misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 74 гостя
Тарих
7155 10
с нами с 31 октября 2015

Құрманғазы «күй атасы» ма?

Қазақ музыкасы тарихында кеңес идеологиясының ықпалымен қалыптасып, қалың көпшіліктің арасында кеңінен жайылған жалған деректер аз емес. Домбырамызды кемсітіп «екі ішек пен бір-ақ таяқ» дегені, сал-серілерімізді кедей-кепшік, жоқ-жетім деп кемсіткені әлі есімізде. Тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген жаладан арылдық. Өзіміздің қадірімізді түсіндік. Дегенмен әлі де дәстүрімізде кеңестік кезеңнен қалған ақтаңдақтар сақтаулы. Бүгінгі таңда барлық деректерді саралап, ақылға салып, басқа да ақпараттармен салыстыра ақиқатты табуға мүмкіндігіміз бар. Сондықтан осы жазбамыз ертеден келе жатқан «Күй атасы – Құрманғазы» деген түсінікке (тұжырымға) арналмақ.

Құрманғазы қалай «күй атасы» атанды?

Кеңес одағы уақытында халықтан шыққан бір адамды тұлғалық қырынан көтермелеп, жан-жақты дәріптеу науқаны жүргізілді. Бұл үшін Құрманғазы Сағырбаев таптырмас күйші болған. Сол кездің ұғымы бойынша Құрманғазы кім еді? Құрекең – патша үкіметінен зорлық көрген, өмірінің біраз уақытын түрмеде өткізген (күйлерінің шығу аңыздары бұл сөзімізге дәлел бола алады) қарадан шыққан «батыр» еді. Өзі кедей отбасында дүниеге келген. Таптырмас тұлға. Хан мен өзге төре ұрпақтарын кемсітіп, оларға қарсы шыққандарды насихаттаған жұмыстар күшейген кез еді. Мысал көп-ақ. Бір Махамбеттің өзі Жәңгір ханға айтты деген сөздерін қалай насихатталғанын еске түсірсеңіз жеткілікті. Сондықтан Құрманғазыға «күй атасы» атағын беру сол уақытта заңдылық болатын.

Құрманғызыдан өзге күйшілер

Әрине, Құрманғазы заманынан озып туған қайталанбас күйші. Қазақ күйшілік өнерін жаңа бір деңгейге көтеріп, жаңаша серпіліс, өзіндік мектебін қалыптастырған өнерпаз еді. Дегенмен ХІХ ғасырда Құрекеңмен пара-пар өзге де екі күйші (кем дегенде) өмір сүрді. Бірі - Тәттімбет, екіншісі - Дәулеткерей. Екеуі де күй атасы атануға лайықты. Бірақ, кеңестің сұрқия саясаты бойынша аты аталған екі күйшінің шыққан тегі «дұрыс емес» болды.  Тәттімбет – бидің баласы, өзі де төрелік айтып, болысты басқарған. Дәулеткерей – төре тұқымы, сұлтан атанған. Сондықтан бұл екеуі де жарамады. Осы ретте Ахмет Жұбановтың қайсарлылығына, тапқырлығына тоқталып кеткен жөн. Өмірнамасы кеңестік саясатпен келмесе де, бірін кедейдің баласы, бірін «қыз балаларға ғана күй арнаған» деп әдейі жазып, өзінің еңбектеріне Тәттімбет пен Дәулеткерей күйшілер жайлы мәліметті қоса алған.

Күй атасы кім?

Өзіміздің ойымыздан ештеңені қосқымыз келмейді. Халық арасындағы сөзге тоқтайық. Ертеден бүгінгі күнге дейін бірнеше түсінік сақталып келді: «Күй бабасы - Байжігіт», «Күй атасы - Кетбұға», «Күй атасы - Қорқыт» деген сөз тіркестерін кездестіреміз. Байжігіт XVIII ғасырда өмір сүрген. Кетбұға XIII ғасыр. Қорқыт заманы тіптен арғы дәуірлерде. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз бар. Ал, тақырыбымызға арқау болып отырған сөз ХХ ғасырдың орта тұсында шыққан сөз екенін ескерте кету керек.

Қорытынды сөз

Құрманғазы Сағырбайұлының өнеріне бас ие отырып, ақ пен қараны, ақиқат пен жалғанды ажыратып алуымыз керек. Озбырлы саясат санамызды улап, өздегенін жүргізіп келген уақыты өтті. Өз тарихымыз өз қолымызда. Амалсыз, еріксіз, «жоқтан бар жақсы» деген оймен жазған Ахмет атамыздың ісін тек ерлік деп қана білеміз. Бірақ, шындық айтылу керек. Бұл бабалар алдындағы аманатымыз.

Біздікі тек ой салу ғана. Қалың көпшілікке арнаған сауалымыз «Құрманғазы «күй атасы» ма?». Тоқтам сөзді өзіңіз айтыңыз, құрметті оқырман!

