся тещин сосед, своих навещал. Открыли пузырь, помянули, псу предложили, опять разговорились. И вдруг он ПОНЯЛ! Морду свою задрал и завыл, потом лег около памятника и долго лежал, морду под лапы затолкал. Я его не торопил. Когда он сам поднялся, тогда и пошли к машине. Домашние пса не узнали, а узнали, так сразу и не поверили. Рассказал, как меня стригалиха надоумила, и что из этого вышло. Сын дослушать не успел, хватает куртку, ключи от машины, просит стригалихин адрес. - Зачем тебе, спрашиваю. - Папа, я на ней женюсь. - Совсем тронулся, говорю. Ты ее даже не видел. Может, она тебе и не пара. - Папа, если она прониклась положением собаки, то неужели меня не поймет? Короче, через три месяца они и поженились. Сейчас подрастают трое внуков. А пес? Верный, спокойный, послушный, невероятно умный пожилой пес помогает их нянчить. Они ему ещё и зубы чистят по вечерам... Не зря говорят, что собаки верные и очень умные животные. А разговаривать... так со всеми надо разговаривать и объяснять свою точку зрения, тогда и жизнь становится заметно лучше.»  Владимир Борисов Источник

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3440 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3440', { type: 'blog', node_id: '3440', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });