misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Viola08:02 Пенсионер из Алматы растит троих детей в сгоревшем доме Очень неприятно читать такие новости, а они к сожалению не редкость. И такое же может произойти с каждым, даже из-за какой-то случайности можно потерять все. А помощи от государства не дождешься, а если и дождешься то минимум через пол года, ведь надо же все заявления рассмотреть и решить стоит ли выделить жалких пару тысяч. Это конечно скорее фантастика, но я считаю что такие горе комиссии могли бы просто выползти и кабинета и съездить лично увидеть нужна человеку помощь или нет. Да и помощь от государства должна быть не только деньгами, если человек теряет жилье, то ему должны предоставить новое, сейчас же куча новостроек - https://novostroy.kz/, многие строятся по гос. программам, не думаю что заключить договор с застройщиком или организовать постройку домов для людей которые попали в такие ситуации это большая проблема для властей.
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 80 гостей

Иегі неге қышиды?

8140 11
с нами с 26 октября 2015

Жалаңдаған сыбайлас жемқорларымыз да көгілдір экраннан әлгі ұр да жық ұрымтал ойын «бокс» деген жекпе-жекті көреді екен. Тіпті, ішкен асын жерге қойып қарайтынға ұқсайды. Есіл-дерті тек долларда. Әсіресе, Головкинге «бойдан» кейін берілетін гонорарын есіткенде сілекейі шұбырып, аңсары ауып, аузынан суы ағып, жалмаң қаққан тілімен теледидарды бір жалап алуға дайын тұр. Мұны көрген қол астындағы қызметкері де бір жұтынып алып, көздері ойнақшып, жалақтай бастады.   

Осындай екі миллион доллар болса, жұмыстан ебін тауып екі асағым келеді,– деді бастығы.

Менің де иегім қышиды, – деді қызметкері.

Саған не жоқ?

Басеке, бізде де ауыз бар ғой.

Өй, аузыңның... қарпып алайын да. Сосын қалғанын жейсің ғой. Әлде мен бәрін тауысып қояды деп ойлайсың ба?

– Сізден артылмайды ғой, басеке.

– Қамықпа, саған сүйек-саяғын қалдырамын.

– Қойыңызшы... маған ең болмаса, анау жеңілген канадалық Давид Лемьеге берілгендей ақша да жетіп жатыр, басеке.

– Қанша?

– 1,5 миллион доллар.

Тәйт, нысапсыз, ындыны бұзық неме! Мұндай ақшаны сен түгілі мына мен ауызды толтыра асаған емеспін! Тіпті, екі миллион теңгенің өзін 200 мыңдап аз-аздан тістеп, кертіп жеймін. Байқа, бала, қазір заман бұрынғыдай «бармақ басты, көз қысты» емес. Тәртіп түрегеліп келеді.

Жарайды, басеке! Тек мені ұмытпаңыз, қаражаттан қалдырыңыз.

– Қамықпасайшы... Одан да «телевізір» қарайық.        

         Мың жасағыр Головкин жекпе-жекте Лемьені ойсырата жеңіп, жанкүйерлерге:

Мен өте-мөте бақыттымын. Достарыма үлкен шоу сыйладым. Адамдарыма рақмет. Мен орта салмақтағы барлық белбеуді алғым келеді және жаңа тарихты жазғым келеді, – деп толғанысын жеткізіп жатыр екен. Мұны құлағы шалған, құлқыны бүлк-бүлк еткен бастық былай деді:

– Мен де бақытты боламын. Айналама шоу сыйлаймын. Өзіме «ЗОУ» сыйлаймын.

– «ЗОУ» деген не пәле?

Қысқарған сөз. З – «завтрак», О – «обедь», У – «ужин». Айналып келгенде – ақша ғой. Алдағы уақытта жемқорлық жөнінен орта салмақтағы барлық белбеуді («нансоғар», «мешкей», «обыр» т.б.) аламын. Жемқорлықтың «тарихын» жаңадан жазамын. Мен болашақта «жеңімпаз» жемқорлармен жекпе-жек өткізгім келеді. Оларды «ақша опыру» жағынан ойсырата жеңіп, «алтын ауыз», «құлқын» медальдарын тартып аламын!