 

ӘБЖАЙ АТА
18 апреля 2017
Шашубай Шаймерден
просмотров: 4588
Неге екені белгісіз, Әбжай ата соғыс туралы әңгіме айтпауға тырысатын. 9 мамыр жеңіс күндері орден мен медальдарға толы кителін көрші соғыс ардагері ақсақалға кигізіп, «Сен барып әңгіме айтып кел балаларға» деп, мектепке сол кісіні жіберуші еді.
Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға
17 апреля 2017
Muxit Bayazitov
просмотров: 4297
Өшпес өмір, таусылмас мал берейік, Бір білімді данышпан жан табайық,- деп ортаға ой тастай келіп:

Комментарии

Зира Наурзбаева
07 Нояб 20:20 # ответить
дұрыс айтиылған
Аманкос Табыншаев
07 Нояб 20:56 # ответить
Kurmangazy kuilerinin, onyn kuishilik dasturde ozinin mektebin kalyptastyruy, onyn toksannan astam kui shygaryp, el arasynda umyt bolmai osy kunge zhetui, Ahannyn kui atasy Kurmangazy deui beker emes. Bul takyryp menin oiymsha, usak adamdardyn koterip otyrgan takyryby. Ahannan asyp ang zhazbak tugili, aitudyn ozi kiyn. Sizderdin oilaryndy tusinbedim? Kui atasy deuge kazaktyn arbir kuishisi, keshegi otken Karshekende laiykty.
Бердалы Оспан
08 Нояб 00:26 # ответить
Иә, Құрманғазы күй атасы. Бұл туралы ойымды қолым тисе бөлек жазармын.
Faizulla Rakhmetuly
08 Нояб 22:10 # ответить
Аманқос Табыншаев бауырымдікі жөн. Бұл өте ұсақ деңгейдегі әңгіме. Әр бір мектеп қалаушы күйші ата атануға лайық. Ал бұл Құрманғазы болса, тіптен күдік тумауы керек еді.. Автор бүйректен сирақ шығарып отырғандай көрінді.
Rustem Nurkenov
09 Нояб 09:47 # ответить
1. Ахаңға қарсы шығып отырған ешкім жоқ. Жазбаны асықпай оқысаңыздар, өз ойымды дәлелдеп жаздым.

2. Кезінде империялық жүйеге жығылып еріксіз жазылған деп неге түсінбейсіздер???

3. Тарих А. Жұбановпен ғана шектелмейді ғой. Ол жаза алмай кеткен қаншама дерек табылды емес пе? Әйтпесе баяғы 10 шақты ән мен күйші бар ғана деп отырушы едік. Жұбанов ұлттық музыкатану ғылымын бастап кетті, кейін жалғастыру біздің міндетіміз

4. Тарихи шындықты табу "ұсақ әңгіме" деп есептемеймін.
Аманкос Табыншаев
13 Нояб 11:39 # ответить
Rustem Nurekenov bauyrym sizge bul zherde onda takyryp baskasha alu kerek bolatyn. Okygan adamga Kurmangazynyn dengein tusirgisi kelip turgan sekildi. Bul zherde okygan kozge, oilagan kokirekge solai tuiledi.

Kurmangazynyn dengein tusirip, baska bir kuishinin dengein koteru bolmaidy. Barshamyzda bilemiz ol zamanda tarihta kansha olkylyktar ketkenin. Al myna zherde sizdin alyp otkan takyrybynyz, kai zhagynnanda durys emes. Kurmangazynyn dengein kazaktyn aldynda bulai tusiruge bolmaidy. Kezinde 10 kuishi bar dep zhurgen zhokpyz. Ahan enbekterinde barynsha barlyk kuishilerdi zhazyp, bulardyn kuilerin tauyp zertteu keler buynnyn enshisinde dep zhazyp ketti.
Rustem Nurkenov   →  Аманкос Табыншаев
13 Нояб 15:22 # ответить
Аманкос Табыншаев, Құрманғазының деңгейін түсірген сөзімді көрсетсеңіз?
Aibek Jadin
13 Нояб 19:17 # ответить
Впринципе автор правильно мыслит
Аманкос Табыншаев
13 Нояб 19:41 # ответить
Rustem bauyrym takyryptyn ozi bul zherde Kurmangazynyn darezhesin tusirmese, koterip turgany shamaly. Ang takyrypta bolyp turgo....
Rustem Nurkenov   →  Аманкос Табыншаев
13 Нояб 21:05 # ответить
Аманкос Табыншаев, Тақырыпқа емес, ішіндегі мазмұнға қарап шешім шығару керек. Ол хабарлы сөйлем емес, сұраулы сөйлем. Сондықтан ешқандай қорытынды шығарылмау керек. Осыменен доғарайық.
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3324 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3324', { type: 'blog', node_id: '3324', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });