misc/class
lib/jquery_pnotify, lib/moment, lib/lodash, misc/notification, misc/social, site/engine
$._social.__cfg = {"init":[{"service":"basic"},{"fb_app_id":"556076531075995","service":"fb"},{"vk_app_id":"3235940","service":"vk"},{"service":"twi"}],"like":[{"service":"fb"},{"service":"vk"},{"via":"GonzoKZ","channel":"GonzoKZ","hash_tag":"","service":"twi"}],"twi":{"like_count":"vertical"},"fb":{"like_layout":"box_count"},"vk":{"like_type":"vertical","like_fixed":true}}; window._SiteEngine = new classes.SiteEngine( { user_id: 0, controller: 'Blog', action: 'page', content_css_version: '1432482607', social_enabled: 1, custom: []} ); (function($){ var GA_ID = "UA-36321844-1"; function gaTrackPageview() { var gaJsHost = (("https:" == document.location.protocol) ? "https://ssl." : "http://www."); var src = gaJsHost + "google-analytics.com/ga.js"; $.getScript(src, function(data, textStatus) { var tracker = _gat._getTracker(GA_ID); tracker._trackPageview(); }); } $(document).ready(function() { gaTrackPageview(); }); })(jQuery);
Интернет-журнал «Культура и общество»
Войти через:
Комментарии
Лучшие посты
По комментариям
По просмотрам
С нами
Сейчас online
А также 43 гостя

Будь здорова, дочь Востока!

с нами с 31 января 2013

«Крупный феодалдың баласы» деп тиісе беретін полк командирі Ақаевтің кесірінен майданға емес, Алматыдағы запас полкына баратын болып шықты. «Мейлі запас болса болсын, бәрібір майданға әзірше жібермейді», - деп Алматыға жол ұстаған Хамит келесі елу жылын осы қалада өткізетінін біліп пе еді? Қанша арыз жазса да, «Ергалиев, вы ненадежный» дегендей арызын қайтарып жібереді. 

1942 жылы Алматыға келген Хамит эскадрон командирі дәрежесіне ие болды. Ондай дәрежеге жеткендерге қалада тұру рұқсат екен. Көп кідіртпей, Хамит штаб бастығының көмекшісі Шарафуддиновке жолығады.

- Әй Хамит, сен білмеуші ме едің, қалада тұру үшін міндетті түрде қатының болу керек!

- Оны қайтем, менің дәрежем сай келіп тұр ғой, комэск орынбасарымын.

- Ойпырмай, әлдеқандай комэск орынбасары деймісің? Қатының жоқ па? Не положено! - деп қайтарып жібереді.

«Мәссаған, не істеймін? Қатынды қайдан алам, соғыс жүріп жатыр. Бүгін емес ертең майданға аттансам, маған кім тиеді, а?» -деп Хамит ойланып қалды. Бір жағынан дұрыс, бірақ екініші жағынан: «Осы сен ертең өліп қалсаң, жерді төмпештеп қалатын кәмпіскелеуден кейін жесір қалған анаң ғана бар. Басқа ешкім жоқ. «Асқарым-ау» деп артыңнан қазақтың бір қара көз қызы жылап қалмайды, сол да бұйырмады ма саған? Әлде соғыстан аман не жаралы болып келсең, сені құшақ жая қарсы алатын ұя керек емес пе» - деп екінші жағынан мазалап жатқан ой қоятын емес. 

«Бітті. Үйленуім керекпін. Маған шұғыл түрде қалыңдық керек!»

Қыз табу оңайға түскен жоқ. Өмірінде қыздың есігіне бармаған Хамит ойланды да қалды. Орал рабфагында (рабочий факультет) оқып жүрген Алдонғарова Қатираны тауып алады. Рабфактан кейін актриса боп кеткен Қатира, Хамитті Оспанова Рахиямен таныстырды. Рахия кейін күйеуге шығып, Қойшыбаева боп кеткен. Ол кезде Опера театрының училищесінде сабақ беріп жүрген кезі еді, оған қоса қыздардың арасындағы беделі зор Рахия көп кідіртпей үйге үш қыз шақырады. Үш қыздың бірісі Бикен (Римова) деген қара торы жас қыз. Мінезі албырт екенін Хамит бірден сезді. «Қой, ертең не ол мені, не мен оны өлтірермін», - деп ішінен ойлап қояды. Ақырында, көңілі ақ-сары бір қызға ауысты. Гүләнуар өте нәзік, дауысы қатты шықпайтын қыз еді. Хамитке жымыйып қарап қояды. Хамит болса, бірден ғашық болды да қалды. Мүмкіндігі болған кезде Әнәуді көруге ынтығады да жүреді. Қайтсін, жасы жиырма алтыда. «Будь здорова, дочь Востока» деп майын тамызып хат жазатын Хамит осыған дейін романтик екенін білмеген де шығар, білсе де, аса үлкен мән берген емес. Гүләнуар болса, не «иә» демей, не «жоқ» демей жігіттің үмітін үзбей жүріп алған.

Ол кезде гарнизон кезекшілігіне болмаса, қалаға бостан босқа шығуға рұқсат жоқ. Не істейді байғұс жігіт, көңілі қызда, кеудесіндегі отты жүрегі орнынан секіріп кететіндей. Осылай қиналып жүргенде Құдайдың оң көзі болар, әйтеуір, шешімі өзімен өзі табылды. 

Күндердің бір күнінде полкке мыңдаған жылқы келді. Түгелімен айғыр екен. Оларды кастрациядан өткізерден бір күн бұрын полктың ветеринар врачы Мальцев Хамитке жолығады. Қасында штат киімін киген бір орыс жігіті. 

- Хамит, познакомься. Это Володя. Сенде шаруасы бар, - деді Мальцев. 

Володя көрші жатқан пивзаводта инженер болып істейді екен. «Шаруасы бар» дегені, айғырлардан қалған екі шелек енін алуға келіпті. Хамит барлығын берейін дегенде, Мальцев оған:

- Ты что, Хамит? Мне тоже нужно. Катюша пожарит с лучком. 

Сонымен, Володяға төрт шелек беретін болып, Хамит бір шарт қояды. Хамит пивзаводқа солдаттарын жіберіп бөшкемен сыра сатып алдыртатынын айтты. Тек ол сыраның ішіне қантты нормадан сәл ғана көбірек салатындай етіп келісіпті.

Ойлап тапқаны не десеңізші? Жамбылда жүргенде татардың Кәбу деген кәрі кавалеристі сыра ішкен ат 2 метрден секіретінін айтқан. Хамит соны есіне сақтап, енді шалдың сөзін тексеруге бел буыпты. Барып тұрған авантюра!

Тәтті сыраны ішіп алған Хамиттің Орлов тектес «Результат» деген аты мен қасындағы Горшков деген досының «Свечкасы» биле жөнелді. Орнында тұрмай бұлтаң-бұлтаң етіп тұрған атты мақтап, алақанымен салып жібергенде байғұс жануар секіре жөнелді. Свечканың артқы аяқпен сымды іліп кеткені болмаса, ақыры мақсатына жетті. Сондықтан үстіңгі сымның бос жерін тауып алып, оны секірердің алдында ажыратып, қайтып келгенде қайтадан жалғап қоятын болды. Осылай Хамит Гүләнуармен кездесуге амал тапқан. 

Сөйтіп жүргенде, жаңа жылдың уақыты келіп қалған, екеуі жаңа жылдан кейін қосыламыз деген шешімге келді.  

Желтоқсанның аязды бір күнінде полкке шошқаларды әкелген, дәрежесі үлкендерге бір шошқа тиесілі екен. Хамитке бұйырғаны бір торай. Арам тамақ болғанымен, жоспарлап қойған тойды жасайтын да қаражаты көп емес, сондықтан сол торайды базарға апарып сатамын деп жүрген. Өзі әлдеқандай эскадрон командирі болғандықтан,  базарға барып сауда жасай   алмайтыны бірден анық болды. Торайды баяғы екеуін қосқан Рахияға сатқызу шешім болып көрінгенімен, Рахия онша құптамады, бірақ Хамиттің сөзін жерге тастауға батпады. Сонымен, келіскен күні Горшков жанағы торайды шанаға тиеп, Рахияның үйіне сүйреп апарып, ақырында торай үйдің екінші қабатынан бірақ шықты. Ас үйден басқа бір-ақ бөлмесі бар екен. Амал жоқ, «бастысы екі жас бақытты болсын» деп Рахия жанағы торайды арқанмен керуеттің бір жағынан байлады. Ертеңгі күні торай базарда міндетті түрде сатылу керек. Кім сатады? Рахия жұмыста. Ақыры Рахияның шешесін жіберетін болды. Кетердің алдында әлгі торайды Рахия шанаға тиеп берген, бірақ базарға келген кезде, апай жібін кәдімгі тоқтыша байлай салған. Әлгі торай сыпырыла жөнелді. Апайдың есі шығып, «біреудің шошқасында нең бар еді» деп әлгі торайдың бөксесінен құшақтай кетті:

- Құдай ау, мен күнәhарды кешіре гөр, -  деп айқай салып бүкіл базарды көкке көтерді.

Хамит Ерғалиевтің анасы Бағдагүл немерелері арасындаКеш батты. Бүгін Хамиттің үйлену тойы, асығып Рахияның үйіне келе жатыр. Кешкісін дастархан жайып шағын той өткізейік деп Рахиямен алдын ала келісіп қойған. Ішінде уайым мен қуаныш аралас, бір жағынан өзінің сүйікті Әнуашы енді өмірлік жары болғанына қуанып келе жатса, екінші жағынан ауылда қалған кемпір анасын ойлай береді. Кезінде Қамыс қаланың бай және даулетті адамы Ерғалидің баласы осылай үйленеді деп кім ойлаған? Шешесі жалғыз, сүт кенжесін күтіп отыр, әкесі болса кәмпіскелеуге түсіп түрмеде хабарсыз кетті, басында тым болмаса құлпытасы да жоқ. Әйтеуір, Орал қаласының маңында көмілгенміс. Үшінші жағынан жанағы торай не болды екен деп уайымдап келе жатыр. «Жо жоқ, қалыңдық оны көрмеу керек, масқара боламыз!».

Үйге кіріп келгенде, үйдің іші тап таза, жиналған қыздар дастархан дайындап жатқанын көрген Хамит өте қатты қуанды. Әңгімелесіп отырған кезде, Хамит жанағы торай туралы білгісі келді. Қайтсін, тікелей сұрай алмайды. Шошқа сатқызғаны туралы Рахия мен шешесінен басқа ешкім білмейді.

- Раха, кешегі қонағымыз не болды? Кетті ме әйтеуір?

  • Ойбай сұрама, тым мазасыз бір сорлы екен. Түні бойы айқайлап шықты. Көршілерімізге ұйқы бермеді. Өзі ішіп алған көрінеді. Мамам қанша машақаттанса да, тілін тауып сәтті аттандырды, әйтеуір, шүкір.

«Сәтті аттандырды» дегені қымбатқа сатылды деген сөз еді. Әжептәуір жеті мыңға. 

 

Хамит Ерғалиевтің "Ғұмырнама" кітабының желісімен жазылған. 

Суреттер www.hamit.kz сайтынан алынған.

Абай мен Мәшһүр – Жүсіптің партияға көзқарасы
17 октября 2016
Muxit Bayazitov
просмотров: 3371
Қос ақынның партияға көзқарасында қазіргі кезде партия құрып шала бүлініп жүргендер үшін де  зер салып оқыса, (уақыт алшақтығына қарамастан) тәлім аларлық, ой түйерлік жайлар жеткілікті дегіміз келеді.      
Көшбасшылардың бірі
4 октября 2016
Muxit Bayazitov
просмотров: 2413
Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым. 

Комментарии

Оставить комментарий
Оставить комментарий:
Отправить через:
Предпросмотр
modules/comment
window._Comment_blog_3209 = new classes.Comment( '#comment_block_blog_3209', { type: 'blog', node_id: '3209', user: 1, user_id: 0, admin: 0, view_time: null, msg: { empty: 'Комментарий пуст', ask_link: 'Ссылка:', ask_img: 'Ссылка на изображение:' } });