Суретті салған: Нұрлан Тазабеков

     Иә, осы секілді оқиға Жамбыл обылысында орын алды. Дәл осылай «додаға» шыққысы келді ме, әлде өзін «қораға» тықққысы келді ме, кім білсін, әйтеуір, Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы полиция бөлімі басшысының экс-орынбасары Айдар Рахымбердиев өзінің Т.А. есімді қол астындағы қызметкері арқылы зорлау оқиғасы бойынша  ұсталған екі адамның туыстарынан оларды босатуға жәрдемдесу үшін 200 мың теңге көлемінде параны «пытырлатып» санап алған. Бірақ, бұл іс оның құзырында болмаған. Қолында тұрғанда қонышынан басып, қызметін асыра пайдаланған. Осыған байланысты күдіктілердің туыстары күдік келтіріп, қалалық прокуратураға шағымданған. Кім ойлаған, бір жерден бірнеше күдіктілер шығады деп. Бұл күні экс-орынбасардың қол астындағы қызметкерлері Т.А және Д.М. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облыстық департаментіне бөлім басшысының орынбасары заңға қайшы әрекет еткенін айтып арыз қалдырды. Осыдан кейінгі әлгі қызметкерлердің кінәлі А. Рахымбердиевпен әңгімесі үнтаспаға жазылды. Бұл жемқорлық саласында әжептәуір «шоу» болды. Алайда, ол Генамен сайысқа шыққан әлгі канадалық боксшының кебін керісінше киетін болды-ау!.. Атап айтсақ, ақшадан айырылады.

Әй, өкінішті-ақ!..

 

«Айфон» атауы қайдан шыққан?
8 декабря 2015
Нұрсұлтан Оқпанұлы
просмотров: 4839, комментариев: 1
  – Қазақта қанша би болған? – Үшеу. – Кім-кім? – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. – Қазіргі би қанша? – Біреу. – Ол кім? – «Сотыби». Қазіргі мәселенің көбісін сол «сотыби»-іңіз шешеді. Білмейтін бәлесі жоқ. Бір кісінің баласы «үйлену» мәселесін реттеу үшін ең бірінші «сотыби» сатып алып, екі өкпесін қолына ала үйіне асығып жетеді: – Алақа-а-а-ай, «айфон» алдым. – Не дейді, құлыным? – деп әжесі елең ете қалады. – «Айфон» алып келдім, апа, «айфон», – десе, әжесі әуелгіден де ден қоя: – Ол кім? Келін бала ма? – деп еліге түседі. – Бізге бір ауыз айтпастан бұл қайткенің? Әлде астыртын көлікке өңгеріп, алып қашып келдің бе? – Кеше алдым кредитке. – Ойбай-ау, келінді кредитке алған қай ата-бабаңды көріп едің? Бетім-ай!.. – Қайдағы келін, апа? «Сотыби» алдым, кәдімгі телефон. Міне! – Бағаналы бері сөйтіп айтпайсың ба бірден. Әкелші бері!.. Әй, мына титімдей «тілипөн» үшін несиеге ұрынып жүрсің бе? – Ой, апа, бұл – кім көрінген ұстайтын көди-сөди емес, «айфонның» алтыншы ұрпағы. – О, масқара! Қай-қайдағы бір «тілипөннің» ұрпағын әкелгенше, одан да сонша қарыз ақшаға анау Мергенбайдың алтыншы қызын алғаның анағұрлым жақсы еді ғой. Енді, мына биттей бәлені не істейміз? Түкке қажеті жоқ.    Осының бәрін төрде құлағы шалып отырған әкесі жастықты жантая: – Енді қолыңызды суға емес, күнде телефонды токқа малып отырасыз, қуаты азайған сайын, – деп әзіл жүгіртеді.     – Олай демеңіздер, қазір заман талабы осы. Оның үстіне бұл телефонның «заряды» толса, әрмен қарай қуат қабылдамайды. Өте ақылды! Әрі түнде фонарик. Айсыз түнде адаспай жүре бересіз. Міне, қараңыз... – Ой, тоба, тап бір айдың сәулесіндей тамаша түсіп тұр ғой! – Айдың фоны ғой, апа, жарқырап тұрған. Жасап шығарған Стив Джобс деген азамат екен. «Айфон» деп сол үшін атаса керек!   – Ой, айналайын, автордың атасына рахмет! – Бұл биттей болғанмен, жұмысы киттей. Ішін ашсаңыз құс сүтінен басқасының бәрі бар. Қайта осы телефон арқылы бойжеткендермен тілдесем. Сөйтіп, болашақ келініңізге қол жеткізем. – Міне, ақылы атасынан асқан, алтыным сол, – деп әжесі немересінің бетінен сүйіп еміренді, – «сотыбиің» расымен де сондай ақылды болса, айналайын, айта қойшы, дүниеде не боп жатыр? – Қазір «Айфоннан» қарай саламыз. Тә-ә-әк, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы мектеп директоры С.Естемісова және бас есепшісі Қ.Оразаева! Әлгілер дегенің қадірлі қызметін қалағанынша пайдаланып, өздеріне сондай сеніп тапсырылған бөтен мүлікті 2014-2015 жылдар аралығында заңсыз иемденген.  – Қу дүние қиын ғой. Сонда қанша жымқырған? – Қазір ашайын. 2 миллин 340 мың 744 теңгені қылқ еткізсе керек. – Мешкей деген жақсы ат емес, шырағым. – Сол да сөз боп па? Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Instagram» мен «WhatsApp»-та ресми аккаунт ашты ғой, апа. – Ақау ат деген не пәле? – Ақау ат емес, апа. Аккаунт! Бір сөзбен айтқанда, сіздің желідегі үйіңіз. Бір күнде қанша адам қонақ боп кіріп шығады. Хат алмасасыз. Бетпе-бет отырғандай сөйлесесіз. Міне, мынау асағыштардың алдын алатын күрес қызметінің желісі – «WhatsApp». Телефон нөмірі – 8 702 683 77 83. Оларға хабарласақ, бірден тоқтатады. – Тезірек хат жібер, әйтпесе, жемқорлардың жегені желкесінен шығып, жарылып кетер.    Жемқорлық жайлаған жегі құрттардың жолы кесілсе, қане!.. Тойымсыздар тоқтай ма, осы?
Жамбыл облысында өртенген журнал жайы
16 ноября 2015
Нұрсұлтан Оқпанұлы
просмотров: 2570
Жемқордың дерті қауіпті

Комментарии

Нұрсұлтан Оқпанұлы
29 Окт 19:20 # ответить
Жемқорлар да бокс көреді екен...
Moldir Adilbek
05 Нояб 12:02 # ответить
Jemkorlikka jol bermeu kerek
Нұрсұлтан Оқпанұлы   →  Moldir Adilbek
05 Нояб 12:23 # ответить
Ең абзалы – жемқорлыққа жол ғана емес, дәнеңе де бермеу. Қайыршы болса да. Өйткені, өмірде қайыр сұрауды бизнес көзіне айналдырғандар бар.
Alew Temirhanov
06 Нояб 12:09 # ответить
баягыдан калыптасып калган традиция барыбыр кала береды соц. сеттерде отырып алып коммент калдыра бергеннен ештене шыкпайды
Нұрсұлтан Оқпанұлы
06 Нояб 12:22 # ответить
Тамшы тама берсе, тас жарады. Бір пікірдің өзі қоғамға әсер етеді.
Gaziza Kabaeva
06 Нояб 19:37 # ответить
Кулкынын ойлаган жемкорлардын санасына ертенги кунги есеп кунин естерине салып туру керек шыгар.Напсилери абден семирген гой. Бекболат агамыз айтпакшы:" Казакты не куткарады дегенге казакты тек иман куткаралы деп шештим " дегендей
Aza Amirbek
04 Дек 23:59 # ответить
жемкорлыкка ешкашанда жол бермеу керек
Замира Еркиновна
05 Дек 00:44 # ответить
Жемкорлыкка жол жок.Казир заң катал атен коркатын адам жок сол заңнан
Замира Еркиновна
05 Дек 00:48 # ответить
Жемкорлыкка жол жок.Казир заң катал атен коркатын адам жок сол заңнан
Динмухаммед Байназар
05 Дек 16:08 # ответить
Жасыл тусти кагазды коргенде адам озгереди ол акикат! Алла жазаларын берер, баска айтарым жок!
Jomart Baidibek
05 Дек 18:32 # ответить
Еее шошқа ауынаймын десе балшығын табады дейді кінə ешқашан бір жақтан болмайды беруші болмаса алушы болмайды адам өзіне сенімді болса ол ешқашан біреуге доллар түгілі тыйын да бермейді сол үшін бір адамды кінəлау дұрыс емес
Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3320 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3320', { type: 'blog', node_id: '3320', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });